18 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Органикалық және бейорганикалық заттар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология. Су және органикалық заттар                   Мектеп: « Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы МДШО» МКМ
Күні: 22.10.21 ж.Мұғалімнің аты-жөні: Кузербаева Айнур Мейрамбековна
Сынып: 7 «Б»Қатысқандар саны: 21 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:   §14  Органикалық және бейорганикалық заттар. Зертханалық жұмыс «Тамақ өнімдерін органикалық заттарға тестілеу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары7.4.1.3 — азық – түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар екендігін дәлелдеу
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар:  азық- түлік өнімдерінің құрамында  көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар-жоғын біледі; Оқушылардың басым бөлігі:  азық- түлік өнімдерінің құрамында  көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар-жоғын дәлелдейді; Кейбір оқушылар: ғаламтор көмегімен қосымша ақпарат жинайды.
Бағалау критерийлері— Органикалық және бейорганикалық заттарды ажыратады; — Нәруыздар, майлар мен көмірсулар қандай өнімдерде болатынын біледі;
Тілдік  мақсаттарМәтінді оқып, суретті пайдаланып, талдайды. (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдылары). Лексика және терминология, пәндік терминдер: Органикалық заттар, бейорганикалық заттар, нәруыздар, майлар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары
РесурстарОқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Құндылықтарды дарытуЖеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу.
Пәнаралық байланыстарХимия
Әдіс-тәсілдерШындық/Жалған,  «алтын қақпа» ойыны, клиптограмм, биологиялық диктант, сәйкестендір,АКТ, бағалау, рефлексия.
Алдыңғы білімСу және элементтер, олардың тірі ағзалар үшін маңызы
Сабақ барысы
УақытМұғалімнің іс-әрекеті  Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру 1 минутОқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аударту.   Мұғаліммен амандасады. Кезекші есебі
Үй тапсырмасын сұрау 5 минутӨткен тақырып: Су және элементтер, олардың тірі ағзалар үшін маңызы «Шындық — жалған» әдісіарқылы үй тапсырмасын тексеру. Судың қайнау температурасы 1000 градусСудың үш күйі боладыОттек пен сутек судың құрамына кірмейді.Азот өсімдіктерде хлорофилл түзу үшін қажетКальций мықтылық қасиет береді ҚБ: «Мадақтау» 1 тапсырма 2 балл   (10б)  Гугл форма Оқушылар ұялы телефонмен  тапсырмалар ға жауап береді
  Жаңа сабақ 5 минут      Білу және түсіну Бейнесабақ  «Органикалық және бейорганикалық заттар» тақырыбында дайындалған бейнесабақ көрсетіледі.Интербелсенді тақта арқылы жаңа тақырып бойынша бейнесабақты көреді.
         3 минут  Құрамында көмірсулар,нәруыздар,майлар бар азық-түліктердің қима қағаздары таратылады, сол арқылы оқушылар өздері үш топқа бөлінеді Топқа бөлу: 1 топ Көмірсулар                       2 топ Нәруыздар                       3 топ МайларТопқа бөлінеді.
12 минутҚолдану Зертханалық жұмыс «Азық-түлік өнімдерін зерттеу» Жұмыстың мақсаты: тәжірибе негізінде азық-түлік өнімдерінің құрамында органикалық заттардың болатынына көз жеткізу.   Болжам: азық-түлік өнімдерінің құрамында нәруыздер, майлар, көмірсулар әр түрлі мөлшерде болады.      Органикалық заттар Керекті құрал -жабдықтар Қорытында Көмірсу 1 топ Екі үш тамшы йодты картоп түйнегінің кесіндісіне  тамызыңыз. Қандай түс пайда болды? Неліктен?   Нәруыз 2-топ Ұсақ туралған ет кесектерін алыңыз, сынауықтарға салып еттің үстіне сутегінің асқын тотыңын тамызыңыз. Не байқадыңыз?   Май   3 топ Күнбағыс тұқымын алып, қабығынан тазартып, ақ қағаз бетіне салып,екіге бүктейміз де қатты затпен үгітеміз.Не байқалды?       Қорытындысы: Крахмал — қара-көк, көкшіл түс пайда болады. Май — лайлы сұйықтық көрінсе, липидтердің бар екендігін дәлелдейді.   Нәруыз — ерітіндінің көбікке айналуы байқалады.                                     Дескрипторлар —           Тәжірбие негізінде тамақ өнімдерінінің құрамында органикалық заттардың болатынын дәлелдейді   Қ.Б « Бағдаршам»  Дәптерлеріне зертханалық жұмысты орындайды.  
5 минут1-топ. «Клиптограмм» әдісі   Ф К Щ Ъ М Е З А Ө Х Қ А Д А Ұ М Ы Ы Й Ы Т О І И Ш Л Ж Т Э Р С Қ А Ю А Қ С У Ы Р В Р Н У К Л Е И Н Т Ұ З Д А Р В О М Р А Ю Я Ч Ю Н Ә Р У Ы З    2-топ. Биологиялық диктант ………………. – жасушаның негізгі органикалық заттары. 1 грамм нәруыз ыдырағанда …………. энергия бөлінеді.Бейорганикалық затттар ………………………………….. жатады.Органикалық заттарға …………………………………………. жатады……………………………… тұқымқуалаушылықты сақтау үшін қажет. 3 топ            Кестені толтыр Органикалық заттар Кездесетін тағам түрлері Нәруыздар   Майлар   Көмірсулар                                   Дескриптор   Органикалық және бейорганикалық заттарды атайды,анықтама береді Органикалық заттарға бай өнімдерді жазады. Қ.Б  «Басбармақ әдісі»                             
8 минутТалдау «Алтын қақпа» ойыны «Темір қақпа» (с деңгейі сұрақтары) Заттарды неше топқа бөлеміз? (органикалық және бейорганикалық)Бейорганикалық заттарға нелер жатады?(су,тұздар,қышқылдар)Судың маңызды қасиеті? (ерігіштігі) «Күміс қақпа» (в деңгейі сұрақтары) 1 грамм май ыдырағанда бөлінетін энергия мөлшері? (38,9 кДж)Көмірсулар көптеп кездеседі тағамдар? (жүзім,қарбыз,қауын т.б.)Ағзадағы нәруыз мөлшері? (70-80 пайыз) «Алтын қақпа» (а деңгейі сұрақтары) Нуклеин қышқылдары? (ДНҚ тұқымқуалаушылықты сақтау үшін қажет)Органикалық заттар қайда түзіледі? (тірі ағзаларда)Нәруыздар дегеніміз?( мономері аминқышқылдары болып табылатын биополимерлер)   ҚБ: « Екі жұлдыз,бір тілек»  Тапсырмаларды жеке-жеке жауап береді орындайды.               Топ болып берілген тапсырмаларға жауап береді.
Бағалау 2 минут Топ бойынша үздік оқушыларды бағалауКунделік кз
Кері байланыс 3 минут«БББ кестесі» Білемін Білдім Білгім келедіБүгінгі сабақ бойынша кері байланысты жазады.
Үй тапсырмасы 1 минут54 беттегі тақырыпты оқу, мазмұндау. «Органикалық заттар маңызы» тақырыбына эссе жазу.Үй тапсырмасын күнделіктері не жазады. Эссе жазады.
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?Пəнаралық байланыс қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс.
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне  неліктен?  Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2:

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,803ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles