Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы алдына қойып отырған мақсаттарының бірі-бәсекеге қабілетті,экономикасы дамыған,жоғары дәрежеде білім бере отырып,әлемдік өркениетті елдердің қатарына қосылу.Сондықтан елімізде ұстаздарға біліктілігін арттыруға арналған арнайы курстар жасап, жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалуда. Қазіргі мектеп мұғалімі сабағында үнемі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданатын болды.Шығармашылық қабілет әр оқушыда бар екені белгілі,сол шығармашылық қабілетті ашу-мұғалімнің міндеті
Оқушылар бойында сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру,диалог арқылы оқыту,топпен жұмыс істеу,рөлдік ойындар арқылы тағы басқа білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолданысқа енгізу басты мәселе болып тұр.Оқыту кезінде басты үлес шәкірттерде болады.Себебі ол өздігімен үйренуі керек,сонда ғана оның білімі толығады.
Технологиялардың танымал түрлерінің бірі – модульдік оқыту. Ол тұлғаның мүмкіндіктеріне сай бейімделінеді, ал дамыта оқыту оқушының жеке тұлғалық біліктілігін арттырады.Осы жағдайды ескере отырып М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» қолданып жүрмін.Алдыма қойған мақсатым-өз бетімен білім алатын,өмірдің қиындықтарына төзетін,қиындықтарды женетін,жан-жақты,білімді тұлға тәрбиелеу.Модульдік оқытудың ең негізгі міндеті-оқушының өз қалауымен,өз бетінше жұмыс істей алуына мүмкіндік жасау.Жаңа технологияның әдіс-тәсілдеріне сәйкес инновациялық құрылғыларды пайдалану өте қажет.Ол білім сапасын арттырудағы тиімді жолдарының бірі.
Сонымен қоса бұл технологияны үш,төрт сабаққа дейін дайындап алған жөн,себебі ол кіріспе,диалог,негізгі бөлім,қорытынды деген бөлімдерге бөлінеді.Әр бөлімдегі тапсырмалар,әдістер алдын ала уақыты бөлініп сабақтың толық 45 минут уақытын қамтиды.Үлкен ватманға сабақтың қысқаша жоспарын жазып, тақтаға іліп қойып,оқушыларды жұмыс барысымен таныстыру керек,оны кіріспе бөлімінде жасайды.
Негізгі бөлімінде тақырыпты ашу үшін қажетті материалдарды алдын ала дайындап алу керек.Қосымша материалдар,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,АКТ-ны қолдану,дарынды оқушылармен жұмыс түрлері.Қорытынды бөлімінде деңгейлік сынақтар,рөлдік ойындар,тесттер,ойын элементтерін тиімді пайдалану қажет себебі бала қоғамдық тәжірбиені ойын арқылы тез қабылдап алады,әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына,мақсатына,жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.Сәйкестігін табу кестелері,венн диаграммалары,топтық жұмыстарды пайдаланса сабақтын мақсатына жетудің бірден бір жолы деп білемін.Өзім осы модульдік технологияны Қазақстан тарихы пәнінде «Қаңлы» тақырыбына,«Екінші дүниежүзілік соғыс», «Қазақ хандығы» тақырыбына арнап өткіздім.Нәтижесінде оқушылардың қиналып оқитын тарих пәніне деген қызығушылығы артып,үздік тарихшы оқушылар қатары көбейді.
Оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдері оқушылардың терең де тиянақты білім алуына мүмкіндік беретіндей етіп жолға қойылса,олардың салыстыру, топтастыру, жүйелеу, жинақтау сияқты дағдыларының қалыптасуына негіз болады. Бұл әдіс әсіресе өз бетімен жұмысты ұйымдастырған кезде оқушылардың ойлау жүйесін дамытуға мүмкіндік береді. Жоғары сыныптарда сабақтардың әр түрлі формаларын,негізінен оқушылардың ойлауын жетілдіретін сабақ түрлерін көбірек және үнемі пайдалану қажет.
Шығармашалақ жұмыстың түрлеріне қарай оқушылардың білім алу нәтижесін тексеру мен бағалау- маңызды да күрделі мәселе. Білім, білік дағдыларын тексеру рейтингілік жүйемен жүзеге асырылады,балмен есептелінеді. Олар: тақырыптық есеп (жазбаша,ауызша), тест түрлері (хронологиялық толтыру,дұрыс жауап тандау, үйлестіру), өз бетімен жұмыс түрлері (реферат қорғау т.б.).
Оқушы білімін бағалауда негізінен қойылатын талаптар:
- Жазбаша,материалдық тарихи деректерді зерттей алуы
- Тарихи фактілерге талдау жасап, олардың себеп-салдарын, оқиғаларды салыстыру, байланысын айта алуы
- Пәнаралық байланыс мүмкіндігін пайдалана алуы
- Кез келген тақырыпқа сын көзбен қарай алуы, өз ойын жеткізе алуы, талдау, сарапта жасауы, қорытындылай алуы
- Өз бетімен зерттеу жұмысын жүргізе алуы
- Тарихи құжаттармен, қоғамдық-саяси әдебиеттермен, мерзімді баспасөздердегі әр түрлі дерек көздерінен алынған материалдарды пайдалануы, салыстыру және сын көзбен талдау жасай білуі, өз пікірін дәлелдей алуы.
Оқушының білімін бағалау кезде жазба жұмыстарының қорытындысы, ойлау, сөйлеу,
пәндік тілдің сақталуы, зерттей алу мүмкіндігі, материалдардың негізін көре білуі, талдау, сәйкестендіру, қорытындылай алуы есепке алынады.
Бұл жаңа тәсілдер арқылы,белсенді әрекеттер арқылы жаңа тақырып игеріледі.Оқушылар бұрынғыдай тындап,көшіріп қана қоймай өздерінің белсенді әрекеттері арқылы,өз еңбектерінің арқасында,өз сұрағына өзі жауап іздеп,өзінің олқылықтарын біліп,уақытты тиымды пайдаланып,жан-жақты білім алады.Жаңа үлгідегі сабақтардың оқушыға берері мол екендігіне көзім жетті.
Ы.Алтынсарин : «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі,қолымен ұстап,көзімен көріп,мұрынымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Жаңаша білім беруге көше отырып,еліміздің дамыған елдер қатарына қосылу мүмкіндігіне қол жеткізе аламыз.Еліміздің болашағы бүгінгі ұрпақ,бүгінгі мектеп оқушылары.