18 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Дала қоңырауы-Ыбырай

Мақсаты: Оқушыларға  қазақтың ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы , оның еңбегі, шығармашылық  мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру. Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа,іскерлікке, достыққа, ынтымаққа, Отан, болашақ алдындағы  борышын сезінуге,елін,жерін сүюге, Ұлы тарихи тұлғаны  есте сақтауға ,құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Көрнекілігі: Ы.Алтысарин портреті, слайд, нақыл сөздері, кітаптар.

Мұғалім: -Салеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін мектебімізде қазақтың Ұлы ұстазы  атанып кеткен Ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған  «Дала қоңырауы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

ҚР Гимні орындалады.

Шаттық шеңбері:

Сурет салсам- гүл саламын,

Гүлге толып тұрса алаңым,- деймін мен.

Сурет салсам- күн саламын,

Күндей күліп тұрса маңым,-деймін мен.

Сурет салсам-қала саламын,

Болсын барлық баласы, деймін мен.

Сурет салсам- Адам саламын,

Қорған болсын, маған саған, деймін мен.

Топқа бөлу: 1-топ.«Таза бұлақ»-әңгімелері, 2-топ: «Өзен»-Өлеңдері.

«Ыбырай Алтынсарин-қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер  адам еді, ол өзінің қараңғы , көшпелі халқының ішіне еуропалық  мәдениеттің жарық сәулесін таратты» деп жазды кезінде «Оренбурский  листок» газеті.

Сауатты болса екен деп  қазақ халқын,

Білімге бастап беріп, жолды салды.

Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,

Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.

Салем  жолдап шәкіртке дұғай-дұғай,

Ұрандап өлеңімен келді былай.

Жас ұрпаққа жар салып жанымен де

«Кел, балалар, оқылық»-деді Ыбырай.

Жалғассын бүгінгі күн дәстүр-салтың,

Күндей күліп  өмірің болсын жарқын

Бас иіп ұлы Ыбырай  рухына

Көтерейік бірігіп атақ-даңқын!

  1. «Ыбырайтану»  бейнеролик тамашалау.
  2. Ыбырай өлеңдері мен әңгімелері
  3. Шығармашылық жұмыс

«Ыбырайдың шығармашылық ғұмыры туралы не білеміз?»

(Хронологиялық кестенің торкөздеріндегі жылдар мен оқиғалардың жасырын тұрғанын табу

ЖылдарОқиғалар
1841 жыл 20-қазанҚостанай облысының Тобыл ауданында дүниеге келді.
1859 жылыОрынбор облысының шекара басқармасына тілмаш болып орналасады.
1850жылыОрынбор қаласындағы  жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне оқуға қабылданады.
1860жылыТорғай  қаласындағы бастауыш мектепке  мұғалім болып орналасады.
1864 жылыТорғай қаласында қазақ баларына арналған  бастауыш мектеп салтанатты түрде ашылады.
1879 жылыТорғай облысы бойынша орыс-қазақ училищелерінің бірінші  инспекторы болып тағайындалады
1879жылы«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шықты
1881 жылыОрск қаласында тұңғыш оқытушылар мектебін ашты
1889 жылыҚостанай қаласынан 3 шақырым жердегі Тобыл өзенінің бойында қайтыс болды.

 Бағалау:  Бас бармақ әдісі.

Ыбырай өлеңдерін жақта айту.

Ыбырай-қазақ даласында мектеп ашып, оқулық жазған ағартушы-педагог. Сонымен қатар жазба әдебиетінің негізін салуға үлес қосқан этнограф-ғалым.Көптеген өлеңдер жазды. Ол-поэзия жанрында ғана емес, проза жанрының дамуына  да өзіндік үлес қосқан жазушы.

Ыбырай әңгімелері  қысқа мазмұнға  құрылады. Ал сөзге көп мағына  сыйғызу-Ыбырай шығармаларының  басты ерекшелігі. Осындай шығарма жазу шеберлігіне қарап Ыбырайды кім деп атауымызға болады?(Оқушылар өз ойларын айтады)

Ыбырай-шағын әңгіме шебері.

1-топ: Еңбек пен өнер тақырыбына арналған әңгімелері.

2-топ: Адамгершілік тақырыбына арналған әңгімелер.

Ыбырайдың мақсаты.Біздің мақсатымыз:Оқушылар
Халқына адал қызмет ету. Қазақ халқын, жастарын сауатсыздықтан құтқару. Білімді болуға, еңбекқор болуға, адамгершілікке баулу.Ыбырай әңгімелерін меңгеру Адамгершілікті ту етіп ұстау Еңбекқорболу

Бағалау: Ұжымдық шапалақ

«Шығармашылық хат»

1-топ: «Ата өсиеті» тақырыбында Ыбырайдың атынан оқушыларға.

2-топ:» Ұрпақ үні» тақырыбында өздерінің атынан Ыбырайға хат жазады.

«Нақты әрі тез жауап»

1.Ыбырай кім? 2.Ыбырайдың шын аты?3.Ыбырайдың қандай әңгімелері бар?

4.Ыбырай әңгімелерінің басты тақырыбы? 5.Ыбырай шығармалары  қандай қасиеттерге баулиды? 6. Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Қорытынды.

«Дала қоңырауы» . А.Шаяхметов.

Алтынсарин- қазақтың жарық шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Алтынсарин-елімнің алтын бағы.

Алтынсарин- мазмұнды өмір мәні

Үлгі болып алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды

Алтынсарин-даланың қоңырауы.

Кері Байланыс:Ыбырай лотосы.

Ән: Ұстазым.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,803ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles