Орал қаласының Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
Ертенгілік
Наубекова Анар Нургалиевна.
Бастауыш сынып мұғалімі
Санаты: 1 Еңбек өтілі: 30 жыл.
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Тақырыбы: «Қош сүйікті Әліппем!»
Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының мұқабасы, көрнекілік, шарлар.
Барысы:
І-жүргізуші:Қайырлы күн, уа, халайық!
Армысыздар аналар,
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір деп біліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі біз әніміз
ІІ -жүргізуші: Әліппемен қоштастық бүгін балаларың
Халқыма ұрпақ берген өмір берген
Қош келдің ата- әже, әкелер мен аналарым
Мұғалім: Құрметті! жиналған барша қауым, ата аналар ұстаздар біз сүйікті әліппемен қоштаспақшымыз. Әліппені бітіру, алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі . Ендеше біз бүгінгі күні сол белестердің бірінен астық сондықтанда салтанатты мерекеге қош келіпсіздердей отырып ертеңгілігімізді бастайық!
Бастасақ , бастайық! (бірге)
І-жүргізуші Әліппені бітірді балаларың
Әліппеден нәр алған даналарың
Өзі оқып жазатын халге жеттік
Құтты болсын білімі баларын
ІІ -жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі біздің ойымызға
Қош келіпсіз ұстаздар ата аналар
Әліппемен қоштасу тойымызга
Мұғалім:Ия, өсті міне бойларың, өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!
Балалар, ендеше ортаға сыныптас оқушыларымызды шақырайық
І-жүргізуші Уа халайық!
Сахнаға шақырайық қол соға
Сүйікті біздің ұстазды
Шәкірттермен ортаға
Ендеше ортаға ертеңгілігіміздің шашуы ретінде сыныбымыздың биші қыздарын ортаға шақырайық.
Мұғалім:Мектеп бұл сенің отбасың, бұл сені жақсылардың қатарынан ылғи да көрсем деген жүректердің мекені. Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Батыров Жұмагелді Калимұлына береміз.
Мұғалім:-Балалар, біздің Отанымыз қай Республика?
-Қазақстан Республикасы.
-Біз қай қалада тұрамыз?
-Орал қаласында.
—Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттық елдің болашағы- жас ұрпақ. -дей келе келесі кезекті Отанымызбен-алтын ұя мектебімізге арнаймыз.
оқушы: Әділет.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
оқушы: Айгерім.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің қызымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
оқушы:Алан.
Мектеп деген білім кені жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
оқушы:Анель.
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
— І-жүргізуші Мектеп-білім ордасы, ақыл дариясы. Мектеп-қасиетті орын. Мектепте тәртіпсіздік жасауға болмайды.
ІІ -жүргізуші: Мектеп- киелі шаңырақ, оған құрметпен қарау керек деп келесі кезекті «Мектебім» әніне береміз.
Хор:
Мұғалім:— (Рахмет балалар алтын ұя мектептеріңізге қандай жыр арнасаңыздар да жарасады, мектептеріңізге үнемі құрметпен қараңыздар.)
Мұғалім:-Тілектеріңізді тілеп, еркеліктеріңізді көтерген, ақыл, өсиеттерін айтудан жалықпаған асыл ата әжелеріміз ортамызда. Ендігі өлең жолдары ата-әжелерге, әке-аналарға арналады.
оқушы Абдуалим.
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған
оқушы.Ақтілек.
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.
оқушы. Аян.
Атам менің аманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
оқушы Алдияр. Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
оқушы: Расул.
Әке деген — биік шыңы адамның,
Әке деген — тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаны да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Мұғалім:
—Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам –кім? Ана!
І -жүргізуші:Ана- біз үшін ең ардақты адам.
ІІ -жүргізуші: Ананы сыйлау-біздің парызымыз. Ендеше, -АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар:
І –жүргізуші: Ендеше құрметті аналар орнымыздан бір сәт тұрайық.
А Н А:
1 оқушы Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
2 оқушы Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
3 оқушы Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
4 оқушы Мәпелеген баласын, аман болсын анашым! (өлеңін айтып, аналарға бас иеді ).
(Рахмет балалар, ата аналарыңызды үнемі қуанышқа бөлеп жүре беріңіздер. Өз баласының қолына қалам алып қалай жазғанын көріп қуанған алғаш рет оқығанын естіп шаттанған, бірге оқып, бірге есеп шығарып шаршаған ата- аналарымыздың мәртебесі биіктей берсін!Ата-аналар! Балаларыңыздың алғаш әліппені бітіру мерекесі құтты болсы! Балалар бәрімізге бақыт пен қуаныш әкелсін!)
Ән: Арайлым
1-жүргізуші: Қымбатты балалар біз кітаппен журналды оқи алатын болдық
2- жүргізуші: Бұл өнерді бізге не үйретті?
Мұғалім: Не үйретті балалар? Ә л і п п е (хормен.)
1-жүргізуші: Ия бұл күндерді еліміздің біз сияқты мыңдаған балалары әліппе оқулығын бітіріп мерекелеуде.
Мұғалім: Ия, дұрыс айтасыңдар бүгін барлық балалардың қуанышында шек жоқ, өйткені тұңғыш рет сауаттылықты ашқан жақын досымыз әліппені бітірдік .
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе! (Хормен)
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Мен мындамын құттықтаймын
Амансыңдар ма бүлдіршіндер
Балдырғандар, қзат болып ер жеттіңдер,
Ұстаз көңілін қалдырмаңдар
Менің атым Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жеткен
Мына отырған бәрі де.
1-оқушы: Айым.Оны бізде білеміз
Сондықтанда Әліппе
Мәңгі сені сүйеміз
2-оқушы Санжар. Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
3-оқушы:Арайлым.
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
4-оқушы:Тамерлан.Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
5-оқушы.Айгерім.«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
6-оқушы: Армат.Әліппені бітірдім
Әріптерді танимын
Мен атаның баласы
Мен оқушы боламын.
7-оқушы:Қайсар. Ата келші тезірек
Ана тілін бастадым
Өзіңе айтар тағы да
Дайын менің тақпағым (+ Айсұлу апа он оқушысы тақпақ айтады)
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,біз үшін де үлкен қуаныш.
ІІ- жүргізуші: Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.
Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
Хор: Әліппе» әні
Балалар! Мен сендердің Әліппеден алған білімдеріңді тексеремін, сұрақтарға жауап бересіңдер:
-Қазақ әліппесінде неше әріп бар?
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-У дыбысы қандай дыбыс?
-У дыбысы қау уақытта дауысты дыбыс болады?
-Енді жұмбақ жасырамын жауабын тауып, ағылшын тіліне аударамыз
1.Қабат, қабат хаттама
Ақылың болса аттама (кітап- бук)
— Мұғалім: Балалар Әліппеден тағы не үйрендіңдер! (он баладан тақпақ сұрау)
Ағылшын тілінде ән айту. (бір топ оқушы)
Әліппе:— Рахмет балалар, Мен сендерге өте ризамын, Енді, міне жаңа пәнді ана тілі пәнін оқисыңдар.
Олай болса, Ана тілін ортаға шақырайық.
А н а т і л і….(хормен
Ана тілі
-Сәлем достар, амансыңдар ма
Ана тілін біліп қо
Еркіндігің теңдігі
Ана тілін біліп қой
Мақтанышың ерлігің
Сендер мені оқып, ақын жазушылар мен танысасыңдар, көптеген ұлы адамдарды танитын боласыңдар, көп көп білім үйренесіңдер. Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Сабақтарыңды 5 ке оқыңдар, мен енді сендерден бір жас кіші балалармен дос боламын. -Қош болыңдар, балалар!
Балалар хормен:
—Жақсы кітап — ӘЛІППЕ!
-Қош бол құтты ӘЛІППЕ!
Хор: «Мұғалім ол біздің»
Жеке номер : би: (бір топ ұлдар)
Мұғалім: (ортаға ана тілін алып шығып)
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Осымен Қош бол сүйікті Әліппем атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Енді ортаға Әдемінің әжесін ортаға шақырамыз.