ЖОҒАРЫ ИНТЕЛЛЕКТ БЕЛГІЛЕРІ.
1. Басқа адамдарға эмпатия.
Ғалымдардың көпшілігі жоғары интеллектке ие адамдар басқаларға жанашырлық танытуға бейім екенін айтады. Мұндай адамдар, негізінен, өзіне жақсы қарым- қатынас жасайтын адамдардың эмоционалдық күйін бірден байқайды.
2. Сіздің ішкі жай-күйіңізден хабардар болу.
Бұл адамның терең ойлау қабілетінің жоғары екенін көрсетеді. Ол шын мәнінде өте аз білетінін түсінеді. Бұл қасиеті оған үнемі оқуға және жаңа нәрсені үйренуге мүмкіндік береді. Мұндай адам әрқашан өзін-өзі дамыту үстінде жүреді.
3. Сіздің мүмкіндіктеріңізді ұтымды пайдалану.
Әрқайсымыз тәкаппар адамдарды кездестірдік. Олар өздерінің қабілеттерін асыра бағалауға бейім. Дегенмен, өмір бәрін өз орнына қояды. Сондай-ақ өздерін төмен санайтын адамдар да бар, бұл да жақсы емес. Ақылды адам өз мүмкіндіктерін тиімді түрде пайдаланады. Бұл дағды олардың өмірінде табысты болуға бастар жол іспеттес.
4. Жақсы юмор сезіне білу
Га
1221ұзе
Жақсы әзілдей білу жоғары интеллектуалдық қабілеттерді қажет етеді. Мұндай қабілет барлығында бола бермейді. Бұл адамдар орынды қалжыңдай біледі. Ал бұл қарым-қатынас жақсартуда өз септігін тигізеді.
5. Өзіңізбен жалғыз қалу мүмкіндігі.
Өзімен-өзі жалғыз, серіктессіз қалған адамның интеллектісінің жоғары болмайтыны анық. Ақылды адамдар жалғыз қалғанның өзінде, әрқашан істейтін нәрсе табады. Бұл кез келген нәрсе болуы мүмкін: оқу, фильм көру, өнермен айналысу, шет тілдерін үйрену және т.б.
6. Түнде жұмыс істеуге бейімділік.
Ғалымдар түнде жұмыс істейтін адамдардың интеллекттісі жоғары екенін анықтады. Олардың ойлары ерте ұйықтауға мүмкіндік бермейді. Нәтижиесінде, тың идеялар мен ұшқыр ойлар туындайды.
7. Бос уақытыңызда ұйықтау.
Көптеген ғылыми зерттеулер күндіз ұйқы түріндегі демалу ақыл-ой жұмысына жақсы әсер ететінін көрсетті. Интеллектісі жоғары адамдар күндіз ұйықтауды әдетке айналдырады. Бұл процесс үшін оларға жиырма-отыз минут жеткілікті.
Тұраш Ақбота, Алматы қаласы.