«Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің домбыра сыныбының мұғалімі- Букарбаева Света Турткулбаевна
Тақырыбы: « Абай-қазақ халқының ұлы ақыны» тәрбие сағаты
Мақсаты: Абай Құнанбаевқа арналған ақынның өмірі мен өнеріне арналған тәрбие сағатын өткізу
Міндеті: Ақын өлеңдерін, ақын шығармаларын, ұрпақ бойына сіңіру мен қатар үйрету,білімділікке баулу
Тәрбиелік мәні: Хәкім Абайды ұлықтау бұл-ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі, Абай өнегесімен жас ұрпақ санасын бейімдеуге бағыт беру
Дамытушылығы: Өлеңдерін жаттату, шығармаларымен таныстыру, күйлерін үйрету
Көрнекіліктер:Слайд тақтасы, ақынның кітаптарын қамту, суреттері және сыныпты әсемдеп безендіру
Сабақтың барысы:
Абайдың даналығы «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан»болады! – деген. Абай Құнанбаевқа арналған «Абай-қазақ халқының ұлы ақыны» тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаев өлеңдерін оқып, ақынның поэмаларынан бір үзік сыр шертсек, өмірі мен өнегесін үйренсек, Ұлы ақын Абай әндерін тыңдап, күйлерін тартсақ, ақынның қара сөздерін оқып мәнін түсіну, жас ұрпаққа тәрбие берумен бірге ақыннан қалған мол тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру. Абай кім десеңіз? Абай ұлы ақын, ағартушы, философ, ойшыл, аудармашы, кемеңгер, композитор, мысалшы, әлемге танымал қазақтың кемеңгер тұлғасы. Абайды әлемге таныту бұл қазақты әлемнің тануы. Ендеше менің шәкірттерімнің сынып сағатына дайындаған өнерін тамашалаңыздар!
1 жүргізуші:
Абай Құнанбайұлы қазақтың ұлы ақыны 1845 жылы Семей облысы Қарқаралы жерінде дүниеге келген, туған кездегі есімі-Ибраһим. Абай ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы,философ және композитор.
2 жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Шыңғыс тауларында 13-тамызда дүниеге келген.
1-жүргізуші: Абай Құнанбаев Семей медресесінде оқиды және жақсы білім алады, медреседе үздік шәкірт атанады. Ол өз бетінше білімін жетілдіруге ұмтылады шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай яғни өзбек тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады.Медресенің үшінші жылында Семей қаласындағы «Приходская школада» орысша сауатын аша бастайды.
2-жүргізуші: Абай Құнанбаевтың әндері мен күйлерін нотаға түсіріп лайықтаған композиторлар бар. Композитор Латиф Хамидидің домбыраға лайықтаған Абайдың әні «Айттым сәлем, Қаламқас» орындайтын Қадырова Аяулым, Дүйсенбай Диана, Пірназарова Ләззат, Уәли Нұрлыбек.
1-жүргізуші: Абай зерек бала болып өседі, әуелі молдадан сауат ашып, сосын Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқып тәлім алады, араб және парсы тілдерін медреседе оқып жүріп меңгереді.
2-жүргізуші: Абай шығармаларын 10 жасында жазып бастаған, «Сап,сап, көңілім», «Шәріпке»,«Абралыға» өлеңдерін «Қансонарда» атты ақын үлкен шығармасын жазады.
1-жүргізуші:Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың табиғат мезгілдеріне арналған өлеңдерін Әкімхан Ақпейіл, Аман Дархан, Есбағамбет Жасмин, Каржовбай Жансая, Джамбул Алихан, Исенқұл Мариямның орындауында қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Абай Құнанбаев әндерін табиғатқа да арнап жазған, әндері сүйпеншілік пен махабатқа арналған, лирикаға тола шығармаларды жазды, сонымен қатар Абайдың күйлері де бар. Абайдың «Желдірмесі»күйін Джандаулетов Мирастың орындауында қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Абай Құнанбаев өнер-білімге, тәлім-тәрбиеге ерекше көңіл аударған, ұлы ағартушы ақын. Абай терең ойдың ақыны, Абай 45 қара сөз (шығармасы), және «Ескендір», «Масғұт» поэмаларын жазған.Абай Шығыс пен Батыс мәдениетімен, әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған.
2-жүргізуші: Абай Құнанбаев 28 жасында шығыс халықтары және орыс халқының әдебиетіне тереңірек ден қойып аударма жұмыстарымен айналысады.Ақын Крыловтың, Шеллердің, Пушкиннің, Байрон, Мицкевич, Гейне, Лермонтов шығармаларына аударма жасайды.
1-жүргізуші:
Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол- ақынның білімсіз бишарасы — дей келе осы өлеңде өлеңге әркімнің-ақ таласы бар деген өлең жолдарын кездестіреміз. Абай Құнанбаев 170 өлең жазған. Абай өлеңдері: «Ғылым таппай мақтанба», «Өлсе өлер табиғат,адам өлмес», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Заман ақыр жастары», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Әсемпаз болма, әрнеге», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Интернатта оқып жүр» т.б.өлеңдері бар.
2-жүргізуші: Абай «Көзімнің қарасы» орындайтын Қадырова Аяулым
1-жүргізуші: Абай орыс ақындарының өлеңдерін А.С.Пушкиннің
«Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жазған хаты» , М.Ю.Лермонтовтың шығармаларын аударады және И.А.Крыловтан «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Шегіртке мен құмырсқа» т.б аудармаларын жазған Пушкиннің «Евгений Онегиннің» үзінділерін таңдап алады.
2-жүргізуші:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ- барды,ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар.
Көңілінің көзі ашық,сергек үшін.
1-жүргізуші:Абай Құнанбаевтың бізге төрт күйінің нотасы жеткізілген. Ұлы ақын музыка тілін де өзіндік стилімен байытқан, ақынның күйлері « Абай желдірмесі», «Май түні», «Майдақоңыр» тағы «Торы жорға» күйлері, ендеше қабыл алыңыздар Абайдың күйі «Майдақоңыр»
Орындайтын Дүйсенбай Диана
2-жүргізуші:Абайды оқыған,түсінген ұрпақ ұлтшыл, мейірімд болуы сөзсіз. 1-жүргізуші: Абайдың қара сөздерінен «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі ақмақшылық» деген он сегізінші қара сөзінде, «Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма. Әйтпесе , бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсетер ме,өзі рахат көрер ме, яки жұртқа рахат көрсетер ме?» бұл жиырма бірінші қара сөзі.
2-жүргізуші:Олай болса, Абайдың «Май түні» күйін тыңдап алайық!
Күйді орындайтын- Болат Айзере
1-жүргізуші:Абайтанушы жазушы «Абай жолы» романының авторы М.Әуезов «Абай жатқан бір дария, ал мен одан шөміштеп қана алдым»- деген екен.
2-жүргізуші: Абай Құнанбаевтың асыл сөздерін біздің саналы ұрпақ бойына сіңіріп, ақын өлеңдерінің бой тұмарымызға айналдыруға біз барамызды саламыз. Абайдың күйі «Торы жорға»
Орындайтын «Назқоңыр» ансамблі
1-жүргізуші:Ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбаев қазақ халқына өшпестей із қалдырып, артына мол мұра қалдырдырған ұлы тұлға.
2-жүргізуші:Абай қазақ халқына «Іші алтын сырты күміс» өлең қазынасын, мәңгі өлместей асыл сөз қазынасын қалдырды.Абай қазақ классик ақыны,оның атын қазақ мақтан етеді. Абай өнері,өнегесі халық үшін мәңгілік қала береді,оны жалғастыру болашақ ұрпақтың парызы. Абай Құнанбаевқа арналған «Абай-қазақ халқының ұлы ақыны» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.