«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев
Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесіп келе жатыр. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден — бір дара жолы — білім жүйесі. Техникалық және кәсіптік білім беру орындары — білім жүйесінің ең басты буыны. Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында қаланған білім негізі студенттің болашағына жол ашады.
Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.
Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі колледж студенттері, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.
Қазіргі техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарындағы студенттердің логикалық ойлау қабілеті, өздігінен іздену деңгейі төмен. Оқушылар тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, ізденушінің рөлін де атқару қажет.
Жалпыға жаппай кәсіптік білім беру кезеңінде мұғалім студенттердің бәрін бірдей жақсы оқытуға міндетті. Сондықтан қазіргі кезде колледждерде жаңаша оқытуға көшу жүйесі жасалынды, пән мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет — оқушылардың білім деңгейлерін барынша жетілдіру.
Оқушылардың білім деңгейлерін төмендігі — олардың қабілетінің жоқтығынан емес, өз беттерімен жүйелі түрде білім алуға дағдыланбаудан, жүйелі еңбектің жоқтығынан. Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты — оқушылардың алған білімін қолдана білуге үйрету. Олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, өз бетінше білімді меңгерту, оқушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интеллектуалдық іс — әрекеттерге әзірлеуде, білім берудің инновациялық әдістерін қолданудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 — бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі — оқытудың әдіс — тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты — инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік — экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру.
Қазіргі таңда оқу үдерісіне «жаппай» енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар баршылық. Әрине, инновация көкейкесті мәселелердің тоғысында пайда болып, оқу үдерісіндегі әдістемелерге жаңаша тұрғыдан қарап, оны үздіксіз жаңғыртуға бағытталады.
Бүгінгі менім ғылыми шығармашылығымның барысы — кадрларды даярлауда кәсіпкерлікке баулу арқылы иннновациялық жобаларды өндірісте қолдану арқылы жаңа технологиялардың оқушыларға тиімділігімен оқу процесінің сапасын арттыруда маңызыдылығы. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандықтарын оқыту барысында интерактивтік технология негізінде құрылған флипчарт — сабақтарға деген үлкен сұраныстың болуы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына әкеліп соғуда.
Мақтарал аграрлық колледжі – елдегі аграрлық салаға мамандар даярлайтын, әрі олардың білікті маман екендерін растайтын дипломмен қамтамасыз ететін жетекші оқу орындардың бірі. Бүгінде колледж оқытушылары Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі тапсырмаларды жүзеге асыруға жұмылдырылып отыр. Оқу процесіне инновациялық технологияны енгізу колледжіміздің білім беру саласындағы негізгі компоненті болып табылады. Оқу жұмысының барлық түрлерін (дәріс, зертханалық — тәжірибелік, семинарлық сабақтар) қамтыған инновациялық технологиялар, мультимедиялық оқыту, интерактивтік қондырғылармен басқарылатын жүйелер оқыту саласындағы көптеген проблемаларды жаңа деңгейде шешуге мүмкіндік берді. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген ТОҚ құралдары: Интерактивті тақта, мультимедия; интернет кеңістігі; электронды оқулық. Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде «Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері» пәні бойынша теориялық және зертханалық тәжірибелік сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын. Мысалы: «Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері» пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік беремін. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді.
Интерактивтік технология негізінде құрылған флипчарт — сабақтарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.
Қорыта келе, біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін — өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Колледждердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру — басты мақсат. Интерактивтік технология негізінде құрылған флипчарт — сабақтарды сабаққа пайдаланғанда келешек ұрпақтың жан — жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын оқытудың жаңашыл технологияларының бірі.
«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен тәжірибені оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
2. «Ветеринария негіздері» журналдары.
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
4. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту» ғылыми — әдістемелік журнал, №5 — 2009 ж
5. Интернет материалдары «Gooqle» және «Mail. ru» сайттары 2017 жыл.