18 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Алтын Орда дәуірі әдебиеті  (ХІІІ-ХҮ ғасырлар)

Дүрбек «Жүсіп – Зылиха»

Таңдау курсының тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті

Сыныбы: 11 (қоғамдық — гуманитарлық бағыт)

Өткізген: Баймаханова Айгүл Болатбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда дәуірі әдебиеті  (ХІІІ-ХҮ ғасырлар)

                                         Дүрбек «Жүсіп – Зылиха»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Алтын Орда әдебиеті, ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы ғылым, мәдениет және әдебиеттің дамуы, Алтын Орда дәуірі әдебиеті өкілдері, мұралары, осы дәуір өкілі Дүрбек, оның «Жүсіп-Зылиха» дастаны жайлы мағлұмат беру, дастанға талдау жасау.

Дамытушылық: ой өрісін, әдебиет тарихына деген қызығушылығын, ойын ашық, әсем де әсерлі жеткізе алуын дамыту.

Тәрбиелік:  адалдыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа, әділдікке, игі қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, сұрақ- жауап, ойландыру, баяндау, іздену, шығармашылық әдіс, дамыта оқыту әдісі

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар,  «Ежелгі дәуір әдебиеті», 

                                       «Ғасырлар мұрасы», «Ғашық-наме» кітаптары

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың көңіл-күйлерін сұрап, балалардың назарын сабаққа аудару.

  • Балалар, сабақты бастаймыз ба? Көңіл күйіміз қандай? Олай болса,  бәріміз кішкентай кезімізді еске түсіріп, бір –бірімізге қағаз ұшақтар ұшырайықшы (балалармен шағын ойын ұйымдастырып, сол арқылы топқа бөлемін ).
  • Ал, балалар, әркім өздеріне ұшып келген ұшақты ашып, ішіндегі топ атына сәйкес топтанып отырайық.

ІІ.  Ой шақыру.

Сұрақтарға жауап арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбының шымылдығын ашамыз.

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» дастаны.

ІІІ. Мағынаны тану

 Жаңа сабақ

 Дешті Қыпшақта негізі қаланған Түркі мемлекеті – Алтын Ордада ХІІІ-ХҮ ғасырларда ғылым, мәдениет және әдебиет едәуір дамып, бүкіл әлемге таныла бастаған еді. Әсіресе, ХІҮ ғасырдың бірінші жартысында Алтын Орда мемлекетінің Еділ бойындағы астанасы Сарай қаласы дүние жүзіне мәшһүр мәдени орталықтардың біріне айналды. Мұнда қысқа мерзімде әлемнің әр түкпірінен атақты ғалымдар, ақындар, өнер қайраткерлері, суретшілер, т.б. жиналды деуге болады.

   Берке, Өзбек және Жәнібек хандардың тұсында Алтын Орда астанасы Сарай шаһарында ислам әлемінің ең атақты ғалымдары мен ақын-жазушылары өмір сүріп, еңбек етті. Бұл кезде олар Дешті-Қыпшақты Батыс пен Шығысқа танытқан өздерінің ғылыми, әдеби туындыларын қыпшақ тілінде жазды.

   Рас, Алтын Орда этникалық құрамы жағынан әр түрлі еді. Соған қарамай, Алтын Орданың мемлекеттік тілі – қыпшақ тілі болды. Әйтсе де, «қыпшақ тілі» дегенде  мынадай жайтты мықтап ескерген жөн. Ұлан-ғайыр өлкелерді өз ішінде қамтып, әрі іштей ұсақ-түйек ұлыстарға, тайпаларға, рулық құрылымдарға бөлініп жатқан Алтын Орда сияқты үлкен мемлекетте қыпшақ тілінің түрлі диалектілері болды. Алайда мұндай диалектілердің бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ болатын. Дәлірек айтсақ, ХІІІ ғасырда қалыптасып, мәмлүктік Египетте мейлінше дами түскен көне түрікмен әдеби тілі; екіншіден, оғыз-қыпшақ әдеби тілі; үшіншіден, Сырдарияның төменгі ағысында қалыптасып, кейінірек мәмлүктер билігіндегі Египетте дами түскен қыпшақ-оғыз әдеби тілі; төртіншіден, Еділдің төменгі ағысы мен Солтүстік Хорезмде өмірге келген оғыз-түрікмен әдеби тілі; бесіншіден, Орта Азияда кең өріс алған көне өзбек тілі болған.

   Дешті Қыпшақта, мәмлүктер билігіндегі Египет пен Сирияда ХІІ-ХҮ ғасырларда жазылған әдеби, діни, ғылыми туындылар қыпшақ тілінің осы аталған диалектілерінің бірінде өмірге келген. Мұндайда шығармалар түркі тілдес ру-тайпалардың бәріне де түсінікті болды.

   Немістің көрнекті түріктанушы ғалымы А,М,Фон Габен өз зерттеулерінде Алтын орда дәуірі әдебиетін екі топқа бөліп қарастырған.

   Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің дамуына Дешті Қыпшақ пен Мысыр(Египет) арасындағы түрлі саладағы: саяси, әскери, мәдени, әдеби, тіпті ел билеушілер арасындағы туыстық байланыстар да зор ықпал етті. Мәселен, мәмлүк Египетінің астанасы Каир қаласында Сарай қаласынан шыққан ақындар, тарихшылар, философтар, дін қайраткерлері т.б. еңбек етті. Сондай-ақ, арабтың көптеген ғалымдары Алтын Ордаға барып, Сарай қаласында еңбек етті, өздерінің әлемді таңдандырған ғылыми трактаттарын жазды.

   Алтын орда дәуірінің мұралары онша көп сақталмаған. Бұл кезеңдегі әдебиет өкілдерінен біз мыналарды білеміз:

   Бұл кезде өмірге келген көркем туындыларға мыналар жатады:

   Алтын Орда  дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі — Дүрбек ақын. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет сақталмаған. Тіпті оның толық аты-жөні де мәлім емес. Дүрбек — әдеби лақап аты. Ақын ХІҮ ғасырдың екінші жартысы мен ХҮ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген. Ол «Жүсіп – Зылиха» дастанын 1409 жылы жазған.

ІҮ.  Бекіту

Әр топқа тапсырмалар беріледі. Олар постер арқылы соны қорғап шығады.

1-топ. “Дүрбек” тобы Автор және дастан жайлы мәліметтермен таныстыру2-топ. “Алтын Орда” тобы Дастанның зерттелуі, мазмұндық жоспар
3-топ. “Жүсіп” тобы Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Композициялық жоспар құру 4-топ. “Зылиха” тобы Кейіпкерлерге талдау. Жүсіп пен Зылиха

Тапсырмалар

1.  Мазмұндық жоспар құрамыз. («Йосиф» фильмінен үзінді көрсетемін)

2.  Жүсіп пен Зылихаға мінездеме береміз.

3.  Кейіпкерлерге талдау жасаймыз.

4. Композициялық талдау жасаймыз.

4.  Венн диаграммасы. Жұптық жұмыс

5. Жеке жұмыс

6.  Семантикалық кестені толтырамыз.

7.  «Шынайы махаббат иелері мен ХХІ ғасыр жастары» тақырыбына эссе жазамыз.

8.    «Қазіргі заманда өмір қиыншылықтарына шыдайтын шынайы ғашықтар бар ма?» тақырыбында шағын ой бөліс ұйымдастырамыз.

Ү.  Қорыту

Мұғалім сөзі

Жеті ғашықтарды, ондағы Жүсіп пен Зылиханың орны туралы атап өтіп, сұрақ-жауап жүргізе отырып сабақты қорытындылаймын.

ҮІ.  Бағалау, үйге тапсырма беру.

Кері байланыс

Оқушыларды көрсеткен білім нәтижелеріне қарай бағалаймын.

Үй тапсырмасы:

  1. Дастандағы көркемдеуіш әдіс-тәсілдерді табу;
  2. Сөздікпен жұмыс жасау;
  3. «Жүсіп – Зылиха» дастаны туралы ғаламтордан мәліметтер іздестіру.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,803ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles