Джумашева Нуржан Алияскаровна
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының № 7 Бетқайнар колледжі, Қордай ауданы
Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы цифрлық трансформацияның жағдайы мен негізгі бағыттары, осы саладағы жұмыстар қамтылған.
Аннотация. В статье рассмотрена состояние и основные направления цифровой трансформации в сфере образования Республики Казахстан, и работы в этой сфере.
Annotation. The article considers the state and main directions of digital transformation in the field of education of the Republic of Kazakhstan, and work in this area.
Ғылыми мақаланың мақсаты: Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарын анықтау.
Зерттеудің әдістемелік негізі жалпы философиялық әдістерден тұрады: талдау, салыстыру, жалпылау, абстракциялау, диалектикалық тәсіл, историзм принципі, құндылық-семантикалық, аналитикалық әдістер, жүйелік талдау және білім беруді цифрландыру процестерін әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қарастыру үшін білім беруді цифрландыру мәселелеріне арналған монографиялық және әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасалды.
Зерттеудің нәтижелері: Қазақстанда EDTECH нарығының жағдайы, осы саладағы ірі платформалар мен Қазақстанның білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның нәтижелері.
Кіріспе. Бүгінгі таңда цифрландыру үрдісі іс жүзінде барлық қызмет салаларында дамудың негізгі векторларының бірі болып табылады. Нарықта инновациялық технологиялардың пайда болуы, цифрландандыру жүйесін жылдамдатып, көптеген салаларда түбегейлі өзгерістер тудыруда. Қазақстанда тиімді цифрлық экожүйені дамыту үшін бірінші кезекте 2017 жылғы желтоқсанда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама аясында Мемлекеттік білім беру жүйесін жаңартуға да көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, бағдарламада білім берудің барлық сатыларында цифрлық сауаттылықты арттыруға баса назар аударылды. [1]
Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету педагогтен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі білімгерлердің жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие үдерісін жылдамдату, жеңілдету, оңтайландыру. Білімгерлерге, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.
Цифрлық технологияларға: электронды құрылғылар, жүйелер мен мәліметтерді өңдейтін бағдарламалар жатады (компьютер мен смартфондар, әлеуметтік желілер, жасанды интеллект, түрлі бағдарламалар). Цифрлық сауаттылық дегеніміз осы технологияларды меңгеру және қолдана білу. Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында цифрлық сауаттылықты арттыру басты назарда. Себебі, цифрлық технологиялар еңбек нарығын да өзгертіп, бірқатар мамандықтарды жойып, орнына жаңа қызмет түрлерінің пайда болуына әкелді. Сол себепті жаңа шарттарға бейімді болу мен оған қажетті дағдыларды білу ең керекті қасиеттердің қатарында қарастырылады. Заман талабына сай еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін білім беру жүйесін цифрландыру өте өзекті деген тұжырым жасауға болады. Ғылым мен технология қарқынды дамыған заманда көптеген жұмыс орындарына барлық салаларда жаңа технологияны жетік қолдана алатын тұлғалар шақырылады. Сондықтан, бұл мәселелерді шешу үшін білім беру жүйесін жаңа форматта, цифрлық технологияларды қолдану жолымен дамыту маңызды. Білім беру ұйымдарын жаппай цифрландырудың маңызы болашақ ұрпақтың кез келген салада ақпараттық сауаттылығын арттырып, шеберліктерін шыңдап, жан-жақты іскерлігін дамытып, бәсекеге қабілетті етіп, білім кеңістігінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Осы мақсатта білім саласын цифрландыру жұмыстары кең қанат жайып келеді.
East-West Digital News басылымының зерттеуіне сәйкес, әлемдік білім беру нарығының көлемі 4,5-5 трлн. долларды құрайды. Бұл ретте онлайн-білім беруге тек 3% ($165 млрд) келеді. Алайда, сарапшылардың болжауынша, бұл нарық 2023 жылға қарай 240 миллиард долларға дейін өседі.
Сондай-ақ, сарапшылардың бағалауы бойынша, бірнеше жылдан кейін цифрлық білім беру айналымы 1 1 трлн (әлемдік білім беру нарығының~ 10%) болатын нарыққа айналады. Сол себепті, барлық елдер білім технологиясын (EdTech) жетілдіруге көп көңіл бөлуде. [2]
Білім беру технологиясы (әдетте қысқартылған EduTech, немесе EdTech) — бұл жеңілдету үшін компьютерлік техниканы, бағдарламалық жасақтаманы және білім беру теориясы мен практикасын бірге пайдалану оқыту. Білім беру технологиясы пайдаланушының оқу үлгерімін жақсартуға көмектесетін технологиялық процестер мен білім беру ресурстарын жасайды, пайдаланады және басқарады. [3]
Қазақстанда EDTECH нарығы дамудың басында тұр және инновациялар үшін мүмкіндіктер бар. Бұл нарықта жобалары бар BTS Education — білім беру өнімдерін әзірлейтін компания. Қазір ол Жаңа кәсіптер атласы, EduNavigator (оқушыларға арналған кәсіптік бағдар) және JumysBar (білім беру IT-платформасы) сияқты жобаларды жүргізіп жатыр. Білім беру ұйымдары үшін электрондық құжат айналымының мүмкіндіктерін және білім беру процесінің барлық қатысушылары: педагогтер, ата-аналар мен оқушылар арасындағы әлеуметтік желілік өзара іс-қимыл құралдарын біріктіретін «Күнделік» автоматтандырылған білім беру ақпараттық жүйесі 3,2 млн оқушы мен 2,5 млн ата-ананы қамтиды және қазақстандық танымал 5 сайттың қатарына кіреді. 2014 жылы құрылған BILIMLand.kz Қазақстандағы электрондық оқу контенті бар бірыңғай платформа. Бұл жүйені тек мектептер мен колледждердің оқушылары ғана емес, мектеп жасына дейінгі балалар да қолдана алады. Білім алушылардың ресурстары үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын), онлайн және офлайн режимінде қол жетімді. Платформада 40 мыңнан астам электрондық сабақ және көптеген мектеп пәндері бойынша 1 млн.астам мультимедиялық материал бар. «Bilimland» платформасының интерактивті контентін одан әрі байыту жоспарлануда, оның ішінде оқу цифрлық контентінің жетекші әлемдік провайдерлерімен – Microsoft, Intel, Global University Systems және Discovery Education [4]. Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, білім беру ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «Bilim Media Group» ЖШС (Оnline mektep.kz платформасы), Daryn.online.kz, Edupage т.б. платформалардың көмегімен білім алды.
«Smart-мектеп» жобасы ата-аналарға баласының мектепке қашан және қанша бала барғанын, сондай-ақ тамақтануға қанша ақша жұмсағанын білуге мүмкіндік береді. Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (ҚББЖ) оқу орындары үшін арнайы жасалған, ол бөгде адамдардың кіруін болдырмайды және SMS-хабарламалардың көмегімен ата-аналарды баланың мектепке келу және одан кету уақыты туралы хабардар етеді. Сондай-ақ, «Е-асхана» модулі іске қосылды, ол оқушыларға арнайы карталардың көмегімен түскі асқа электронды төлем жасауға мүмкіндік береді. Карталарда оқушының қалауы туралы ақпарат көрсетіледі, ол бойынша оның рационын да көруге болады.
Smart-балабақша. Петропавлда «Алтын бесік» балабақшасында Smart-балабақша жобасы іске қосылды, ол балалардың сабаққа қатысуын электронды есепке алуды, даму мониторингін жүргізуге, сондай-ақ ішкі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бала-бақшаларға балаларды ата-аналары өздері ертіп әкелетіндігіне қарамастан, жүйе ғимаратқа бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік береді, өйткені рұқсаттамалар тек ата-аналарға ғана қолжетімді болады. Сонымен қатар, баланың дамуы, тамақтануы және денсаулығы туралы мәліметтерді жүйеге енгізуге болады, бұл оның жетістіктерін қадағалауды жеңілдетеді. Жоба біртіндеп қаланың 14 мемлекеттік мектепке дейінгі мекемесіне енгізілетін болады.
ҰБДҚ-да (Ұлттық білім беру деректер қоры) 20 мыңнан астам білім беру ұйымдары тіркелген (Білім басқармалары; мектепке дейінгі ұйымдар; мектептер мен колледждер) 4,5 млн. пайдаланушы мәліметтері, білім беру процесінде пайдаланылатын материалдық-техникалық база туралы мәліметтер (кітаптар, компьютерлер және т. б.) бар. Жалпы, ақпарат 2800 көрсеткіш бойынша қалыптастырылады.
Барлық ақпаратты қызметкерлер жұмыс орындарында толтырады. Деректер ЭЦҚ-мен куәландырылады және өңірлер ақпараттың шынайылығы үшін жауапты болады.
Үлкен деректерді жинау, өңдеу және талдау жүйесі (Big Data).
• Еңбек тиімділігін және шешімдер қабылдауды арттыру үшін «бұлтты» технологияларды пайдалана отырып, үлкен деректерді жинау, өңдеу және талдау жүйелерін (Big Data) әзірлеу қарастырылды.
System for Education Data Analysis. «Үлкен деректер» технологияларын пайдалану бізді сапалы білім алуда халықтың қажеттілігін анықтау мен талдауда, соның салдарынан жалпы білім беру жүйесінің сапасын арттыруда түбегейлі жаңа тәсілге алып келеді.
«System for education data analysis» порталында келесілер ұсынылған:
• мектептер бойынша ақпарат (орналасқан жері, түрі, оқу тілі);
• оқушылар саны туралы ақпарат, мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердегі оқушы орнының тапшылығы немесе профицитінің болуы;
• мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерді (1) оқушыларды оқыту нәтижелері, (2) қосымша білім алуға оқушылардың қол жетімділігі мен қатысуы, (3) педагог жұмыскерлердің сапасы және (4) мектептерді материалдық-техникалық жарақтандыру өлшемдері бойынша кешенді бағалау;
• негізгі сапа көрсеткіштері бойынша өздерін қызықтыратын мектептерді салыстыру мүмкіндігі;
Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары берген дипломдарды онлайн тексеру мүмкіндігі порталдың артықшылығы болып табылады (http://seda.iac.kz/diploma-verify/). [5]
Сондай-ақ Bilim media group bilimland.kz, «Bilimal жобасымен» Өрлеу «инновациялық технологиялар орталығы және TopIQ электрондық оқулықтарының цифрлық платформасымен» Алматыкітап » және т.б.
Қорыта келгенде, білім беру жүйесін цифрландыру аясында жүргізіліп жатқан шараларға қысқаша шолу жасай отырып, олардың мазмұнына әсер ететін және ұйымдастырушылық процестерді жеңілдететін, жеделдететін жаңа озық технологияларды қолдануға бағытталғанын байқауға болады. Сонымен қатар, бұл процестер белсенді түрде енгізіліп қана қоймай, қоғамда жаңа технологиялық және әлеуметтік өзгерістер пайда болған сайын жетілдіріліп отыруды қажет етін құбылыс.
Әдебиеттер тізімі:
1 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Үкіметінің 12.12.2017 жылғы № 827 қаулысымен бекітілген.
2 Робинсон, Ронда; Моленда, Майкл; Резабек, Ландра. «Оқытуды жеңілдету» (PDF). Білім беру коммуникациясы және технологиясы қауымдастығы.
3 https://www.ewdn.com/files/russian_edtech_part1.pdf
4 Национальный доклад о состоянии и развития системы образования республики Казахстан. Астана 2019 г.