-3 C
Нур-Султан
Воскресенье, 2 октября, 2022
spot_img

Д.Қонаев «Өмірі өнегелі өр тұлға»

Мақсаты:Д.Қонаевтің өмірінен мағлұмат беру. Қонаев атамыз  туралы ой-пікірлерін  арттыру. Д.А.Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға  және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика  мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы  білімдерін толықтыру. Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін насихаттай отырып,оқушыларды имандылыққа , адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,

Сабақтың көрнекілігі:слайдтар,  суреттер,нақыл сөздер,Д.Қонаев портреті

Барысы:Ұйымдастыру

ҚР Гимні орындалады.

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме , құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі 10-сынып оқушыларымен өткізгелі отырған «Өмірі өнегелі өр тұлға » атты

ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Дінмұхамед атамызға келетін болсақ, ол кісі тек қана елін, халқын ойлаған дара тұлға деп айтуымызға болады. Димаш атамыздың адамдарға жасаған жақсылығы , адамгершілігі өмір бойы ұмытылмайды. Ол кісі өте қарапайым , кез-келген адам алдына кіріп барса ,қарсы алып қабылдай беретін болған. Ол кісінің қарапайымдылығын оның елмен қарым-қатынасынан, жасаған жақсылығынан көруге болады. Көмек  сұрап барған кісіні бос қайтармай, қол ұшын созған адам. Биыл Дінмұхамед атамыз  110  жасқа толып отыр.

1-оқушы:

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда  бұрынғы Верный , қазіргі Алматы қаласында  дүниеге келген. Д.А.Қонаев бастауыш білімді  Н.Г.Чернышевский атындағы №19 мектепте білім алған. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы-Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде  жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты  болған.Анасы-ЗәуреттттБаирқызы үй шаруасында бала тірбиесімен айналысқан. 1930 жылы –Алматыдағы №14 мектепті  бітірген.

1931-1936 жылдары- Қазақстан Өлкелік  комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевті Мәскеудің Түсті  металл институтына  оқуға жібереді.

Слайд.Д.А.Қонаев өмірбаяны

2-оқушы: Сенің орның биіктерде, тереңде,

                 Сыймайсың  сен сырлы әнге, өлеңге.

                 Өмір бәқи әлпештеген қазақты

                 Сендей бекзат қайта айналып келер ме.

3-оқушы: Алатаудай қабырғалы ұлығым,

                 Пайғамбардай ғұмыр кештің, тұнығым.

                Тіршіліктің жүрегінде қалыпты,

                 Қаратаудай мұқалмайтын сынығың.

.4-оқушы: Өшпейді ғой , өлмейді ғой ұлы еңбек,

                 Елің барда мәңгі бақи еленбек.

                  Ел үшін атырам деп жарық таңды

                 Сіңірді жан аямай ол көп еңбек.

Д.А.Қонаевтың  атқарған игі істері мен еңбек  жолдарына тоқталу.

5-оқушы:1936-жылы –Институтты ойдағыдай  бітіріп, тау-кен инженері  мамандығын алған Дінмұхамед Қонаев 1937-1939 жылдары Балқашт мыс қорыту комбинатының  Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасады. Ол бұрғылау станогында машинист, мастер, ауысымдық инженер, цех бастығы, бас инженер, рудник директоры болып жұмыс істеді.

6-оқушы:1939 жылы- «Алтай полиметалл» комбинаты инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі  кәсіпорындарының бірі- Лениногор кен басқармасының  директоры қызметтерін атқарды. Осы КОКП  мүшелігіне қабылданды. Осы жылы Дінмұхамед Қонаевтің Зухра Шәріпқызымен үйлену тойы  болып өтті.

7-оқушы:1942 жылы сәуір айында –Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің  төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 1952 жылы Д.Қонаев Қазақстант Ғылым Академиясының президенті болып сайланды.

8-оқушы: 1955-1965 жылдары –қазақ КСр Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары –Қазақстан Компартиясы  Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1986 жылы 16 желтоқсанда Д.А.Қонаевтің зейнетке шығуына байланысты Бірінші хатшы қызметінен босатутуралы  шешім қабылданды.

9-оқушы:Д.Қонаев ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар  кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде , өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынады.

10-оқушы: Д.Қонаев металл және көлік жасау салаларында  өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент,  Алматы қалаларында  көлік жасау зауыттары құрылды. иАлматы ауыр машина  жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Жамбыл мен Шымкент қалаларында  орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру  бойынша әлемде бірінші орында болды.

11-оқушы: ҚР Ұлттық ғылым  академигі Д.А.Қонаев ғылым саласында орасан зор  қызмет етті.  100-ден астам ғылыми  еңбектер мен зерттеулер жазды.

Марапаттары.

1938 жылдың қарашасында  Балқаштың алғашқы мысы балқытылып, Қонаев  өзінің тұңғыш медалін алды.

8 Ленин ордені

Еңбек Қызыл Ту ордені

Медальдар

Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982)

Мақалалары мен кітаптары

1978 жылы –«Кеңестік Қазақстан» , «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» «Менің уақытым туралы» , «Сталиннен  Горбачевқа дейін»

Қонаев есімі берілген жерлер

Алматы қаласында  ескерткіш-бюст

Астана және Алматы қалаларында –көшелер

Үлкен Алматы каналы

Орал қаласында- шағын аудан

Тараз қаласында- орталық көше және бюст

Талдықорғанда –көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны.

Алматы қаласында –жекеменшік университет.

 Өбекстанның астанасы Ташкент қаласында-орталық көше

1992 жылы алматыда Халықаралық Қонаев қоры  құрылды.

1994 жылы – алматы қаласында Д.А.Қонаевтың  мұражайы ашылды.

Шымкент қаласында –орталық гүлзар және  сол гүлзар бойында мұражай.

1993 жылы  22 шілдеде 82 жасқа қараған шағында  жүрек қан жүру жетімсіздігінен Д.А.Қонаев қайтыс болды.

Димаш атамыздың 81 қару-жарағы болған екен. Олардың 12-сі мылтық, 1 «Браунинг» тапаншасы, қалғандары-пышақ,қанжар, семсер, қылыштар. Бұл жәдігерердің басым көпшілігін шетел мемлекеттерінің басшылары мен еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері сыйға тартқан.

Д.А.Қонаев бала кезінде сыныптас досы, кейінірек белгілі жащушы болған Дмитрий Снегинмен бірге жиі-жиі аңға шыққан көрінеді. Ал Қазақстан  Компартиясы Бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары сол кездегі Министрлер Кеңесінің  төрағасы Бәйкен Әшімов және оның орынбасары Сұлтан Жиенбаев , қазақтың  көрнекті ақыны Олжас  Сүлейменов,  жеке дәрігері Ахат Мүліковтармен аңға шығып отырған. Дінмұхамед Ахметұлы құралайды көзге атқан мерген болған деседі.

Қорытынды: Халқымыздың біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың есімі  жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде сақталады.Қазақтың асыл перзенті,  ардақтаған ғасыр азаматы еді.

Ән: «Қазақтың Қонаевы»

                                  «Қонаевтың 12 қасиеті»  

Д.Қонаевтың    өмірінде және қызметінде «2», «12», «22» деген сандарға тылсым,  сыры  жұмбақ жағдайлар өте көп болған.

Дінмұхамед Қонаев  1912 жылы  12 қаңтарда  дүниеге келді.

82 жасына қарағанда   1993 жылы  22 тамыз күні   дүние салған.                                      «2» санының орны ерекше болған.1942 жылы  комбинат бастығынан  бірден «совмин» төрағасының  орынбасары, 1952 жылы  Академия президенттігіне сайлануы,1962 жылы 12 айда Хрущевке қарсы келіп,  бірінші басшылық қызметтен кетуі.

Бірінші қасиеті: Әл-Фарабидің  бойындағы даналықтың 12 қасиетінің болуы.

Екінші қасиеті:Өзіне айтылған  сөздің бәрін  терең түсінетін және істің  жай-жағдайына  сәйкес жан-жақты  тез ұғып алатын аса зерек болуы:

Үшінші Қасиеті:»Ол өзі жүрген ,көрген, естіген нәрселердің бәрін зердесіне  ұзақ сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын адам болуы:

Төртінші қасиеті: «Бірінші басшы терең ой иесі және жадына сақталғандардың  бәрін айдан-анық етіп айтып бере алатын  шебер әрі шешен болуы .

Бесінші қасиеті: «Ғылым- білім мен өнерге  жаны құштар, әр күн сайын  оқып үйренуден шаршап-шалдықпайтын адам болуы .

Алтыншы қасиеті:»Тағамға, ішімдікке, сайран –сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек.

Жетінші қасиеті:Барлық жағынан қанағатшыл болып, көзінің тірісінде шын әулие атанды.

Сегізінші қасиеті: Шындықты сүйіп, жалғандыққа қарсы тұруы :

Тоғызыншы қасиеті: «Жаны асқақ және ар-намысын аса ардақтайтын адам»

Оныншы қасиеті:Игі істердің ұйытқысы, жасампаздықтың жолбасшысы болған.

Он бірінші қасиеті:Әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін адам болған:

Он екінші қасиеті:»Өзі қажет деп тапқан  істі жүзеге асыруға келгенде  шебер-шешімпаздық  танытып, қорқыныш пен жасқануды  білмейтін бірбеткей батыл ержүрек болуы:

                             Қонаев туралы қызықты деректер.

Дінмұхамед Қонаев –ССРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы

қазақ.

Отбасында 11 баланың 4-іншісі.

Бойы-198 см.46- өлшемдегі аяқ киім киген.

Хоббиі: қару-жарақ коллекцияланған, аңшылықты ұнатқан.

Оттық жинаумен де айналысқан.Коллекциясындағы 476 оттықтың біразын Жапония премьер-министрі Ясухиро Накасонэ, АҚШ Президенті Джон Кеннеди, Египет президенті Гамаль Абдеь Насер, Ирак Премьері Саддам Хусейин сынды саяси тұлғалар сыйға тартқан.

Қонаевтың жеке күзетшілері болмаған.

Басқалары жеке күзетшілер мен жүргенде , Қонаев жай ғана  таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген. Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.Бұл қаражат балалар мен жас ғалымдарға көмек ретінде аударылып отырған.

Шағын пәтерінде 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200кв. М.

Музыканы ерекше жақсы көрген, үйінде музыка қосылып тұрғанын қалаған.

Әйгілі композитор Раймон Паустың айтуынша, Роза Рымбаеваның «Песня-79»  гала-концертіне қатысушылардың тізіміне енуіне Д.Қонаев ықпал еткен.

1986 жылы 16 желтоқсандағы Қазақстанның КП ОК Д.Қонаевты Қазақстанның КП ОК  бірінші хатшысы  қызметінен босату туралы шешім қабылданған пленумы 18 минутқа  ғана созылған.

Д.А.Қонаевтың құрметіне Алматыдағы Карл Маркс  көшесінің атауы өзгертілген. Көше бойындағы фонтаны бар сквер жанында қола кеуде  мүсіні қойылған.Астана да Д.Қонаев  атында көше бар.

Д.Қонев пен Мұхтар Әуезов  құда болған. М.Әуезовтың қызы Ләйлә Д.Қонаевтың інісі Асқар Қонаевпен  шаңырақ көтерген.

Қонаевтар әулетінен үш академик шыққан:өзі, інісі Асқар, әпкесі Әминаның баласы Едіге Түркебаев.Әр түрлі ғылым  саласындағы оннан астам  ғылым кандидаты шыққан.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,505ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles