7 C
Нур-Султан
Пятница, 29 сентября, 2023
spot_img

Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы

«Можете дать мне качелю?»Бір кішкентай бала өзгеден осылай әткеншектен орын сұрады.»Қазақша сұрасаң ғана беремін» деген жауапқа әлгі бала: «Да,я знаю что я казах но не умею говорить на казахском» ,деп жауап қатты.Ал сен білу керексің деген пікірге: «Ну я не объязан знать,в нашей стране разрешено говорит и на русском» деп жауап берген болатын.Бұл қаншалықты дұрыс?

      Біріншіден қазақ тілі біздің мемлекеттік тіл.

Екіншіден орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар жүретін тіл болып саналсада, өз туған тілімізбен теңеспеуі керек.

Үшіншіден тіпті біздің көпұлтты мемлекет болғанымыздың өзі ол өз тілімізді білмеу керекпіз дегенді білдірмейді.Тарих бетін ашып қарасақ та сонау ерте кездерден ақ ата бабаларымыз елдің тәуелсіздігі үшін ,тілін мәдениетін ,жеке құқығын сақтау үшін бәрін жасады.Мейлі ол Әліхан Бөкейханұлы немесе Ахмет Байтұрсынұлы болсын.Осыншама қан мен тердің бекер төгілгені ме бұл?Біз өзіміздің жеке ұлт ретінде сақтағымыз келсе алдымен елге деген құрметті келешек ұрпақтын бойына сіңіруіміз керек.Тәрбиені беру ана тілді үйретуден басталады.Қандай заңда жазулы тұрсада ,өз туған жерін ,елін сыйлайтын кез келген азаматтан сұрасаңыз ол ең алдымен «қазақ» тілі жоғары тұруы керек екені жайлы айтады.Бар жоғы 8-9 жасар баланың бұл жауабына ата ана тәрбиесі негіз болғаны сөзсіз.Шыңғыс Айтматов «Тілі мәнгі жасаған Халық өзі де өлмейді»деп бекер айтпаса керек.Ана тілімізді жоғалтып алуымыз немесе сақтап қалуымыз жастар мен жас өспірімдер ,олардың болашақ тәрбиесіне тікелей қатысты емес пе?Сол кішкентай балаға тәрбие беруші ата -анасы да тілдің маңызын түсінбейтін болса ,біз елден ,ұлттық құндылығымыздан қандай үміт күтпекпіз?Белгісіз. Ел президенті  орыс тілін мемлекеттік тіл деп бекітті.Бірақ бұның өзі «қазақ»тілін білмеуге болады дегенді білдірмеген еді.Орыс тілі тек өзге ұлтпен ортақ тіл табу үшін ғана керек.

Бұл тек бір ғана бала жайлы оқиға,ал одан бөлек қаншама ер жете келе тек орыс тілін білетін «қазақ» ұлтының азаматтары мен азаматшалары жетерлік.Ал жер бетінде өз жеке тілі мен ұлты жоқ ,тәуелсіздікке ие емес адамдар да жетерлік емес пе…Ойланайық.

     «Қазақ тілі — сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл.» Бауыржан Момышұлы,сөзін негізге ала отырып қазақ тілі ұлы тіл,сол ұлылықты сақтау әрбір қазақ үшін міндет дегім келеді.Тілімізді қадірлейік!

Предыдущая статья
Следующая статья

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,873ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles