-6 C
Нур-Султан
Вторник, 4 октября, 2022
spot_img

Қашықтықтан оқыту кезіндегі бағалаудың тиімділігі

Қашықтан білім беру — жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиалық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі жəне сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.        

Қашықтықтан оқыту – оқушы мен ұстаздың  жанама немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. «Онлайн» режиміндегі оқу сабақтары білім алушы мен педагог арасындағы асинхронды тілдесудің оқу іс-әрекеті үдерісін қарастырады. Қашықтықтан оқыта отырып, оқушының алған білімінің нәтижесін бағалау немесе күнделікті оқушы қандай деңгейде білімге қол жеткізіп жатыр деген сауалда әрбір адамзатты толғандырады. Осы тұрғыда критериалды бағалаудың қашықтықтан оқытудағы тиімділігіне тоқталғым келеді.

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл дәстүрлі бағалаудан өзгеше деуге әбден болады. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауды қамтиды.

Күнделікті сабақтың өн бойында жүретін бағалау қалыптастырушы бағалау. Бұл бағалаудың түрі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін байқатады, оқудағы қиындықтарды анықтауға, оқу бағдарламасындағы белгіленген оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:

  • қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту;
  • ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау;
  • уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту. Олай болатын болса, қазіргі таңда қашықтықтықтан оқыту барысында оқушыларымызды бағалау тиімді болды ма? Біріншіден мұғалім тарапынан әр баланың орындаған тапсырмасын көре отырып, жеке кері байланыс, түзетімдер енгізу кеңінен қолданылды деуге болады, себебі онлайн режимінде асинхронды қатынас жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз баланың қаншалықты білімді игерді немесе бойында құндылық пен қажетті дағдының қалыптасқаны диалогтық қатынаста көрініс табады.Оқушы өзінің әлі де түзетімдер енгізуді қажет ететін тұстарын, тез арада өзгертуге мүмкіндік алады. Бұдан шығатын қорытынды қалыптастырушы бағалаудың бірінші функциясының орындалғанын байқатады.

           Сонымен қатар оқушыны алға жетелеу мақсатында үнемі сындарлы және тиімді пікір білдіру қажет немесе қолайлы жағдай туғызған жөн. Мысалы, онлайн режимінде отбасында оқушыға ата-ана тарапынан қолдау, мадақтау берілсе немесе мұғалім тарапынан позитивті көңіл-күй сыйлай отырып, ашық пікір айтылып, жазылып және тапсырманың орындалуына қажетті дәрежедегі уақыт берілсе… Нәтижесінде қалыптастырушы бағалаудың екінші функциясы, яғни оқушыны ынталандыру жүзеге асырылғандығы байқалады және оқушыда алға қарай жылжу көрсеткішін көруге болады.

       Оқушыларымыздың тапсырманы орындауда немесе жаңа білімді, дағдыны игерудегі ынтасын оятуымыз қажет, яғни уәжін өсіре алуымыз қажет. Педагог оқушының ішкі уәжін өсіруге мұмкіндік беретіні белгілі.   Яғни мұғалім дайын білімді бермей, керісінше оқушы ізденетіндей білім беруі қажет. Сонымен қатар педагог сабақты тек қана қашықтықтан оқытудың ватсап желісін қолданып қоймай, бейнечат, zoom т.с.с.қатынас бағдарламаларын қолданып өтетін болса, оқушыда ынта, ізденіс пайда болады. Бұл қалыптастырушы бағалаудың үшінші функциясының орындалуының бір мысалы деуге болады. Осылайша бағалау ынталандырушы, қалыптастырушы және уәждемелік қызмет атқарады.

Неғұрлым оқушыға қолдау, жігерлендіру, тиімді ұсыныс беру, әдіс-тәсілдерді таңдай отырып, онлайн режимінде сабақ жүргізілсе, нәтиже болатыны сөзсіз.

            Оқушылар сабақ барысында жеке жұмыс істеуге қарағанда, мұғалім қолдау көрсеткен жағдайда көп жетістікке жетіп жүргеніне көз жеткізуі үшін жеке оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынып, тиісті, күрделілігі жоғарырақ мақсат қою отыру керек.

  Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етіледі:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
  • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
  • оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу;
  • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
  • кері байланыс ұсыну;
  • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету.

Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсер ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, жоспарына түзету енгізуіне, ал оқушыларға өз оқу жетістіктерін өздері бақылауына және одан әрі өзінің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Олай болса, қазіргі таңдағы сұраныс бойынша онлайн режиміндеде бұл талаптар орындалуы қажет.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,510ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles