-6 C
Нур-Султан
Вторник, 4 октября, 2022
spot_img

Ұлттық аспап домбырамен танысу кешінің сценарийі

          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                                       «БАЛДӘУРЕН—ШЫМКЕНТ»

БІ                       БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ                                                                    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

                                    МИНИСТРЛІГІ                                                                         ОҚУ-САУЫҚТЫРУ

                                                                                                                                                    ОРТАЛЫҒЫ                 

ТӘРБИЕ КЕШЕНІ

2019  жылғы 2 ауысымының

  «ДОМБЫРА Party» атты кешінің

СЦЕНАРИЙІ

Іс-шараға жауапты:

Бегимова Самат — домбыра үйірмесінің жетекшісі

Жолдасбек Елтай 

Джолаева Улдана

ұйымдастырушы-ұстаздар

Өткізілетін күні: 08.02. 2019 ж.

Өткізілетін уақыты: сағ: 20.00

Өткізілетін жері: «Балдәурен» РОСО, концерт залы.

Қатысушылар: 2019 жылдың 2 ауысымына қатысушы балалар, қонақтар, педагогикалық  ұжым.

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық өнерін әңгімелеу, ұлттық аспап домбыра туралы түсінік беру . Балалар  бойындағы шығармашылық қабілеттері мен адамгершілік қасиеттерін,

ауысым бағдарламасы барысындағы белсенділіктері мен танымдық іс-әрекеттерін арттыру.

Міндеттері:  

 — оқушы бойына музыкалық тәрбие қалыптастыру;

 — ұлттық өнерді сүйе білуге тәрбиелеу;

 — жеке тұлғаны эстетикалық дамыту;

             -жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: ұлттық аспаптар, микрофондар, моноблок,студиоға арналған декорация ,реквизиттер.

Жүргізушілер:  : Қасым Айман – ұ/ұстаз, Айқынбаев Жайық – демалушы.

 Іс-шара барысы:

(Ортаға отбивкамен жүргізушілер шығады)

Жүргізуші 1: Қайырлы кеш,қайырлы кеш құрметті қонақтар мен балғын да сұлу балдәурендіктер !

Жүргізуші 2: Сіздерді қазақтың төл аспабы домбыраға арналған  «Домбыра Пати» атты  кешіміздің екінші бөлімінде көргенімізге өте қуаныштымыз!

Жүргізуші 1: Домбыра – асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан,жалғызындай аялаған ең сүйікті аспаптардың бірі.

Жүргізуші 2:  Ия,дұрыс айтасың,  домбыра –жазу мен сызудың,қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін атқарған аспап. Ендеше,киелі домбыра туралы мәліметтер  көру үшін экранға назар аударайық.

                                                           (домбыраның құрылысы жайлы видео)

Жүргізуші 1: «Нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ – домбыра» демекші,қазақтың қара домбырасының үні – күй өнері,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы.

Жүргізуші 2: Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі – ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен. Ендеше,ортаға  8 топ демалушысы   Жұмағалиева Гүлденді дәстүрлі әнімен шақырамыз!

                                                                   ( дәстүрлі ән кетеді)

Жүргізуші 1: Өткен жылы еліміз алғаш рет домбыра күнін тойлады. Бұған дейін шілде айының бірінші жексенбісі  Елбасы Жарлығымен Ұлттық домбыра күні деп белгіленген болатын. Мереке қарсаңында Ақорданың баспасөз қызметі жарияланған бейнеүзіндіде Елбасы : «Домбыра – қазақтың жаны.Күй,әуен мен домбыра үнін қырда өскен,мұрнында жусан  иісі қалған қазақ қана түсінеді. Себебі бұл – ерекше музыка. Кешкісін келіп шерте бастағанда,бәрі ұмытылып,есіңе өткен уақыттардан естеліктер келеді.

Жүргізуші 2: Домбыраны жақсы шерте білетін адамдар ұнайды.Қазақтың халық әндері өте әсерлі,күрделі.Қазақ әнінің әуеніне емес,сөзіне мән беру керек.Сөздің құдыреті бар» — деді. Ұлттық мереке еліміздің түпкір-түпкірінде әртүрлі мәдени шаралармен атап өтілді. Мысалы,елордадағы «Қазақ елі» монументі алаңында 2000 домбыра күмбірі бір сәтте күмбірлесе,Ақтөбеде Ахмет Жұбанов атындағы ұлттық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Түркістанда 1000 домбырашы Құрманғазының  «Сарыарқа», «Балбырауын», Түркештің «Көңілашар» күйлерін орындады. Жалпы, ел өңірлерінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра Пати» шарасы, жас күйшілер байқауы,көрмелер,танымдық сағаттар сынды 300-ге жуық  шара өтеді деп жоспарланған. Бейнематериалға назар аударсақ.                    

                                                                       (видеоматериал кетеді)

Жүргізуші 1: Күй – қазақтың ежелден келе жатқан өнері.Саз әуенімен жүрек сырын,ел тағдырын бейнелеген.

Жүргізуші 2: Қазақта күйшілер алуан болған. Олар: «сүт емген» және «ит емген» болып бөлінген. Яғни «сүт емген» күйшілер бесіктен белі шыққаннан,осы өнерді құрметтеп өскендер.

Жүргізуші 1: Ал «ит емген» күйшілер шәкіртіне бойындағы бар өнерін үйретіп болып,қолдарына аспап ұстамай,өздері дәруіш болып кеткендер.

Жүргізуші 2: Күй жатыр көк орманда буырқанған,

                        Күй жатыр найзағайдай бұлтты жарған.

                        Күй жатыр толқынында теңіздердің

                        Күй жатыр шертушісін күтіп алдан — демекші алдарыңызда Құрманғазының күйі  «Балбырауын» .Орындайтын орталық демалушылары Әмірбек Мадияр, Кенжебай Бақытжан

(күй кетеді)

Жүргізуші 2: Ал,ендеше,балдәурендіктер,сіздермен бір ойын ойнасақ. Қай топ аспаптар туралы көбірек білетінін анықтайық,ия ? Олай болса біз сіздерге сұрақ қоятын боламыз,ал сіздер бізге дұрыс жауабын айтатын боласыздар.керемет,ендеше ойынды таныстыру ортаға үшін ұйымдастырушы-ұстаз Касенова Альмираны шақырамыз.

(Видео-слайд сұрақ-жауап көрсету)

1. Дауылпаз немесе шыңдауыл,соқпалы,ұрмалы аспапаңға шыққанда қолданылған.

2. Мүйізсырнай ,үрмелі аспап,жорықтар кезінде белгі беру үшін қолданылған.

3. Сыбызғы,қорайдан ,сүйектен,металдан жасалады.

4. Асатаяқ,жалпақ ағаштан жасалады,таяқ басына сылдырмақтар тағылады,бақсыларқолданған.

5. Сазсырнай,сазбалшықтан жасалады.

6. Шаңқобыз немесе шаңғыауыз,темір,сүйек,ағаштан жасалады.Бақсылар қолданған.

7. Жетіген, жеті шекті болады,ал қазыр 15 шекті болады.

8. Қобыз,тұтас ағаштан ойып жасайды.

9. Домбыра,ағаштан жасалады.

Жүргізуші 2: Қазақ өмірінде ерекше орын алатын өнер ол – айтыс. Айтыс – ауыз екі әдебиетіде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр. Топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы,жыр сайысы.

Жүргізуші 1: Айтыстың ең ерекше түрі  – жұмбақ айтыс. Яғни,бір айтыскер ақын жұмбақ жасырады,ал екінші айтыскер ақын  оның жауабын өлеңдетіп,ұйқаспен жеткізуі керек. Ендеше,осынау кереметтей өнерді паш ету үшін ортаға демалушылар Кенжебай Бақытжан мен Оразалиева Жангүлді шақырамыз.

Жүргізуші 1: Көңілім тағы жырлашы

                        Сұңқардай көкке самғашы

                        Әсем әнім шырқалса

                       Туған жердің арқасы – алдарыңызда «» әнімен

(ән кетеді)

Жүргізуші 1: Күй ойнайды қазағымның қанында,

                        Күй ойнайды қазағымның жанында,       

Жүргізуші 2: Жүрегінің,жүрегінің дүрсілі                     

                        Күмбірлеген домбырасы барында, – дей келе,қазақтың төл аспабы домбыраға арналған кешімізді аяқтаймыз.

Жүргізуші 1:Ал,олай болса, Балдәуренде қалыптасқан  жақсы дәстүр бойынша қонақтарымызды шығарып саламыз.

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,510ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles