20 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Қазақ халқы қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері

Майханова Гүлжанат Бердалиевна

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, №22 ОЖББМ-інің ІІ санатты тарих пәні мұғалімі

Сыныбы: 10 «А»Күні
Сабақтың тақырыбы  Қазақ халқы қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері
Мақсаты    Қазақ халқы қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдерін талдау, ерекшеліктеріне тоқталу.                                                                                    Түркі этнонимінің пайда болуы жөнінде тоқтала отырып, түркі тектес халықтардың қоныстанған аумағы және түркі тілдес ұлттардың қалыптасу кезеңдері жөнінде білу.
Күтілетін нәтижелер    Қазақ халқы қалыптасуы барысында қандай кезеңдерден өткенін талдайды. Ежелгі ру – тайпаларды біледі. Түркі тілдес халықтардың қоныстанған аумағын анықтайды.
Керекті жабдықтарОқулық. Интерактивті тақта. Флипчарт. Интернет.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе   3 минут    Оқушылармен амандасу; сыныпты 4 топқа бөлу: Бойларымен тұрғызу, хандардың есімімен: Керей, Жәнібек, Абылай, ҚасымАмандасады. Кему қатарымен бойларымен тұрады, Топқа бөлінеді
Тұсаукесер       10 минут         7 минутСабақтың тақырыбын анықтау үшін «Халық» түсінігіне постер құрады. — Балалар, қалай ойлайсыздар, не себепті біз «Халық» сөзін талдадық? Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, бағалау критерилерімен таныстыру. Аты – жөні:   Қазақ халқы қалыптасуының тарихи кезеңдерін талдай алу Қазақ халқы қалыптасуында  ерекше роль атқарған ру – тайпаларды білу   Түркі тектес халқытардың қоныстанған аумағы және түркі тілдес ұлттардың қалыптасу кезеңдері жөнінде білу Қорытынды Өз бағасы         Көрші бағасы         Мұғалім бағасы        Ойланады, ой бөліседі, жазады, талдайды, қорғайды. 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айтады, бағалайды Ойларын айтады. Қызығушылығы артады, белсенділігі артады Ойланады, өздерін реттейді, ынталанады, жоспарлайды, ойларын жүйелейді    
Негізгі бөлім   20минут    «Өкіл» әдісі «Керей» тобы: Ежелгі ру- тайпалардың халықтық дәрежеге жетуі (Белсенді оқу)   «Жәнібек» тобы: Ерте орта ғасырлардағы қазақ халқы негізі қалыптасуының тарихи кезеңдері «Абылай» тобы: Түркі тектес халықтардың ата – бабаларының қоныстанған аумағы «Қасым» тобы: Түркі тілдес этностардың қалыптасу кезеңдері.  Белсенді оқиды,жазады,  ойларын айтады,  топта талқылайды, топтан өкіл таңдайды, өкілді өзге топқа жібереді, ақпарат береді және алады, тыңдайды, ақпарат жинайды
Қорытынды   5 минут    Сұрақ – жауап арқылы бекіту:  Этнос сөзі қандай ұғымды білдіреді? Қазақ халқының қалыпасуы қанша кезеңнен өтті? Қазақ халқының этностық құрамында монғолоидтік белгілердің көбеюі немен байланысты болды? Қазақ халқының қалыптасуы неге 150 жылға шегінді? Егер монғолдар қазақ жеріне шабуыл жасамағанда, қазақ халқының қалыптасуының нәтижесі қандай болар еді? Қазіргі археологиялық зерттеулер түркі халықтарының түптамыры бзб І мыңжылдықта жатырғанын дәлелдеу үстінде. Бұл мүмкін бе, жоқ па  және не себепті?                                                    Бағалау: Критериалды бағалау   Үйге тапсырма:  Интернеттен қазақ халқы қалыптасуы жөнінде мәлімет іздеу.Ойланады, талдайды, салыстырады, сұраққа жауап береді.                                   Бағалайды.     Ізденеді, мәліметтерді саралайды.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles