17 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Озық ойлы Абайтанушы

Сабақтың мақсаты:
а) Абай Құнанбайұлының шығармашылығы бойынша өткенді қайталау, пысықтау, бекіту. Ұлы ақын шығармаларының өміршеңдігін, оның азаматтық биік тұлғасын, қазақ жазба әдебиетіне қосқан үлесін таныту.
ә) Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,
жамандықтан жирендіру, адал махаббат пен таза достықты үлгі ету. Туған елін сүю, құрметтеу сезімдеріне әсер ету, оқушылардың ой — өрісін дамыту. «Адам» деген ұлы есімге лайық болуға тәрбиелеу.
б) Өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасай білуге үйрету, шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру.Қабілеттерін дамытуға талаптандыру, проблемалық жағдаятты шеше білуге үйрету, ізденгіштік, байқағыштық машықтарын дамыту.
Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс (зияткерлік)
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, өз бетінше іздендіру, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті,шығармаларының жинағы, домбыра,оқушылар еңбектері (газеттер, реферат т.б)
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, саз өнері,орыс тілі.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім балаларды сабақ кезеңдерімен таныстырады,әділқазылар алқасын сайлайды.
1-кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде ауызша қойылған 25 сұраққа жауап беріледі.
2-кезең: «Ұста өлмес — істеген заты қалар,
Ғалым өлмес — қағазда аты қалар»
(Абайдың мақал-мәтелге, афоризмге айналып кеткен сөздерін жатқа айту).
3-кезең: «Көкпар» (Абай өлеңдерін жатқа оқиды).
4-кезең: «Көңілім әнді ұғады» (Абай әндерін айту).
5-кезең: «Қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» (ой тол-ғау)
Мына тақырыптар бойынша:
а) Абай – ақындар пайғамбары
ә) Абай және қазақ тілі
б) Абай өмірі — адал махаббаттың үлгісі
в) Абай – ұлы достықты жырлаушы
г) Қазақтың Абайы — менің Абайым
е) Абайды оқығаннан кейінгі ой.
Әділқазылар әр кезең сайын оқушыға (берген жауабы үшін) ұпай береді. Бала саны аз бол-
ғандықтан оқушы ойыннан шығарылмайды. Соңынан ұпайы саналып, жеңген оқушы «Ең озық ойлы абайтанушы» аталады.
І.Бәйге
1. Абай өмір сүрген жылдар? (1845-1904)
2. Абай туған жер? (Шыңғыстау.Абай ауданы, бұрынғы Семей облысы)
3. Абай Семейде қай жылдары оқыды? (1855-1858)
4. Абай неше жасынан ел билеуге араласады? (13)
5. Абайтану курсының негізін салушы кім? (М.Ә)
6. Қазақтың жазба әдеби тілінің негізін салушы кім? (Абай)
7. Абайға «Қазақтың бас ақыны» деп баға берген кім? (А.Б)
8. Абайдың Ділдадан туған балаларын ата?(Ақылбай, Мағауия,Әбдірахман)
9. Абай алғашқы өлеңін қай жылы жазды және ол өлең қалай аталады? (1882 ж Қансонарда»)
10. Абай алғашқы өлеңін кімнің атынан жазып жүрді? (Көкбай)
11.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қашан және қайда басылып шықты? (1909 ж Петербург)
12. Абайдың өнер-білімге шақырған өлеңдерін ата?
13. Өлеңмен жазған шығармалар қалай аталады? (поэзия)
14. Абайдың поэмаларын ата. (Ә.Ә.Масғұт «Ескендір»)
15. Ақынның аяқталмаған поэмасы қайсысы? (Ә.Ә.)
16. Абайдың тұңғыш аудармасы қалай аталады? кімнен? (Бародино, Лерм.)
17. Абай М.Ю.Лерматовтан неше шығарма аударған? (27)
18. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып…» өлеңінің негізі қай ақыннан алынған? (Гете)
19. Классикалық поэзия үлгісінде жазылған, Н.Некрасов суреттерінен үндес шығармасын ата (Қыс)
20. «Моласындай бақсының, жалғыз қалдым тап шыным…» үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған? (Сегізаяқ)
21. Абай және Пушкин жөнінде не айтасың?
22. Абайдың Крыловтан аударған шығармасын ата?
23. Абайда неше қарасөз бар? (45)
24. Абайдың қандай әндерін білесің?
25. Абай мен Жамбыл байланысы жайлы не айтасың.
ІІ «Ғалым өлмес – қағазда аты қалар». Бұл кезең бойынша оқушылар өздері білетін нақылға, мақал – мәтелге айналып кеткен ақын сөздерін жатқа айтып, мағынасын ашып береді. Ерекшелігі: бірінің айтқанын екіншісі қайталамайды.
ІІІ. Көкпар  Абай өлеңдерін жатқа оқиды. «Көкпар» деп аталу себебі, мұғалім нұсқаған оқушы өлеңнің алғашқы тармағын айтады, келесісі іліп әкетіп, жалғастырады. Осылайша оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып шығады. Мұғалім нұсқаған оқушы білмесе ұпайы кемиді. Ал енді бір өлеңді оқушы өзі ғана айтып шықса, онда ұпай тек сол оқушыға қосылады. Ұсынылатын өлеңдер:
«Сегізаяқ».
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
«Ғылым таппай мақтанба».
«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол».
Табиғат лирикасы «Ескендір» поэмасын үзінді, «Махаббатсыз дүние бос».
«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да»т.б.
(Бұдан басқа өлеңдерінде беруге болады).
IV. «Көңілім әнді ұғады» Бұл кезеңде оқушылар Абай әндерін орындайды.
V. «Қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» (ойтолғау)
Бұл кезеңде оқушылар жоғарыда берілген тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салады. Балалардың шешендік өнерді меңгеруіне, сөз саптауына ерекше көңіл бөлінеді.
Қорытынды. Мұғалім сабақты қорытындылап, сөзді әділ қазыларға береді.
Әр оқушының ұпайы саналып, үздік шыққан оқушы «Ең озық ойлы абайтанушы»аталады.
Үйге тапсырма. Абай шығармашылығы бойынша шығарма жазу

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың бас ақыны — Абай (9-сынып)
Сабақтың мақсаты:
А/ Білімділік: Оқушыларға халқымыздың біртуар перзенті — ұлы ағартушы, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, өз халқының кемеңгері Абай өмірін, шыққан тегін, ағартушылық қызметін, әдебиетке келу рухани қайнар бастауларын түсіндіру, өмірінің маңызды кезеңдеріне талдау жасай отырып тың мәліметтермен таныстыру;
Ә/ Дамытушылық: М. Әуезовтің «Абай жолындағы»ақын өмірінің жарқын беттерін аша отырып, білім сабақтастығын арттыра дамыту, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру.
Б/ Тәрбиелік: Оқушыларды дара тұлғаның өнегелі де өсиетті өмірі арқылы адамгершілікке, білімді, өнерлі болуға, тілімізді қадірлей білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгертуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, презентация, интерактивті тақта, Абайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары, танымдық жинақ папка;
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, түсіндіру, талдау, СТО стратегиялары: РАФТ,
Ойлану баспалдағы, Дөңгелек үстел, Үш қадамнан тұратын сұхбат.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың нақылы:
«… Құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл — жанның тамағы еді»
7 — қарасөз, Абай.
Бағалау: мұғалімнің жеке бақылауы бойынша бағалау.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
1) Ы. Алтынсарин әңгімелері
2)«РАФТ» стратегиясы бойынша жұмысты тексеру;
Р — оқушы
А — Ыбырай
Ф — хат, арнау, өлең
Т — алғыс, ризалық, өсиет
3)«Ойлану баспалдағы»стратегиясы бойынша
Күтілетін нәтиже: Үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақты қорытындылау

3. Жаңа сабаққа байланыс:
«Абай Ыбырайды жақсы білген. Кейін Абайдың өзі қадірлегендіктен, Абайдың қолжазбаларының ішіне Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларынан жасалған аудармалар қоса кіруімен бірге, Ыбырай өлеңдері де үнемі бірге көшіріліп жазылып жүруші еді. Абайдың өзінің тапсыруы бойынша солай болса керек… Ыбырайдың әрқашан Абай атымен бірге жазылып, жатталып, таратылып жүруі бұл екеуінің үні бар, үміті бар, арман бағыты және болашақ тағдыры бір ақын екендіктерін танытушы еді»(М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы. 19 — том. 1985, 246 — 6).
3. 1. Абай өміріне байланысты бейнефильммен танысу;
3. 2. Жаңа сабақ
1) Абайдың дүниеге келуі, шыққан ортасы, ата — тегі, әке — шешесі
Орта жүздің Арғын тайпасының

Тобықты руынан шыққан билер әулетінен.
АБАЙ ТЕГІ
Кішік
↓Әйтек
↓Олжай
↓Айдос, Қайдос, Жандос(Жігітек)
↓Ырғызбай
↓Өскенбай
↓Құнанбай
↓Абай(Ибраһим)
1. Құнанбайдың кім екенін білмесек, Абайды тану қиын. М. Әуезов
1. Ол сыпатты қазақтан
Дүниеге ешкім келмепті… Абай
2.«Алтын сақа — Құнанбай» Зере
3.«Табиғат оған кесек ақыл, ғажайып ес және жүйрік тіл берген. Қазақтарға қатысты Ресейлік жарғыны бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би…»
(А. Янушкеевич)
«Абай жолы» электронды оқулығының 1 — кітап, 1 — диск «Қайтқанда» тарауынан 20/30 — 22/00 уақыт арасын тыңдату; Бала Абай мен Құнанбай.
2) Есімі: Ибраһим — азан шақырып қойған аты.
Абай деп әжесі Зере, шешесі Ұлжан атап кеткен.
Телғара — бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайға жеңгелері қойған ат.
3) Білім алуы: Ғабитхан ауыл молдасынан сауат ашады. Ахмет — Риза медресесі, Семейдегі «Приходская школа»
4) Әдебиетке келуінің рухани қайнарлары:
1. Қазақтың ауыз әдебиетінен сусындаған халықтық дәстүр.
2. Араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың классик поэзиясы.
Араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науай, Сағди; Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады;
3. Орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Европа мәдениеті.
«Дүниеге көзімді ашқан — Михаэлис».
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген орыс ғалымы, қоғам қайраткері, демократ. Евгений Петрович Михаэлиспен, 80 — жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси — әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз.
«Абай жолы» электронды оқулығының 2 — кітап, 3 — диск «Еңісте» тарауынан 20/50 — 23/00 уақыт арасын тыңдату; Гоголь кітапханасында Михаэлиспен танысу;
5) Шығармалары үш жүйемен өрбиді:
1. өз жанынан шығарған төл өлеңдері;
2. қарасөздері деп аталатын прозасы;
3. орысшадан аударған өлеңдері;
6) Тұңғыш өлеңі — 10 жасында
Кім екен деп келіп ем түйе қуған,
Қатын ғой күлдәрімен белін буған.
Төркініңнің бергені жауыр айғыр
Бауырыңды… бірге туған.
Абайдың 1855 ж. ауызша шығарған өлеңі. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда, өз аулының түйелерін аралап бара жатқан екі аттыға шауып барған Абай оның біреуі төркінінен жауыр айғыр жетектеп келе жатқан әйел екенін біліп, табанда мысқылдап айтқан екен. Жас ақын ауылға тура келе алмай, түйе арасына жасырынған келіншекті де, оның сараң төркінін де бір — ақ ауыз өлеңмен өлтіре әжуалаған. Кәдімгі ашық мінез баланың ақтара салған тежеусіз ойы.
Өлең қара өлең ұйқасымен жазылған 11 буынды 4 тармақты 1 шумақ.
Күтілетін нәтиже: мәліметтерден біртұтас мәтін құрастыру, мазмұндай отырып, жаңа материалды меңгерту, түсінбегенін сұрау;
4. Жаңа сабақ бойынша талдау, бекіту; Ой — толғаныс.
4. 1. Дөңгелек үстел немесе бір айналып сөйлесу;
4. 2. Үш қадамнан тұратын сұхбат
5. Мұғалім қорытындысы. Бағалау.
6. Үй тапсырмасын беру: Оқулық бойынша 1, 5 — тапсырма; 191 —

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles