Аннотация: Тəуелсіз елдің негізгі тірегі — білімді ұрпақ. Қазіргі таңда Қазақстандағы жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың дағдыларын қалыптастырудың теориялық негізі қарастырылған. Білімдінің алға түсіп, бəйгеден озып келетін заманы енді туды. Заманауи қоғамның негізгі бөлшегі – білімді ұрпақ. Мақала тақырыбы бойынша көптеген педагогикалық əдебиеттер, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы,профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы, əр түрлі ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Бұл технологияларды қолданудағы негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Жас ұрпақ-ел тірегі ертеніміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
Жан-жақты дамыған, біліміне білігі сай жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жас азаматтарын тәлім мен тәрбие бастауынан сусындататын біз, тәлімгерлер , ең алдымен білікті болуға шығармашылықпен жұмыс істеуге тиістіміз. Шығармашылық жұмысымда өз жемісін берген озық технологиялар мен әдістерден үйрене отырып, өз тәжірибеммен де бөліскім келеді.
Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру саясаты еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Заманауи қоғамның негізгі бөлшегі – білімді ұрпақ. «Білімді ұрпақ» дегеніміз алдымызда жан-жақты білім нәрімен сусындатып отырған оқушы. Ал заманымыздың негізгі талабы – бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы – компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық-коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Бүгінгі таңда әрбір отбасының күнделікті өмірге қажетті техникалық құралдарының бірі – компьютер. Компьютерге аяғын апыл-тапыл басқан сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін қызығушылық танытуда. Ал мектеп жасындағы балалар үшін компьютерді жақсы меңгеру, яғни әртүрлі бағдарламада жұмыс тәжірибесін жанындағы құрбысынан асыра көрсете алса, өзі құралыптастарының алдында бала беделін одан да жоғары көтеретіні сөзсіз. Компьютерге деген қызығушылықтың басқа да пәндерге деген қызығушылықтан басым түсе бастауы, оның әр күн сайын жаңа моделдерінің шығуы және заман талабына сай әртүрлі бағдарламалардың күніге саны артып келе жатуында деп ойлаймын.
1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне клиптер, слайд шоу.
2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылыным, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .
3. Жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.
Бұл технология негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде тек білім беру саласында басқаруды автоматтандыру болды.
Бұдан қол жеткізетін жетістіктер:
1. Кроссворд, кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы громатикалық және лексикалық оқу маралдарын өңдеу.
2. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді.
3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту.
4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.
Ақпараттық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.
1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.
2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.
3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.
Сабақта видео көрсетіп, оқушыларға өздерінің ойларын ортаға салдыртуға болады. Интерпретация ретінде мәтінмен, оның сюжеттік-композициялық құрылымын талдау арқылы, яғни «оқиға картасы» әдісін қолданып, оқиғаға жаңаша көзқарас тудыруға болады. Автор көзқарасын өз көзқарасымен салыстыру арқылы рефлексия жасатып, кері байланысты ұйымдастыру маңызды.
Жаңа технологияның басты ерекшелігі- сабақ процесінде оқытушы өзі емес, оқушыны көп сөйлетуі керек. Оқытушы бұл процесте бағыт сілтеуші, кеңес беруші, басқарушы. Ал қалған жұмыстың барлығын оқушы атқаруға тиіс. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.
Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашалықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу тиімді.
Бүгінгі таңда технологиялар өз қолдауларын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда. Технология – бұл қандай да бір жұмысты, өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы. Әдебиет сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы және Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдануға ыңғайлы, былайша айтқаңда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер және тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
— шыңдалған ойлау, кез- келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
— күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
— үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудың ерекшелігі – жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, модельдер жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелер туындайды.“Сыни тұрғыдан ойлау” технологиясын қолдану оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін дамытудап басты құрал болып табылады.“Сыни тұрғыдан ойлау” технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
Қызығушылықты ояту;
Мағынаны тану;
Ой – толғаныс.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
-оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;
-басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйретеді;
-өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
-керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;
-ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамытуда мен де осы айтылған технологияларды пайдаланып, комуникативті құзіреттілік арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін ашуға тырысудамын. Осыдан оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу білік-дағдыларының жетілуін оқушылардың сапа көрсеткіштері мен шығармашылыққа құлшыныстарының артқанын байқадым.
Күтілетін нәтижелер: – пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділігі артады; – шығармашылық жұмыстар арқылы ойын дамытады; – өздігінен іздене алады, ғылыми зерттеу жұмыспен айналысуға көмектеседі; – өзіне деген сенімділігі қалыптасады; – жалпы алғанда оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейі артады.
«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» – деп ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтқандай, жүрегі – Қазақстан деп соғатын, нәтижем – шәкіртім деп түсінетін ұстаздар жаңалықтан қалыс қалмай, өз ісін адал атқаруға талаптанады. Болашақ есігін еркін ашып кіретін, рухани жан дүниесі бай, сыни көзқарастары өскен, белсенді ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздар қауымының басты міндеті. Г.Бокль «Шынайы білім фактілерді білуден емес, оларды дұрыс қолдана білуден құралады» дегендей, теориялық білімімізді тәжірибеде дұрыс, тиімді қолдана білу – мұғалім мұраты.
Қорыта айтқанда «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Бітібаева Қ., Құдайбергенова Г., Мұқашева М. Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы. — Өскемен, 2002.
3.Ахмет Л. Компьютерлік технологияны оқу-тәрбие процесінде пайдалану мүмкіндіктері
4. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы.- Алматы, 1966.