Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе | Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. «Джигсо.» әдісі. Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ-жауап арқылы өткен материалды еске түсіреді: «жуан», «жіңішке» сұрақтар 3 минут. Оқушыларды топқа бөлу. Сұрақтар: 1. Түс қалай қалай алынады? Оны мысалмен қалай түсіндіріп дәлелдейсіз? 3-5мин 2. Салқын түстер қайда қолданылады? Суреттеу арқылы дәлелдеу. 5- 7мин Топтасыру: «Бағдаршам» түсі арқылы топтасады. | Мұғаліммен амандасады. Шеңберге тұрады. Таптасады. |
Тұсаукесер | Негізгі түстер -қызыл, сары, көк. Оларды басқа түстер алу үшін бір-бірімен араластыруға болады, бірақ басқа түстерді араластырып, бұл түстерді алу мүмкін емес. Қосымша түстер— негізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын түстер. Қарама –қарсы түстер— түстер шеңберінде бір-біріне қарама –қарсы орналасқан түстер- қарама қарсы түстер деп аталады.Мыс: жасыл-қызыл, сары-күлгін, көгілдір-қызылсары. Реңк— түстің қанықтығы мен ашықтығы. Ашық түстерді бояуды көбірек сумен араластырып немесе ақ бояу қосады .Түстерді ажырата біледі | Топтастыру әдісін жүргізеді. Сөздердің мағынасын түсіндіреді. Аталған сөздерді суреттен көрсету арқылы, өз ойларын дәлелдейді. |
Негізгі бөлім | Негізгі түстер -қызыл, сары, көк. Оларды басқа түстер алу үшін бір-бірімен араластыруға болады, бірақ басқа түстерді араластырып, бұл түстерді алу мүмкін емес. Қосымша түстер— негізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын түстер.Сары мен көк түсті араластырғанда, жасыл түс шығады.Сары мен қызылды араластырып, қызылсары, қызыл мен көк түсті араластырып, күлгін түс алуға болады. Қарама –қарсы түстер— түстер шеңберінде бір-біріне қарама –қарсы орналасқан түстер- қарама қарсы түстер деп аталады.Мыс: жасыл-қызыл, сары-күлгін, көгілдір-қызылсары. Реңк— түстің қанықтығы мен ашықтығы. Ашық түстерді бояуды көбірек сумен араластырып немесе ақ бояу қоса отырыпалады, ал күңгірт түстерді қара бояу қосу арқылы алуға болады.Сөздікпен жұмыс жүргізіледі. 7-10 мин. | Түс үйлесімділігін сақтайды. Топта талқылау арқылы топтық жұмысты дайындап, пікірлерін білдіреді. |
Қорытынды Бағалау: | Түрлі түсті бояуларды қолдану арқылы мектеп акварельмен шығармашылық суреттер салады. Мыс: Гуашпен жұмыс істеу үшін, домалақ, жалпақ қылқаламдар қолданылады. Олармен суретші қағаз бетіне нүкте, сызық, жолақ, жалпақ сызық жүргізе отырып сурет салады. Осы аталған әдістерді қолдана алады Критерий « Сурет жұмысының орындалу техникасы» Дескриптор Ұпайы Суретте тақырып ашылған, бояу үйлесімділігі сақталған 3 Суреттегі қажеттіліктер орындалған. 2 Суреттегі қажеттіліктерді айқындай алды. 1 | Оқушылар тапсырманы орындау арқылы, ортақ пікір білдіреді. Топтан бір оқушы қорғайды. Топтар бірін-бірі бағалайды. |
1.Түрлі бояумен «Табиғат көрінісі» тақырыбына сурет салу. 2.Нобайлар салып келу 3Негізгі ттүстер арасындағы айырмашылыққа этюд жазу. | Үй тапсырмасын күнделікке жазады.Рефлексия. Кесте толтыру. Не білемін?, Не білдім? Не білгім келеді? |
| | | |