Мазмұны
І. Кіріспе…………………………………………………………………………………….3-5
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Диалектология туралы жалпы түсінік………………………….6-7
2.2.Қазақ тіліндегі сөйленістік тіл жүйесі……………………..…… 8-9
ІІІ. Практикалық бөлім……………………………………………………………….10-15
ІV. Қорытынды…………………………………………………………………………..16
V.Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………..17
VI. Қосымша
Кіріспе
Еліміздің әрбір азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін білуі керек, сонымен қатар, туған тілінің асыл қазынасының інжу- маржанын тізе білу, өз тілін зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтап, дамыта беру – әрбір жас ұрпақтың ізгілікті борышы деп ойлаймын. Сондықтан да, менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні» Алдымен, диалектология туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін.
Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы- диалектология (диалектос-сөйлеу, сөйленіс, логос- ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.
Диалект – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы.
Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі.
Мәселен, Қазақстан жерінде диалект 2-3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2-3 аудан көлеміндей жерді қамтиды.
Диалект сөздерді ХХ ғасырдың ІІ жартысыннан бастап зерттеген ғалымдар да бұл жағынан өз еңбектерін жазды. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы», Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы», С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», Х. Кәрімов «Қазақ диалектологиясы», Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» Ал, қазақ сөйленістерін бөлек – бөлек зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, кейінірек шыққан Ш. Сарыбаев, Ғ.Қалиевтің «Қазақ диалектологиясы» оқу құралында сөйленістер төмендегідей топтарға жіктелген:
- Оңтүстік сөйленістер тобы
- Батыс сөйленістер тобы
- Шығыс сөйленістер тобы
- Орталық-солтүстік сөйленістер тобы.
Бұл барлық аймақтардың өзіндік жергілікті ерекшеліктері барын айтып кеткен. Осы жергілікті ерекшеліктерді зерттейтін сала диалектология деп аталады.
Диалектология — зерттеу нысанының саралануына және сипатына қарай: сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді. Сипаттама диалектологияның ішінде лексикалық ерекшеліктерге жататын сәйкесті және сәйкессіз диалектілер енеді. Ал менің баса назар аударытын диалектілердің ішінде сәйкесті диалектілер.
Сәйкесті диалектілер – әр түрлі сөйленістегі бір затты не ұғымды түрліше атаудан пайда болған сөздер. Неге біз бір затты, ұғымды бірнеше атаулармен атауымыз керек, оның нақты бір жүйеге келген ұлттық тілге жататын нормасы болуы керек деген сұрақтар туындады. Мысалға алсам, Солтүстік Қазақстан облысының екі түрлі ауданынан тұрғындар кездесіп қалды дейік. Бірі — екіншісінен «тақ» сұрайды. Ал, екіншісі оның не сұрап тұрғанын түсінбейді. Екеуі де бір облыста тұрады, сонымен қатар, екеуінің де ұлты – қазақ. Ұлттық тілі – қазақ тілі, бірақ, бірін- бірі түсінбей тұр. Бұл сонда не болғаны? Тілімізге төнген қауіп қой?! Сол себептен де, ғылыми жобамның тақырыбын «Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні» деп алдым.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының диалектологиясымен терең танысып, диалектизмдердің өзіндік ерекшеліктерін анықтай отырып, СҚО бойынша әр жерде әр түрлі аталатын, бірақ, бір ғана ұғымды білдіретін диалектизмдерді жинақтай отырып, мағынасын зерттеп, сөздің шығу тарихын ашып, әдеби тілге жақынын ортақ атау ретінде жалпы халыққа ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:
- Диалект сөздердің жергілікті өзіндік ерекшеліктерін анықтау, жеке топтарын жіктеу;
- Лингвомәдени деректі диалектизмдерді этимологиялық жағынан талдау жасау;
- Көркем шығармаларда кездесетін диалектизмдердің ерекшеліктерін анықтау;
- Фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерін анықтау;
- Әдеби тілге жақын түрін анықтау.
Өзектілігі: Диалектілердің көбеюі ұлттың тұтастығы үшін аса қауіпті. Қазір қазақ тілінде диалект пайда болып қана қоймай, қолданыс аясы кеңейіп барады. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренулеріне қолайсыздық тудырады деп ойлаймын. Сөздердің жақындығы – ұлттық жақындыққа әкеледі. Жаңадан жасалған сөздердің дұрыстығын халық айтады. Ал егер ол зерттелмей бекітілсе, ұлт тілінің мәртебесінің көтерілуіне бөгет болуы әбден мүмкін. Бір ұлттың ішінде атаудың ортақ болуы ұлттық бірлікке әкеледі. Тіліміздің иесі біз емес пе?! Өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Сондықтан мен өзімді ойландырған, сауал тудырған сөйленістерді жинақтап, зерттеп, оны жалпы халыққа ұсынып отырмын.
Атауларды алдын ала жарияламай, сынға түспей, халықтың талқысына салынбай жүрген диалектілер, сөйленістер өздерінше тауып алып шығару баршылық. Сонда зиянның көкесі диалектіні көбейту емес пе?! Егер біздің тілімізде диалектілер мен сөйленістер көп болса, адамдар бір- бірін дұрыс түсінісе алмай, ұлттық тілімізден жұрдай болып, әдеби тілімізді сақтап қала алмайтын күйге жетерміз.
Болжамы: Егер сөйленістерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, әрбіреуінің мағынасын аша отырып, әдеби тілге жақынын тапсам, оны ортақ атау етіп барша халыққа ұсынар едім.
Зерттеудің әдіс – тәсілдері: Қазақ тіліндегі диалектілік лексикалардың қолданылу себебін анықтап, оның ішінде әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған жеке атаулық мағынаға ие болып, қазіргі заман талабына, яғни тілдік норма талаптарына сай келетін диалектизмдерді айшықтап, ажыратып көрсету. Зерттеу барысында салыстыру, талдау, жинақтау, баяндау, сипаттау және кей тұстарда тарихи-этимологиялық зерттеу әдістері қолданылады. Зерттеудің барысында жинақтау, салыстыру байқау тәсілі (алдын ала жалпы байқау, тікелей байқау), сұрақ қою тәсілі.
Практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған деректерді диалектологиялық атлас, диалектологиялық сөздік жасауда пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңашылдығы: Зерттеуде жергілікті диалектизмдердің бір облыс ішінде айырмашылықтары айқындалып, оның әдеби тілде қолданылу сипаты көрініп отыр.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі, пратикалық бөлімдерден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
2.1 Диалектология туралы жалпы түсінік
Жергілікті тілдік ерекшеліктер – жалпыхалықтық тіліміздің бір аймаққа тән тілдік көрінісі. Ол аймақтың тілдік материалы жалпыхалықтық тіл
арнасымен астасып жатады да, кейбір дыбыстық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері жағынан одан ажырап тұрады. Жергілікті
ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.
Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді.
Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект 2-3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2-3 аудан көлеміндей жерді қамтиды.
Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді зерттейтін саласы диалектология (диалектос – сөйлеу, сөйленіс; логос – ілім ) деп аталады.
Әдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз жергілікті жерде басқаша айтылуы мүмкін. Мысалы, қоңсы-көрші, сой-тұқым, оздыру-өткізу.
Әдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті халық тілінде әлденеше нұсқасы кездеседі: үлкен-дырау, нән, нәнбай, дығал, дөкей, әйдік, жоян, ноян,
сомбал, шанбол, чоң, шоң.
Диалектілік ерекшеліктер сөздердің дыбысталуында да кездеседі: шәш-шаш, айқыра-айқара, кербаз-кербез, мәртаба-мәртебе.
Сондай-ақ сөз тіркестерінде де кездеседі: зыбан ұру – әлек салу, ілкі әзірде – алғашқы кезде.
Халық, я ұлт тілдерінде кездесетін ерекшеліктер еш уақытта бірыңғай сипатта болған емес. Олар пайда болуы жағынан да, жалпыхалықтық әдеби тілге қатысы жағынан да, халық тілінде қолданылуы жағынан да әртүрлі болып келеді. Белгілі бір кезеңде әдеби тіл қабылдап, оның қолданылу нормасына айналып, тұрақталып, жалпыхалықтық сипат алған ерекшеліктерімен қатар, әдеби тілді қабылдамай, одан тыс қалып отыратын диалектілік ерекшеліктер, қарапайым сөздер, жаргондар, варваризмдер, кітаби тіл элементтері де бар.
Жергілікті диалектілер дегеніміз – белгілі бір жердің, аймақтың халқына қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне
тән ерекшелігі бар жалпыхалықтық тілдің тармақтары.
Жергілікті ерекшеліктер 3 топқа бөлінеді:
1. Фонетикалық ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер кейбір дыбыстардың өзара алмасуымен, дыбыстардың жуан-жіңішке айтылуымен немесе кейбір дыбыстардың түсіріліп не қосылып айтылуымен байланысты. Мысалы: пысқан-піскен, құлдану-қолдану, маңлай-маңдай, чақыру-шақыру.
2. Грамматикалық ерекшеліктер. Сөздердің тұлғаларымен, олардың түрленуімен немесе сөздердің тіркесімдік ерекшеліктерімен байланысты.
Мысалы: оңтүстікте бұйрық райдың барғын, келгін тұлғалары кездеседі.
3. Лексикалық ерекшеліктер. Бір нәрсенің атауы не оның сын-сапа қимылының әр жерде әртүрлі аталуымен байланысты болады. Мысалы:
иінағаш-әпкіш, күйенте, құрамыс, мойынағаш т.б. Осы 3 топтың сандық арақатынасы тұрғысынан алып қарағанда, лексикалық ерекшеліктердің
әлдеқайда басым екені байқалады.
Тілдегі диалектілер мен сөйленістер диалектология мәселелерін шешу үшін ғана зерттелмейді. Оларды танып-білудің тіл тарихын зерттеуде, халық
тілінің сөз байлығын меңгеруде теориялық та, практикалық та маңызы зор.
1. Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасу процесін, әдеби тілдің даму заңдылықтарын жете түсіну үшін қазіргі тілдегі жеке
категориялардың тарихын зерттеу керек. Бұған қажетті материалдар бұрынғы заманнан қалған тарихи жазба ескерткіштерде, көне нұсқаларда,
туыстас түркі тілдерінде және осы күнгі халық тілінің өзінде, оның жергілікті диалектілері мен сөйленістерінде жатыр.
2. Мектепте тілден, әдебиеттен сабақ беретін мұғалімдер үшін диалектологияны білудің практикалық мәні бар.
3. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ тілі сөздіктерін, оның диалектологиялық картасын, атласын жасауға, тіл байлығын жинап пайдаға асыруға мүмкіндік береді.
2.2 Қазақ тіліндегі сөйленістік тіл жүйесі
Қазіргі тілдердегі диалектілер (сөйленістер) бұл күнге дейін өте күрделі процестерді басынан өткізіп келген. Олар бір кезде негізі бір ру-тайпалық сипатта болып, келе-келе жергілікті сипатқа көшкен.
Тіл жүйесінің негізгі белгілері оның диалектілері мен сөйленістеріне де тән, ал әрбір диалекті мен сөйленіс жүйесінің ерекшеліктері мен тілдік белгілері тұтас тілге және оның диалектілері мен сөйленістеріне тән емес. Мысалы, етістіктің –лық, йық бұйрық райы жалпыхалық тілге де, әдеби тілге де, оның сөйленістеріне де тән. Ал оның –лы, лі түрі оңтүстік-батыс сөйленістеріне ғана тән, жалпы ұлттық сипаты жоқ.
Сәйкесті, сәйкессіз, дәстүрлі, дәстүрсіз диалектілер.
Диалектілік ерекшеліктерді тарихи даму жағынан, пайда болу, шығу төркіні тұрғысынан алып қарағанда, оның құрамында көне тілдің сарқыншағы ретінде сақталып қалған ертедегі тайпа тілдерінің қалдықтарын, көнеленген қат-қабаттарын табамыз. Бұдан басқа қазақ халқының әр түрлі дәуірде көрші халықтармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде, ауыс-түйістен пайда болған кірме сөздер де бар. Осыған орай оларды дәстүрлі және дәстүрсіз ерекшеліктер деп екі топқа бөліп қарауға болады.
1. Дәстүрлі диалектілік құбылыстар. Бұл топқа ертеден келе жатқан, көне тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып қалған ерекшеліктер жатады. Мысалы: жандық (ұсақ мал), үріптес (туыстас), сой (тұқым).
2. Дәстүрсіз диалектілік ерекшеліктер. Бұл топқа сөйленістерде кейінгі замандарда пайда болған, қоспа ретінде басқа тілдерден енген не кейін жұрнақ пен тіркес арқылы жасалған сөздер жатады. Оларды ішінара екі топқа бөлуге болады: а) кірме сөздер. Мысалы: шиша, дәліз, пірнәбес; ә) қоғамдық-әлеуметтік өміріміздегі, мәдениет, ғылым, тұрмысымыздағы өзгерістердің ықпалымен тіліміздегі бар материалдар негізінде жасалған сөздер мен тіркестер. Мысалы: тапсырыс (тапсырма, задание), көрсетпе (инструкция), жатыс күні (жексенбі) т.б.
Жергілікті ерекшеліктердің диалектаралық қатысы тұрғысынан, яғни бір ерекшеліктің басқа сөйленісте балама сыңарының болу-болмауы, бір-біріне сәйкес құбылыстың бар-жоғына қарай 2 топқа бөлуге болады:
1. Сәйкесті диалектілер — әртүрлі сөйленістегі бір затты не ұғымды түрліше атаудан пайда болған сөздер. Мысалы: оңтүстікте – кемпірауыз, батыста – атауыз, солтүстікте – тістеуік.
2. Сәйкессіз диалектизмдер – белгілі бір сөйленісте қолданылған сөздердің түрлі географиялық немесе шаруашылық, әдет-ғұрып жағдайларына байланысты басқа сөйленістерде ұғым жағынан сәйкес сөзі болмауы мүмкін. Мысалы: оңтүстікте кездесетін қарық, қоларық, қазына арық, көл арық, көтерме арық сияқты ирригациямен байланысты арық атаулары солтүстік қазақтарының тілінде жоқ.
Қазақ сөйленістерінің тіл құрылысын зерттегенде, көңіл аударарлық жайттардың бірі – олардағы көптеген тіл эелементтері қазақтың жалпыхалықтық тілінде, ұлттық әдеби тілінде кездеспегенімен, негізінен алғанда, қазақ тіліне жақын түркі тілдері тобы (қыпшақ, қыпшақ-ноғай) аясынан, әрі кетсе жалпытүркілік көлемнен шығып кетпейтіндігінде. Е.И.Убрятованың пікірінше, оның себебі басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінің бір-біріне жақын тайпалық тілдерден құралып, диалектілік жүйесі жете дамымағандығында. «Жалпытүркілік сәйкестіктер шегінен шықпау олардың ерекшеліктеріне тән сипат болып табылады».
Сөйтіп, белгілі бір түркі тіліндегі диалектілік құбылыстардың тек оған көршілес жатқан түркі тілдерінде ғана емес, одан алыс жатқан түркі тілдерінде де кездесуі, генетикалық, типологиялық белгілері бірыңғай түркі тілдерінің туыстық жақындығында, сонымен бірге олардың дамуындағы жалпытүркілік тенденцияларға байланысты екендігін көреміз.
Практикалық бөлім
Зерттеу жұмыс бойынша теориялық біліммен қаруланып алған соң, алға қойған мақсаттарға жету үшін сауал туғызған сөздердің қолданысын, мағынасын, шығу тарихын білу үшін бірнеше аудандарға сапар шектім. Жете алмаған аудандармен ғаламтор арқылы шығып, пікір алмастым. Сөздердің жақындығы ұлттық жақындыққа әкеледі. Бір затқа бірнеше атау берілсе, оның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін кім айтады? Жаңадан жасалған сөздердің дұрыстығын уақыт айтады, халық айтады. Бірақ, бұл асығыстық жасауға болмайды. Ұлт тілі мәртебесінің көтерілуіне бөгет туындайды. Әрқайсымыз бірнеше атау айтып, бытырай бермей, ақылдасып ортақ атау жасасақ, халық игілігіне жарар еді. Ұлттық сезім әрі күшті, әрі дұрыс, әрі ұлтқа шынайы пайдалы болуы тиіс. Алдымен ата- бабадан келе жатқан төл де, дәстүрлі лексикалық мол байлықты сақтауымыз керек деп ойлаймын. Мысалға, мына сөздердің мағынасына үңіліп көрейік.
Мына жемісті орыс тілімен айтқанда «костянка» дейді, ал біздің облысымыздың өзінде ғана осы бір жемісті үш түрлі атайды екенбіз. Шалақын ауданына барып, суретін көрсетіп, бұл жемісті сіздерде қалай атайды десем, олар «қалмақ» дейді. Ал менің ауданымда «бүлдірген» дейді, Мағжан Жұмабаев ауданында дәл осы жемісті «шие» деп атайды. Барған жерлерімнің тұрғындарынан бізде былай дейді, біздікі дұрыс па, сіздікі дұрыс па десем, олар әрине, өз сөздерін дұрыс санайды. Дұрысын анықтау мақсатында осы сөздердің шығу тарихына үңілдім. Сондағы «қалмақ» деп аталу себебі, бұл өсімдіктің жемісі шоғырланып, бәрі бір себетке орналасады. Яғни, топтасып тұрады және түсі қызыл болады. Осы көріністі халық қалмақ – жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қып – қызыл болып шұбырып шауып келе жатқан жауынгерлерге ұқсатқан екен. Яғни, қалмақ жауынгерлерінің қалпақтары қызыл түсті болған және де олар көп болып шоғырланып шапқан. Бұл деректі мен сол жердің көне көз қарияларының ауызынан естідім және де тарихқа жазылған мағлұматпен тексердім. Шынымен де, солай екен.
Ал дәл осы Шалақын ауданында «бүлдірген» деп мына жемісті атайды. Менің ауданымда оны «жидек» деп атайды. Не себептен «бүлдірген» дейді десем, жаппай тың көтеру кезінде егістік алқаптарды әр түрлі зиянкестерден қорғау мақсатында улы заттарды шашқан, сонда ағаштың баурайында өсіп тұрған жидектерге себілген, соны жеген халық уланған, «бүлдірген» деп атап кеткені де сондықтан. Келесі сөздерге тоқталатын болсақ, төмендегі кестеге назар аударайық.
-Ақ қанатты періште,
Былдырлаған бұлақтай,
Көрінген жанды күлдірген,
Жаңа піскен бүлдірген,
Балауса нәзік құрақтай
(М. Жұмабаев «Мені де, өлім, әлдиле» Шығармалар жинағы, 111 бет)
Келесі сөздерге тоқталатын болсақ, төмендегі кестеге назар аударайық.
Орыс тілінде «копна» деген кірме сөзден облысымыздың кейбір аудандары фонетикалық, грамматикалық өзгеріске ұшырап, «көпене» сөзімен сәйкестендіріп алған. Ал Шалақын ауданында «шөмеле» деп атайды. Айналып келгенде шөмеле және көпене сөзі бір ғана заттың атауын білдіреді. Ол шағын жиналған шөп. Көпене-ші ( шөмеле жинайтын адам)
«…Неге екенін кім білсін сиыр деген мал үйілген шөпке өш келеді де, көпене шошақ, мая көрсе-ақ сүзгілей бастайды.» (С.Мұқанов).
Орыс тіліндегі «скамейке»«орындық» «тақ»«Тақ» Мысалы, «Бас тақыт бос». Осы сөз Ә.Кекілбаевтің тілінде жиі кездеседі. |
«құлақнан»
- «кеспе»
- «нан»
- «ет нан»
- «қамыр»
- «жайманан»
«… Мен бағанағы әйелім әзірлеген кеспені есіме алдым. Оны жездем жолдаған қаздың етіне пісіріп едік…»
О. Бөкей
- Орыс тіліндегі «колидор»
- «сенек»
- «дәліз»
«Есік сықырлап дәлізге кірдім, ауызғы бөлмеде тірі жан жоқ» (З.Шашкин)
Орыс тілінде спички»
- «оттық»
- «сереңке»
- «шырпы»
«Ендігі сәтте жанынан оттық алды да:– Қарағым, Қатира, шамыңды әкелші… Тұрдыахонды жіберіп едім, барған жоқ па?» – деді (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 212-б.).
- Әбдіре
- Сандық
- Абдыра
(«…Әбдіре мен жүкаяқты екі келініне қолдатып жіберді»).
Ә. Кекілбаев
Аудан/ Әдеби атауға жақын | Орындық | бүлдірген | Бүлдірген | Дәліз | оттық | Кеспе | Көпене | Әбдіре | Еден | Шара | |
Аққайың | Скамейке | Бүлдірген | Жидек | Коридор | Сереңке | Құлақнан | Көпене | Сандық | Сәкі | Шара | |
Ақжар | Тақ | Қойбүлдірген | Жидек | Дәліз | Сіріңке | жайманан | Көпене | абдыре | Еден | Шара | |
Шалақын | Орындық | Қалмақ | Бүлдірген | Коридор | Сереңке | Құлақнан | Шөмеле | Сандық | Сәкі | Шара | |
Тайынша | Тақ | Жидек | Жидек | Коридор | Сереңке | Құлақнан | Көпене | Сандық | Сәкі | Чәшке | |
Қызылжар | Орындық | Бүлдірген | Жидек | Коридор | Сереңке | Құлақнан | Көпене | Сандық | Сәкі | Шара | |
Есіл | Орындық | Бүлдірген | Жидек | Сенек | Сереңке | қамыр | көпене | Абдыра | Еден | Аяқ | |
Уәлихан | Тақ | Бүлдірген | Жидек | дәліз | Сіріңке | Нан | көпене | Сандық | Еден | Шара | |
Айыртау | Орындық | Бүлдірген | Бүлдірген | Дәліз | Сіріңке | Құлақнан | Көпене | Сандық | Сәкі | Шара | |
М. Жұмабаев | Орындық | Шие | Бүлдірген | Сенек | Сереңке | Құлақнан | Күпәнә | Сандық | Сәкі | шара | |
Ғ.Мүсірепов | Орындық | Бүлдірген | Жидек | Дәліз | Сіріңке | етнан | Көпене | Сандық | Сәкі | Шара | |
Мамлют | Орындық | Бүлдірген | Жидек | Сенек | Сереңке | Құлақнан | Көпене | Сандық | Сәкі | Шара | |
Темирязев | Орындық | Жидек | Жидек | Дәліз | Шырпы | Құлақнан | Көпене | Сандық | Еден | Шара | |
Жамбыл | Тақ | Жидек | Жидек | Дәліз | Сереңке | Етнан | көпене | Сандық | еден | Шара |
«Тақ» Мысалы, «Бас тақыт бос». Осы сөз Ә.Кекілбаевтің тілінде жиі кездеседі. Парсыша тәхт деген екі түрлі мағына береді: 1) патшалардың отыратын орны, орындығы; 2) ауысп. мәртебесі жоғары, шоқтығы биік.
Қазақ тілінде сөз соңындағы қатар келген екі дауыссыз дыбыстың біреуі айтылмай түсіп қалады: тақт тақ не болмаса ол екі дауыссыз дыбыстың арасына бір дауысты қыстырма (дәнекер) дыбыс қосылып айтылады: тақыт.Тәхт сөзі тақ түрінде айтылуын қазақ тілінде парсыша дуст, раст сөздерінің соңындағы т дыбысы түсіріліп, дос, рас болып айтылу заңдылығымен салыстыруға болады. Тақ пен тақыт бір сөздің екі түрі (дыбыстық нұсқалары). Біреуі – ескі түрі (тақыт), біреуі – оның жаңа түрі (тақ). Олар әуелі қатар жүріп, жарыса қолданылады да, жүре-бара біреуі ауызекі тілде қалған. Ай тақырда отырып тас қорғанның ішіндегі алтын тақыттан дәмету, бір қарағанда, есерлік сияқты!.
«Орындық» сөзі – отыратын «орын» , «жер» деген мағынаны береді. Бұл жерде орынды сөзін «тақ» сөзіне қарағанда дұрыс қолданылған деп ойлаймын.
«Дәліз» – бөлмеге өтетін жол, «каридор» сөзі орыс тілінен енген кірме сөз сондықтан басқа аудандарда осы сөзді қолданылады.
«…Есік сықырлап дәлізге кірдім, ауызғы бөлмеде тірі жан жоқ» (З.Шашкин)
«Сандық» –заттарды сақтайтын үй жиһаздарының бірі, ол орыстың «сундук» деген шыққан кірме сөз болып табылады , ал «абдыра» (Әбдіре)— үй бұйымдары мен ұсақ бағалы заттарды сақтайтын, көлемі үлкендеу, үстіңгі қақпағы, бүйірлерінде бірнеше суырмалары (қобдишалары) бар үй жиһазы. Абдыра кебеженің үлкен түріне жатады. Абдыраның төрт аяғы — оның сұлбасының ерекшелігі. Олардың арасы қалыңдығы бір елідей сүргіленген тақтайдан қиюластырылып мүйізден, ағаштың шайырынан жасалған желіммен жымдастырып, желімделеді. Абдыраның бетімен екі бүйірін оймыштап, түрлі өрнек, бедер салып әшекейлейді.
Абдыра сөзі қазақ сөйленістерінде а-әалмасуларына сәйкес абдыра – әбдіре түрінде ұшырасады, «сандық, кебеже» мағынасын білдіреді. Монғол
тілінде авдар – кебеже, сандық, қырғызда абдыра – үлкен жәшік, сандық, тува – аптара, хакас тілінде – абдыра қобдиша, кішкене сандық, қалмақ – авдр, сандық, жәшік. Бұл сөз абдари түрінде парсы тілінде ұшырасатыны және парсы тіліне түркі тілдерінн ауысқан дейтін пікір бар, өйткені маньчжур тілінде «абдари моо» емен тұқымдас ағаш атауын білдіреді. Кебеже, сандық сияқты заттар ағаштан жасалған, оның ағаш мағынасын білдіретін моо сөзі түсіріліп, «абдари» атауы зат ауына ауысқан.
Бұл сөз оңтүстік сөйленістерде абдырая тұлғасында, Қытай қазақтары тілінде Абдырагидронимі, Абдыра ойконнимі ретінде қолданылады. Ә.Кекілбаев шығармаларында әбдіре формасында «сандық» мағынасында қолданылып тұр» («…Әбдіре мен жүкаяқты екі келініне қолдатып жіберді»). «Еден» сөзі – үйдің ішінде тақтайтан төселген жерін айтады. Бірақ кейбір аудандарда «сәкі» деген сөзді қолданылады. «Еден» -тұрғын үйлердің, мал қоралардың табанына төселген тақтай. Еденге кілем төселген
«Шара» — ағаштан жасалған үлкен ыдыс. Мысалы: Шараны толтырып қымыз құйды.
«Аяқ» — ағаштан ойып істелген тамақ ішетін шағын ыдыс.
«Сенек»- 1. Тұрғын үйдің бөлмесі, ауыз үй. 2. Екі ашалы ұзын сапты айыр
«Шырпы» 1. Сексеуіл, емен, т.с. ағаштардың жіңішке шыбығы. 2. Сіріңкенің ұшына күкірт құрастырған шиі.
«Сіріңке» – от тұтату үшін, бір ұшына күкірт құрастырылған шырпы, шишақпақ.
Ендігі сәтте жанынан оттық алды да:
– Қарағым, Қатира, шамыңды әкелші… Тұрдыахонды жіберіп едім, барған жоқ па? – деді (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 212-б.).
«Құлақнан» – етке салынатын нан. Оның бірнеше атаулары бар (кеспе, іңкәл, құлақнан, күлшетай деп аталатын нандардың бәрі етке пісірілмейді, етке салынатыны да сондықтан) Мысалы: О. Бөкейдің шығармасында:
«Сұрқай сұсты,
Сұп сұры бұлт сықастыра,
Садақ байдың аласапыран паруай жүзіне
Ауыл жақты қарауылдай байырқалап.
… олардың сұп- сұр жұзі , арбиған арық қолдармен сіңіртік сирақтар, көлгіреген аппақ кебіндері… мен бағанағы әйелім әзірлеген кеспені есіме алдым. Оны жездем жолдаған қаздың етіне пісіріп едік…»
Қорытынды
Осы ғылыми жобамды жазу барысында қазақ тілінің лексикасында әдеби тілдің кәдесіне жарайтын, оны байытатын элементтер де, керісінше, әдеби тілді шұбарлайтын, оның дамуына, нормалануына, бір қалыпқа түсуіне, кедергі келтіретін элементтер де барын білдім. Бұрын диалект сөздер белгілі бір аймақ шеңберінде ғана қолданылып, кейін жазушының жиі-жиі қолдануы нәтижесінде диалектілік лексика тар шеңберден шығып, тілдің әдеби деңгейіне дейін көтерілген. Ал, қазіргі кезде кірме сөздердің әсерінен ұлттық тіліміз де соған ұқсап келеді. Сондықтан да мен мекен ететін жерімді, яғни, Солтүстік Қазақстан облысындағы аудандар бойынша диалект сөздердің өзіндік ерекшеліктерін анықтай отырып, мағыналарына терең үңіле келе, әдеби тілге жақын бір ортақ атауды ұсынамын және ол атауды алдын ала жариялап, пікір алынып, халықтың талқысына салғанды жөн көремін. Сонда ғана, біз баршаға түсінікті ортақ атауды қолданғанымыз жөн. Демек, диалектизмдердің тиімді қолданылуы, мақсатты жұмсалуы, сөздік қорымыздағы кейбір сөздердің мағыналарын толықтырып, мағыналық өрісін кеңейтуге, кірме сөздердің баламасын беруге едәуір септігін тигізетіні сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Сарыбаев Ш. Нақысбеков О. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. – Алматы,1989.
2. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2000.
3. Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2006.
4. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. А., 2007 ж.
5. Закиров М., Елемесов К., Қайымов Қ. Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. – Алматы, 1988. 1-т.
6. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. А., 2007 ж.
7. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс. / Ред. басқар. А. Құсайынов. – Алматы: Мектеп, 2001.
8. Қалиев Б. Лексико-семантическая и морфологическая структура названий растений в казахском языке. – Алматы, 1996.
Қосымша әдебиеттер тізімі
1.Н.Жүнісов. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері.-А., 1981ж
2.Ғ.Қалиев. Қазақ говорларындығы диалектілік сөз тудыру.-А., 1985
3.Ө.Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. –А., 1982
4.Ә. Нұрмахамбетов. Қазақ говорларының грамматикасы. А. 1986
5.С. Омаров. Н. Жүнісов. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. А. 1985
6.Ш. Сарыбаев. Ә. Нұрмахамбетов. Ғ. Қалиев. Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктері. А. 1999
7.Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. А. 1969.