20 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Жоғары оқу орнында студенттерге физика бөлімдерін оқытуда кейс технологиясын қолдану әдістемесі

Түйіндеме. Қaзipгi таңда бiлiм бepy үдepiciнiң caпacын apттыpyға бacты нaзap ayдapылып oтыp. Сoндықтaн бұл мәceлeнi шeшyгe ықпaл eтeтiн oқытyдың жaңa инновациялық тexнoлoгиялapынa көп көңiл бөлiнyдe. Беріліп отырған білім беру жүйесін, оның ішінде физика сабағын оқыту барысында кейс технологиясын пайдалану — білім беру жүйесін модернизациялаудың нақты жолы және педагогиканың алуан түрлілігі мен жетістіктерін жоғарылату бөлімі деп есептеледі. Бірақ жеңілдетуге апарған оқу жүйесін басқаруға тиімді тәсілдер мен әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі, оқытушылардың пәнді оқыту барысында жаңа технологияларды жеткілікті қолдана алмауы, еркін әрі түсінікті түрде жүргізе алмауы, физика курсын меңгертуде басты назар саралауға,сараптауға аударылмай жатқандығы, әлі күнге дейін шешімі табылмаған күрделі мәселе. Сондықтан студаенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру негізінде физиканы оқытуда кейс технологиясын қолдану тиімді деп саналады.

Аннотация. В настоящее время основное внимание уделяется повышению качества образования. Поэтому большое внимание уделяется новым инновационным технологиям обучения, которые помогут решить эту проблему. Использование кейс-технологий в обучении данной системы образования, в том числе и физики, рассматривается как реальный путь модернизации системы образования, увеличения разнообразия и достижений педагогики. Однако отсутствие эффективных подходов и инструментов управления образовательной системой, неумение учителей использовать новые технологии в преподавании предмета, их умение вести предмет свободно и понятно, основной акцент при изучении физики не направлен на анализ . Поэтому использование кейс-технологии в обучении физике на основе формирования профессиональных компетенций учащихся считается эффективным.

Кілт сөздері: күрделі кейс технологиясы, кейс, кәсіп, дайындық, құзыреттілік.

Кейс әдісі — жағдаяттың сипаттамасы және оған арналған тапсырмалар жинағы. Ғылыми әдебиеттерде әдісті бұлай дидактикалық қамтамасыз ету кейс-стади деп те аталады.

Біздің ойымызша, кейс құру процесі, студенттерге жалпы физика және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Кейс технологиясының қызмет жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:

1. Техникалық жоғары оқу орындарының арнайы пәндерінің мазмұнын талдау, оның ішінде

жалпы физика курсынан алынған білімді қолдану.

2. Кейстің дидактикалық мақсатын анықтайтын арнайы пәндер курстарынан кәсіптік-бағдарлы тапсырмаларды қалыптастыру.

3. Кәсіби бағытталған  негізінде жағдаяттық тапсырма немесе бірнеше ұқсас тапсырмаларды құру.

4. Кейс мәтінінде бейнеленуді қажет ететін негізгі тезистерден тұратын программалық жағдай картасын құру.

5. Бағдарламаның кейс картасының тезистеріне қатысты оқу және ғылыми-техникалық ақпараттар жинағы.

6. Кейстің мазмұнын әзірлеу, ол мыналарды қамтиды:

1) кәсіби-бағдарланған мәселені сипаттау және ситуациялық тапсырманы тұжырымдау;

2) ситуациялық мәселені талдау үшін қажетті ақпарат;

3)негізгі жағдаяттық мәселені шешуге дайындық бойынша студенттердің кезеңдік жұмысын ұйымдастыру бойынша тапсырмаларды тұжырымдау;

4)жинақталған тапсырмаларды құрылымдау және оларды істің жекелеген бөліктеріне бөлу.

Болашақ инженерлік өндіріс бакалаврларын оқыту әдістемесі оқу процесінде кешенді кейс технологиясын қолдануға негізделген. Біз әзірлеген кейс технологиясы күрделі құрылымға ие болғандықтан күрделі деп есептейміз. Технология физика курсының жеке мәселелерін емес, жалпы оның тақырыптарын (бөлімдерін) зерттеуде қолданылады. Оларды зерттеудің жекелеген кезеңдерінде тұтас құрылымды құра отырып, істің жекелеген бөліктері пайдаланылады. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетіне кешенді кейс технологиясын табысты енгізудің маңызды шарты оны ұйымдастырудағы кезеңділік болып табылады. Біз тәжірибелік сабақтарды технологияның үш кезеңіне сәйкес ұйымдастыруды ұсынамыз: дайындық, негізгі және қорытынды.

Дайындық кезеңіне жағдайды түсіну және құру жұмыстары кіреді. Негізгі кезеңде кейспен жұмыс жасауда оқытудың репродуктивті, өнімді, ізденімпаздық және шығармашылық деңгейлері жүзеге асады. Бұл кезең күрделі құрылымға ие және төрт кезеңге бөлінеді: ақпараттық-танымдық, есептеу және модельдеу, зерттеушілік және шығармашылық.

Қорытынды кезең аяқталған ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің нәтижелерін қорытындылауға және негізгі ситуациялық мәселені шешуге қызмет етеді.

Кешенді кейс-технологияның негізгі кезеңінің міндеттері:

1. Техникалық объектілер туралы студенттердің білім деңгейін анықтау.

2. Студенттерге физика саласында негізгі білім беру.

3. Физика пәнінен көп деңгейлі есептерді шешудің негізгі кезеңдерін орындауға үйрету.

 4. Физика бойынша білімді жүйелеу және жалпылау.

5. Топтарда жұмыс істеу қабілетін және аудитория алдында сөз сөйлеу қабілетін дамыту.

6. Кәсіби бағытталған зерттеу мәселесін шешуге негізделген жобалық қызметті жүзеге асыру қабілетін дамыту.

КЕЙС ҮЛГІСІ

Электродинамика бөлімі

Тақырып: «Магнит өрісі»

 Қоршаған ортада бізді электромагниттік толқындар қоршап жатқандығын білеміз.Мысалы :метрода ,трамвайда ,тұрғылықты үйде . Лифттің кірген кездегі қозғалуы ,тоңазытқышты қосқан кездегі дауыс шығаруы —  бұлардың барлығы айналамызда электромагниттік өрістің пайда болғанын көрсетеді .  Электромагниттік толқындардың бөлшектері адамның денесінен оңай өтіп кетеді. Күнделікті өмірде үйде – теледидар ,ас бөлмесіндегі аспаптардың т.б. барлығы магнит өрісімен қоршалған .
Адам денсаулығында бұл магнит өрістерінің әсері бар. Мысалға ұялы телефонды көп пайдалансақ көзіміз ашып,басымыз ауырып кетеді .Мұның барлығы электромагниттік толқындардың есебінен болады .Сондықтан барлық магнит өрісін туғызатын құрылғыларды абайлап ,мөлшермен қолданған жөн.

 Кейс бойынша сұрақтар :

1.Қандай жағдайда құралдарды магнит өрісі қоршап тұрады?

2. Мәтінде қолданылған магнит өрісі ұғымын түсіндііріп өтіңіз.

3. Тұрмыстық техникаларды қолдану барысында қандай сақтық шараларын сақтаған жөн?

4. Магнит өрісінің қауіпсіз көрсеткішін қалай табамыз?

Кейс әдіс-тәсілімен жұмыс істеген кезде студенттердің мынадай дағдылары дамиды:

-мәселені шешу дағдысы

Берілген жағдаятты жан-жақты қарастырып,шешу жолдарын іздестіру.

-білім алуға деген қызығушылығы

Топта өзін-өзі ұстауы,пікір алмасуы .

-жүйелік ойлау

Мәселені жан-жақты қарастырып, жағдаяттың түпкі ойын түсіну.

-лидерлік және еркіндік негізі

Мәселенің шешуіне келгенде лидер бола алу,өз ойын ұсыну;

-қатені түсіну жйне сынды көтеру;

Қате кеткен жағдайда барынша түсіністікпен қарап,тез арада басқа мәліметке икемделу.

-информациямен қызмет жасай білу

Мәселені талдау,слайд жасау барысында нақты ақпараттарды ұсыну;

-төзімділік пен шынайылық

Қарсы пікірді тыңдай білу, өз ойын дәйектер арқылы қорғап шығу;

-коммуникативті дағдылар

Басқа оқушылармен байланыс жасай білу, ой бөлісу;

-жеке  тұлға ретінде дамыта жетілу

Топтағы студенттерді тыңдау, дұрыс ақпаратты нақтылау.

-мәселелік негіз

мәселелерді шешуге негізделген нұсқаларды құрастыру дағдысы.

Қорыта айтқанда, қазіргі заманда білім алуға кедергі келтіретін фактор – ол тек өзіміз ғана болып табыламыз. Егер студент шын мәнінде білім алуға талпынса, оқытушы оны міндетті түрде байқайды. Бар қиындық ол оқытушылардың білімді алуды емес жай ғана ақпаратты берумен ғана шектелуі.

Осындай факторлар есебімен Физика сабағын жүргізу барысында кейс технологиясын пайдалану өте тиімді деп білемін. Студенттерді жан-жақты дамытып,олардан еліміздің ертеңі үшін күресетін азаматтар шығару өзіміздің қолымызда.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жоғары кәсіптік білім берудің федералды мемлекеттік білім стандарты / ҚР Білім және ғылым министрлігі. М.: Білім, 2010.

2. Смолянинова О.г. Педагогикалық университеттің студенттерін кәсіби оқытудағы ақпараттық технологиялар мен СaseStudy әдістемесі / / «ХХІ ғасырдың білімі: инновациялық технологиялар, ақпараттандыру және ізгілендіру мақсатындағы диагностика және басқару» II бүкілресейлік ғылыми-әдістемелік конференцияның еңбектері, Красноярск, мамыр 2000, Красноярск, 2000.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles