Абдырахманова Дамеш Карловна – информатика пәні мұғалімі.
Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп – балабақша
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Мичурин ауылы
Сабақтың мақсаты: Паскаль тілінің қарапайым операторларын
пайдаланып математикалық есептердің
программасын құрып үйрену.
Міндеттері:
1. Паскаль тілінің қарапайым операторларын пайдалана отырып, берілген математикалық есептердің программасын құру.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, жұмыс істеу икемділігін, ақыл-ойын, ой өрісін дамыту.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілікке, шыдамдылыққа және жоғары саналылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық жұмыс.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: математика, физика пәндері.
Бағдарламалық қамсыздандыру: WINDOWS операциялық жүйесі,
TURBO PASCAL программасы
Көрнекі құралдар: дербес компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, тапсырмалар жазылған парақшалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.
2. Сабақ мақсатын хабарлау.
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтарына жауап беру.
Сұрақтар.
1. Паскаль тілін қай ғалым программалау тілі ретінде ұсынған болатын?
2. Паскаль тілінде арифметикалық өрнектер қалай жазылады?
3. Паскаль тіліндегі программа қандай бөлімдерден тұрады?
4. Операторлар дегеніміз не? Операторлардың жалпы жазылу түрі қандай?
5. Паскаль тілінің қарапайым операторларына қандай операторлар жатады?
6. Сандық мәліметтерді енгізу және шығару үшін қандай жолдарын білесіңдер және олар
қалай жазылады?
7. Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
ІІІ. Практикалық жұмыс.
Математикалық есептерді компьютердің көмегімен шығару үшін төмендегідей реттілікті сақтай отырып, әр маман оқушы өзіне берілген тапсырмаларды орындайды.
- Математикалық қойылымын құру — «Математика» маманына тапсырылып, ол тақтаға есепті шығарады;
- Алгоритм құру — «Информатика» маманына тапсырылып, ол есептің алгоритмін жазады;
- Алгоритмді бағдарламалау тілінде жазу — «Программист» маманына тапсырылып, ол есептің бағдарламасын жазады;
- Компьютердің көмегімен бағдарламаны орындау–«Оператор» маманына, ол бағдарламаны компьютерге жазып, нәтижені көрсетеді.
1-тапсырма.
Төмендегі өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар:
а) У= √х2+1 -√х-1 ; y:=(sqrt(sqr(x)+1-sqrt(x-1))/(sqrt(x+1));
√х+1
ә) У= 5х+3х2√1+sinx2 ; y:=5*x+3sqr(x)*sqrt(1+sin(sqr(x));
2-тапсырма.
Төмендегі өрнектердің мәндерін анықтайтын программа құрыңдар.
У= 0,5х2 , мұндағы х=3, у=2
х2-у2
PROGRAM ORNEK;
VAR x,y,z,k,p:REAL;
BEGIN
READ(x,y);
k:=0.5*sqr(x);
p:=sqr(x)-sqr(y);
z:=k/p;
WRITE (‘z:=’,z);
END.
3 2 мәндерін енгіземіз.
z=9.0000000000E-01 нәтижесі шығады.
3-тапсырма.
Массасы 3кг дене ауада 8м/с2 үдеумен төмен түсіп келеді. Ауаның кедергісін анықтау қажет. (Оқулық 75 бет, 17 есеп).
PROGRAM AUA;
VAR m,g,f:REAL;
BEGIN
READ (m,g);
F:=m*g;
WRITE (‘F=’,F);
END.
8 3 мәндерін енгіземіз
F=2.4000000000E+01 нәтижесі шығады.
4-тапсырма. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеу программасын құру.
S=(P*(p-a)*(p-b)*(p-c)), p=(a+b+c)/2
алг аудан (нақ а,в,с)
арг а,в,с
нәт S
басы нақ р
р:=(a+b+c)/2
S:=sqrt(P*(p-a)*(p-b)*(p-c))
соңы.
ІV. Үйге тапсырма. «Паскаль тілінің қарапайым операторлары мен басқару операторлары» тақырыбын оқып келу.
V. Бағалау. Әр есептің дұрыс жауабы 5 балл бойынша бағаланады.
VІ. Сабақты қорытындылау.