17 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Бейбіт заманның дара батыры

Тақырыбы:Бейбіт заманның дара батыры

    Зерттеудің мақсаты: қоғам және жастар үшін үлгі боларлықтай  қазіргі заман               батырларын анықтау. Қазіргі заман батырларының ішінде ұлағатты ұстаздардың еңбегін насихаттау.Ж.С.Дүйсенбаеваның ерлік істерін кейінгі буынға, өскелең ұрпаққа үлгі ету.

Зерттеудің міндеті: Жанбибі Сенбайқызы Дүйсенбаеваның қазіргі таңдағы еңбектерінің құндылықтарын насихаттау. Әбіш Кекілбаев қаламынан шежіре болып өрбіген, шығармаларына  арқау болған киелі өлкенің тұнып тұрған  тарихи шындығын тынбай  зерттеулерінің арқасында дәлелмен көрсеткен ер мінезді қайсар ананың бойындағы патриоттық рух арқылы жастарды тәрбиелеу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бейбіт заманның дара батыры тақырыбының негізін сатылай ашып көрсету. Туған жерінің әр тасын, әр шөбін, әр атауын білгісі келетіндерге іздену жұмысының қорын көрсету.

Зерттеу жұмысының гипотезасы (болжамы):  зерттеу жұмысының нәтижесін бақылау.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: Жанбибі Сенбайқызының  игі істері арқылы мұғалім мамандығының ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жауапкершіліктің иесі екені ұғындыру. Педагогтың тек ғана сабақ берумен шектелмей, үнемі ізденісте болуы керектігін ұлы ұстаз арқылы тағы бір мәрте дәлелдеу.

Кезеңдері, зерттеудің реті:

  1. Жанбибі Сенбайқызы Дүйсенбаеваның өмірі туралы ақпарат.
  2. Бейбіт заманның дара батырына дәлелдер келтіру.

Жанбибі Сенбайқызы Дүйсенбаева Маңғыстау ауданы, Тұщыбек ауылында 1957 жылы дүниеге келген. Ұлағатты ұстаз,педагог,ғалым, филология ғылым кандидаты (1999). Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтының (қазіргі ҚазҰПУ) филология факультетін бітірген. ҚР «Халық ағарту ісінің үздігі» (1997). Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты (2003), ҚР Білім минстрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1999). 1983 жылдан Ақтау қаласындағы орта мектептерде және АқтМУ-де ұстаздық қызмет етіп келеді. Дүйсенбаеваның «Ә.Кекілбаев – суреткер» атты оқу құралы (2002), «Махамбет және Маңғыстау» (Ә.Спанмен бірлесіп жазған, 2003) кітабы, «Ұлы даланың ұланғайыр мұрасы» зерттеу еңбегі (2006), «Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тағылым» атты моногр. еңбегі (2007) және 200-ге тарта ғылыми мақалалары жарық көрген. 2009 жылы «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар» тақырыбында докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады.Облыс бойынша 2010 жылы «Жыл ғалымы» атанды.                   2021 жылы «Еңбек медалі» марапатын иеленді.

Жанбибі Сенбайқызы Дүйсенбаева – қазіргі заманның батырларының бірі,  бейбіт заманның дара батыры.  Оған бірнеше дәлелдерді келтіре аламын:

1.Маңғыстаудың әйелдері арасынан шыққан тұңғыш ғалым;

2.Маңғыстаудың қыздары арасынан шыққан Махамбет атындағы сыйлықтың иегері;

3.Маңғыстау облысының Ақтау қаласының №1, №11, №20  орта  мектептерінде үздіксіз еңбек етіп, қарапайым білім ордасында жүріп ғылым кандидаты болған тұңғыш ұстаз;

4. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан диссертация қорғаған тұңғыш әйел адам;

5.  Адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілдерін шеберлікпен игерген жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын теориясымен бірге әдістемесін қатар  жазып, қорғаушы. Әлбетте, бірінші ізденуші тек ғана теориялық жағын қорғайды.

6. Қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында, ақ найзасымен, азаткер асқақ жырымен, қасық қаны қалғанша күрескен, тіпті сол жолда құрбан болған әрі батыр, әрі дауылпаз ақын  Махамбет Өтемісұлының арғы атасы құлбазарында сатылған деген ел арасындағы әңгіменің қаншалықты шындыққа жанасатын дерегін анықтау үшін, Хиуаға сапар шегіп, нәтижесінде, құлбазардың тарихи дерегін  ауызша айтылған ақпаратпен сабақтастырып,шындыққа жанасатынын айқындап, сатылай көрсеткен  ізденімпаз адам;

7.Осы кезге дейін Махамбеттің аталары Құлмәлі мен Құлмәтінің өмірде болғанын жоққа шығарып, сан түрлі әдебиеттің дауына айналған ақпараттың нақты шешімін Иранға барған  сапарында бұлтартпас дәлелдермен ғылыми түрде анықтап, диссертациялық кеңес алдында дәлелдеп шыққан ғалым;

8.Махамбеттің баласы Махмұтты жоққа шығарғандарға Таушық жеріндегі Өңеже тауының бөктерінде Махмұтқызы Нұрбикенің зиратын нақтылап, Махмұттың өмірде болғанын сақталған шежірелерімен Махмұтқызы Нұрбикенің басына қойылған құлпытас арқылы  сабақтастыра дәлелдеді;

9. Махамбеттің арғы атасы Нәдіршахтың Иран жеріндегі мұражайын аралап, оған қойылған әскери ескерткішін, пайдаланған қаруын, қарауыл мұнарасына дейін зерттеп, нақты шешімдермен оралды;

 10.Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы қазақ даласындағы отарлауды алғашқы рет ғылыми айналымға енгізді;

11.Әбілхайыр ханның бәйбішесі Бопай ханымның жатқан жерін Тұзтөбе,Ақтөбеге сапарында нақтылады;

12. Маңғыстауды мекен еткен ата-бабамыздың құдықшылық кәсібін насихаттауда, құдықшылардың мехнатты еңбегі туралы жас ұрпақтың білімін толықтыруда Әбіш Кекілбайұлының «Шыңырау» повесін Ғылым және Білім министрлігіне өтініш беру арқылы орта мектептің 8 — сынып оқулығына енгіздірді. «Шыңырау» повесін оқытудағы қиындықтарды мұғалімдерге, оқытушыларға жеңілдету үшін  «Шыңырау» повесі бойынша әдістемелер жасақтады. Маңғыстаудың ата кәсібін басқа облыс, қала, ауыл балаларына білетіндей деңгейге жеткізді.

17 жыл бойы қаламгер Әбіш Кекілбаевпен жүргізілген сұхбат нәтижесінде «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», «Автомобиль», «Шыңырау», «Күй», «Шандоз» тарихи – баянының әдістемесі жазылып, 80 плакаттар – сериясы шығарылды. Ал  5-6 сыныпқа арналған «Мазмұндамалар жинағы», «Диктанттар жинағы» жарияланды.  13.Махамбет өлеңдеріндегі жаңсақ және қате беріліп келе жатқан сөздерді оқулық авторларына дәлелді мәліметімен өтініш айтып, түзетілуін талап етудің арқасында ғылыми пайымдаулары 6 сыныптың әдебиет оқулығына енгізілді;

14. Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі Еңсептің прототипі құдықшы Бейнеубай екенін, Сенектегі ең соңғы құдығын суретке түсіріп  дәлелдеді;

15.Маңғыстау қазақтарының бір кездегі қияметті тірлігін суреттеген (Темірбаба, Көкбөрі, Ожабай, Тамды, Астау ой, Бегдаш) «Күй» повесінің оқиғасы өткен жерлердің керуен жолдарын нақтылайды, саяхаттау барысында көзімен көріп, ғылыми негізде жіктеп, ғылыми айналымға енгізеді;

16. «Ұлы даланың жеті қыры», «Жасыл ел», «Ақбұлақ», «Туған жер», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары негізінде іргелі істерді студенттермен, оқушылармен бірлесіп әлі атқарып келеді. Атап айтсам, «Қызылтаң» жойылып кеткен колхозды энциклопедиялық дәрежеде сатылай зерттеп жазса, «Ақтау қаласы», «Құйылыс су кеніші қалай ашылды?», «Ауыл шаруашылық саласының ақиығы — Ауман Байдолов», «Маңғыстау мақтаныштары: Қалмұханбет Сұпығазиев», «Тыл ардагерлері», «Құсбегілік өнер», «Махамбет шығармашылығын мектепте жаңаша оқыту» тақырыбындағы т.б. 200 беттен асатын 16 кітап жасақталды. Сонымен қатар,  «Маңғыстау мұғалімдері» және «Майдангер ұстаздар» еңбектерін шығарды. Маңғыстаудың қуғын-сүргін мен ұлы отан соғысының  құрбандары туралы облыстық мұрағаттан іздеп тапқан зерттеу жұмыстары  әлі де жалғасын табуда.

                   Колледж айналасына студенттерді еңбекке тарта отырып олармен  бірге әр түрлі жеміс ағаштарын, талдарды, гүлдерді отырғызып, көгалдандыруда. Маңғыстаудың этнопедагогикасын зерттеу мұралары т.б. игілікті істері айналасындағыларды сүйсіндіруде.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles