20 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Менің педагогикалық өмірімдегі Ыбырай Алтынсариннің еңбектерінің маңызы мен тәрбиелік мәні

Ыбырай Алтынсаринның еңбектері сонау ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарында халқымыздың тарихи-әлеуметтік жағдайларымен байланысты. Ыбырай атамыздың еңбектері арқылы  тіршіліктің өзекті мәселелерін көруге болады. Халқымыздың жазба әдебиетінің негізгі қалаушылардың бірі.

         География сабақтарында «Құрлықтағы сулардың түрлері мен қалыптасуы. Шаруашлық үшін маңызы.»  тақырыбын дәстүрлі түрде Ыбырайдың «Өзен» өлеңімен бастаймын:

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар,

Өзеннен рақат тауып басылады.

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары

Шуылдап желмен бірге бас ұрады…

          Бұл өлең арқылы оқушыларға өзенннің адам мен жан-жануарлардың өміріндегі маңызды екеніне көз жеткізуге тырысамын.

         Сонымен қатар географиялық  жеке нысандарын сипаттайтын өлеңдер мен әңгімелерді жазып әкелуге тапсырма беремін. Яғни , қазақ әдебиеті пәнімен байланыстыруға тырысамын. Өйткені, қазақ ақындарының өлеңдері жай табиғат нысандарын, құбылыстарын сипаттай ғана қоймай, тәрбиемен байланыстырады. Ыбырай атамыздың табиғат туралы шығармаларында тіршілікті, аспан мен жерді, ай мен түнді, тау мен орманды көріп –сезіну үшін білім керек екенін көрсете біледі.  Осындай тапсырмалар арқылы оқушылардың география пәніне ғана емес, қазақ әдебиетіне  деген  қызығушылықтарын оятамын.

         Ыбырай атамыздың «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер –білім бар жұрттар» өлеңдері арқылы оқушыларды Отаның сүюге, адамгершілікке, тәлім –тәрбиеге баулимыз.

         Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

         Айшылық алыс жерлерден,

         Көзіңді ашып — жұмғанша,

         Жылдам хабар алғызды.

         Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге

Күн жарымда барғызды…

Осы тамаша жолдары арқылы жас ұрпағымызды тәрбиелеудің тамаша құралы. Ақын балаларға оқу керектігін, болашақта шырақ болып жағылатының сендірген.  «Өсиет өлеңдері», «Әй жігіттер!» туындыларын сынып сағаттарда қолданамын. Мұндай өлеңдер арқылы адал еңбектің  маңыздылығын түсіндіремін.

«Өрмекші , құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі арқылы балаларды қоршаған ортаның сақтауға шақырамыз.

Ыбырай Алтынсарин аса талантты педагог,ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері. Қазақ қоғамының мәдениет пен жкономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, негізін қалады. Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мұлдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Әңгімелердің идеялық нысанасы жағынан жүйелер болсақ, еңбекті сүю, қадірлеу, жақсы мінез-құлыққа бағыттау, халқын сүю, махаббат пен мейірім перзенттін парыз өмірдің өзекті мәселелері қамтығанын көреміз. Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланыста, бір-бірімен ұштастыра суреттеліп отырады. Оның шығармаларынан жазушының биік адамгершілік қасиетін ,азаматтың тұлғасын көреміз, сүйсінеміз.  Ыбырай Алтынсарин өзінің әңгімелері арқылы балаларды еңбексүйгіштікке, адалдық, ізгіліктік, достыққа , адамгершілікке баулиды.  Ақындардың мұра ретінде  қалдырған еңбектерін түсініп оқып,балаларды тәрбиелеудегі негізгі құралдарына айналдыруға тырысамын.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles