17 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Сабақты тиімді жоспарлау мұғалімнің кәсіби шеберлігінің көрінісі

Аннотоция: Мақалада күнделікті сабақ жоспарын құрудың әдіс-тәсілдері, сабақ жоспарын жазуда қойылатын талаптар, тиімді жолдары ұсынылады. Сабақ жоспарын жазуда мұғалім нені ескеру керектігі және ұтымды құрастырылған сабақ жоспары оқушының сапалы білім алуына септігін тигізетіні айтылады. Сабақ құрастыруда мақсат таңдаудың, оған сай тапсырма түрлерін ұйымдастырудың ұтымды жолдары көрсетіледі.

Тірек сөздер: сабақ, сабақ жоспары, сабақ құрылымы, мақсат қою, тапсырма түрлері т.т.

Сабақ жоспары – мұғалімнің бір сыныпқа арналған  жан-жақты суреттеуі болады. Мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасайды. Күнделікті сабақ жоспары – қысқа мерзімді жоспарлау деп аталады. Мұғалім әр сабақ жоспарын жасағанда оқушының  қызығушылығы мен қажеттілігін қарай өзгертіп отырады. Әрбір мектептің сабақ жоспарын құруда өз тәртібі болуы да мүмкін. Сабақ жоспары − мұғалімдер үшін оқушылар нені білу керек екенін  мақсаты ететін, сол мақсатқа қалай жететінін (әдіс-тәсілдер)  және сол мақсатқа қалай жеткенін өлшейтін (тест, жаттығулар, үй тапсырмалары) жетекші құрал. Сабақ жоспары – ең алдымен, ойлау үдерісі.

Сабақ жоспарлаудың көп түрі болады, бірақ сабақ жоспарлау төмендегідей негізгі бөлімдерден тұрады:

  • сабақтың тақырыбы
  • сабақтың өткізу уақыты
  • сабаққа қажетті материалдар
  • сабақта қойылатын мақсаттар (оқушы сабақ соңында нені жасай

білетіні туралы саралау және оқушы сабақ соңында нені білгені туралы балалар нені оқып-үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді)

Жақсы құрастырылған сабақ жоспары дегеніміз не?

Жақсы құрылған сабақ жоспарында оқушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктері көрініп тұрады және білім беруге арналған үздік әдіс –тәсілдерден  құралады. Мысалы, әдебиет сабағының жоспары төрт тақырыптың аясында топталады: әдебиеттік тақырып, тілі, әдебиет тарихы және жанры.  Толық тақырыптық сабақ жоспарын құруда мұғалім әртүрлі зерттеуге, оқылым, жазылым, айтылымға бағытталған тапсырмалар құрастыру керек. Бұл мұғалімге әртүрлі әдебиет жанрларын оқытуға, бейне материалдар, фильмдер, теледидар бағдарламаларын  көрсетуіне көмек болады.  Сонымен қатар, тіл мен әдебиетті біріктіріп беруге жеңіл болады. Осылай тарих сабағының жоспарын жасағанда да мазмұны тарихи нақтылық пен аналитикалық ойлауға негізделеді.  Юнит жоспары  сабақ жоспарына ұқсағанымен ерекшелігі бар.  Юнит жоспары  бірнеше күндер мен апталарды қамтитын тарау немесе блоктың жоспары болып табылады.  Жаңа құрылымды оқыту егер юнит жоспары болса, әрбір сабаққа жоспар жасауды талап етпеуі де мүмкін. Себебі,  юнит жоспарында анықталған мақсат пен мерзім, оқушылар үйренетін дағдылар  белгіленген, бірақ сабақ жоспары оқушылардың күнделікті қажеттіліктеріне қарай өзгеріп отырады. 

Сабақ жоспарының жазылу форматы әртүрлі. «Жүзеге асыруға жеңіл және жұмыс барысында қолдануға қарапайым етіп құралған үлгілер сабақ жоспарының ең тиімді форматы болып саналады. Жоспарлы формат та мұғалімге көмекші сілтеме ретінде қолданылуы мүмкін. Егер де мұғалім кенет жаңылып қалса немесе ойы басқа адамдардың ықпалымен бөлініп кетсе, сабақ жоспарына сәйкес тез ілесе алады.» [Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық] Сабақ жоспарының жеке бөліктеріне тоқталып кетейік.

Сабаққа мақсат қою. Сабақ жоспарын жасауда мұғалімнің ең бірінші жұмысы – жалпы сабақтың мақсатын анықтау мен түсіндіру.  Мақсатты түсіндірудегі бірінші сөйлем оқушылардың сабақ соңында нені жасай білу керек  екендігіне жауап беретін сөйлем болу керек. Гарри Вонг айтқандай: «Әрбір мақсат орындалар іс-әрекеттің жүзеге асуын көрсететін етістіктен басталуы керек». Мақсат жалпы сабақты басқарады, бұл – сабақтың ең маңызды  өзегі. Әрбір сабаққа мақсат  қоюда сақтық танытқан жөн, себебі мақсат оқушылардың сабақтағы қатысқан әрекетін анықтап отырады. Сонымен қатар, мұғалім қойған сабақ  мақсатымен  оқушылар деңгейі үйлесімді болуына сенімді, күтілетін нәтиже тиімді болатынына кепілдеме беруі керек.

Сабақ жоспарына материалдар жинау. Сабақ жоспары сыныпта қолданылатын оқулық материалдарын қамти құрылу керек. Мектеп негізінен  жеке  юнит үшін оқулықтарды жинайды немесе оқушылардың шектеулі таңдауларын ескеріп, мұғалімдерге ұсынады. Мұғалім оқушылар үшін ең сәйкес келетін кітап таңдауда  ықыластылық танытқаны дұрыс.

Сабақ жоспарындағы тапсырма түрлері. Мұғалім тапсырманың жалпы

сынып оқушыларына, шағын топтарға, семинарларға, жеке жұмысқа, тәжірибе алмасу немесе келісімді жұмысқа қолайлы  немесе қолайлы емес екендігін шешуі керек.

  • Жалпы сыныпқа берілетін тапсырма — мұғалім сыныпқа дәріс оқиды,

оны  сынып оқушылары талқылайды;

  • Шағын топтар берілетін тапсырма—оқушылар тапсырманы 3-4

адамнан тұратын топтарда орындайды.

  • Семинар тапсырмалары  — оқушылар әртүрлі тапсырмаларды бір

уақытта орындайды. Семинар жаттығулары сабақ жоспарына бағытталған болу керек.

  • Жеке жұмыс тапсырмалары — оқушылар жеке жұмыс жасайды.
  • Тәжірибе алмасу тапсырмасы  – оқушылар бірге жұмыс жасайды,

бетпе-бет, солайолар бір-бірінен үйренеді.

  • Келісімді жұмыс — мұғалім мен оқушы келісім жасайды, осындай

тапсырмада оқушы белгіленген жұмыс көлемін белгіленген мерзімде орындайды.

Бұл тапсырма түрлері (мысалы, тәжірибе алмасу, жеке жұмыс, шағын топтар) мұғалімнің оқушылар туралы ақпарат білуіне  және жалпы сыныптың материалды түсінуі жайын  бағалауына  пайдасын тигізеді. Биггс (1999) айтқандай, мұғалім оқушыға пайдасын тигізетін тапсырмаларды таңдап, қарастыруы  керек. Мысалы, тапсырмалар төмендегідей сұрақтар аясында құрылу керек:

  • Әртүрлі қиындықтағы тапсырмаларды таңдауда оқушылардың білім деңгейі қандай болу керек?
  • Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауына қанша уақыт береді?
  • Мұғалім оқушыны бағалауы мен кері байланыс алуына қанша уақыт қажет етеді?
  • Тапсырманың мақсаты қандай?
  • Тапсырма сабақ жоспарымен сәйкес келе ме? Тапсырма сабақ мазмұнын түсінгенін тексере ме?

Енді сабақ жоспарының бөліктеріне тоқталайық.

Кіріспе бөлік. Сабаққа кіру (кіріспе немесе көпір салу): оқушылар сабақтың дағдылары мен мағынасын талқылайды, сұрақтар қояды немесе өткен сабақты еске түсіреді, жаңа сабақ бағдарламасына еліктіреді, осы сабаққа дейін нені білетінін анықтайды.

Негізгі бөлік.  Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті. Мұғалімдермен бірге оқушылар жаңа идеялар және жаңа дағдылармен жұмыс жасайды. Оқушылар өздігінен дағдыларын және білімдерін кеңейтетін тәуелсіз іс-тәжірибе жасайды. Тапсырмаларды орындауда оқушылардың білімі формативті (қалыптастырушы) бағаланады. Мұғалім талқылауды аяқтап, сұрақтарға жауап беріп, қысқа баяндайды.

Қорытынды бөлік. Оқып үйренген дағдыларын меңгергендігін тексеру тесті, бағалау компоненті. Мысалы, жауап беруге арналған  сұрақтар немесе тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулық. Мұғалім сабақ туралы қандай оқушы жақсы  жұмыс жасады, ал қандай оқушы әлі көмекті керек ететіні туралы рефлексиялық талдау жасайды. Келесі сабақпен байланысын қарастырады.

         Сабақ жоспарын жазу  мұғалім үшін зерттеу жұмысы болып табылады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Teacher Handbook_Мұғалімге арналған нұскаулық II деңгей

2.Teacher Handbook_Мұғалімге арналған нұскаулық III деңгей

3.http://en.wikipedia.org/wiki/Lesson_plan

4..http://www.teachingenglish.org.uk/articles/literature?page=0%2C1

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles