20 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Бастауыш сынып оқушыларын мәтінмен жұмыс жасауға баулудың тиімді тәсілдері

Ибраева  Жанбота  Сериковна

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Жарлы  аулының №9  негізгі орта мектеп КММ

Бастауыш   сынып  оқушыларын  мәтінмен   жұмыс  жасауға баулудың   тиімді тәсілдері

    Жаңартылған  білім беру мазмұнында  мәтінмен жұмыс жасау өте маңызды болып табылады.Бүгігінгі күннің  басты мақсаты- әр типті мәтіндерді оқу стратегиясына үйрету. Мұндағы оқу стратегиясы дегеніміз – білім жинағы және іскерлік. Бұл оқушылардың келесі нәрселерді жүзеге асыруына  көмектеседі:

— мәтіннің түрін  және мақсатты бағдарын түсіну;

— берілген мәтінмен жұмыс жасай білу;

— әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды табу;

Мәтінмен  жұмыс   жасаудың  тиімділігі  оқушылардың әр-түрлі деңгейдегі мәтіндерді оқып түсінуі болып табылады.

Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу. Оқушы әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi. Оқуға үйрету  -оқушылардың әр-түрлі деңгейдегі мәтіндерді оқып түсінуі болып табылады:

Олар   төмендегідей    жіктеледі:

— мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну ( танып оқу);

— мәтіннің мазмұнын толық түсіну (зерттеп оқу);

   — керекті ақпаратты теріп алу (ізденіп оқу).

Өз   тәжірибемде  «Адасқан  құмырсқа»  ертегісін оқыта отырып талдаттым

Талдау.

Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, игерумен ерекшеленедi.

   Талдаудың түрлерi:

       1. Негiзiн тану;

       2. Астарлы мағынаны ажырату;

       3. Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау.

1. Негiзiн тану — құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.

2.      2. Астарлы мағынаны ажырату  / екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн).

  3. Мотивация — себептердi айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.   

Жинақтау

Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру. Болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру.  

     Жұмыс және нәтиже түрлерi:

1.      Шығармашылық жанрлар. Шығармашылық жанрлар — эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.

2.      Жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу. 2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).

3.      Абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер.. Ғылыми   гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.

Бағалау.

Оқушылар өз ойларын, идеяларын   пайымдауларын мазмұндап, оларды негiздеуi қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық  жүйелiлiк, дәйектiлiкке негіздеуі қажет.

   Қорыта келгенде жаңартылған  білім беру мазмұнында  мәтінмен жұмыс жасау өте маңызды болып табылады. Қазақ тілінде тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді дамытады. Түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасайды, өзара пікір алмасады,  көзқарастарын білдіреді, өз ойын жүйелі де нақты жеткізе алады; қазақ тілінде  берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады; түрлі мәтіндерді өздігінен  түсініп оқиды; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары арқылы тың идеяларын өзгелермен еркін бөліседі.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles