Әр ұлтты бір-бірінен ерекшелеп, ұлттың символына айналып, дараландырып тұратын ең қасиетті ұғым, ол тіл. Әр халықтың өзіне тән өз тілі болады. Ұрпағы тарихын, кім екендігін, шыққаны қай жер екендігін тіл арқылы ғана біле алады. Ана тілі. Анадан берілетін, ақ сүтімен бойымызға даритын тіл! Кішкентай нәресте болып туыла сала, құлағымыздың құрышын қандыратын әлди де ана тілінде айтылады. Нәрестені еркелету сөздеріде ана тілінде… Менің ана тілім, қазақ тілі. Елімнің ана тілі, қазақ тілі. Қазақ халқының өз тілі — Қазақ тілі! Бірақ, елім өзінің кім екендігін ұмытып бара жатқандай… Еңбектеген баладан, таяқ ұстаған қартқа дейін өзінің қай жерде тұрып жатқанын ұмытып бара жатырма? Еліміздегі орысша мектептер, орыс сыныптары… Ол сыныпта оқыйтын қазақ балалары. Неліктен? Неге қазіргі ата-аналар балаларын орысша тәрбиелеп, орысша сөйлетіп жатыр? Қазақ балаларының өзі, қазақша сауатты сөйлеу білмейді… Нақыл сөздер, мақалдар тіпті шетте қалды… Ұлттық идеология құртылып бара жатқандай. Көп байқайтыным, қазақ балаларының алғашқы сөздері орысша шығып жатыр. Сонда, болашақ Қазақстан қалай болмақ? Қазақ деген аты ғана, бірақ, жартылай орыс болып отырмақпызба? Менің таң қалатыным, қазақ елінде орыс тілі міндетті тіл, ағылшын тілі міндетті тіл болып бектіліп қойды.. Бірақ, біз биік қойып жүрген Орыстар қазақша білеме? Мейлі, Россиядағы орыстарды қойшы, менің жерімде, Қазақ жерінде тұрып жатқан орыстар, қазақша білеме? Сөйлей алама? Сөйлей алмақ түгілі, екі сөздің басын құрай алмайды. Сөйте тұра, біз, қазақ жеріндегі қазақ азаматтары, оларға орысша сөйлеп, түсіндіруге міндеттімізбе? Неге еліміздегі орыс азаматтарына қазақша сөйлеуді, үйренуді міндет етпеске? Неге олар тұрып жатқан мемлекетіне құрмет көрсетпеске?
Менің ойымша, барлығы намыста! Қазақ азаматтары намысшыл дейді емеспе? Неге осы тұста өз намысымызды көрсетпеске? Соңына дейін қазақ тілін қорғайық! Оны өзіміз, ҚАЗАҚТАР қорғамаса, қорғайтын басқа ешкім жоқ! Өзімізді өзіміз шыңға шығармасақ, анталаған жан-жақтағы түлкілер мен қасқырлар, өзі тілімізбен жерімізге дейін тартып алары сөзсіз! «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деген қазағым осы жағдайды біліп айтқандай… Балалар, ата-ананың жолымен, сөзімен жүрер шағында Отан сүйгіштікке, өз тілін білуіне үйрету керек! Балаға жол көрсетер ата-ана!
Ұмытпайық! Өз тілімізден айырылсақ, дін мен ұлттанда айырылар күн алыс емес. Үлкен қасірет пен жеткен тілімізді сақтай білейік, бағалайық. Тіл, біз ең үшін ең қасиетті ұғым болуы керек! Оған бей-жай қарамайық. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсынов.