Пән: жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Тірі табиғат» Бөлімше: «Жануарлар» Ортақ тақырып: «Менің мектебім» Күні: Сынып:1 сынып | Мектеп: А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы Мұғалімнің аты-жөні: Тлегенова К.У Қатысқандар саны:24 Қатыспағандар саны:0 | ||||
Сабақтың тақырыбы | Жануарлар- тірі ағзалар | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау; 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерісі мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру; | ||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: жануарлар мен өсімдіктерді салыстырады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтайды,қоршаған әлем құбылыстарын біледі; Көптеген оқушылар: Өсімдіктер мен жануарлардың көбею жолын сипаттап, айырмашылықтарына қарай топтастырады, қоршаған әлем құбылыстарын зертеудің қажетілігін түсінеді. Кейбір оқушылар: өсімдіктер мен жануарлардың ортақ қасиеттерін ажыратып, табиғаттағы маңызын тізбектей алады. | ||||
Бағалау критерийі | Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады;Өсімдіктер мен жануарлардың көбею жолын сипаттайды. | ||||
Тілдік мақсаттар | Жануарлар, қоректену, қозғалу, көбею -жануарлардың негізгі сипатамаларын атайды -өсімдіктер мен жануарлардың айырмашылықтарын атайды Пәнге тән лексика және терминология Жануар,өсімдік,жабайы және үй жануары; -қорек,маусым, жыл мезгілдері,қысқы ұйқы; -миграция(жылы жақа ұшу) Диалогке жазуға арналған сөз тіркестері Талқылау сұрақтары: Қалай ойлайсыздар, біз істей алатын барлық әрекеттерді жануарлар істей ала ма? Неліктен?Жануарлар мен адамның арасында қандай өзара байланыс бар? | ||||
Құндылықтарды қалыптастыру | Өмір бойы білім алу. Өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу. Ынтымақтастық. «Ширату» кезінде ынтымақтастыққа,достыққа, бір-бірінің сөзін тыңдауға тәрбиелеу. Еңбек пен шығармашылық. Жұптасып еңбек етуге, бояу кезінде әдемілікке тәрбиелеу . | ||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану Ширатуда оқушылар өсімдіктер мен жануарлар арқылы топқа бөлінеді,тапсырма орындағанда топтастырады. Денешынықтыру Қимыл-қозғалыс ойындары кезінде жануарлардың қозғалысын салады. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта. Сергіту сәтінде https://www.youtube.com/watch?v=sPX27NNVWCYбейнеролик | ||||
Бастапқы білім | Мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттай алады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | Ұ.Ширату. «10 сөз» әдісі Балалар бір-біріне қарама-қарсы шеңбер жасап тұрады. Маңдайына жапсырылған суретті қарама-қарсы тұрған көршісі сипаттап айтады немесе сұрақтар қою арқылы «ия-жоқ» деп жасырын суретті табады. — Ол жанды ма?жансыз ба? -Мен оны білемін бе? -Ол жануар ма? 1- топ: «Өсімдіктер» 2-топ: «Үй жануарлары» 3-топ: «Дала жануарлары» ҚБ. «От шашу» әдісімен өз-өздеріне қол шапалақтайды. Барлығы дұрыс тапса- жоғары шапалақтайды. Кейбір оқушылар тапса- ортада шапалақтайды. Таба алмаған оқушылар- төменнен шапалақтайды. -Осылай топ бөлінуіміздің себебі неде деп ойлайсыздар? -Не туралы айтуымыз мүмкін? Сабақ мақсатымен таныстыру. Біз бүгінгі сабағымызда жануарлар мен өсімдіктерді салыстыра отырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтаймыз. | ||||
Сабақтың ортасы 5минут 4минут Сергіту сәті 3 минут 4минут 3минут 6 минут 3 минут | — Мақсатымызға қол жеткізу үшін келесідей тапсырманы жұпта орындап көрейік. (Ж)«Ойлан тап» әдісі. Фотосуреттерге қара. Топтарға бөл, әңгімеле.. Қандай топтар шықты? Қ.Б. Ө.ө.б. «Қызықты пирамидалар» Үлкен- тез,дұрыс орындағандар Орташа- дұрыс орындағандар Кішкене- қате орындағандар МК Қандай топқа топтастырдық? Екеуін не ортақтастырады? Айырмашылығы неде? Сергіту сәті: «Жабайы және үй « Жабайы жануарлардың суретін көргенде қол шапалақтайды, үй жануарлардың суретін көргенде аяқтарын тарсылдатады. (Т). «Салыстыру» әдісі. Өсімдіктер мен жануарларды салыстыр. Үш ұқсастық, үш айырмашылықты тап. Дескриптор —Өсімдіктер мен жануарларды салыстырды. —Үш ұқсастық, үш айырмашылықты табады. ҚБ. Ө.ө.б «Бағдаршам» Толық орындалса жасыл түс. Жартылай орындалса сары. Тапсырма орындалмаса қызыл түспен. МК.Әлемде алуан түрлі жануарлар бар. Жануарлар да өсімдіктер сияқты тірі ағзаларға жатады. Жануарлар өсімдіктер сияқты өседі, қоректенеді, тыныс алады және көбейеді. Жануарлар қозғалады әрі түрлі қимылдар жасайды: жүреді, жүгіреді, қарғиды, секіреді, өрмелейді, ұшады, қалықтайды, қонады, жүзеді, сүңгиді т.б. Т.«Миға шабуыл» әдісі. Саралау тапсырмалары. А деңгейі. Суреттерге қара. Тек жануарларды таңда және боя. Сен неше суретті боядың? Бос торкөзге санмен көрсет. Дескриптор: Жануарларларды тауып, ажыратады. Әр жануарды түсіне сәйкес бояйды. Жануарлардың санын тор көзге санмен көрсетеді. В деңгейі. Өсімдіктер мен жануарлардың көбею жолын сипаттап, айырмашылықтарына қарай топтастырады. Дескриптор: Білім алушы Өсімдіктер мен жануарлардың көбею жолын сипаттап айтады. Айырмашылықтарына қарай топтастырады. С деңгейі. өсімдіктер мен жануарлардың ортақ қасиеттерін ажыратып, табиғаттағы маңызын тізбектей алады. Дескриптор: Білім алушы Өсімдіктер мен жануарлардың ортақ қасиеттерін ажыратады. Табиғаттағы маңызын тізбектей алады. (ҚБ) «Жұлдызша»арқылы бағалауы Барлығы дұрыс болса 1 қате болған жағдайда 2-ден көп қате болған жағдайда Сабақты бекіту тапсырмасы Бағалау критерийі Білім алушы • Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттайды Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну. Қолдану Сабақты бекіту Тапсырма Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігінде қандай ұқсастық бар? Төменде берілген сөздердің арасынан олардың ұқсастығын білдіретін сөздерді тауып, ортадағы шеңберге сызықпен қосып жинақта. Дескриптор: Білім алушы — өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі ұқсастықтарды анықтайды; — өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі айырмашылықтарды сипаттайды. ҚБ. мұғалім бағалауы 3 рет қолпаштау-өте жақсы . 2 рет қолпаштау-жақсы | Оқулықпен жұмыс 23-бет https://www.youtube.com/watch?v=sPX27NNVWCY бейнеролик Дәптермен жұмыс 12-бет, 10-жұмыс парағы ҚБ) мұғалім бағалауы Барлығы дұрыс болса 1 қате болған жағдайда 2-3 қате болған жағдайда | |||
Сабақтың соңы 2минут | Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» Кері байланыс «Жетістік баспалдағы» Оқушылар өздеріне таныс мультфильм кейіпкеріне қарай отырып, өздерінің бүгінгі сабақтағы жеткен жетістіктерін бағалайды. Стикерге есімдерін жазып сәйкес баспалдаққа жабыстырады. 1-баспалдық.жануарлар мен өсімдіктерді салыстыра алмаймын, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтай алмаймын;(қызыл) 2-баспалдақ.жануарлар мен өсімдіктерді салыстыруды үйрендім, олардың кейбір ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтай алмаймын;. (сары) 3-баспалдақ.жануарлар мен өсімдіктерді салыстыруды білемін,салыстыра аламын, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтай аламын; (жасыл) | Стикерлер | |||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар: Тапсырма Оқушылардың білім деңгейіне байланысты әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Барлық оқушы өз деңгейінде тапсырмаларын орындайды. Қарқын Жылдам жұмыс жасайтын оқушылар қарқыны төмен оқушыларға көмек көрсете алады. Қорытынды — Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. Ол Салыстыру әдісінде өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастығын, айырмашылығын тапқан кезде қорытынды жасалады. Диалог және қолдау көрсету Сабақтың мақсатын ашу үшін «Ия-жоқ» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойып, диалог құрастырылады. Тапсырамлар орындау кезінде кезінде диалог жүргізіледі. Бағалау Сабақтағы әр тапсырмадан соң оқушылар бағаланады. Жіктеу. Саралау тапсырмаларын орындағанда оқушылар С деңгейіндегі оқушылар жұптық, жеке, топтық тапсырмалар беріледі. Бағалау – мақтау,мадақтау ҚБ «От шашу» әдісімен өз-өздеріне қол шапалақтайды. Жауаптары дұрыс болса- жоғарыдан шапалақтау Жауаптары толық болмаса-ортадан шапалақтау Жауаптары дұрыс болмаса-төменнен шапалақтау Қ.Б. Топ бір-бірімен жұмыстарын ауыстырып, бір-бірін «Қызықты пирамидалар» арқылы бағалайды. Үлкен- тез,дұрыс орындағандар Орташа- дұрыс орындағандар Кішкене- қате орындағандар ҚБ.Ө.ө.б «Бағдаршам» Толық орындалса жасыл түс. Жартылай орындалса сары. Тапсырма орындалмаса қызыл түспен. ҚБ. Мұғалім бағалауы Барлығы дұрыс болса 1 қате болған жағдайда 2-3 қате болған жағдайда ҚБ . Мұғалім бағалауы 3 рет қолпаштау-өте жақсы . 2 рет қолпаштау-жақсы «Жетістік баспалдағы» Оқушылар өздеріне таныс мультфильм кейіпкеріне қарай отырып, өздерінің бүгінгі сабақтағы жеткен жетістіктерін бағалайды. Стикерге түстерін таңдап астына жабыстырады. 1-баспалдық. Маған әлі де көмек қажет, тақырыпты толық түсінбедім. (қызыл) 2-баспалдақ. Сабақ ұнады, тек жаңа сабақты толық меңгерген жоқпын. (сары) 3-баспалдақ. Сабақ өте ұнады. Барлық жаңа материалды түсіндім, меңгердім. (жасыл) Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы Байланыс Сабақ басында жаңа сабақта интерактивті тақта қолданылып болғасын тақта уақытымен өшіріледі. Сабақ ортасында оқушылардың көңіл күйін көтеру мақсатында сергіту -сәті кезінде қимыл қозғалыс жаттығуларын орындағанда оқушылар ара қашықтықтықты сақтау керектігі туралы айтылды. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? | |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||