7 C
Нур-Султан
Пятница, 29 сентября, 2023
spot_img

Денім сау болсын десең…

1— сынып  тәрбие сағаты                                                                                                           Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы  Ақши ауылы                                                        «Бөлек батыр атындағы орта мектеп»КММ                                                                   Сынып жетекшісі: Ерғазы Перизат Бекенқызы

Тақырыбы: Денім сау болсын десең…

Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу. 

Күтілетін нәтиже : .Білуі керек: денсаулық туралы жалпы мағлұматтар
2. Болуы керек:денсаулықтың нығайту жолдарын  нығайту
3. Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.

Түрі : әңгімелеу, сұрақ-жауап 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу.

ІІ. Мұғалім сөзі: 

III Негізгі бөлім

А)Денсаулықты нығайту  дегеніміз не?

В)ДЕНСАУЛЫҚ    ДОСТАРЫН БІЛЕМІЗ БЕ?

Д) Денсаулық мықты болу үшін:  не істейміз? (СҰРАҚ ЖАУАП  СӘТІ)

Г)Пайдалы кеңестер        

IV. Қорытындылау.

І. Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Денім сау болсын десең…». Қош келдіңіздер! Мен сөзімді  мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» деген екен.

Мынадай ойларға назар аударсақ:. А)Денсаулықты нығайту  дегеніміз не?

Біз келген  денсаулыққа керек нәрсе  «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану » деп аталады.

Оларды барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан да ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың.

Жеке бас тазалығының ережелерін білу парызымыз оларды білеміз бе?  

—          Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

—          Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

—          Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

—          Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

—          Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

—          Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

—          Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

—          Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;

—          Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

—          Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

—          Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

—          Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

—          Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

—          Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

—          Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

—          Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;

—          Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

Адам денсаулығының кепілінің бірі – тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.                                                                                                                                                                    Осы кеңестерді қайталаймыз

«Кім көп біледі?»   ойыны  Жеке оқушылармен жұмыс жүргізем                                                                                              ( есте сақтау қабілетін дамыту үшін )

Шаш және тырнақ күтімі.

Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.

Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.

Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.  Ал енді дұрыс тамақтану ережелеріне келер болсақ. 

В) Денсаулық    достарын білеміз бе?   Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы даярлығы болу керек , даярланып  келу 

Денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері – дәрумендер.                                                                              Олар біз танысатын  жеміс-жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде болады.                         «Кім не біледі?»

А дәрумені

Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа т.с.с.

В дәрумені. 

Ағзадағы, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендер астық тұқымдастар,  бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.

С дәрумені   иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.

Д дәрумені.    Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальции мен фосфордың алмасуын реттейді.

Е дәрумені.    . Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы дәруменіне өте бай.

Адамға өте керек :Темір.  . Бауырдың, атбас бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында болады.    

 Адамға өте керек :Кальции 

 Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-жидектердің құрамында болады.                                                       Мұғалім сөзі: Оқушының тамақтану кестесі

Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің  жақсартады     

 Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние болғандықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап оған үлкен зиян келтіреміз.. Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша жарық сәулесін шашатын, өмірдегі ең басты байлық  ДЕНСАУЛЫҚ
Д) Денсаулық мықты болу үшін:  не істейміз? (СҰРАҚ ЖАУАП  СӘТІ)

: Оқушылар өз ойларын айтады.
• Жақсы  тамақтану, жеке бас гигиена сақтау
• Зиянды әдеттерден аулақ болу
• Денсаулықты сақтау нығайту, спортпен шұғылдану
• Бос уақытты тиімді пайдалану спортпен шұғылдану

Г)Пайдалы кеңестер

Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

Қоршаған орта ластығына назар аудармау .       Дұрыс тамақтанбау.

 Тазалықты сақтамау. Жеке бас гигиенаны сақтамау

 IV Қорытынды.Мұғалім сөзі:                                                                                                                                              Бүгінгі сабағымызда біз  денсаулық   туралы көптеген мәліметтер алдық. Біздің сөз соңында сіздерге айтарым:  Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі –  денасаулықты арттыру  «Тіршіліктің негізі – дені мау  болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Оқушылардың  спорттық биі. (ҚАРА    ЖОРҒАДАН ҮЗІНДІ)  Осымен тәрбие сағаты аяқталды . Көңіл қойып  тыңдағандарыңызға  рақмет!

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,873ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles