20 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы:  ХҮ ғасырдың соңы мен ХҮІ ғасырдың бас кезіндегі ұлы географиялық ашулар

Сабақтың мақсаты:

 ХҮ ғасырдағы Америка халықтары, ұлы географиялық ашулардың тарихи маңызы туралы оқушыларға мағлұмат беру;

Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап,  салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

 Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: саяхат

Әдісі: Жарыс сабақ

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Автор орындығы:

  • ХҮІ ғасырда Францияның экономикасында қандай жаңалықтар орын алды?
  • Мануфактураның дамуы үшін не керек болды? Оның қандай түрлері болды?
  • Шаруалар жаңғдайы қандай болды?
  • «Діни соғыстар» қашан не себепті шықты?
  • Ришелье деген кім
  • Абсолюттік ионархияның негізгі белгілері қандай?

Жаңа сабақтың жоспары: Түрлі-түсті смайликтер арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді.

1-тапсырма. «Ұлы географиялық ашулардың қажеттілігі» әр топ ойлана отырып өз ойларын ортаға салады. Неғұрылым маңызды ой айтқан топ жоғары бағаланады.

2-тапсырма. «ХҮ ғасырдағы Америка халықтары» кәсібі, салт – дәстүрлері , әдет-ғұрыптары жайлы толық мәлімет беру.

3-тапсырма. «Географиялық ашулардың нәтижелері» өзара ойланып кесте құрау және қорғау.

Ұлы географиялық ашулар

Феодалдық  құрылыс ыдырады. Ірі кәсіпорындар пайда болдыКомпас ойлап табылды. Ашық теңізге шығу қауіпсіз бола бастадыТер жүретін , желкенді кеме-каравелла жасалды
Ұлы географиялық ашулар
Жеке материктер арасында байланыс орнадыЕуропада тауар өндіру атты, сауда ұлғайды

Сабақты қорыту: Ұлы географиялық ашулардың кейінгі ұрпақ үшін қандай маңызы болды деп ойлайсыңдар.

Сабақты бекіту:

Картаны пайдалана отырып, португалдықтардың Африканың батыс жағалауын бойлай жасаған экспедициясы және Үндістанға баратын теңіз олын ашуы жөнінде айтып беріңдер.

Испандықтардың шағын отрядының Американың көлемді жерлерін басып алуының себептері неде?

Жаулап алушылар Америкадағы   отар халықтарды қандай жолмен қанағанын айтып беріңдер

Ұлы географиялық ашулардың Еуропа және  отар елдер халықтары үшін қандай нәтижелері болды?

Бағалау: көрсеткен нәтежиесі бойынша топтар бағаланады.       

Үйге тапсырма:  Тақырыпты оқу. Тест құрау.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles