-6 C
Нур-Султан
Вторник, 4 октября, 2022
spot_img

Оқу үрдісінде STEM технологиясы қолдану

Президентіміздің жаңа Қазақстан құру туралы айтып жатқан мәселелерін іске асыру қоғамның сұраныстары, жеке тұлғаның мүдделері де өзгеруде.

Қазіргі кезде цифрлық білім беру технологияның жедел дамуы барлық саланы цифрландырудың жылдам дамуына байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуда.

 Қазіргі кезде білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылық, логикалық қабілетін дамыту – бүгінгі заман талабы. Оқу жүйесінің басты мақсаты  білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жайындағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында цифрландыру барлық реформаның басты элементі деп атап өтті.  Қазіргі уақытта  цифрлық технологияның жедел дамуы, ғылымда математика, информатика, технология пәндерін,  өнер мен инженерия сияқты басты салалар бір мезгілде дамуы бір сөзбен айтқанда STEM деген сөзбен айтуға болады.

SТEM деген сөздің мағынасы:

STEM аббревиатурасын алғаш рет американдық бактериолог Р.Колуэлл 1990 жылдары ұсыңған, бұл 2000 жылдары қолдана бастады. STEM негізінде бұл тұжырымдаманың жаңа нұсқалары пайда болды, ең көп тараған STEАM (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) және STREM (ғылым, технология, робототехника, инженерия және математика).

Технологиялардың қарқынды дамуының арқасында жаңа мамандақтар пайда болуда, STEM мамандардарының қажеттілігі күннен күнге керек болуда. STEM —  білім беру саласы мемлекеттік бағдарламалармен жүргізіледі. 

STEM технологиясы студенттердің сыни ойлауға, креактивті ойлауға, өз бетінше білі алуға жетелейді.

STEM — білім беру білім саласы жаратылыстану, математика және информатика, робототехника, құрастыру, бағдарламалау, модельдеу, 3D – жобалау,  графикалық дизайн, технологиялық сауаттылық, инженерлік тәжірибе қабілеттіліктерін, дағдыларын дамытуға бағытталған пәнаралық байланыс.

Пәнаралық байланыс арқылы, STEM оқыту жүйесін дамыту мақсатында  IT кабинеті ноутбуктермен, лего, мехотроникаға арналған құрал жабдықтар, 3Д принтирмен,  интерактивті тақта, проекторімен, «Робототехника» қосымша сабағында студенттер EV3 құралдарын танысып, роботтар құрастырады. 

Бұл дегеніміз цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану, шығармашылық тапсырмаларға, шағын жобаларға, топтық, жұптық жобаны оқу үрдісінде қолдану. Нақты ғылымдардың негізгі принциптерінде STEM технологиясы арқылы білім беру  студенттердің  қызығушылықтарын әрі қарай дамытып, өз бетінше, теорияны практикамен ұштастырып, бәсекеге қабілеті күнделікті өмірімізге енгізу барасында цифрлық сауаттылықты, заманауи шығармашылық қабілеттерін дамытады және қызушылығы артады.

STEM білім берудің артықшылықтары:

  • тақырыптар бойынша кіріктірілген оқыту;
  • ғылыми- техникалық білімдерді өмірде пайдалану;
  • сыни тұрғыдан ойлау және есептер шығару дағдыларын дамыту;
  • өзіне деген сенімді қалыптастыру;
  • белсенді қарым — қатынас және командамен жұмыс;
  • техникалық пәндерге қызығушылығын арттыру;
  • жобаларға креактивті және жаңашыл көзқарас;
  • әр баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың іс-әрекетіарқылы техникалық шығармашылыққа мотивациясын дамыту.

STEM білім алу – жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік беретін инновациялық әдістеме.

Нақты ғылымдардың негізгі принциперінде STEM білім берудегі техникалық және гуманитарлық мамандықтарға шығармашылық қабілеттерінің дамуына жобалық ойлау және кеңістікті ойлауды қалыптастырады..

Заман ағымына қарай инновациялық технологияларды қолдану, кез келген сабақта цифрлық білім ресурстары мен электрондық оқулықты, интерактивті тақта, интернетті пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

 Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Токаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі»  атты Жолдауында қашықтықтан оқытуды біртіндеп дәстүрлі оқуға көшуді, қолжетімді әрі сапалы білім беру бәсекеге қабілетті маман дайындау және  «Біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарқында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» деп атап өткендей, қашықтықтан оқыту технологияларының кез келген цифрлық білім беру ресурстары мен  АКТ-ның сан алуан нұсқаларын пайдаланып қашықтықтан оқытуда «ZOOM» және «Daryn Member» платформа мен ютуб каналында бейне сабақтары, инновациялық оқу әдістемелерді енгізу арқылы студенттердің саналы да сапалы білім сапасын арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технология пайдаланудамын.

Бұл дегеніміз жаңа Қазақстан бірінші кезекте сапалы, сауатты және саналы білімді меңгерген білікті мамандарды дайындау үшін оқытушы әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданатын болса, онда  студенттердің шығармашылық қабілеттері, білімге деген қызығушылығы артады.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,510ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles