АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДІҢ
ЭКОНОМИКА ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
ОМИРАЛИНА М.К.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттің орталық банкі ретінде қаржы нарығында өзіндік, сонымен бірге оның қаржылық құралы арқылы белсенді операция жүргізетін мемлекттік ретеу органы ретінде рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік қарыздарды орналастыру бойынша мемлекттік агент бола отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы минстрлігімен бірге мемлекеттік қарыздарды реттеуге қатысады және Қазақстан Республикасының Үкіметі шығарған бағалы қағаздарды сатады және сатып алады. Ол мемлекеттік бағалы қағаздардың жекеленген түрлерімен операция жүргізу бойынша клирингтік және есеп айырысу орталығының депозитарий функциясын атқарады.
Қазақстан Ремпубликасының Ұлттық Банкі акционерлік банутердің бағалы қағаздар эмиссиясы проспектісіне тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді.
Нарық қатысушыларының қызмет көрсету үрдісінде пайда болатын қатынастарыны сұрыптауды, өкілетті ұйымдар тарапынан қадағалау жүргізуді, олардың барлық қатысушыларын, қызметтерінің барлық түрін қамтитын қатынастарды жүйелеуді қаржы нарығын реттеу деп айтамыз.
Қаржы нарығын реттеу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін. Олар мыналар: Реттеуді қандай орган жүргізетіндігіне байланысты:
Мемлекеттік;
Қаржы нарығының кәсіби қатысушылары тарапынан немесе нарықтың өзін-өзі ретеуі;
Қоғамдық.
Реттеу әдістеріне байланысты:
Тікелей немесе әкімшілік;
Жанама немесе экономикалық.
Мақсаттар және тәсілдер көзқарассы бойынша:
Сыртқы;
Ішкі.
Сыртқы реттеу нарықтың барлық институттарының қызмет етуін қамтамасыз ететін заңды және нормативті актілердің орындалуына негізделеді. Ішкі реттеу тікелей нарық қатысушысымен қабылданған жеке нормативтік құжаттарға, жарғыларға, ережелерге негізделеді. Сонымен қатар, макроэконмикалық деңгейде осы елдегі ішкі реттеуде мемлекттің өзінің барлық заңдары мен нормативтерінің орындалуы, ал сыртқы реттеуде- халықаралық сипаттағы нормативтік актілердің орындалуы қажет.
Мемлекеттік реттеу- қаржы нарығында қалыптасатын қатнастарды мемлекеттік билік пен өкілетіті органдардың реттеуі. Жекелей алғанда, Қазақстанда оны жүзеге асыратындар:Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты, Үкімет, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі,Қазақстан Республикасының Қаржы минстрлігі, Монополияға қарсы саясатжөніндегі мемлекеттік комитет, Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі және т.б.
Мемлекеттік реттеу органдары нарықтың барлық қатысушыларына тікелей бірқатар өкілеттіктерді беру арқылы өзін-өзі реттеу қағидасын қалыптастыруға ұмтылады. Бірақ,мемлеттің ережелерге және нұсқауларға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқықғы бар.
Өз кезегінде мемлекеттік реттеу оның қызметіне тікелей (әкімшілік реттеу) араласуы немесе нарыққа жанама ( экономикалық реттеу) шаралар арқылы әсер етуі мүмкін.
Тікелей реттеу әдістері: қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне міндетті талаптарды бекітетін заңды және нормативтік актілердің шығарылуы; эмиссиялық бағалы қағаздары шығаруды тіркеу және ондығы көрсетілген шарттар мен міндетттерді эмитенттердің орындауын бақылау; кәсіби қатысушылардың қызметін, қор биржасын, биржадан тыс нарықта айналыста болатын қаржылық құралдар саудасын бағалайтын және техникалық қамтамасыз ететін ұйымдарды лицензиялау; Қаржы нарығының кәсіби қатысушылар қызметін бақылау және заңнаманы бұзғаны үшін сәйкесінше санкцияны қолдану;Қаржы нарығында заңнаманы бұзатын тұлғаларды табу және жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қабылдау,сонымен қатар қаржы нарығы қатысушыларының кәсіби және білім деңгейін жоғарылату бойынша жүйені ұйымдастыру болып табылады.
Қаржы нарығын жанама реттеу мемлекеттің қарамағындағы экономикалық тұтқалар арқылы жүргізіледі. Олар- салық саясаты; ақша саясаты; мемлекеттік капиталдар; мемлекеттің меншігі мен ресурстары; сыртқы экономикалық саясат; сыртқы экономикалық қызмет.
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік реттеу органдары: бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, эмитенттерінің қызметтеріне және олардың стандарттарына міндетті талаптары бекіту; бағалы эмиссиялық қағаздарды және эмиссиялық проспектілерді шығаруды тіркеу және оларды көрсетілген шарттар мен міндеттерді эмитенттің орындауын бақылау; қаржы нарығының кәсіби қатысушылар қызметін лицензиялау; иелердің құқықтарын қорғау жүйесін құру және қаржы нарығының эмитенттері; кәсіби қатысушылары олардың құқықтарды ұстануын бақылау; лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың қызметін тоқтату және алдын алу, сонымен қатар қаржы қатысушыларының кәсіби және білім деңгейін жоғарылату бойынша жүйені ұйымдастыру сияқты міндеттерді шешеді.
Кейбір елдерде қаржы нарығын реттеу мемлекеттің басым функциясы болып табылады. Мемлект өкілеттіктің аз ғана бөлігін қаржы нарығының біріккен кәсіби қатысушыларын тапсырды. Мысалы: Францияда осындай жағдай қалыптасқан. Ал, басқа елдерде керсінше, өкілеттіктің ең жоғары шамадағы көлемі өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі, ал мемлекет негізгі қаржы нарығын бақылап отыруды сақтап қалған. Бұл жүйе Ұлыбритания мен Жопонияда қалыптасқан.
Өзін-өзі реттеу- бұл нарықтың кәсіби қатысушылар бірлестіктері тарапынан қаржы нарығын ретеу.Ол қаржы нарығы қатысушыларының қызығушылықтарын қорғауға бағытталған, ал кәсіби қызметті жүзеге асырудың міндетті ережелерін, кадрларды кәсіби дайындалуда, қаржы нарығындағы қызметі үшін міндетті болып табылатын талаптарды бекітуді өзіне қалдырады. Қоғамдық реттеу де маңызды рөл атқарады. Ол қоғамдық пікір арқылы реттеу жүргізуді білдіреді.
Дүниежүзілік тәжірбиеде қоғадық дамдың таңдаған жолына байланысты қаржы нарығын реттеудің әр түрлі үлгілерін ерекше атауға болады.Саудаға қатысушылардың қызметін реттейтін өкілетті органдар- эмитенттер, инвесторлар, кәсіби қор делдалдары, нарық инфрақұрылымының ұйымдары.Осы үрдіс мемлекетпен қабылданған әлеуметтік-саяси бекітулерді шешеуге бағытталған. Мысалы:Қазақстанда мұндай бекітулер халықтың өмірлік деңгейін жүйелі түрде көтеру,шаруашылық жүргізуде нарықтық және мемлекеттік үлгілерді синтездеу негізінде дүниежүзілік қауымдастықта елдің экономикалық және саяси рөлін қалпына келтіру, экономиканың нарықтық дамуы және мемлекеттің ретеушілік рөлінің сәкестігі болып табылады.
Қаржы нарығын реттеу бірқатар бағыттар бойынша қаржы нарығының әрбір кәсіби қатысушысының міндеттері мен құқықтарын анықтайтын заңдар мен басқа да нормативтік актілердің орындалуын талап ету мақсатында жүргізіледі. Ол бағалы қағаздардың шығарлуын тіркеуден бастап, қаржы нарығын реттеу бойынша мемлекеттік басқару органдарының құқықтарымен аяқталады.
Экономикасы дамыған шетелдік мемлекеттердің тәжірбиесі көрсеткендей, мемлекет мынадай негізгі функцияларды атқаруы қажет:
- Қаржы нарығын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру;
- -қаржы нарығын дамыту үшін заң актілерін жасау және жетілдіру;
- нарықтың қызмет ету нормаларын жасау және оларды жаңартып отыру;
- инвестициялық институтардың қаржылық жағдайын бақылау.
Реттеу үрдісі алғашқы жәнеқайтармалы нарықтарда жүргізіледі. Алғашқы нарықта мемлекеттік құралдарды шығарғанда және оларды тіркегенде біркелкі талаптарды қолау. Қайталамалы нарықта мамандандыру туралы куәліктер, сонымен қатар қаржы нарығында қызметті жүргізуге құқық беретін лицензия беріледі және нарықтың кәсәби қатысушысының аттестациясы жүргізіледі.
Қаржы нарығынын реттеудің мақсаттары:
- қаржы нарығының барлық қатысушыларының жұмыстары үшін тәртіпті ұстану және оларға жағдай жасау;
- қатысушыларды әділетсіз және алаяқ жек тұлғалардан немесе ұйымдардан қорғау;
- сұаныс және ұсыныс негізінде қаржылық құралдарға еркін және ашық баға белгілеу үрдісін қамтамасыз ету:
- кәсіпкерлік үшін ынтасы бар және тәуекелге тиісті сыйақы беретін тиімді қаржы нарығын құру;
- қоғамдық мақсаттарға жету үшін нарыққа әсер ету;
- жаңа нарықтарды ұйымдастыру, олардың құрлымын, бастауларын қолдау.
Қаржы нарығын реттеудің қағйдалары:
-эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби қатысушылардың қатынас-тардың реттеудегі жолдарын бөлу;
-барлық ақпараттарды (барынша) ең жоғары шамада ашу;
-бәсекелестікті қамтамасыз ету;
— мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың арасында реттеу қызметін оңтайлы бөлуі;
-заңды және нормативті актілерді жасағанда өкілетті бөлу және жария ету.
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың мақсаттары, принциптері мен міндеттері.
Қаржы рыныгы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың мақсаттары:
- қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда, қаржы жүйесіне деген сенімді қолдау;
- қаржылық қызмет көрсетуде тұтынушылардың мүддерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
- қаржы рыногында адал бәсекенә қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметі үшін тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
- Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың принциптері:
- Ресурстар мен реттеу құралдарын тиімді пайдалану;
-Қаржылық ұйымдар мен қаржылық қадағалауқызметінің айқындығы;
— тәуекелдерді бағалауға негізделген қаржылық ұйымдарды басқаруды ынталандыру;
— Жаңа қаржы құралдарын және қызмет көрсетуді тұтынушылар мүдделерінің қорғауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың кешендігі, сондай-ақ қаржы рыногына қазіргі заманғы технологияны енгізу қаржылық ұйым органдарының жауапкершілігі болып табылады.
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың міндеттері:
- Қаржылық ұйымдар қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жағдайларын жасау;
- Қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауіпке неғұрлым бейім салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
- Қазіргі заманғы технологияларды енгізуді ынталандыру, қаржылық қызметтер көрсету туралы ақпараттың тұтынушылар үшін толымдылығын және қолжетілімділгін қмтамасыз ету болып табылады.
Қаржы нарығын реттеу мен қадағалаудың дұрыс жолға қойылғаның нәтижесінде Қазақстан әлемдік қаржылық дағдарыстан қатты зардапсыз шығып бара жатыр. Мемлекет өз тарапынан экономикаға қаржылық көмек ретіндегі қаражаттар комерциялық банктермен қазіргі кезде мемлекетке қайтарылуда. Бұл – қаржылық дағдарыстың бір кезеңінен абыроймен өтттік дегеніміз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Шеденов.Ө.Қ., Сағындықов.Е.Н.. Жүнісов.Б.А., Байжомартов.Ұ.С. Комягин.Б.И. Жалпы экономикалық теория.
2. Сейтқасымов. «Ақша несие банк».
3. Қазақстан Ұлттыық Энциклопедиясы.