17 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру

Бөлім№3: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер Сабақ:Отбасы — шағын мемлекет  Мектеп:Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі
Күні:  Мұғалімнің аты-жөні:Әйіп Ақмоншақ            Тілекқызы
Сынып: 5-сыныпҚатысқандар:  Қатыспағандар:
  Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары  Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру(5.ж3) Оқы  Жазылым       материалы бойынша негізгі ақпар-          раттарды анықтай отырып,жинақы мәтін жазу сақт. (5.ж5)
Сабақ  мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:Негізгі ақпаратты анықтай алады.Сюжетті суреттерді іріктей алады.  
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Ақпаратты қолданып жинақы мәтін жазады.Сюжетті суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады.  
Кейбір оқушылар орындай алады:Мәтінді өмірмен байланыстырып,шығармашылықпен жұмыс жасайды. 
Бағалау критерийлері:Суреттер ретімен тақырыпқа сай әңгіме құрастырады. Мәтіндегі негізгі ақпаратты  қолданып,мәтін жазу
Алдыңғы оқу:Ауызекі стильдегі мәтіндердер тақырыптары мен мазмұны туралы не білеміз? Күнделікті өмірімізде осы мәтіндерді пайдаланып жүрміз бе?
                                                     Жоспар
Жоспарланған уақыт 3 минут 10минут      Жоспарланған жаттығу түрлері Отбасы,мемлекет сөздері жазылған стикер таратылады,сол арқылы екі топқа бөлінеді . Тапсырма №1 «Артығын алып таста» әдісі арқылы әр топ «мемлекет», «отбасы» сөзіне қатысы жоқ сөзді сызып тастайды. Әке,президент,отбасы,бәйтерек,бала, машина, шекара,шағын,тау,тас,ана, т.б.сөздері жазылған қағаз беріледі.Әуелі жұпта,кейін топта талқылап, өз сөздерін дәлелмен айтып шығады. «Қол шапалақтау» әдісімен бағаланады.  Ресурстар ОӘК материалдары Топқа бөліну қағаздары.
Сабақтың басы 10 минут  Осы сөздерге қатысты мақал-мәтелдер бар ма екен,тауып көрейік.Осы арқылы сабақтың тақырыбын табады. Тапсырма:№2 Суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме құрастырыңыз. «Жүзімнің шоқтары» әдісі арқылы басты тақырыпты плакаттың ортасына орналастырып,қалған суреттерді айналасына рет-ретімен қойып,әңгіме құрайды.     Дескриптор: -суреттерді ретімен орналастырады; -әңгімеге ат қояды; -реттілігі бойынша әңгіме құрайды;   ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағаланады. 
Сабақтың ортасыМәтінЖинақы мәтін
15 минутТапсырма№3 Берілген мәтінді мұқият оқыңыз.Оқу барысында мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырыңыз.Кестенің екінші бағанына белгіленген ақпараттарды қолдана отырып,мәтін мазмұнын жинақтап,өз сөзіңізбен жазыңыз. Мәтін:   Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген.Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету,жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған.Баланы ерте жастан-ақ жауапты әдіс-әрекетке тартып отырған.Мысалы,бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қой баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне сен деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі,үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз.Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. (110сөз)ОӘК материалдары
 «Басбармақ» тәсілі арқылы бағаланады.Описание: https://lh5.googleusercontent.com/fSbKd-JA5dgC-rGIA-mUXlhGUVSXF0Ub_ir_rH2pJm1r0J7UoggEeC_K0no3N33GCoX9jlstRKU_9ETX14elygY3ujEplshdIWJevdLQgSkFNBV5v0DQOsXoPF99m-YOVfIhgVkZGys
 Дескриптор:   -Мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп алады;                          -іріктелген ақпараттар негізінде мәтінді автордың ойын сақтай отырып  өз сөзімен жазады. -мәтінді 70 сөзге дейін ықшамдай алады. 
 Тапсырма:№4 Мәтінді оқып шығып, қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөз тіркестері,сөйлем, мақал-мәтелдер құрау.   Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген.Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету,жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған.Баланы ерте жастан-ақ жауапты әдіс-әрекетке тартып отырған.Мысалы,бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қой баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне сен деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі,үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз.Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. «Қолпаштау» арқылы бағалайдыОӘК материалдары.
 Критерий: мәнді де мағыналы,кемінде екі жауап болуы; Жауаптар тақырыпқа қатысты болуы;                   
Сабақтың соңы Кері байланыс: 2 минут«Бес саусақ» тәсілі   Бас бармақ — басты мәселе.бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балалы үйрек — бірлесу.Мен топта/жұпта қалай жұмыс істедім? Кімге көмек бердім? Кімді риза жасадым? Ортан терек — ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе жинадым? Шылдыр шүмек — шынайылық.Сабақ саған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек — көңіл-күй ахуалы.Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Қосымша ақпарат
Саралау Қосымша критерийлер арқылы бағалау Пəнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, ұлттық салт-дәстүр, тарих
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?    Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles