МАЗМҰНЫ:
I. Кіріспе
Қамыстың биологиялық ерекшеліктері.
II. Негізгі бөлім
2. 1 Қамыс өсімдігінің морфологиясы
2. 2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы
2. 3 Қамыс қантының пайдасы
2. 4 Қамыстан шиті тоқу технологиясы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі
Аңдау хат
Зерттеу мақсаты:
Астық тұқымдасына жататын көпжылдық су өсімдігі қамыстың шаруашылықта және адам өміріндегі маңызын анықтау
Міндеттері:
— Қамыс өсімдігі туралы мәліметтерді іздестіру.
— Керексіз болып келген су өсімдігінің шаруашылықта және тұрмыста қолданылуын сипаттау.
— Қамыс өсімдігінен қант дайындаудағы тиімділікті дәлелдеп, көз жеткізу.
— Қамысты басқа да салаларда пайдалану туралы болжамдар айту.
Зерттеу нысаны:
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Х. Ерғалиев ауылын бөліп ағып жатқан «Бақсай» өзегі аумағындағы қамыс өсімдігі алынды.
Зерттеу жаңалығы:
Жергілікті жердегі қамыс өсімдігінің пайдасы, маңызы туралы біле отырып, оның пайдалы жақтары; тұрмыста, өндірісте қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Зерттеудің болжамы:
Қамыс — құрылыс материалы ғана емес, азық – түлік, өңделген мал азығы, қағаз өнеркәсібі, отын ретінде қолдануға болатын және шығынсыз өсірілетін ерекше өсімдік.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу жұмысы негізінен іздену, салыстыру, жинақтау, талдау тәсілдері арқылы жүргізілді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:
Бұл жұмысты дүниетану, биология сабақтарында оқушылардың реферат, баяндама жұмыстарына қолдануға болады.
Кіріспе
Қазақ жері өз қойнауында талай тарих сырларын бүгіп жатқаны анық. әлі де зерттелмеген жерлер мен өсімдіктер қаншама?… “Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу өзің тұрған өлкеңнің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады… Өңір тану – Отан танудың әліппесі”- деп Елбасымыз өз Жолдауында көрсеткендей, өз туған өлкеміздің жер — су атауларын, өсімдіктерін, олардың қалыптасу негіздерін, тарихын білу – біз үшін парыз.
«Сулы жер — нулы жер», — деп халық тегін айтпаған. Бұл мақал өзен, көл, жылға, бұлақ, қайнар су көздерін адам өзі ұдайы қамқорлыққа алып, қорғап отыруы қажет екендігін еске салады. Өзім тұратын ауылдың шығу тарихына қарап отырсам, ертеде ауылды екіге бөліп ағып жатқан «Боқсақ» өзегінің бойын қалың қамыс басқан екен. Міне, сол қамысты ата – бабаларымыз шаруашылықта кеңінен қолданған. Қамыстан үй тұрғызу, малға азық ету, ши тоқу сияқты шаруашылыққа пайдаланған. Қамыс жер шарында кең таралған. Негізінен, 250 — ден астам түрі белгілі, ал Қазақстанда 14 түрі бар.(1 — қосымша) Оның биіктігі 2, 5 м — дей, тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Қамыс вегатативті буындарынан шыққан өскіндерден және тұқым арқылы өсіп — дамып, еліміздің түпкір — түпкіріндегі сулы аймақтарда, көл жағасында тұқым арқылы өсе алады. Қамыстың жер астындағы тамырын қазақ тілінде борық деп атайды. Борық — суда өсетін қамыс тәрізді өсімдіктің тамыры мен сабағының арасындағы шырынды, тәтті болып келетін сабағының түп жақ бөлігі. Сонымен қатар саси бастаған, борсыған иісті суды да борық деп атайды. Қыс мезгілінде қамыс арасындағы сулар қатпай, жылым болып жатады. Ауа температурасы қатты суытқан кезде ғана қатады. Су қатқаннан кейін адамдар қамысты шауып, оны баулап, ықтырма тоқиды. Сол борықтың буындарынан сүйрік көктеп шығады. Қамыстың жапырақтары параллель жүйкелерге жатады. Өсімдік өзіне қажетті оттегін сабағына сақтайды да «үнемдеп» пайдаланады. Осы қасиетіне байланысты қамыстың тамыры тереңге кетсе де, тіршілігін жоймайды. Ол басқа да өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартады. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік, көп гүлді масақтары сыпыртқы гүл шоғырына топталған. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс шабындығына жайылған ірі қара малдардың қалдырған қилары қамыстың қысқа төзімділігін арттырады, өсіп дамуын жоғарылатады және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға қолайлы жағдай тудырады.
2. 1 Қамыс өсімдігінің морфологиясы
Дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 650 — дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т. б.). Сабақтарының ұзындығы 1 – 2 см — ден 30 – 40 м — ге дейін, ал жуандығы 0, 5 мм — ден 20 – 30 см — ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары – жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан – шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі – бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Туыс Қамыс (Пһрагмітес) – астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыстың жер шарында кең таралған (тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді) 7 түрі, Қазақстанда грунт сулары жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні кәдімгі Қамыс немесе құрақ (Пһ. цоммұніс). Оның биіктігі 0, 8 – 6 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Негізінен, вегетативті жолмен көбейеді. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс – су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады.
Түр Қамыс – су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см — дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см — дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет.
2. 2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы
Қамыстың 0, 5метр шамасында өскені шөпмамық шөп деп аталады. Мал жеген кезде сүйсініп жейді, жұмсақ болады. Бірақ қамысты шабындықты жақсатту арқылы одан мол өнім алуға болады.
Бүгінгі ел аумағында өндірілетін және құрылыста қолданылып жүрген материалдардың дені тығыздалған ағаш, қамыс жоңқалы тақталар шығару қолға алынды. Қамыстың суда өсетіні белгілі және ағашқа қарағанда 48%ылғалға төзімді болып келеді. Сондықтан жылдар бойы жете мән бермей жатқан қамысқа деген сұраныстың күрт өсуі түсінікті жағдай. Қазақстанда тақталы материалдарды тұтыну негізінен жиһаз өндірісі мен құрлыс жұмыстарында байқалады. Шетел мемлекеттерінің де қамысқа деген сұранысы артуда. Қамыстың бағалылығы, беріктігі, ылғалға төзімділігі, өңдеуге жеңілдігі мен экологиялық жағынан таза материал екені белгілі. Қамыс көгіне сиыр, жылқы, қой ұстап сүт, қымыз, ет секілді арзан мал өнімдерін өндіруге және қамыс пішенін орып — жинап, жем — шөп қорын жасауға немесе баулап базарға сатуға да болады. Қамыс деген нағыз кәсіп пен табыстың көзі. Қазіргі кезде қамыстан тоқылған стол, орындықтар да саудаға шығарылуда. Жалпы себеттерден тоқылған түрлі бұйымдар жасап жатқандығын да көреміз. Қамыстың пайдасы құрылыста да қолданылады шатыр төбелерін(шифер) жабуға да пайдаланады. Қамыспен үйдің төбесін жауып қана қоймай, қабырғаларын тұрғызуға да пайдаланған, ол — жылу ұстағыш таптырмас құрылыс материалы. Қамыс үйдің жылуын сақтап тұрады. Қамыс сабақтарын буып бақшаға қоршауын да жасаған.[8] (4 — қосымша) Кейбір тропиктік елдерде өздері тұратын баспана және жүзіп жүретін «аралдар» тоқиды. Оны біздерде қалқыма паром деп атайды. Осы «аралдарға» тіпті картоп егеді. Дәрілік өсімдік санап, тамырын тағам ретінде де пайдаланады. Қамыстың тағы бір пайдасы химиялық өңдеу жолымен қағаз алынады, қамысты отын ретінде де пайдаланамыз. Отқа жаққанда немесе нан пісіргенде, балық ыстағанда қамысты пайдаланады. Қазақ халқы киіз үйдің қабырғасына қамыстан тоқыған шиді пайдаланған. Шимен киіз үйдің сыртын айналдыра ораған. Өйткені шидің қызметі жел болған жағдайда суырылған құмдарға кедергі ретінде, ал жазды күні ауа соғып тұруға қолайлы болған және шыбын — шіркейлерден қорғануға септігін тигізген. Ал тоқылған шиді төсеніш ретінде, жерден ыза өтпеу үшін, киіздің астына салынған. Күздік қамыстарды «нар» — қамыстар деп атайды. Нар қамыстардан өткелдер жасап, қамыстарды бумаға буып, қайық жасаған. Қайық арқылы сулардан немесе көлдерден балық аулап, азықтарын тауы отырған. Нар қамыстарды орып алып, тоқып үй құрылысына пайдаланған. Үй құрлысын салған кезде салған кезде фундаменттің астына салып отырған. Себебі нар қамыс спираль қызметін атқарған. Көктемде жер босаған кезде қамыс сабанының бойына ауа кіріп қыста көтеріледі. Сонымен қатар қалың ну тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зақым келтіреді. Онымен күресу үшін тереңдігі 30 — см дей қазып тамыр сабақтарын тазартып отыру керек.[1]
Бұл құбылысты ғалымдар дәлелдеген. Өзегі қуыс түтігінен
жасалған. Қамыстың маңыздылығына байланысты республика көлемінде де аудан аты, жануар аты, жайылым аты, көл аты, ауыл аты, бұлақ аты, мұнай — газ кен аты, полиметалл кен аты берілген. Сонымен қатар қамыстан сырнай жасаған. Оның өзегі қуыс қамыс түтігінен жасалған. Түтіктің ішін жіңішке шыбықпен тазалап тұрады. Қамыс сырнай аспабын қалпына келтірген аспаптанушы Болат Сарыбаев. Халықтың жадында сыбызғы үні бозторғайды арбаған айдаһарды қаһарынан қайырып, мың бұралта билетіп қойған сиқырлы күш ретінде сақталып қалған. Содан шығар, ертеде бір тұтам қамысты қолға алған өнерлі жасқа қария біткен «жын қуған әулекі» деп тәйт айтатыны… [4] (2 — қосымша)
Қазақ, ұйғыр халықтары арасында кең тараған қоянды аулаудың бір түрі — қиылған қамыс ұшына қоянды арандатып аулау. Аңшылар бұл әдісті, әдетте, қыстың жерді қар басқан күндері қолданған. Ол үшін өзен — көл бойында қалың болып өсетін қамыс, қоғаларды мұзбен бірге қатып қалған түбірлерін бір қарыстай қалдырып, өткір орақ, не шалғымен қиғаштап орып алып, түбірлердің ұш жағын өткір де үшкір істік етіп тастайды. Сыртқа жайылуға шыққан жабайы қояндар аңшылардың иттері қуып бергенде бар пәрменімен аттап-бұттап қамыс ішіне қайта қойып — қойып кеткенде қамыстың істік түбірлеріне еріксіз арандап, үсті — басып қан — қан болып, соған малтып, шалажансар болып, қолға түседі. Міне, осы тәсілге қатысты халық аузында «Ерді намыс өлтіреді, Қоянды қамыс өлтіреді» деген мақал қалыптасқан. Қазір де Қазақстандағы жаңадан ашылған қамыс зауыттары (Қызылорда облысының Шиелі ауданында және Атырау облысының Құрманғазы аудандарында қамыстан құрылыс материалын өндіретін зауыттар бар) отандық кәсіпорындар санын арттырып қана қоймай, құрылыс индустриясын дамытуға ықпал етеді деп болжануда.
Ал осы қамыстың тағы бір түрін еңбекқор қытай халқы өсіреді екен. Қытайлықтар қамысты өсіру үшін алдымен тұқымын жерге терең қазып көмеді, сосын тыңайтқыш қоса сеуіп көмеді де үнемі суарып отырады. Алғашқы жылы қамыс тұқымында ешбір өзгеріс болмайды. Сондықтан келесі жылы ол тұқымды тағы да үнемі суарып, отырғызылған жеріне тыңайтқыш себеді. Екінші жылында да қамыс тұқымы топырақ бетіне шығып, бүр жармайды. Тіптен үшінші, төртінші жылы да қамыстың қыңыр тұқымы қанша суарып, тыңайтса да бүр жармайды. Қытай азаматтары аса сабырлылық танытып оны 5 – ші жылы да тыңайтқыш сеуіп, суара береді екен. Тек бесінші жылдың соңына қарай ғана қамыс ағашы бүр жарып 6 аптаның ішінде шамамен биіктігі 27 метрге дейін өседі дейді. Сосын қамысты орып алып, кептіріп, баулап сатқан кездегі пайдасы ұшан – теңіз. «Жаһандық жылыну үрдісі» атты дәуірлік қауіпте қыр астынан бас көтере бастады. Ғалымдардың пікірінше, осы жүз¬жылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6, 4 градусқа жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Сондықтан бүгінгі таңдағы түйінді мәселе – дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу.
Болжам бойынша 2020 жылы әлемдік тұрғыда энергияның барлық түрлеріне сұраныс артып, оны қолдану екі есеге артпақ. Бұған байланысты халықаралық сарапшылар «болашақта көмір тек энергия есебінде ғана қолданып, мұнай шикі күйінде экспорттала беретін болса, аталмыш ресурстардың қоры азаяды. Сондықтан био¬экономикаға, сол арқылы био¬отынға ден қою қажет» деседі.
Шетелдерде биоотын сала¬сының дамуы бірқатар салық преференцияларымен ынталандырады. Ал бізде бұл жүйе енді ғана мемлекеттік деңгейде қолға алына бастады. Ғалымдар ауыл¬шаруашылық қалдықтарынан өндірілген екінші буынды био¬отын жылына 3, 8 млрд литрді құрап, мұнай импортын 5 пайызға қысқартуға және жылына 350 млн доллар табыс әкелуге, 40 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді деп отыр. АҚШ — та құра¬мында биоотыны бар бензин өндірушілер үшін бір литр биоэтанолға 13 цент, бір литр биодизельге 25 цент және де қолданылған өсімдік майынан өндірілген биодизельге 13 цент кө¬лемінде салық преференциялар қарастырылған.
2. 3 Қамыс қантының пайдасы
Борық қамыс — қант қамысы(Saccharum) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Тропикалық және субтропикалық аймақта өсетін 12 түрі белгілі Оның мәдени түрі Борық қамыс. Оңтүстік – шығыс Азиядан тараған. Биіктігі 6м — ге дейін, сабағының жуандығы 5см — жетеді. Жапырағы ұзын, жалпақ, сабаққа кезектесіп орналасады. Борық қамыс қалемше арқылы көбейеді. Жылына 3 — 5 рет орылады. Оның сабағында 16 — 18% сахароза болады. Борық қамысты қант, спирт, т. б. өндіруге, малға жем ретінде пайдаланады. Қазақстанда оның жабайы түрі кездеседі. Мамыр — шілде айларында гүлдейді. Жабайы борық қамысты мал сүйсініп жейді,, сүрлемге салуға болады. Сабағынан ши тоқиды, жапырағынан арқан еседі, ширатып қапшық жасайды. Оның өңдеуден кейінгі қалдығын құрылыс материалдарын дайындауға және отын ретінде пайдаланады.[3] Қызылша қанты — үйреншікті, күнде қолданатын қант түрі. Ал қамыс қанты қандай болады? Ол пайдалы ма? Қамыс қантын Үндістанда жасай бастаған. Еуропа бұл қант қандай орта ғасырларда жетіп жетіп, 11 — 12 ғасырларда әлемдік танымалдылыққа ие болды. Қазірде әлемде өндірілетін қанттың 60% пайызы қамыс қанты, ал қалған 40% — ы қызылша қанты. Сонда да қарапайым қызылша қанты көп қолданылады. Алайда қамыс қантының пайдалы қасиеттері әлдеқайда көп екен.[6](3 — қосымша)
• Қоңыр қант клетчетка, микроэлементтер мен жүйке жүйесін реттейтін В дәруменіне бай.
• Қамыс қантындағы калий ағзадағы артық сұйықты шығаруға көмектеседі.
• Осы қант түрінің құрамындағы кальций сүйектерді берік қылады, ал қызылша қантында бұл элемент 23 есе аз.
• Қанттағы мырыш жалпы ағзаға пайдалы.
Жалпы қоңыр қанттың бойында қызылша қантының барлық жақсы қасиеттері бар. Яғни ол бізге көмірсулардың қажетті мөлшерін, күш пен энергия береді. Алайда ақ қантқа қарағанда қамыс қанты бойында басқа да жақсы қасиеттері бар. Сондықтан барынша өңделмеген, тазартылмаған қантты қолданған абзал. Пайдалы болса да, қамыс қанты да қант екенін ұмытпауымыз керек. Оны көп пайдалану денсаулыққа зиян, артық салмақ бастамасы болуы мүмкін. Сол себепті күніне 5 қасықтан артық қабылдамау керек.
2. 4 Қамыстан шиті тоқу технологиясы
Ши тоқу өнері – бұрын көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына ескі заманнан белгілі өнер. Зерттеушілердің айтуынша, ши орау өнері өте ерте заманда ХV ғасырдан бастап дамыған көрінеді. Осынау көне кәсіптің бірі саналған ши тоқу өнері қазақ, қырғыз, түркімен, жартылай отырықшы өзбектер мен қарақалпақтар өмірімен біте қайнасып, олардың тұрмысымен шаруашылығында, мәдениетінде ерекше маңызға ие болған. Кез — келген қолөнердің шығармашылық ізденіс екені ақиқат. Ал табиғатта кездесетін әр дүниені өз керегіне жарата білу — ата — бабаларымыздың тек біліктілігінің ғана емес, сондай — ақ шеберлігінің де арқасы деп білемін. Негізінен ши бұйымын сыртқы көрінісіне қарап, үш түрге бөледі. Олар ақ ши, ораулы ши немесе шым ши. Олар қазақ халқының тұрмыс — тіршілігінде бұл аталғандардың әрқайсысы өз — өз орнымен қолданылады. Киіз басуға, мал сойғанда еттің астына салуға, құрт — ірімшік жаюға өре ретінде, сондай — ақ үйдің төбесін сыларда біркелкі тегіс, әрі ыңғайлы болу үшін ақ ши қолданған. Біркелкі оралған өрнекті шиді шым ши деп атайды. Өрнектеп шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрлысының маңызы ерекше. Бұрындары ши орау және тоқу технологиясы жас қыздар апа — әжелерінің жанында отырып — ақ меңгерген. Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасаған қарапайым станок пайдаланған. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің ішінде станоктың екі жағындағы ашалы ағаш керегеге байланып(екеуінің арасы қандай нәрсеге арналып тоқылатын шидің еніне байланысты.) төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Сондықтан көбіне бұл аралықтың биіктігі 120 — 130 см шамасында болады. өйткені, қой жүнінен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байлаған және бір — біріне қарама — қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап тұрып, кезекпе кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады.. Ондай жіптің арасы 10 — 15 см болады да, саны жиырма — отыз шамасындай болуы мүмкін. Сөйтіп, көлденең сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан аяқ байланып болған соң екіншісі қойылады, осы тәртіппен ши тоқылып біткенше қайталанып отырады. Алғаш тоқи бастағанда төрт шиден қабаттан бекіту шарт емес үш шиден де крест салып байланыстыруға болады. Мұны ши тоқушылар «шыбын қант» деп атайды. Тоқылған шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқтау кезінде шамамен алғанда 20 — 30 см болады. Мұның шидің екі шеті қалың болып, тез тозып қалмауына себебі тиеді. Шеберлерге ши бетіне салған түрлерін «жүзтеру» деп атайды. Шиге өрнек саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін көбінесе пышақпен, қарындашпен, немесе отпен де күйдіріп белгілейді. Бұл белгілеуді «сызу» деп атайды. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге түрлі — түсті жүннен орап үлгі салып түр шығарады. Оралған шиді салынған белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастыруды шеберлер «тізу» деп атайды. Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстау үшін де пайдаланады. Сондай ақ киіз үйге ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніш ретінде киіз астына төсейді. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы. Қазақ халқында ши өңдеу, оған жүн орып, өрнекті безендіру, түр салып тоқу ісі ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер. Шиден түрлі бейнелер жасап, ою — өрнектермен өрнектеп базарлық, кәде сый ретінде нарыққа шығарып, бұл кәсіпті нәсіп етіп пайдасына асырып отырғандар да қазіргі таңда жоқ емес. Осы технологиямен қамыстан тоқылған шиті үйдің төбе жабындысы ретінде қолданылып келгені баршамызға аян. Мен туып өсіп жатқан ауыл Қамысқала деп аталған. Өйткені бұрындары бұл жерде қамыс мол өсіп, адамдар оны тұрғын үй салуға кеңінен пайдаланған. Атап айтсақ, оны баулап, екі жағынан ағашпен құрсаулап, үй қабырғасын тұрғызса, тоқылған шитіні төбе жабындысы еткен екен. Елді мекеннің атауы осыдан шыққан. Ауылымызда бүгінгі күні де қамысты осы мақсат үшін дайындайтын тұрғындар бар. Бұл экологиялық жағынан таза және арзан материал. Дегенмен де қамысты бұл тұрғыда пайдалану азайып келеді. Себебі адамдар қазір синтетикалық жолмен жасалған материалдарға ауысуда. Ондай материалдар ауа өткізбейді, адам денсаулығына әсері күмән туғызады, әрі қымбат.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ізденіс жұмыстарының нәтижесінде су өсімдігі қамыстың бағалы қасиеттерін, оның табиғаттағы, адам өміріндегі шаруашылықта қолданысы мен тұрмыста алатын орнын анықтап табиғатты аялай білудің маңызы түсіндірілді, сипаттама берілді. Қамыстың құрылысы мен оны жинау, қолдану кезеңдері жөніндігі деректерді жинақтауда көптеген ғылыми — көпшілік әдебиеттермен жұмыс істелді. Өзен мен көлдерде жиі кездесетін су өсімдігінің тізімін жасауға талпыныс жасалды; Қамыс өсімдігін тұрмыста және шаруашылықта пайдалану жолына қарай жіктеп және түрлі өсу ортасынан жиналған өсімдіктерге сипаттама берілді. Қамыс өсімдігінің киелі, емдік қасиеті бар екендігі анықталды. Халықтық медицинада қамыс өзегінің ішіндегі жұқа қабаты ауыз айналасына ұшық сияқты жаралар шыққан кезде пайдаланса, ізін қалдырмай жазатын қасиеті бар екені анықталды. Қамыстан ертеде сырнай аспабы жасалғандығы анықталды. Күз айларында пісіп жетілген қамыстың өзегін тазалап, ойықтар қалдыра отырып сырнай аспабын дайындаған. Оның табиғи әртүрлі дыбыстар шығарылатыны ескерілген. Кейін қамыс аспабы тасымалдауға, алып жүруге шыдамсыздығы ескеріліп басқа да материалдардан жасалған. Сонымен қатар қамыстан ши, ықтырма дайындаудың халықтық технологиясын оқып үйреніп, іскерлік дағдыларды қалыптастыруда ауылдағы үлкен ағаларымызбен кездесудің маңызы зор болды. Қамыстан қағаз дайындау технологиясы кезінде қыста жиналған қамысты уақ етіп үккіштен өткізіп, желім араластырып жұқалап жайып қағаз дайындаудың алғы шарттары жасалды. Алыс — жақын шетелдерде бидай мен арпа сабағының қалдығынан биоотын дайындау мәселесін көтеріп жатқанда, қазақ даласында иен далада өсіп тұрған кәдімгі ну қамысты биоотынға айналдыру идеясы еліміздің батыс өңірінде, Атырау облысында айтылды. Қамыста кәдеге жарайды. Алматылық өнертапқыш Темірәлі Аян ен далада өсіп тұрған жабайы қамысты отынға айналдырудың жаңа әдісін ойлап тапты. Майдалап, нығыздалған кепкен қамыстан бөлінетін жылу көмірден кем емес көрінеді, күлі де жоқтың қасы. Ең бастысы экологияға зиянсыз.
Мынау қарапайым, далада өсетін қамыстан шыққан өнім. Жанғанда көмір сынды басқа да табиғи отындарды жолда қалдырады. Тасымалдауға да оңай, бағасы да тиімді. Шамамен 1 тоннасы 10 мың теңгені құрайды. Жанғанда күл қалдырмайтын сексеуілге ұқсайды, бірақ сексеуіл сирек кездессе, ал қамыс жылда өседі. Сондықтан да оны пайдалану қай жағынан да тиімді. Қамыстан жасалған бұл отынды алматылық Темірәлі Аян ойлап тауыпты. Өткен жылдың аяғында «Ақ қамыс» ЖШС Бас директоры, қазақстандық кәсіпкер Аян Темірәлі кәдімгі ну қамыстан түйіршіктелген био¬отын шығару ниетін жария етті. Су жағасында өсіп тұрған ақ қамысты кәдеге жаратып, био¬отын шығаратын зауытты іске қосуды көздеп жүрген кәсіпкер 2009 жылдан бері жаңа өндіріс орнының жобасын әзірлеумен айналысып келеді. Германия, Швеция, Голландия компаниялары Қазақстанда шығарылатын биоотын өніміне қызығушылығын танытып үлгеріпті. Ғалымдар жаһандық жылынуды атмосферадағы парниктік газдар қосындысының артуымен тығыз байланыстырады. Ғалымдар жаһандық жылынуды атмосферадағы парниктік газдар қосындысының артуымен тығыз байланыстырады. Ал, біздің елімізде 2020 жылға дейін парниктік газдарды шығаруды төмендету бағытында бірнеше шара қабылданатындығы белгілі болып отыр. Аян Темір¬әлінің айтуынша, «Ақ қамыстың» түйіршіктелген биоотынын жылу — электр орталықтарында пайдалануға болады. Басқаша айтқанда, бұл жылу — электр орталықтарының пештерінде жағылатын мазут секілді, парниктік газды көп шығаратын отынды алмастыруға таптырмайтын отын көзі болмақ. Қазақстаннан алғаш шығарылғалы отырған түйіршіктелген биоотынға Польша, Германия, Швеция, Нидерланды елдерінен қызығушылық болғанына қарағанда, бұл өнім еліміздің экспорттық әлеуетін арттыратындығы даусыз. Демек, бұл өнімнің келешектің қуат көзіне айналатындығы дау тудырмаса керек. Бұл өнімді ЭКСПО — 2017 халықаралық көрмесіне қоюға дайындауда.[7]
Алынған нәтижелер биология, химия, экология пәндерді кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Зертеу жұмысы барысында қамыстан түрлі бұйымдармен шаруашылықта қолданылатын материалдар және биоотын дайындау жаңалықтары көптеген ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеудің әдіс – тәсілдері қолданылды.