Қысқа мерзімді ашық сабақ жоспары
Пән: Қазақстан тарихы «Даналық» колледжі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізі»
Күні: 20 желтоқсан 2021 жыл
Оқытушы: Жақсылықова Г.Е
Топ: 1 ЛД-ВК
Қатысқандар саны: 27
Қатыспағандар саны: 1
Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізі»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Тарихи және көркемдік құндылығы. Кейіпкерлердің іс-әрекеті портреттік мінездемені салыстырып, тарихи баға беру.
(оқу бағдарламасына сілтеме) 11.3.2.1 «Алаш» ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау
Сабақтың мақсаты:
- «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының негіздерін біледі;
- «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының ұстанымдары мен озық идеяларын талдайды;
- «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздерін бағалайды
Бағалау критерийлері:
- Ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының рөлін анықтау;
- «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының тарихи көрініс табуын анықтау;
- «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздерінің әр саладағы әсерін талдау.
Тілдік мақсаттар
Студенттер: «Мәңгілік ел» идеясының негізгі ұстанымдарын талдайды (оқылым, жазылым), топта талқылайды (айтылым, тыңдалым)
Негізгі ұғымдар мен лексикология: «Мәңгілік ел», Жалпыұлттық идея, Алаш зиялылары, Алаш орда, Ұлы Дала.
Талқылауға арналған сұрақтар:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері неде? Бұл мәселе туралы саралап айта аласыздар ма?
Диалогқа/жазылымға арналған сөзтіркестері:
Алаш идеясының негізгі ұстанымдары…; Алаш идеясының өзегі… деп ойлаймын
Жазылымға арналған тапсырмалар:
«Мәңгілік ел» қоғамдық ой және ұлттық идея» графикалық органайзер
Тарихи концепт Өзгеріс пен сабақтастық
Құндылықтарды дарыту: Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, жалпыадамзаттық құндылықтар
Пәнаралық байланыс:
Дүниежүзі тарихы тарихы, Қазақс Әдебиеті
АКТ қолдану дағдылары: Интерактивті тақта, электрондық оқулықтарды қолдану,
презентация, видео
Алдыңғы білім:
1. Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі туралы біледі
2. «Алаш» ұлттық идеясы, қайраткерлері туралы біледі 9 сыныптан
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут | Топ студенттерімен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, студенттердің сабақ басындағы көңіл күйін білу мақсатында стикерлерді «Көңіл-күй ағашы» плакатына ілу, сабақ тақырыбын және оқу мақсатын айқындау. | Интербелсенді тақта, стикерлер |
Сабақтың ортасы 20 минут 25 минут | 1. Үй тапсырмасын тексеру: «ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындау. 2. Тапсырма: деректермен жұмыс Берілген деректерге сүйене отырып, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының туындауын «IDEA формуласы» бойынша талдаңыз Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея…» — екендігін жазған. 1-дерек. Хиуа тарихшысы Әбілғазы Баһадур-хан Алаша ханның аңыздық билік ету дәуіріне келесі сипаттама береді: «Алаша хан ұзақ уақыт бойы мемлекетті басқарды. Нұх пайғамбардың заманынан бастап Алаша ханның дәуіріне дейін Иафеттің барлық ұрпағы мұсылмандар болған; Алаша ханның кезінде ел нығайды, халық байыды. … Алаша ханның екі егіз ұлы болды: үлкен ұлы — Татар, кенже ұлы — Моңғол. Қартайған кезде Алаша хан өз иеліктерін екі ұлына бөліп берді. Ағайындылар өз өмірін ауқатты және бақытты шақта өткізіп, бір-біріне қиянат жасамады». Құрбанғали Халид қазақтардың тарихи фольклор мәліметтеріне сүйеніп, хабарлаған: «Алаш, Алаш болғанда, Алаша хан болғанда, Қазақ, қалмақ, ноғайлар, Бәрі сонда бір болған». 2-дерек. Дескрипторы: — «Мәңгілі ел» идеясының тууына себеп болған тарихи оқиғаларды анықтайды; -Сол оқиғаға дәлел келтіреді; -Тарихи оқиғаның «Мәңгілі ел» идеясының тууына әсерін түсіндіреді; -Бұл идеясының тууының маңызын талдайды «Топтық жұмыс»әдісі Студенттерді екі топтқа бөліп, төмендегі тапсырма беріледі.Таныстырылымдағы суреттегі идеялартуралы түйіндеме жасайды. Деректермен танысып, төмендегі кестені толтырады: Алаш идеясы Мәңгілік ел идея Көтерілген мәселелер Идеяларындағы ерекшеліктер Ой-пікірлерінің мықты тұсы Ой-пікірлерінің әлсіз тұсы Қорытынды ой | https://quizizz.com/join?gc=71350 (15 минут) https://www.youtube.com/watch?v=6y_IrjPM7t Алашорда автономиясы туралы фильм (10 минут) Презентация |
Сабақтың соңы 15 минут | Кері байланыс – «БББ» кестесі Білемін Білгім келеді Білдім Үйге тапсырма: «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында шағын таныстырылым әзірлеу Сабақты қорыту: «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері неде? Бұл мәселе туралы саралап айта аласыздар ма? | «БББ» кестесін толтырады |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті студенттерге қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз студенттердің материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Талқылау үрдісі кезінде барлық студенттердің бірегей қатысуын қадағалаймын. Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір студенттен күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу. Студенттердің Қызығушылығы оянды,белсендік танытты. | Жеке жұмыс тапсырмаларын орындау кезінде бағалау критерийлері дескриптор негізінде жүзеге асырылды. Бағалау критерийі: саяси идея түрлерін өзара бір – бірімен салыстырады. Дескриптор: Алаш идеясының пайда болуы мен дамуын анықтайды. | Уақытында слайдты пайдалану. Жұмыстарды орындауда қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Жағымды орта қалыптасады, тапсырманы орындауда қызығушылығы оянады. |
Рефлексия. | Рефлексия: плюс, минус қызықты. Маған бүгін жаңалық болды?Маған бүгін қызықты болды?Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды? |