4 C
Нур-Султан
Воскресенье, 2 октября, 2022
spot_img

Күнбағыс майының құпиялары

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

І ТАРАУ. КҮНБАҒЫС-МӘДЕНИ ӨСІМДІК

  1. Күнбағыс майы
    1. Күнбағыс майының түрлері

ІІ ТАРАУ. ЗИЯНЫ МЕН ПАЙДАСЫ

  1. Күнбағыс майының зияны мен пайдасы
    1. Май таңдау мен қолдануға қатысты кеңестер
    1. Тәжірибе

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

Аңдатпа

    Зерттеу жұмысының мақсаты: Күнбағыс майының зерттеу қасиеттерін анықтау.

   Зерттеу жұмысының болжамы:

  • Егер де күнбағыс майы өндірілмесе, өмірге, тағамға, емдікке не қолданар еді?

Зерттеу жұмысының кезеңдері:

Бірінші кезеңде біз күнделікті тағам даярлағанда қолданатын күнбағыс майы жайлы не білеміз? Күнбағыс дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Рафинацияланбаған май да пайдалы майлардың бірі екендігі белгілі. Рафинацияланбаған май белгілі бір өңдеу сатыларынан өтеді. Оның тұнбасын түсіріп, түрлі сүзгілерден өткізеді. Рафинацияланған май мөлдір және иіссіз келеді. Өндірісте оны толықтай тазартады, сол себепті оның құрамында нашар қосылыстар да, табиғи пайдалы заттар да аз қалады.

Екінші кезеңде жалпы көптеген қолжетімді майлардың арасында күнбағыс майы ең пайдалы түрлердің бірі деп айтуға болады. Соя, жүгері майлары пайдасы жағынан күнбағыс майының артында тұр. Оның құрамындағықанықпаған майлы қышқылдар, майда ерігіш А, В, Е және F дәрумендер мен минералдар бар. Күнбағыс майы адамға күнделікті қажет, бірақ ағзаның өзі шығармайтын пайдалы заттарды береді. Пайдасымен қатар адам денсаулығына зияны да бар.  Жалпы ем болмаушылық кездескен жоқ. Негізі оны шамалы мөлшерде қолдану қажет, себебі, жоғары калориялы. Сатып алғанда қолдану мерзіміне назар аудару қажет. Шыны түбінде тұнба болса, оның ашығандығы байқалады. Пайдасы да төмендейді. Сонымен қатар мынадай кеңестер туындады:

•        Салат әзірлегенде, көкөністерді май құймай тұрып тұздаған жөн. Себебі тұз майда ерімейді.

•        Дүкенде сөренің ең бергі жағында тұрған майды алмаңыз, оның құрамында жарық әсерінен пайдалы заттар жойылған. Толығырақ жұмыстың барысында танысасыздар.

Үшінші кезеңде тәжірибе жұргіздік. Тәжірибе барысында сұйық май, көлік майы мен боялған су табиғи жағдайда араласпайтындығын анықтадық.

Зерттеу әдістері: 

  • Әңгімелесу;
  • Сауалнама алу;
  • Тәжірибе.

Зерттеу жұмысының нәтижесі, қорытындысы:

Қорытындылай келе, күнбағыс майының пайдасы мен зияны бар екен. Май таңдау мен қолдануға қатысты кеңестерді анықтадым. Арзан бағаларды іздегенше, сапалы, жақсы өнім ұсынатын үлкен өндірушілердің тауарын алғаныңыз жөн. Олар өнідіріс нормаларын сақтайды. Мұндай маркалы майлар халық арасында сұраныста. Ал тәжірибе барысында, заттектердің тығыздығының әр түрлілігіне көзім жетті. Өзім үшін «Заттектердің тығыздығы» деген жаңа ұхым аштым.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Күнбағыс — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік. Шыққан жері — Солтүстік Америка. Қазақстанда 2 түрі бар: жер алмұрты және бір жылдық күнбағыс. Еуропалықтар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Еуропаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «күн гүлі» деп атады. Күнбағыстың биікт. 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 — 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 — 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады. Қазір күнбағыс – біздегі ең кең тараған майлы дақыл. Әрине, ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі. Күнбағысты өсіру көктемде басталып, күзде аяқталады.  Бұл үдеріс күнбағыстың тұқымы мен сорты және технологиясына қарай 100-150 күнге созылады. Ол өзінің бастапқы өніп-шығу кезеңінен бастап, гүл жару кезеңіне дейін суыққа, құрғақшылыққа төзімді болып келетін өсімдік. Былайша айтқанда, біздің қатаң климатымызға бейімділігімен ерекшеленеді. Күнбағыстың тағы бір жағымды қасиеті ол қаржы шығындарын соншама қажет етпейді. Оның үстіне оны өсіру де өте қарапайым. Бірақ соған қарамастан, пайдасы мол, яғни жоғары рентабельді болып келеді. Сондықтан күнбағыс өсіру бизнесі өзін-өзі аз уақыт ішінде жедел ақтайтын бизнес түрі болып есептеледі. Кұнбағыс пістелері (дәндері) адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Олардың құрамында май, құнды өсімдік ақуыздары, көмірсутегілер, өзек, лецитин бар. Түрлі микроэлементтерге де өте бай. Мәселен, оның құрамында магний, темір, мырыш, селенит өте көп кездеседі. Сондықтан дәрігерлер адамға йод жетіспеген жағдайда көкөніс дәндерін пайдалану жайында кеңес беріп жатады.

Күнбағысты өсіру тәсілдері мен технологиясы.

Жоғарыда күнбағысты өсіру көп қиындыққа түспейтіндігін айттық. Ол кез келген бақша топырағында жақсы өседі, алайда жеңіл және құнарлы топырақты ұнатады. Күнбағыс күнді сүйетіндіктен, оны өсіретін орынды күн жақсы түсетін жерден таңдау керек. Күнбағыс көктемде топыраққа тұқымын себу арқылы көбейеді, ал көпжылдық түрлері – көктемде немесе күзде түптерінің бөлінуі арқылы өседі. Тұқымды сәуір, мамыр айларында тікелей ашық топыраққа бір-бірінен 30 х 40 сантиметр қашықтықта, бір ұяшыққа 2-3 дәннен 2-5 см. тереңдікке сіңіре себеді. Тұқым +5С температурада өне бастайды. Күнбағыстың гүлдеуі көктесін пайда болғаннан кейін 75-80 күн өткен соң ғана басталады. Өсімдік ерекше күтімді қажет етпейді. Тұқым  3-4 жыл өнгіштікті сақтайды. Күнбағысты 3-4 жыл өтпей бұрынғы егілген орнына  қайта өсіруге болмайды. Оған тағайындалған учаскені күзден бастап 20 сантиметрден кем болмайтындай етіп аудару керек.

Күнбағыстың күтімі өте қара­пайым: қатарлар арасы арам­шөп өсімдіктерінен еркін, ал топырағы борпылдақ болуы керек. Күнбағысты уақтылы егу оны қыркүйек айының басында жинауға мүмкіндік береді. Осы уақытта көбінесе қажетті ылғал деңгейіндегі жоғары сапалы пісте алуды қамтамасыз ететін қолайлы ауа райы болады.

Өнімді жинауға шамамен бір жарым ай уақыт кетеді. Күн­бағысты басын өткір пышақпен қесу арқылы қолмен жинайды. Өте ылғалды пістелерді 8-10 күн бойы сабағының түбіріне кесілген себеттерді кигізу арқылы кептіреді. Егістіктен жиналған күнбағыстар қырманға – қоймадағы арнайы орынға жеткізіледі, ол тек екі қа­бырғаға орналастырылады, өйткені қойманың алдыңғы жағындағы қабырғаның болмауы, қажетті ауа алмасуын қамтамасыз етеді. Бірден кептіру жақсы жел­детіліп тұратын қараңғы қой­маларда жүзеге асады. Кептірілетін орындағы температура 40-50°С болуы тиіс. Матадан жасалған қаптарда 2 жылға дейін сақтайды.

Күнбағысты өткізу. Елімізде күнбағыс дәнінен май айыратын зауыттар мен шағын цехтар баршылық. Өсірген өніміңізді алдын-ала келісімшарт жасасу арқылы соларға өткізе аласыз. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына күнбағыс тұқымын көтерме сату туралы хабарландыру беруге болады. Сол сияқты күнбағыс дәндерін өз қолыңызбен-ақ бастапқы өңдеуден өткізе аласыз. Мәселен, оны қуырып, халыққа бөлшектеп сатуға болады. Осындай кәсіппен шұғылданатын адамдар кез келген қала мен ауылда кездеседі.

Күнбағыс өсіруге жұмсалатын шығындар. Әрине, күнбағыс өсіру үшін ең алдымен сіздің өз жеріңіз болуы керектігі түсінікті. 1 гектар жерге 5-10 кг. тұқым жұмсалады. Демек, егер сіздің 10 гектар жеріңіз болса, ол үшін сізге кемінде 50 келі тұқым қажет болады. 1 келі тұқым шамамен алғанда, 70 теңге тұрады. Сонда сіз тұқым үшін бар-жоғы 3500 теңге ғана жұмсайсыз.

Түсетін табыс пен пайда. 1 гектар жерден 8-10 центнерге дейін өнім алуға болады. Демек сіз өзіңіздің 10 гектар жеріңізден 80 центнерге дейін өнім ала аласыз. Егер күнбағыстың күтімі келіссе, алынатын өнім көлемі бұдан да мол болуы әбден мүмкін. Сонда сіз 1 келі күнбағыс дәнін 70 теңгеге (бұл ең арзан баға) сатқан жағдайда 80 центнер өнімнен кемінде 56 мың теңге пайда таба аласыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Күнбағыс майының зерттеу қасиеттерін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Күнбағыс майының Қазақстандағы өндірісімен танысу;
  • Пайдасы мен зиянын анықтау;
  • Күнбағыс майының түрлерін ажырату;
  • Май таңдау мен қолдануға қатысты кеңестермен танысып, сыныптастарыммен бөлісу.

Зерттеу әдістері: 

  • Әңгімелесу;
  • Сауалнама алу;
  • Тәжірибе.

І ТАРАУ. КҮНБАҒЫС-МӘДЕНИ ӨСІМДІК

1.1.   Күнбағыс майы

Европалықтар тұңғыш рет күнбағысты  Американы ашқан кезде  Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген.  Олар күнбағысты Европаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «күн гүлі» деп атады. Ал Россияда күнбағыс осыдан  3 жүз жыл бұрын пайда болды. Алғашында оны бақтарға сән үшін өсірген. Ол кезде күнбағыстың  ұсақ себеттері –гүл шоқтары көп болған.

Бірақ көп ұзамай   күнбағыс ұрықтарының, яғни дәндерінің жеуге жарамды тәттілігін  байқап, оны бақшаларда  да өсіретін болған. 1830ж. Воронеж губерниясының Алексеевка слабодасынан шыққан басыбайлы шаруа Бокарев күнбағыс дәнінен сығып май алуға болатынын табады. Қазір күнбағыс – біздегі ең кең таралған майлы дақыл.  Біздің еліміз  Мексикадан  келген «күн гүлінің» екінші отанына айналды.

Күнбағыс далалық қара топырақты өңірге- Молдавиядан Алтайға дейін егіледі. Әрине ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі.  Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың  сабағы 4 метрге дейін жетіп , оның жуандығы білектей болып өседі. 

Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр. Бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі-оның жақсы майы.  Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді.  Сабағын турап , булап шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да –жақсы мал азығы. Күнбағыстың кейбір сорттарын сүрлем үшін егеді. Бұл жағдайда оның дәні піспей тұрып көктей орады.

Күнделікті тағам даярлағанда қолданатын күнбағыс майы жайлы не білеміз? Күнбағыс дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1,4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған күнбағыс га-нан 400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық — 91, т.б. сорттары аудандастырылған. Осы сорттардың 1 га-нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. Күнбағыстың негізгі зиянкестері: сым-құрт, күнбағыс қан көбелегі, т.б.; аурулары: боз шірік, сұңғыла, т.б. Жалпы ақпарат. Күнбағыс –  күрделі гүлдесін тұқымдасына жататын өсімдік. Оның шамамен  90‑ға тарта біржылдық және көпжылдық түрлері кездеседі. Үлкен гүлшоғырлары бар күнбағыстың ашық сәулелі жапырақшалары бір қарағаннан-ақ  күнді еске түсіреді. Бұдан бөлек, бұл өсімдік  басын үнемі күнге қаратып,  шығыстан батысқа дейінгі  күн ізімен оның соңынан еретін ерекше қабілетке ие.

Өндіріс циклі көктемде басталып, күзде аяқталады және сорты мен технологиясына қарай  бар жоғы  100-150 күнге созылады. Бұл бастапқы өніп-шығу кезеңінен гүл жару кезеңіне дейін суыққа, құрғақшылыққа төзімді, дәлірек айтқанда біздің климатымызға бейім өсімдік болып табылады. Сондықтан, күнбағыс өсіру – аса қарапайым, қаржы салымын аз мөлшерде қажет ететін, жоғары рентабельді, өзін-өзі аз уақыт ішінде ақтайтын ақша табудың түрі. Кұнбағыстың пістелері (дәндері) өте пайдалы. Олардың құрамында май, құнды өсімдік ақуыздары, көмірсулар, өзек, лецитин бар. Түрлі микроэлементтерге бай, сондықтан да магний, темір, мырыш, селенит, йод жетіспеушілігі кезінде көкөніс дәндерінің пайдасы тиеді.

Күнбағыс түрлері. Ең көп тараған түрі – майлы күнбағыс.  Күнбағыстың бұл түрі әлемнің барлық жерінде өседі және күнбағыс майын өндіру үшін пайдаланылады. Майлы күнбағыстың 4-5 метрлі толық сабақтары, кәдімгі немесе бұтақты, бір немесе бірнеше кішкене бастары болады; жалғыз бастыларының ені кейде жарты метрге (әдетте – 15-20 см) дейін жетеді; шетіндегі гүлдері сары, орта тұсы күлгін түсті болып келеді. Күнбағыстың жемісі – сопақша, төрт қырлы немесе бүйірінен сығымдалған дән, ол жеміссеріктен (қабық немесе қауыздан) және тұқым қабығымен жабылған ақ дәннен (өзек) тұрады. Сондай‑ақ күнбағыстың көп тараған түрінің  бірі – біржылдық. Сабағы тығыз, биіктігі2,5 мдейін тік өседі. Жапырақтары кезекпе кезек, ірі, жүрек тәрізді, бұдырлы, ұзын сап бойына орналасқан. Гүлдері сары, жоғары  ұшты, үнемі күнге қарай бұрылып тұратын ірі себетке жинақталған. Жемісі – жолақты немесе қара түсті сопақша жұмыртқа тәріздес дән. Ол ұдайы күннің  сәулесін, топырақтағы ылғал мен құнарлы заттардың болуын қажет етеді.

 Өсіру әдістемесі және технологиясы. Күнбағыс өсіру қиын емес.  Ол кез келген бақша топырағында жақсы өседі, алайда жеңіл және құнарлы топырақты ұнатады. Оның өсетін орнын күн жақсы түсетін жерден таңдау керек. Күнбағыс көктемде топыраққа тұқымын себу арқылы көбейеді, ал көпжылдық түрлері – көктемде немесе күзде түптерінің бөлінуі арқылы өседі. Тұқымды сәуір‑мамыр айларында тікелей ашық топыраққа 30 х40 см тәсілі бойынша 2-3 дәннен 2-5 см. тереңдікке себеді. Тұқым +5С температурада өне бастайды. Күнбағыстың гүлдеуі көктесін пайда болғаннан кейін 75-80 күн өткен соң ғана басталады. Өсімдік ерекше күтімді қажет етпейді. Тұқым  3-4 жыл өнгіштікті сақтайды. Күнбағысты 3-4 жыл өтпей бұрынғы егілген орнына  қайта өсіруге болмайды. Оған тағайындалған учаскені күзден бастап 20 см.-ден кем болмайтындай етіп аудару керек.

Күнбағыстың күтімі өте қарапайым: қатарлар арасы арамшөп өсімдіктерінен еркін, ал топырағы борпылдақ болуы керек. Күнбағысты уақытылы егу оны қыркүйек айының басында жинауға мүмкіндік береді. Осы уақытта көбінесе қажетті ылғал деңгейіндегі жоғары сапалы пісте алуды қамтамасыз ететін қолайлы ауа райы болады. Өнімді жинауға шамамен бір жарым ай уақыт кетеді. Күнбағысты басын өткір пышақпен қесу арқылы қолмен жинайды. Өте ылғалды пістелерді 8-10 күн бойы сабағының түбіріне кесілген себеттерді кигізу арқылы кептіреді. Егістіктен жиналған күнбағыстар қырманға – қоймадағы арнайы орынға жеткізіледі, ол тек екі қабырғаға орналастырылады, өйткені қойманың алдыңғы жағындағы қабырғаның болмауы, қажетті ауа алмасуын қамтамасыз етеді. Бірден кептіру жақсы желдетіліп тұратын қараңғы қоймаларда жүзеге асады. Кептірілетін орындағы температура 40-50°С болуы тиіс. Матадан жасалған қаптарда 2 жылға дейін сақтайды. БАҚ‑та күнбағыс тұқымын көтерме сату туралы хабарландыру беруге болады.  Одан кейін қуыру және бөлшектеп сату үшін, күнбағыс майын шығаруға, сондай‑ақ нан‑тоқаш және кондитерлік өндіріске пайдалануға болады.

1.2.   Күнбағыс майының түрлері

Шикі май немесе бірінші сығылған май ең сапалы әрі пайдалы түрі. Бұл май өңдеудің ең жұмсақ түрінен өтеді, сол себепті құрамына барлық дәрумендер мен пайдалы заттарды сақтап қалады. Мұндай май хош иісті, өзіне тән дәмі болады. Шикі майды көбінесе салаттарға қосады. Жалпы мұндай май жоғары температураларға шыдай алмайды, оны қуыру үшін қолдануға болмайды. 90 градустан асқан кезде май өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтып, тіпті канцерогенді болып кетуі мүмкін.

Рафинацияланбаған май да пайдалы майлардың бірі екендігі белгілі. Рафинацияланбаған май белгілі бір өңдеу сатыларынан өтеді. Оның тұнбасын түсіріп, түрлі сүзгілерден өткізеді. Бірақ бұндай майда бастапқы шикізаттың бөлшектері қалып қоюы мүмкін, сол себепті кішкентай балаларға (3 жасқа дейін) оны бермеген жөн.(Қосымша №1)

Рафинацияланған май мөлдір және иіссіз келеді. Өндірісте оны толықтай тазартады, сол себепті оның құрамында нашар қосылыстар да, табиғи пайдалы заттар да аз қалады. Бұл майды қуырып қолдануға болады: ол көбіктенбейді, тұнба мен жағымсыз иіс бермейді. Әрине ас үйіңізде бір шикі не рафинацияланбаған және бір рафинацияланған май болғаны дұрыс. Бірін салаттарға қоссаңыз, екіншісіне тамақ әзірлеуге болады.(Қосымша №2)

ІІ ТАРАУ. ЗИЯНЫ МЕН ПАЙДАСЫ

  1. Күнбағыс майының зияны мен пайдасы

Жалпы көптеген қолжетімді майлардың арасында күнбағыс майы ең пайдалы түрлердің бірі деп айтуға болады. Соя, жүгері майлары пайдасы жағынан күнбағыс майының артында тұр. Оның құрамындағықанықпаған майлы қышқылдар, майда ерігіш А, В, Е және F дәрумендер мен минералдар бар. Күнбағыс майы адамға күнделікті қажет, бірақ ағзаның өзі шығармайтын пайдалы заттарды береді.

F дәрумені теріміздің жағдайын жақсартып, қан тамырларының беріктігін арттырады, гормондар синтезін реттеп, иммунитетті жақсартады. Қан айналымын дұрыстап, атеросклерозға қарсы тұрып, ағзадан артық холестеринді шығарады.

Е дәрумені есті жақсартып, қартаюға қарсы күреседі. Майлардың қабылдануын дұрыстап, жүйке жүйесін де жақсартады. Бұл дәрумен қауіпті Альцгеймер ауруының алдын алып, қант диабетіне де қарсы тұра алады.

А дәрумені көздің саулығы мен тырнақ, шаш, тіс пен сүйек беріктігіне жауап береді. Жақсы антиоксидант болып табылатын бұл дәрумен онкологиялық аурулармен күресуде көмектеседі.

D дәрумені кішкентай балалардың дұрыс өсуіне өте қажетті дәрумен. Ол сүйектердің берік болуына, зат алмасудың дұрыс жүруіне, асқорыту жүйесінің жұмысына да әсер ете алады.

Салаттарды майонезбен емес, маймен араластырсаңыз, көкөністердегібета-каротин А дәруменіне айналады.

Шикі не рафинацияланбаған май бөтелкесінің астында тұнба көрсеңіз, шошымаңыз. Бұл денсаулық үшін өте пайдалы фосфолипидтер болып табылады. Олар ағзаға сыртқы әсерлермен күресуге күш береді.

Осы қасиеттердің бәрі қарапайым ғана күнбағыс майының құрамында бар екен.

Пайдасымен қатар адам денсаулығына зияны да бар.  Жалпы ем болмаушылық кездескен жоқ. Негізі оны шамалы мөлшерде қолдану қажет, себебі, жоғары калориялы. Сатып алғанда қолдану мерзіміне назар аудару қажет. Шыны түбінде тұнба болса, оның ашығандығы байқалады. Пайдасы да төмендейді. Мұндай майлар көпіріп, ашы дәм шығып тұрады. Майды +5 градустан +20 градусқа дейін қараңғы жерде сақтау керек. Рафинатталмаған майды шыны ыдыста, салқын жерде сақтау керек. Ашылған шыныны 30 күн ішінде қолдану керек. Сезімдік жағдайында қиянат жасауға болмайды. Дәрігерлер халықтық емдік жолмен ағзаны сұйық маймен тазартуды құптамайды. Себебі, бұл ішек ауруларын қоздырады. Жалпы сұйық майдың зиянын талқылай отыра мынаны белгілеуге болады: оны тағамда қолданысында оңтайлы пайдалану қажет, сонда ғана жағымсыз жайттар аз кездеседі.

1.2    Май таңдау мен қолдануға қатысты кеңестер

  • Салат әзірлегенде, көкөністерді май құймай тұрып тұздаған жөн. Себебі тұз майда ерімейді.
  • Рафинацияланбаған май сатып алғанда, оның ашық, мөлдір түрлерін іздеңіз. Рафинацияланған майдың да ақшыл, мөлдір түрлерін таңдаған дұрыс: күңгірт түрлеріндегі каротиноидтар температура әсерінен бұзылады.
  • Дүкенде сөренің ең бергі жағында тұрған майды алмаңыз, оның құрамында жарық әсерінен пайдалы заттар жойылған.
  • Шыны күңгірт бөтелкелерінде сақталынатын май түрлері сапалы болады.
  • Әрине сақталу мерзімі өткен майды қолданушы болмаңыз.
  • Сақталу мерзімі 4 айдан көп майларды алмаңыз. Оның құрамына бұзылуына қарсы, бірақ ағзамызға зиян заттар қосылған.
  • Рафинацияланған май күңгірт, тұнбалы болмайды.
  • Ал рафинацияланбаған май керісінше мөлдір емес, тұнбалы болады. Оның сақталу мерзімі 2 айдан артық бола алмайды.
  • Арзан бағаларды іздегенше, сапалы, жақсы өнім ұсынатын үлкен өндірушілердің тауарын алғаныңыз жөн. Олар өнідіріс нормаларын сақтайды.
  • Майды ұзақ сақтағанда жарықтың ауаның микроорганизмдердің әсерінен ашып кетеді, иісі және дәмі бұзылады. Сондықтан мерзімін ұзарту үшін консерванттар қосады, тоңазытқышты сақтайды.
  • Дәрігердердің ұсынысы бойынша егер ішқату ауруына ұшырасаңыз мына қоспаны қолдануға болада: 200 г айранға 1 ас қасық өсімдік майын қосып ішке, ішқатудан арылуға болады.
  • Су буында күнбағыс майын біраз қайнатып, нәрестенің денесіне сылауға қолданады.

Келесіде қолдан жасалған күнбағыс майын таңдау мен оны дұрыс сақтау ережелерімен, сондай-ақ оны косметикалық дауаларда қалай қолдануға болатындығымен таныстыратын боламыз.

1.3    Тәжірибе

Тәжірибені орындау үшін біз май мен суды қолдандық.

Неліктен кейбір заттектер табиғи жағдайларда араласпайды? Мысалы, май мен су. Сіздер қанша араластырып көрсеңіздер де, бұл заттектердің бөлінетіне көз жеткізесіздер. Олардың құпиясы заттектердің тығыздығында екен. Міне, мына екі тәжірибеге қарап көз жеткізесіздер. Бізге қажет құрал-жабдықтар: пробирка,1 литрлік шыны, сұйық май, көлік майы және боялған су. Алдымен, суды бояумен араластырдым. Содан соң пробиркаға сұйық май, одан кейін көлік майын құйдым.Осы сәтте екі қабат шегі анық көрінді. Боялған суға май араласқан тұнбаны бір тамшы тамыздым. Сол кезде боялған су түрлі түсті жол қалдыра отыра, төменге қарай тұнады.

Не өзгерді? Май мен су менің жасаған тәжірибе барысында табиғи жағдайда араласқан жоқ. Себебі, олардың тығыздығы әр түрлі Егер де көлік майы сұйық маймен араласпаса, онда оның тығыздығы бәрінен аз. . Су тығыздығы сұйық май мен көлік майының тығыздығынан артық. Тәжірибе жасау барысында осыған көзім жетті.

ҚОРЫТЫНДЫ

        Күнбағысты жинау мерзімі дәнінің ылғалдығына тікелей байланысты.Күнбағыс кәрзінкесі 75-80% сары- қоңырқай. Күнбағысты қол орақпен жинағанда кәрзінкелерін қоймаға апару қажет. Күнбағыс тұқымын класстығына байланысты таза, құрғақ болады. Елімізде күнбағыс дәнінен май айыратын зауыттар мен шағын цехтар баршылық. Өсірген өніміңізді алдын-ала келісімшарт жасасу арқылы соларға өткізе аласыз. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына күнбағыс тұқымын көтерме сату туралы хабарландыру беруге болады. Сол сияқты күнбағыс дәндерін өз қолыңызбен-ақ бастапқы өңдеуден өткізе аласыз. Мәселен, оны қуырып, халыққа бөлшектеп сатуға болады. Осындай кәсіппен шұғылданатын адамдар кез келген қала мен ауылда кездеседі. Дүкен сөрелеріндегі күнбағыс майларының қаншалықты қиын еңбекпен табылатынын есте сақтауымыз керек.

        Сөзімді қорытындылай келе, күнбағыс майы ас әзірлеуде, емдік қасиеті бар, есіктің топсасына жағады. Күнделікті өмірде пайдаланамыз. Елбасымыздың саясаты арқасында өнеркәсіп дамып келе жатыр. Мен осындай бай, егеменді, дамушы елде тұрып жатқанына мақтанамын!

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

1. Ізтаев Ә, Отынишев Б. Астықтану және диқаншылық

2. Жергілікті селексция шығарған күріш сортының сорттық технологиясы.

3. Қызылорда облысында күріш өcipy технологиялары. Өмірзақов С.Ы,

4. Қызылорда облысының күріш шаруашылығы топтары минималды өңдеу

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,505ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles