20 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Табиғи жарық көздері  дегеніміз не?

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:  жаратылыстану Ұзақ  мерзімді жоспар  бөлімі Күні:13.04.2018 Сынып: 1б  Мектеп: №3 ЖОББҚМ Мұғалімнің аты-жөні: Ермуханова М.С Қатысқандар  саны: Қатыспағандар саны:
  
Сабақтың тақырыбы:Табиғи жарық көздері  дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату; 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар: Табиғи және жасанды жарық көздерін  анықтайды. Қоршаған әлем құбылыстарын атайды. Көптеген оқушылар: Жарықтың адамзат тіршілігіне, жануар мен өсімдік тіршілігіне қажеттілігін түсінеді. Коршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді. Кейбір оқушылар: Қоршаған әлем құбылыстарын бақылай отырып, табиғи жарық пен жасанды жарық түрлерін салыстырады.
Бағалау критерийлеріТабиғи және жасанды жарық ерекшеліктерін сипаттайды. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.
Тілдік мақсаттар  Жарықтың не екенін білетін болады Лексика  мен тіркестер: Жарық –адамның, жануардың, өсімдіктің тіршілік етуіне қажетті жағдай. Оны қолымен ұстауға болмайды. Жарық көздері-өзінен жарық тарататын денелер. Табиғи-адам іс-әрекетінсіз пайда болған жарық көзі; Жасанды-адам іс- әрекеті әсерінен пайда болған жарық көзі; Жарқырауық қоңыз- өзінен жарық шығара алатын жәндік. Пәнге тән лексика мен терминология: Жарық-свет-light; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Жарық дегеніміз не? -Табиғи жарық көздеріне не жатады? Сіздің ойыңызша жарық қайдан пайда болады? -Біз қандай жасанды жарық көздерін қолданамыз? -Түнгі мезгілде қандай жұмыс орындары істейді? -Қандай жануарлар қараңғыда тіршілік етеді?
Құндылықтарды дарыту        Топтастыру арқылы ынтымақтастыққа, қырағылыққа тәрбиелеу. Қосымша материал, жаңа тақырып арқылы өмір бойы білім алуға дағдылыну. Қоршаған әлем құбылыстарын бақылау арқылы ойын жинақтап, түсінуге үйрету. Бақылау жүргізу арқылы тапсырманы түсініп, көз жеткізу.
Пәнаралық байланыстарМатематика — уақыт өлшем бірліктері Сауат ашу — сөйлемдерді толықтыр Орыс тілі — бейнеролик «Жарқырауық қоңыз»
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)Интербелсенді тақта
Бастапқы білім Оқушылар қай кезде жарық және қараңғы түсетінін ажырата біледі. Жарықтың кейбір қарапайым көздерін анықтай алу керек.    
Сабақбарысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақта жоспарланған іс-әрекет  Ресурстар
Сабақтың басы   4 минут                                                                                                6минутШирату: «Серпілген сауал» Оқушыларға доп лақтырамын. Ұстаған оқушы сұраққа жауап береді. -Магниттік қасиетке қандай заттар ие? Темірден және ұсақ металдан жасалған заттар. -Магнит қандай заттарды тартпайды? -Жылытқыш құралдарына не жатады? -Өткен сабақты жақсы меңгерген екенсіңдер.   ҚБ. «Қолпаштау» Мұғалімнің ауызша бағалауы   Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.   Қараңғыда жымыңдай жанады Жарық түссе бірден сөніп қалады жұлдыз   Таңмен көзін ашады Әлемге нұрын шашады  күн   Кейде орта, кейде толы бір тегене Көрінер кейде күндіз кейде түнде Бетіне ақ шағыдан перде тартқан Балалар ойлап қара бұл немене  ай   Сығырайып қарады Аласарып барады Жан — жаққа жарық шашады Майы тамшы боп ағады? Майшам  -Бұлар нелерге жатады? Қандай жарық көздерін білесің?   ҚБ. «От шашу» әдісі арқылы топ-топты бағалайды.   Бүгінгі тақырып «Табиғи жарық көздері дегеніміз не?» Ендеше бүгін жарық туралы қызықты мағлұматтармен танысамыз. -Жарық дегеніміз не?  Оқушы жауабы (оқушылар әлі шеңбер құрып тұрады) Сурет арқылы топқа бөлу күн, ай, жұлдыз   ТЖ. 1-тапсырма.  «Ойла, талқыла» әдісі Әр топқа  бірдей тапсырма Берілген суреттерді атаңдар. Оларды екі топқа бөлер едің? Топтар тапсырманы тез және дұрыс орындайға тырысады Дескриптор — Жарық көздері түрлерін атайды; — Оларды топқа бөледі;   ҚБ. «Білезік»  әдісі арқылы мұғалім оқушыларды  бағалайды. Сұраққа жалаң сөзбен жауап берсе – қызыл білезік Сұраққа толық жауап берсе – сары білезік Ойлануды қажет ететін сұраққа жауап берсе –жасыл білезік тағылады                                                                         
                
                      
            
Сабақтың ортасы   3 минут             6 минут                                                                 2  минут             2 минут                                                                   3  минут                                                               5 минут                                                         4 минут«Сен білесің бе?» әдісі  Күн мен ай туралы мәлімет Т.Ж. Оқулықпен жұмыс Ойлануға әр  топқа үш минут «Ойлан,салыстыр» әдісі 1 топ — Оқулықтағы суреттер арқылы әңгімелеуге дайындалады. Бірінші беттегі суретпен екінші беттегі суреттен айырмашылығы ажыратады, сурет туралы әңгімелейді. Басқа топқа толықтыруға болады. 2 топ — «Талқыла және түсіндір» әдісі «Бәйшешек» туралы аңыз.(аңызбен таныстыру) Ертеде  Қыс есімді әже өзінің Аяз және Желдеген қызметшілерімен жер бетіне Көктемді келтіргісі келмейді. Бірақ батыл Бәйшешек бой түзеп жапырақтарын жазып, Күннен көмек сұрайды.Күн ержүрек Бәйшешекті көріп,жер бетіне Күн шуағын шашып, Көктемге жолашады. Оқушыларға күннің өсімдік үшін маңызын түсіндіру. 19-сәуір бәйшешек күні болып есептеледі. Жарқырауық қоңыз қараңғыда жанып тұратын жәндік. 3топ — «Талқыла, әңгімеле» Оқулықтағы сөйлемдердіоқып ,ашып түсіндіру Күн сайын таң ата терезеден кіредіЖаңа күн туғанын содан-ақ біледі. Бұл не?    
                                     ҚБ. «Алақан» топ-топты бағалайды Т.Б (1,2 топ бағалайды)                         Барлығы дұрыс болса-«Алақан» 1 қате-«үш саусақ» 2 қате –«жұдырық»       «Сен білесің бе?» әдісі: «Жарқырауық қоңыз» туралы бейнеролик көру.                                            Сергіту сәті «Күн мейірі» Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай аламын. Ізгі нәзік әрі  мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.   3 тапсырма «Топтастыру» әдісі Оқушылар жарықта істелетін іс-әрекеттерді топтастырады. 1 топ –Адамзат  үшін жарық пайдасын топтастыр 2 топ- Өсімдік үшін  жарық пайдасын топтастыр 3 топ- жануар үшін  жарық пайдасын топтастыр Жүгіреді  Сабаққабарады                                                                                ойнайды  
ұйықтайды демалады  
                                                Сабаққабарады Азық іздейді      
Өседі                                                                                        ұйықтайды құлпырады    
                                                        Дескриптор Білім алушы: -адам үшін жарық пайдасын түсінеді; -жануар  үшін жарық пайдасын түсінеді; -өсімдік  үшін жарық пайдасын түсінеді;  ҚБ. «Үш жұлдыз» әдісі топ-топты бағалайды. Үш  жұлдыз- өте жақсы Екі жұлдыз жақсы, Бір жұлдыз- орташа   Дәптермен жұмыс  48-жұмыс парағы «Табиғи жарық көздерін боя» «сызбада көрсетілген жарық көздерін ата. Табиғи жарық көздерін жазып, артығын қоршап қой.     Дескриптор Білім алушы: -Табиғи жарық көздерін анықтайды; -Текшеде бейнеленген суретке сәйкес үлгіні табады;   ҚБ. «Сәнді жұлдыздар» топ оқушылары бір-бірін Тапсырманы   қатесіз орындағандар- Тапсырмада 1 қатесі бар- Тапсырмада  2 қатесі бар-   Сараланған тапсырмалар:  А. Жарық түрлерін жаз: В. Сөйлемдерді   толықтыр. Жер бетіне ….   нұрын шашты.  Аспанда …..  жымыңдайды. ….-Жердің серігі. Керекті сөздер:                             С. Суреттегі құстарды атап, күндіз ұшатын құстарды қызыл түспен, түнде ұшатын құстарды көк түспен қорша.Таныс емес құсты «Менің алғашқы энциклопедиям» оқулығынан іздеп көр.                      Дескриптор: Білім алушы — жарық түрлерін жазады; -Сөйлемдерді толықтырып, мағынасын түсінеді; — Құстарды топқа  бөледі.    ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы мұғалім оқушы жұмыстарын бағалайды  «Жасыл» түс барлығы дұрыс болған жағдайда бағалайды. «Сары» түс 1 қате болған жағдайда  «Қызыл» түс – 2-3 қате              ТЖ.  «Зертте, бақыла» әдісі 1 топ – көздеріңді жұмып, гүлдің суретін салып көріңдер 2 топ – сіздер көздеріңді ашып гүлдің суретін салыңдар 3 топ – екі топтың салған суреттерін салыстырып,жарық пен қараңғы кездегі іс-әрекеттің орындалу ретін қорытынды жасайды. Адам өміріне жарықтың пайдасы зор. Оны өздеріңіз де байқап көрдіңіз.   ҚБ. Мұғалімнің қолпаштауы Жарайсың! Тамаша!  
Интер тақта https://youtu.be/60NyTHfi7GE Оқулық Күн,Ай,жұлдыз жалтырауық қоңыз табиғи жарық көздеріне жатады.жарық адам өміріне өсім, жануар тіршігіне керек. Жарықты қолмен ұстай алмаймыз. Еске сақта!Табиғи жарық көзі табиғат құбылыстары мен нысандарына жатады.                            
                                                          «Почему светлячки светятся» https://youtu.be/VxhhMmVptJQ   Интер тақта                                                                                                                

Сабақтың соңы 3  минут                             2 минут    
ЖЖ. «Жұптас,ақылдас» Суреттерге мұқият қараңыз. Тәуліктің қай мезгілі екенін анықтаңыз. Суреттерді салыстыра отырып, сипаттаңыз.     Дескриптор: Білім алушы — жарық пен қараңғылықтың өсімдіктің өсуіне тигізетін әсерін сипаттайды. — жарықтың қажеттілігін түсіндіреді. ҚБ. «Көршіңді тексер» әдісі Бір-бірінің жауаптарына қарап, тамаша айтса, күннің суретін;бір-екі іс-әрекеті жетіспесе, батып бара жатқан күннің суретін; әлі толықтыру керек болса, айдың суретін жапсырады.                         
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?        Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


1-тапсырма А. Жарық түрлерін жаз: В. Сөйлемдерді   толықтыр .Жер бетіне ….   нұрын шашты. Аспанда …..  жымыңдайды. ….-Жердің серігі. С. Суреттері құстарды атап, күндіз ұшатын құстарды қызыл түспен, түнде ұшатын құстарды  көк түспен  қорша. Саралау тапсырмасындағы төмендегі әдістер көрініс тапты. Оқушылар жарық көздерін тапсырма тәсілі арқылы жазады. Келесі тапсырма арқылы керекті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырады. Энциклопедия  көмегімен құстардың атауларын атап,қай мезгілде ұшатынын анықтайды.  -Қандай жарық көздерін білесің? Диалог және қолдау әдісі жүзеге асты.  Энциклопедия арқылы дерексөздер тәсілі арқылы қолданылды.  «Қолпаштау» мұғалімнің бағалауы. «От шашу»әдісі арқылы топ-топты бағалайды. «Білезік» әдісі арқылы мұғалімнің бағалауы. «Үш жұлдыз» әдісі арқылы топ-топты бағалайды. -«Алақан» әдісі арқылы топ-топты бағалайды. « Бағдаршам» әдісі мұғалімнің бағалауы   «Сәнді жұлдыз»әдісі топ оқушылары бірін-бірі бағалайды.              Оқушыларға сабақ үстінде дұрыс отыруын еске түсіремін. Сергіту сәті Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай аламын. Ізгі нәзік әрі  мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.    
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатттарын тақырыпқа сай алынған. Сабақ мақсатына жетті. Сабақ құрылымы жүйеге сай сақталған. Уақытты тиімді пайдаланды.  Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
   
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: оқушылардың сабаққа қызығушылығы 2: әртүрлі тәсілдер пайдаланып,бала назарын өзіне аудара білді. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: топтық жұмыс 2: бейнефильм Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?  

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles