7 C
Нур-Султан
Пятница, 29 сентября, 2023
spot_img

Білімді жастар-ел болашағы!

Ғылым. Техника. Жаңашылдық.
Уақыт өткен сайын әлемнің түкпір-түкпірінде инновация дамуда. Адам баласы XXI ғасырда толықтай жетілісіп, жаңа заманды құрды. Сол жаңа заманға сай болып жүру білімді талап етеді. Ежелгі дәуірден бері атам қазақ «білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп бекер айтпаған. Сол дәуірдің өзінде-ақ халықты білімді, ақылы бар адам басқаратын болған. Біз де өз заманымыз да білім және ғылымды нығайтуға ат салысуымыз керек. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сәйкес реформалау мәселесіне аса назар аударды. Білімнің баға жетпес байлық екенін халқымыз жақсы түсінеді.

Елбасымыздың айтуынша қазіргі уақытта адамзат биігін біліммен бағындыратын заман. Бүгінгі жас ұрпақ мұны сезініп, білімге барынша зейін қоюда. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Мектептегі білім тыныс-тіршіліктің іргетасы. Сондықтан да сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқушының міндеті. Қазақстан тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде әлемдік қауымдастыққа кіре отырып, экономикада айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Біз көздеген мақсаттарға жету үшін Қазақстандағы білім беру сапасын дамыту керек. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті гүлденген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды, асқақ елімізді көкке көтереді. Біздің алдағы міндетіміздің бірі- білім мен ғылымды дамыту болмақ. Себебі еліміз өркениетті бәсекелес мемлекеттерден басып озуы, біз үшін үлкен жетістік!. Білім мен ғылымды дамытуда біз қандай шараларды жүзеге асыруымыз керек?. Көкейімізде тұрған бұл сұраққа мынадай жауаптарды қарастырып көрейік:
1) ең алдымен шет ел мәдениетін зерттеп өзімізге керегін алу
2) олармен қарым-қатынас жасап технологияны дамыту
3) еліміздегі жоғары оқу орындарына тәжірибелі, білікті мамандарды жұмысқа алу.
4) жасөспірімдерді оқуға тарту мақсатында білім жүйесіндегі түрлі іс-шараларды көбейту
5) алған білімдерді тәжірибе ретінде іске асыру
Осындай әрекеттірдің арқасында біздің еліміз шет елдермен бәсекелестікке шыға алады. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім», — деп ұлы жазушымыз М. Әуезов айтқандай, мемлекетімізді өркениетке апарар жолдың бастауында білім мен ғылым тұрады. Солай екен, ел үміті білімді жастарда!. Білімді ұрпақтың мемлекетке тигізер пайдасы зор. Білімді жастар ғана ұлтымызды биікке көтереді. Отанымыз Қазақстанның дамуына бірге ат салысайық!.


Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,872ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles