17 C
Нур-Султан
Воскресенье, 11 июня, 2023
spot_img

Мамандықтың бәрі жақсы

Садуахасова Гуляйм Алексеевна

І санатты математика пәні мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Достық ауылы

Достық жалпы орта білім беретін мектебі



Мақсаты: “Мамандық” құндылығы туралы түсінік сферасын кеңейту. Мамандық таңдаудағы ата — ана міндеті, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету.
Міндеттері:
• Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
• Мамандық таңдауда үйлесімді оң шешім қабылдау;
• Бала бойындағы жеке дара психологиялық ерекшелігін тану;
• Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табандылыққа отбасында тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: слайд, қанатты сөздер

Өткізілу формасы: дөңгелек стол
Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, ойын — жаттығу.

Жүргізілу барысы:

1. «Ой — қозғау» топпен жұмыс
2. «Бүгінгі менің ойым» айдары бойынша пікірталас.
3. «Шабыт» ойын — жаттығу
4. «Әр мамандықтың қыры мен сыры» (видеоролик қарау)

5. Мен таңдаған мамандық (оқушылар пікірі)
5. Қорытындылау.

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.   Әл — Фараби

І — бөлім «Ой қозғау»
МАМАНДЫҚ – ОЛ…
Мамандық – бұл арнайы біліктілік пен білімділікті талап ететін, адамның еңбек қызметінің түрі.
ЕҢБЕК — ОЛ…
Еңбек — бұл адамның қызметі, материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталады.
ЕҢБЕК ПЕН МАМАНДЫҚТЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ…
Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек, Ал мамандық латын тілінен аударғанда — ресми көрсетілген іс, яғни мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керектігін көрсетеді.

ІІ — бөлім “Бүгінгі менің ойым”
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
• Бейімділігі (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);
• Қабілеті, денсаулық жағдайы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);
• Ықылас деңгейі мен өзін — өзі бағалауы;
• Икемі;
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
• Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу;
• Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық, жігерлілік,, т. б.) ие болу;
• Ортамен қарым — қатынас жасай білу;
• Өзінің таңдаған мамандығының мазмұны мен қызықты қырларын, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана таңдаған мамандығы туралы ой — ниеті салмақтана түседі.
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыз?
• Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнына жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез — келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу қажет.
• Мүмкіндігі болып жатса, “Жігітке жеті өнер де аз” деген сөз тегін емес. Таным көкжиегі кеңіп, білім қоры артса несі айып. Сәйкес мамандық болса, кең түрде білген, игерген жақсы. Сол мамандықты тереңдете, үнемі қыры — сырын байқап, ізденіп білім толықтыру да жаман емес. Тек тоқырап қалмау керек.
Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз, ондағы ата — ананың рөлі қандай?
• Мамандыққа ертерек дайындалу, жақсы ақпарат алу, өзіңді іштей әзірлеу, мүмкіндігіңді есепке алу, т. б. ойлану, толғануға уақыттың кеңдігі жақсы.
• Ата — аналар баланың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып мамандыққа қатысты икеміне, қызығушылығына, қабілетіне, бейіміне қарай қажетті үйірмелерге қатыстыру, мамандыққа байланысты әдеби кітаптармен, ақпарат көздерімен қамтамасыз ету.

ІІІ — бөлім «Шабыт»
Тапсырма бойынша оқушы келіспейтін тұжырымды берілген тұжырымдардан бөліп алып, ойын анық, ашық түрде жариялайды.
Мысалы: Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады — келісуге болмайды. Жағдайға байланысты жаңа мамандық игеруге құқығы бар, сәйкес мамандықты атқаруға болады.
• Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады.
• Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
• Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты.
• Отбасы мен достарының ақылына сүйеніп, мамандық таңдауға болады.
• Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
• Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
• Ақша болса, мамандық қажет емес.
• Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
• Мамандық таңдаудағы басты өлшем — қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
• Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.
• Мамандық таңдау — күн көріс қамы.

ІҮ — бөлім “Әр мамандықтың қыры мен сыры” (видеоролик қарау)
“Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді” (Л. Н. Толстой)


Ү – бөлім. «Мен таңдаған мамандық» (оқушылар пікірін тыңдау)


ҮІ-бөлім. Қорытынды.

Предыдущая статья
Следующая статья

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles