20 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Мен таңдаған мамандық

    Мамандық әрбір адамның сүйіп жасайтын кәсібі. Жалпы мамандық таңдау ол адамның өміріндегі ең маңызды шешім. Өмірде басқа нәрседен қателессек те мамандық таңдаудан қателеспеуміз керек. Себебі: мамандық біздің болашағымыз. Ал болашағымыздың жарқын болуы біздің қолымызда. Менің ойымша әрбір адам өз жүрегі қалайтын мамандық таңдауы тиіс. Сондықтан мамандық таңдамас бұрын көп ойлану керек.

       Менің таңдаған мамандығым- журналист. Бала кезімнен журналист болуды армандаймын. Арманыма жету үшін асығамын. Жақсы журналист болу үшін өзінен гөрі халықтың тағдыры, отанның бүгіні мен келешегі қашанда бірінші орында тұруы тиіс. Сонымен қатар сөзге шешен, үнемі ізденісте болатын, кез келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам болуы керек. Жалпы мен болашақта қазақ журналистика саласының деңгейін көтеріп, еліме үлкен үлесімді қосқым келеді. Бұл саланың бүкіл қыр-сырын игеріп, жоғары білім алып, халқыма адал қызмет еткім келеді.

         Менің арманым- менің болашағым. Болашақта өз ісімнің шебері болып, өз саламның шыңына тұратын күнге жетемін деп үміттенемін. Сондықтан өзіме ұнайтын бұл мамандықты таңдағаныма өкінбеймін деп ойлаймын. Қызығушылықтарым мен икемділігіме қарап отырып осы мамандықты таңдадым. Мен таңдаған мамандығым менің жарқын болашағым боларына сөзсіз сенімдімін.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles