7 C
Нур-Султан
Пятница, 29 сентября, 2023
spot_img

Жас Ұлан ұймына қабалдау бағдарламасы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫ.

 Сценарий приема в ряды РЕДЮО «Жас Ұлан«.

Место проведения: Дворец школьников КГУ «СОШ №18»

Дата проведения:  06.05.2022 г.

Время проведения: 13.00 ч.

Участники: кандидаты в ряды «ЕДЮО «Жас Кыран» «Жас Ұлан» ветераны детского движения, координаторы.

Цели и задачи:

— развитие и пропаганда детского движения;

— укрепление преемственности поколений;

— воспитание патриотов Республики Казахстан, граждан правового демократического государства.

Жүргізуші: 
Қайырлы күн, қымбатты достар!  Қош  келдіңіздер,   қадірменді қонақтар! 
Ведущий: 
Добрый день, дорогие друзья! 
Жүргізуші:
—  Армысыздар құрметті ауыл тұрғындары мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі мектептің, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, .қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Қыран»  және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» 
Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Ведущий: 
—   В этот замечательный день мы рады приветствовать вас на торжественной церемонии приема в ряды Республиканского общественного объединения «Единой детско-юношеской организация  « Жас Ұлан». Целью объединения является воспитание подрастающего поколения патриотами Родины на основе любви и преданности к казахстанскому народу, культуре, традициям толерантности и миротворчества, неустанного стремления к знаниям, самосовершенствованию, гармонии жизни с высоким чувством ответственности и сопричастности к истории Отечества, настоящему и будущему Независимого Казахстана. 
Дорогие друзья! Разрешите считать торжественную церемонию приема в ряды Республиканского общественного объединения «Единой детско-юношеской организация «Жас Ұлан» открытой. 

1 – жүргізуші:

Түсініп терең, өмірдің мәнін,

 Жалынды жастар, сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат,жігер

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

 
ӘБ жетекшісі:

Мектеп түзел! ҚР мемлекеттік туы енгізілсін! 
Школа равняйсь! Внести государственный флаг. 
Все поют ГИМН 

Жүргізуші: 
Қазақстан күннен-күнге өркен деп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалықбірыңғай  «Жас Ұлан» және «ЖасҚыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр. 

Жүргізуші:

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып:

  • ҚР патриоты болуға;
  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
  • Отанымызды мақтаныш етуге;
  • Білімге ұмтылуға;
  • Салауатты өмір салтын ұстануға;
  • Табиғатты аялауға;
  • «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге;
  • Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етесіздер ме?

Жүргізуші:

Обязанности членов «Жас Ұлан»:
— исполнять Устав и решения органов «Жас
Ұлан»; 
— содействовать реализации целей и задач «Жас
Ұлан»; 
— содействовать развитию «Жас  
Ұлан», повышению качества и эффективности ее работы; 
— уважать государственную символику Республики Казахстан (флаг, герб, гимн), осознавать свой долг защиты Родины; 
— признавать права и уважать интересы других членов «Жас  
Ұлан»; 
— участвовать в реализации целей и задач «Жас  
Ұлан», выполнять индивидуальные (персональные) и коллективные (общественные) задания и поручения; 
— показывать пример в учёбе, общественных делах, в труде, беречь общественную собственность, быть образцом культуры поведения; 
— вести здоровый образ жизни, пропагандировать его среди своих сверстников, избегать грубых выходок, курения, употребления наркотиков; 
— уважать родителей, друзей, учителей и всех взрослых, вносить свой вклад в гуманизацию  общества. 

Выходят чтецы:

Жүргізуші:

«ЖасҰлан» ұйымының әрбір мүшесі қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді. 

Жүргізуші: «Біз …»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

Жүргізуші: 

  • Ұранымыз

Оқушылар:

«Қазақстан   – Жас Ұлан »  3 рет

Жүргізуші:

Құрметті мектеп әкімшілігі және қонақтар! Сіздерді «Жас Ұлан» қабылданған оқушыларға төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

Бүгінгі жиынымыздың ең жауапты сәті ант тапсыру рәсімін  «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің 
АНТЫ айтылсын

Мен__________________________
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып: 
• Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға; Ант етемін! 
• Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; Ант етемін! 
• Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге; Ант етемін! 
• Ата-анамды қадірлеуге; Ант етемін! 
• Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге; Ант етемін! 
• Білімге табандылықпен ұмтылуға; Ант етемін! 
• Салауатты өмір салтын ұстануға; Ант етемін! 
• Табиғатты аялауға; Ант етемін! 
• «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін; Ант етемін! 
• Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде 
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

Жүргізуші:

Жас Ұланбыз – Тәуелсіз ел қыраны.

Патриотпыз , білім, бірлік ұраны.

Жас Ұланға – үлгі болар әрқашан

Біз жайықтың болашақ ел ұланы.


«Жас Ұландар» әні орындалсын!
 
Жүргізуші: 
Құттықтау сөзін мектеп директоры Наширбеков Нурлан Жангелдіұлына береміз.  Келесі сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тогаева Бақыт Дуйсенбековнаға беріледі.
Ведущий: 
«Внимание!» «Государственный флаг Республики Казахстан — вынести!»

  1. Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
    Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,
    Қазағымның елін, жерін қорғайтын
    Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
    Міне, осындай егеменді еліміз,
    Кең жазира, ұлан — байтақ еліміз.
    Туған елін, туған жерін сүйетін,
    Біз қазақтың ұланымыз, еріміз 
  2. Отан — тарих, Отан — тіл,
    Жасаған елің, ер халқың.
    Отан — өлең, Отан — жыр,
    Көтерген көкке ел даңқын…
    Отан осы, достарым,
    Көңілге мұны түйе біл.
    «Отан» деп өс, жас қауым,
    Оны ардақтап, сүйе біл.
  3. Бақытты боп жүргенім
    Сенің арқаң, Ұлы Отан.
    Елім менің – тірегім,
    Құшағында гүл атам.
    Шығысыңнан арайлы,
    Күліп атқан құба таң.
    Сенен бақыт тарайды
    Баршамызға Ұлы Отан.
    Сарқылмайтын қуатым,
    Тірегімсің сен, Отан.
    Мәңгі соғып тұратын
    Жүрегімсің сен, Отан!

4.Солдат и Родина

На горах высоких,
На степном просторе
Охраняет нашу Родину солдат.
Он взлетает в небо,
Он уходит в море,
Не страшны защитнику
Дождь и снегопад.
Шелестят берёзы,
Распевают птицы,
Подрастают дети
У родной страны.
Скоро я в дозоре
Встану на границе,
Чтобы только мирные
Снились людям сны.

  • «Моя Родина — Казахстан»

Казахстан – мой любимый край!

Всё, что хочешь, здесь выбирай:

Есть народ здесь, в нём есть душа,

Моя Родина так хороша!

Всё что здесь – нигде не найти,

По какому ни шёл бы пути,

В этом крае краше земля.

  • Казахстан – это Родина моя!

Здесь родилась и счастливо живу я!

Здесь все родные – мама, папа и друзья!

Здесь школа та, которую люблю я!

Ещё люблю тебя мой Казахстан!

За то, что мирно мы живём здесь!

За реки быстрые, за горы самые высокие!

За степи самые широкие,

За доброту и теплоту живущих здесь людей!

За милые сердца всех матерей!

За то, что все традиции храним!

Их чтим, и никогда не предадим!

Чтоб в мире и согласии прожить, 

Чтоб все народы воедино всех сдружить,

Пришлось немало трудностей пройти,

И к независимости мы смогли прийти!

О Родина любимая моя!

Здесь навсегда останусь я! 

Здесь буду в будущем учить детей!

Как Родину любить и матерей!

 Жүргізуші: 

    1992 жылдың 7 мамырында Тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты  «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.  Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне –  30жыл. Отыз жылын артқа тастаған еліміздің қорғаныс саласы осы жылдар ішінде небір белестен өтіп, небір қамалдарды алды. Қанатын қатайтты, өсті, өркендеді, осылайша, бүгінгі келбетіне жетті.

Мектебіміздің  «Жас Сарбаз» сыныптарының  өнерлерін тамашалайық.

Жүргізуші: 

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

 Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Ведущий: 

Торжественная церемония приема лучших школьников в ряды  «ЖасҰлан», объявляется закрытой. Мы желаем юным «ЖасҰлановцам» быть гордостью нашей родины! Всегда и во всем быть примером для своих сверстников и подрастающего поколения.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,872ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles