Идрисова Айымгуль Жасулановна
музыка пәні мұғалімі
Қаратөбе ауданы, Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебі
6 сынып
Пәні: музыка
Сабақтың тақырыбы: «Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал»
Сабақтың мақсаты:
- білімділік: Оқушыларға Мұхит Мералы ұлының өмірбаянымен,әндерімен,
әндерінің шығу тарихымен тереңірек таныстыру.
- тәрбиелілік: М.Мералыұлының өміржолымен таныстыра отырып,
оқушыларды әділеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
- дамытушылық: Мұхит әндерін тыңдату, жаңа ән үйрету арқылы
оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ән үйрету, музыка тыңдау
Сабақтың көрнекілігі: Мұхит Мереалыұлының портреті, ескерткіші, мазары,
Мұхит туралы кітаптар, домбыра, күйсандық, компьютер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі:
1.Амандасу
2.Кезекшімен жұмыс
3.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру
Әр оқушыға карточка беремін,онда үй тапсырмасы бойынша екі сұрақтан беріледі.
1.Қазанғап Тілепбергенұлының қысқаша өмірбаянын айтып бер.
2.Қазанғаптың күйлерін өлеңмен өрнектеген ақын, драматург кім?
3.Бәкір Тәжібаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
4.Қазанғап Балжан қызбен қалай жолығады?
5. Б.Тәжібаевтың, Қазанғаптың Балжан қызға арнап шығарған күйінің өлең жолдарын айтып бер.
6.Қазанғаптың өзінің атына арналған күйі қалай аталады?
7. Б.Тәжібаевтың, Қазанғаптың атына арнап шығарған күйінің өлең
жолдарын айтып бер.
8. Б. Тәжібаевтың қандай әндері халыққа кеңінен танымал?
9.Қазанғаптың қандай күйлерін білесің?
10. Қазіргі уақытта Қазанғаптың күйлерін халыққа танытып жүрген күйші- композитор кім?
3.Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал»
Кім білер кімдер болар мейірім қанар
Рухым сөнген менің қайта жанар
Еңіреп Мұхит бабам өтіпті-ау деп
Кейінгі ұрпақтарым есіне алар деп жырлап өткен өзіміздің жерлесіміз, алты алашқа ән оздырған , көл- көсір ән қазынамызға зор үлес қосып, өнернама тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек таланттың бірі М. Мералыұлы жайында сыр шертпекпіз.
М.Мералыұлы 1841жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы. Ауқатты отбасынан шыққан. Мералының туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша Жүсіптер шетінен өнерпаз/әнші, күйші, скрипкашы/ адамдар болған. Өмірін өнер жолына арнаған тек Мұхит болды. Ол ел ішіндегі той-жиындарда, ұлан асыр жәрмеңкелерде ,қан базарларда домбыра тартып, ән салды. Орынбор Қостанай, Жаманқала, Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау облыстарын аралап, әнші даңқы шықты. М.Мералыұлы тек әнші ғана емес, күйшілік өнерімен де танылды. Ол Боғда, Есбай, Тазбала, Сәулебай, Абыл күйлерін өте әсерлі орындап өзі де күй шығарды. Мұхиттың әншілік ақындық күйшілік мұрасын біздің заманға балалары – Шоң мен Нәу; немерелері-Шайқы Лұқпан, Ғұбайдолла жеткізді. Мұхит әндерін орындаушылық дәстүрін ілгері дамытып, халық арасына кеңінен насихаттаушы-Ғ.Құрманғалиев, Т.Ибрагимова, Н.Әбілова. Сонымен қатар бертін келе өзіміздің Қаратөбе өңірінен шыққан әнші аға апаларымыз С.Рахметжанов, С,Әбдрахманов, С.Таудаева, М.Есқайыров А.Оразов, Ф.Оразов, А.Исламғалиевтер болды.
Мұхиттың әр әнінің өзіндік шығу тарихы бар.
Солардың ішінде бүгінгі танысатын әніміз «Үлкен Айдай»
Әннің шығу тарихы баяндалады.
Атақты әнші композитор Мұхит атағы шыққан ақын Бала Ораз туралы көп естиді. Оның әндерін тыңдап, өзін көруге құмартып жүреді. Мұхит Бала Оразды арнайы іздеп барады. Мұхитты Бала Ораздың ауылы үлкен сый-құрметпен қарсы алады. Мұхит ұзақ уақыт Бала Оразға еріп жүріп, оның айтқан әңгімелерін тыңдап, өлеңін жаттайды. Ол Бала Ораздың шығарған айтыстары мен көптеген өлеңдерін әнге қосып айтып жүреді. Мұхиттың Бала Оразбен қоштасар сәті де келеді. Сонда Мұхит: «Ораз аға, мен сіздің үлкен ағалық құрметіңізге ризашылығымды білдіріп, үлкен өнеріңізге тәнті болып, сізге арнап бір ән шығарған едім. Сол әннің атын Үлкен Ораз қойдым»,- деп әнді орындап береді. Сонда әнді тыңдап бола берген Бала Ораз: «Қарағым, Мұхит, рахмет мені жастайымнан ел еркелетіп Бала Ораз деп атап кетіп еді, ал өзің менің өнерімді Үлкен айдай деп халыққа таратып жүрерсің »,-деп батасын беріп, шығарып салады. Содан бастап бұл ән ел арасында «Үлкен Ораз» немесе «Үлкен Айдай» деп таралып кетеді.
Әнді үнтаспадан Сәуле Жанпейісованың орындауында тыңдатамын.
Осы әннің құдіретін асқақтатып, ақын Қадыр Мырзалиев ағамыз мына бір жыр жолдарын арнаған екен.
Өткізсе егер думансыз бір түн ақын
Айдынына көңілдің жұрт тынатын
Әнін салса Мұхиттың салмақ болса
Біреулердің көмейі жыртылатын
Таныс дауыс даланың киігіне
Күйік қосар іштегі күйігіне
Мұхит қана салады Мұхит әнін
Шырқауына жеткізіп биігіне,- деп Мұхиттың ән айту шеберлігін, асқан дарын иесі екенін, қайталанбас тұлға екенін мойындатқан екен.
Енді балалар қазіргі таңда әр түрлі сайыстар , атап айтар болсақ Абай оқулары, Махамбет оқулары, Қадыр оқулары, Мұқағали оқулары. Солардың ішінде облыстық Қадыр оқулары байқауының ІІ дәржелі жүлдегері мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнұр Тарасқызын арнайы шақырған болатынмын.
Қадыр Мырзалиевтің ——————————- өлеңін оқиды.
Жаңа ән:
Сөзі Қ.Мырзалиевтікі
Әні Н.Тілендиевтікі
«Әжеме»
Әннің шығу тарихы баяндалады.
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған
Сағынышым сары ормандай самсаған
Әке болып қалғанымды ұмытып
Әлі күнге еркелеймін мен саған
Құлындаймын асыр салған аңғарда
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда
Өзің барда қысылмаймын күлуге
Жылауға да қысылмаймын сен барда
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді
Сенің жаның жүрегіме ораулы
Менің жаным жаулығыңа түюлі
Тұра тұршы түзелгенше бұзығың
Жүре тұршы жалғанғанша үзігің
Маған дәулет неге керек ақ әжем
Өзің бірге көре алмасаң қызығын
4. Бекіту:
Оқушыларға жаңа тақырып бойынша 10 сұрақтан тұратын тест беремін.
5. Бағалау.
Идрисова Айымгул
Ханкөл ЖОББМ