«Озық ойлы тарландар» атты зияткерлік сайыс
Мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой-ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге үйрету.
Жүргізуші сөзі:
«Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық жахандану заманында 30 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса маңызды» екенін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдауларында баса атап көрсетіп келеді. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім — патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
Жүргізуші сөзі:
Құрметті Ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер 8-10 сынып оқушылары. «Озық ойлы тарлаңдар» деп аталатын білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер Сайысқа 8-10- сынып оқушыларынан құралған 6 топ қатысады. «Батылдық — балалық шақта шыңдалады» десек баланы батыл ететін тәрбие құралының бірі –сайыс-ойын екендігі белгілі. Дүйім жұрттың көз алдында білім додасына түсіп, өзінің танымдық өресін, рухани жан-дүниесінің байлығын сарапқа салу кез-келген адамның қолынан келе бермесі һақ. Бұл додаға терең білімді, дүниетанымы жан-жақты дамыған, еліміздің қайнар бұлағынан терең сусындаған, жүректі жастар ғана қатыса алады.
Олай болса, «Озық- ойлы тарлаңдар» сайысына қатысушыларды қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.
Сайыскерлер:
1- топ: Архимед ізбасарлары(8а) 4-топ: Жас зияткер
2- топ: Жас Ұлан (8ә) 5- топ: Ізбасар тобы (10а)
3- топ: Арландар (9а) 6- топ: Жігер тобы (10ә)
Жүргізуші сөзі: Қош келдіңіздер, сайысқа қатысушылар.
Ендігі кезекте қазылар алқасы мүшелерімен таныстырып өтейін:
Енді қатысушыларды сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
І. Жаратылыстану ғылымдарына саяхат. (Төрт түрлі пәннен сұрақтар беріледі. Қай ұяшықты таңдасаңыз да өздеріңіз білесіздер. Жауап дұрыс болса, сол ұяшық ұпайына ие болады.)
ІІ. Бізден сұрақ, сізден жауап. (Әр топқа 20 сұрақтан беріледі. Топтың кез-келген мүшесі жауап бере алады. Жауап тез берілуі тиіс. Келесі топтың мүшелері жауап бере алмайды. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.)
ІІІ. Жаратылыс ғажайыптары. (30,20,10) ұяшықтар берілген. Алдымен ұпайы аз топ ұяшық таңдайды, ұяшықтардағы сұрақтар күрделілігіне қарай сандармен берілген. Жауап дұрыс болса, сол ұяшық ұпайына ие болады.Жауап бере алмаса ұпай берілмейді. Келесі топ ары қарай жалғастыра береді.)
ІV. Сиқырлы жәшік. (Жәшікте сұрақтар беріледі. Алдымен ұпайы аз топ таңдайды таңдайды, бірден сұрақтарға жауап береді. 5 сұраққа дұрыс жауап берсе 50 балл алады. Әр сұрақтың жауабы 10 балл)
V. Ойланайық, кім ойшыл. (Әр пән бойынша жұмбақтар беріледі. Жұмбақтың шешуін тауып, оны үш тілде айтады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.)
Жүргізуші сөзі:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік.
Жеткізер сіздей өренді
Білімдінің сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт-сапар енді тілейін! Дей келе, дайын болсаңыздар сайысымыздың 1кезеңін бастайық.
І. Жаратылыстану ғылымдарына саяхат. (Төрт түрлі пәннен сұрақтар беріледі. Қай ұяшықты таңдасаңыз да өздеріңіз білесіздер. Жауап дұрыс болса, сол ұяшық ұпайына ие болады.) Ойлану уақыты, 30 б- 2 мин, 20б- 1 мин, 10б- 30 сек
Биология пәнінен
30 балл. Генетика ғылымының экология, медицина, педагогика ғылымдарымен байланысын анықтаңыздар.
10 балл. Биология ғылымы нені зерттейді? Биология ғылымының салаларын атаңыздар.
20 балл. Анатомия және физиология ғылымдары нені зерттейді? Ғылым салаларының айырмашылықтарын анықтаңыздар.
Физика пәнінен
30 балл. Физика қай тілден шыққан қандай мағананы білдіреді? Физика нені зерттейді.Ең алғаш физика сөзін ғылымға енгізген ғалым кім? Оның көлемін кеңіткен ғалымкім?
Орыс тіліне негізген ғалым кім? Жауабы: «Физика» атауы грек тілінен шыққан, бізше «табиға» деген мағынаны білдіреді.Физика табиғат құбылыстарын зерттейді.Ең алғаш «физика» сөзін ғылымға енгізген ғалім дүние жүзілік бірінші ұстаз гректің ұлы ойшылы Аристотель. «Физика» атауының көлемін кеңіткен дүние жүзілік екінші ұстаз Әбу Насыр әл- Фарби. «Физика» атауының орыс тіліне енгізген ғалым Михаил Васильвич Ломоносов.
20 балл. Қандай табиғат құбылыстарын білесіздер?
Жауап:Күн мен айдың тұтылуы, Найзағайдың жарқылдауы,Жанартаудың атылуы .
Күннің тұтылу құбылысы мен найзағайжың пайда болу құбылысын айтыңыз?
Жауап: Күн, Ай, Жер үшеуі бір түзудің бойына келгенде, Ай Күннің бетін жауып, Жерге көлеңке түсіреді осы кезде дала күңгірттенеді.Осы құбылыс күннің тұтылуы деп аталады.Ол құбылыс 100 жылда бір рет қайталанады.Тұтылу ұзақтығы 5-7 минутқа сөзылады.
10 балл. Кебу, Булану,конденсация құбылысын түсіндір.
Жауабы:
Сұйықтың буға айналу құбылысы булану деп аталады.
Сұйықтың бетінде жүретін булану кебу деп аталады.
Булану жылуды жұтумен қатар жүреді.
Будың сұйыққа айналу құбылысы конденсация деп аталады.
География пәнінен
30 балл. Географиялық картадан құрлықтың биіктігін және мұхиттың тереңдігін анықтауға болады. ( Биіктік пен шкалалар көмегімен.)
20 балл. Оңтүстік және солтүстік жарты шарға күн сәулесі бірдей түседі.
(23 қыркүйек және 22 наурызда.)
10 балл. Масштаб дегеніміз не?
( Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде кішірейтілгенін көрсететін шама.)
Химия пәнінен
30 балл Динамитті ойлап тапқан ғалым кім? Сол кісі туралы мәлімет беріңдер?(А.Нобель)
20 балл. Ғылымға белгілі қай химиялық элементтер табиғатта тек қана сұйық күйде кездеседі. (Бром мен сынап).
10 балл. Атомның планетарлық моделін ұсынған ғалым? (Э.Резерфорд)
Жүргізуші сөзі: «Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер», -деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, «Білім жарысы» – білімді жастардың сайысы. «Білім жарысы» — елдің намысы, — дей келе,«Бізден сұрақ, сізден сұрақ» кезеңін бастаймыз. (Әр топқа 20 сұрақтан беріледі. Топтың кез-келген мүшесі жауап бере алады. Жауап тез берілуі тиіс. Келесі топтың мүшелері жауап бере алмайды. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.)
І топқа (8а) арналған сұрақтар:
1.Әр жерінде жеке немесе шоқ- шоқ ағаш пен бұта кездесетін көбінесе шөп басқан жазықтар. (Саванна)
2.Температураны өлшеу құралы не? ( Термометр)
3. Адамда сүйек саны қанша? (200 ден астам)
4. Ион дегеніміз не? (зарядталған бөлшектер)
5. Кебу деген не? (Сұйықтың бетінде жүретін булану кебу деп аталады.)
6 .Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғары тұздылық (‰) : (41)
7. Пластидтер қандай тірі ағзаларда болады? (өсімдіктер)
8. Ковалентті полюсті байланысқа мысалдар келтір? (CO2 , HCl, H2S)
9.Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешені: ( Материк)
10. Электронның электр зариядының мәні қанша? ( е = -1,6ּ10-19Кл.)
11. Өсімдік ұлпаларының қанша түрі бар? (6)
12. ІІА топша металдары не деп аталады? Сілтілік жер
13.Белгілі климат зерттеуші ғалым: ( Б.П. Алисов)
14. Жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. (тар немесе кең аяқ киім кию, өкшесі биік аяқ киім киюден т.б)
15. Тұз қышқылының формуласы? ( HCl)
16. Конвекция дегеніміз не? ( Конвекция дегеніміз-сұйықтың немесе газдың ағыны арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі )
17. Бөліп шығару жүйесінің негізгі мүшесін атаңыз. (бүйрек)
18.Адам әрекетінің ықпалымен қалыптасатын табиғат комплекстері: (Антропогендік)
19. Топ дегеніміз не? (Тігінен орналасқан элементтердің қатары)
20.Электр кернеуін өлшейтін құралдың аты? ( Вольтметр)
ІІ топтың сұрақтары: 8Ә
1.Материктер, мұхиттар, теңіздер, аралдар, өзендер, көлдер бейнеленген карта: ( Физикалық)
2. Қаныққан бу деген не?( Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды.)
3. Сілтілік металдар қай топта орналасқан? ( І топ)
4. Адамда бұлшықет саны қанша? (600 ден астам)
5. Электр тогы деген не? ( Электрондардың реттелген қозғалысы электр тоғы деп аталады).
6. Молярлық массаның өлшем бірлігі ? ( г/ моль)
7. Жер бетіне шығып төгілген магма: (Лава)
8. Сымбаттың бұзылуының пайда болу себептері. (тік, дұрыс отырмау)
9. Ең жоғары және ең төменгі температуралардың айырмасы: ( Амплитуда)
10. Булану деген не? ( Сұйықтың газға айталу құбылысы)
11. Күкірт қышқылының формуласы? (H2SO4)
12. Қан айналу жүйесінің негізгі мүшесін атаңыз.
13. Адам және жануарлар ұлпаларының қанша түрі бар? (4)
14. Құрғақ ауаның газдық құрамы: (78% азот,21% оттегі)
15. Термодинаимканың 2- заңы қалай тұжырымдалады? ( Термодимнаиканың ІІ заңын көбінесе былайша тұжырымдайды: екінші түрдегі «мәңгілік двигатель мүмкін емес.)
16. Период дегеніміз не? ( горизонталь қатарды айтады)
17.Атмосфераның құрылысы: ( Тропосфера,стратосфера,мезосфера)
18. Кедергіні жоғалатып, төмендететін құралдың аты?( Реостат)
19. Иондық байланысқа мысалдар келтір? ( NaCl, KF, KBr)
20. Лизосома қандай тірі ағзаларда болады? (жануарларда)
ІІI топтың сұрақтары: 9А
1.Қазақстанның БҰҰ-на мүше болған уақыты:(02.03.1992 ж.)
2. Гелий қандай валенттіліктер көрсетеді? Неге? Оның валенттілігі жоқ. 8 топта орналасқан.
3. Бүкіләлемдік тартылыс күші деген не? ( Бүкіл әлемдік тартылыс заңы: екі нүктелік денелер арасындағы өзара әрекеттесу күші олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал ара қашықтығының квадратына кері пропорционал.)
4. Генетика ғылымы нені зерттейді? (тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік)
5. Аспан сферасының негізгі элементтері қайсылар? ( 6 нұкте, 3 сызық, 2 жазықтық бар.Олар знит, надир, әлемнің оңтүстік, солтүстік нүктесі, Дүниенің оңтүстік және солтүстік полистері.3 сызық: Тік сызық, талтүстік сызық, Әлем өсі. 2 жазықтық: Математикалық көкжиек жазықтығы, аспан экватор жазықтығы.)
6.Қазақстан Ғылым академиясың тұңғыш президенті: (Қ. Сәтбаев)
7. Органикалық заттарды ата. (май, көмірсу, нуклеин қышқылдары, ақуыз)
8. Электртерістілік дегеніміз не? Бір химиялық элемент атомының басқа бір химиялық элементтен атомдардың белгілі бір санын қосып алу қабілеті.
9. Прокариотты ағзаларда ядро бар ма? (жоқ)
10.Қазақстандағы темір рудаларының негізгі кен орындары: (Соколов-Сарыбай, Лисаков)
11. Ковалентті байланыс дегеніміз не? (Ортақ электрон жұптары арқылы түзілетін байланыс)
12. Үдеу деген не? Бірлігі қандай? (Үдеу дегеніміз – жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама.) Бірлігі : м/с2
13.Қазақстан климатының шұғыл континентті болу себебі:
( Еуразия материгінің ортасында орналасуы )
14. Мендельдің бірінші заңын ата. (Біркелкілік заңы)
15. Қазақстан қандай радиоактивті металды өңдіруден әлемде бірінші орында? Уран
16. Күш импульсі дегеніміз не? ( Күш пен уақыттың көбейтіндісін айтамыз)
17. Бұрыштық жылдамдық деген не?( Бұрылу бұрышының бұрылуға кеткен уақытқа тәуелділігін айтамыз)
18.Темір рудаларының қоры бойынша Қазақстанның дүниежүзінде алатын орны:
19.Жыныссыз жолмен көбеюге қанша ағза қатысады? (1 ағза)
20. Периодтық жүйеде қанша металл және қанша бейметалл ба? 88 металл, 22 бейметалл
ІV топтың сұрақтары: 9Ә
1.Қазақстандағы мыстың ірі кен орындары: ( Қоңырат, Бозшакөл)
2. Дене импульсі дегеніміз не?( Дененің массасы мен жылдамдығының көбейтіндісін айтамыз)
3. Аллотропия дегеніміз не? Бір элементтің бірнеше түрде өзгеріп кездесуі.
4. Эволюция ғылымы нені зерттейді? (органикалық дүниенің дамуын).
5. Тербелістер деген не? ( Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.)
6. S орбитальдың пішіні қандай? Шар
7.Вольфрам қоры бойынша Қазақстанның дүниежүзінде алатын орны : (1)
8. Мендельдің екінші заңын ата: (Ажырау заңы).
9. Халькогендер сөзінің мағынасы ? Мыс кенін тудырушы
10. Бейорганикалық заттарды ата: (минералды тұздар мен сулар).
11. Еркін және еріксіз тербелістер. ( Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады. Еріксіз тербелістер деп сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.)
12. Ірі қалалардың маңында шоғырланған шағын және орташа қалалар: (Агломерация)
13. Жаңғырық деген не? ( Жаңғырық деп – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.)
14. Балқыш қаласы елімізде және әлемде қандай металл өңдірумен аты шықты? Мыс
15.Қазақстанның негізгі табиғи газ қоры шоғырланған жер: ( Маңғыстау түбегі)
16.Қазақстандағы машина жасау кешенінің дамыған салалары:
(Ауыл шаруашылық машиналарын жасау)
17. Дыбыстың сипаттамаларын айтыңыз. ( Дыбыс қаттылығы, тон, тембір, шу)
18. Қышқылдар дегеніміз не? Сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі қосылыстар
19.Жынысты жолмен көбеюге қанша ағза қатысады? (2ағза).
20. Эукариотты ағзаларда ядро бар ма? (бар).
V топтың сұрақтары: 10А
1.Дүние жүзі бойынша жүгері өсіруден көрнекті орын алатын мемлекет: (АҚШ)
2. МКТ негізгі қағидалары.
1.Әр қандай зат атомдар мен молекллалардан құралады.
2. Роар үздіксіз, ретсіз хауысты қозғалады.
3. Олардың арасында тартылыс жәнее тебіліс күштері болады.
3. Майдың қандай қорғаныштық қызметі бар? (суықтан қорғайды)
4. Атом радиусы дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі қандай? Ядродан атомның шеткі нүктесіне дейінгі ара қашақтық. (Нм)
5. Ньютонның І заңын айтыңыз( Егер денеге басқа денелер әсер етпесе, онда бұл дене түзусызықты және бірқалыпты қозғалады; оның жылдамдығы модулі бойынша да, бағыты бойынша да өзгермейді.)
6. “Африка жылы” болып есептелетін жыл: (1960)
7. Р орбиталдың пішіні қандай? Неше электрон сияды? Гантель тәрізді. 6 электрон сияды.
8. Прокариоттарға қандай тірі ағзалар жатады? (бактериалар мен көк жасыл балдырлар).
9. Изотоп дегеніміз не? Мысал келтір. Протон сандары бірдей, нейтрон сандары әртүрлі атомдар. Сутек изотоптары.
10. Жасушаны алғаш көріп ашқан ғалым кім? (Робер Гук).
11.Жаңа индустриялық елдер: (Корея, Сингапур, Тайвань)
12. Электронның массасы қанша? ( Ме= 9.1* 10-31 kg)
13. Дене жасушалары қандай жолмен бөлінеді: (митоздық).
14. Сілті мен негіздің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Сілті суда ериді, негіз ерімейді
15. АҚШ-тың “автомобиль астанасы”: (Детройт)
16. Изопрацесстер қанша?Олар қайсылар?( 4 түрлі изопроцес бар олар: Изобаралық, Изохоралық, Изотермиялық, Адиябаталық)
17. 3 моль көміртегі (ІҮ) оксидінің массасын тап (Ж:132 г)
18.Шаруашылық өмірді интернационалдандырудың жоғары формасы: ( Интеграция)
19. Менделеев-Клапейрон теңдеуін айтыңыз
20. Онтогенез қандай сатылардан тұрады? (эмбриондық, постэмбриондық).
VI топтың сұрақтары: 10Ә
1.Ғылыми – техникалық прогрестің нәтижесінде қалдықсыз өнім беретін сала: (Химия өнеркәсібі)
2. Күштің 5 түрін айтыңыз (Ауырлық күші, Серпімділік күші, үйкеліс күші, Архимед күші, бүкіләлемдік тартылыс күші)
3. Иондық байланыс дегеніміз не? Мысал келтір. Электртерістілігі өте алшақ атомдар арасындағы байланыс. NaCl
4. Жыныс жасушалары қандай жолмен бөлінеді (мейоздық).
5. Зат мөлшері деген не? (Массаның мольдык массаға қатынасын айтамыз)
6. Австралияда өте жақсы дамыған шаруашылық: (қой өсіру)
7. Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер Екідайлы (амфотерлі)
8. Үйкеліс күші деген не? (Бір дене екінші дененің бетімен жанасқанда пайда болатын күш.)
9. Май су көзі дегенді түсіндіріңіздер: (100 гр май ерігенде 105гр су түзіледі).
10. Ауыл шаруашылығының шикізатын өңдейтін салалар (Агроөнеркәсіп кешені)
11. Атом нешеге бөлінеді? Олар қайсылар(3 ке бөлінеді. Олар Электрон, протон, нейтрон)
12. 10-сынып, «Мектеп» баспасы ХИМИЯ оқулығының авторы. ( Қ.Бекішов)
13. Дүние жүзіндегі ең ірі әуежай (АҚШ та орналасқан О — Хара)
14.Бірінші ғарыштық жылдамдық деген не? ( Жасанды Жер серіктердің жерді дөңгелек орбита бойымен айналуын айтамыз.)
15. Реакция кезінде сіңірілетін немесе бөлінетін жылу мөлшері (жылу эффектісі)
16. Эукариоттарға қандай тірі ағзалар жатады? (саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар, адам).
18. Сарқылатын табиғат ресурсы: ( көмір)
19. Онтогенез барысында зиянды әсер ететін заттар заттар? (шылым, алкогольдік заттар, наша).
20. Зат мөлшері 2 моль көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемін тап. (Ж.44,8л)
ІІI . Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Олай болса, (3 кезең) Жаратылыс ғажайыптары кезеңін бастайық (30, 20, 10 ұяшықтар берілген. Алдымен ұпайы аз топ ұяшық таңдайды, ұяшықтардағы сұрақтар күрделілігіне қарай сандармен берілген. Жауап дұрыс болса, сол ұяшық ұпайына ие болады.Жауап бере алмаса ұпай берілмейді. Келесі топ ары қарай жалғастыра береді.) Ойлану уақыты, 30 б- 2 мин, 20б- 1 мин, 10б- уақыт берілмейді, бірден жауап бересіңдер.
Физика (30)
Практикалық тапсырма: Түзу магнитті алып темір ұнтағына салыңыз.Пайда болған құбылысты түсіндіріңіз.және түзу магнитті ақ қағаз астына қойып, қағаз ұстіне темір ұнтағын себіңіз пайда болған құбылысты түсіндір.
Бейнежазба тапсырмасы (20)
Жай сұрақтар (10)
Термодинамиканың бірінші заңы қалай түжырымдалады.
География (30)
Қазақстанның табиғат зоналарына қысқаша салыстырмалы сипаттама жасаңдар
Табиғат зоналарының алып жатқан аумағын Қазақстанның физикалық картасынан көрсетіп талдау жасау (орманды дала – 0,4%, дала — 29%, шөлейт – 14%, шөл — 44%, таулы аймақтар – 12,6%)
Орталық Қазақстан облысы қай табиғат зонасында орналасқан, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін атап көрсету.
Табиғат зоналарына салыстырмалы сипатама беру.
Бейнежазба тапсырмасы(20)
Жай сұрақтар(10)
1.Жергілікті жердің планы дегеніміз не?
(Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасы)
Биология (30)
Практикалық жұмыс
Пияз өңінің жасушаларындағы плазмолиз және деплазмолиз құбылысы. Микропрепарат дайындаңыздар.
Бейне сұрақ. (20)
ХХІ ғасыр биология ғасыры дегенге сіздердің көзқарастарыңыз қандай. Неге бұлай айтылып жүр?
Жай сұрақтар. (10)
Эволюция ғылымының негізін салған ғалым кім? Ч.Дарвин.
Химия (30)
«Жанбайтын орамал», Қандай жағдайда орамал жанбайды ?
Бейне сұрақ (20) – мұнайды алғаш өндірген ел? (Әзірбайжан 1848жылдан бастап капиталға айналдыра бастады.)
Жай сұрақтар (10)
Жарықтың әсерінен ыдырайтын қышқыл ( Азот қышқылы)
Жүргізуші сөзі:
Асып -тасып асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Шапшаңдыққа таң қалма.
Ойын деген нарталас,
Жеңілем деп ойлама- дей келе,
ІV. Сиқырлы жәшік. (Жәшікте сұрақтар беріледі. Алдымен ұпайы аз топ таңдайды таңдайды, бірден сұрақтарға жауап береді. 5 сұраққа дұрыс жауап берсе 50 балл алады. Әр сұрақтың жауабы 10 балл)
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді ? ( Құс жолы)
2.Әйгілі орыс жазушысы А. С. Пушкин бейнесіндегі ел. Жауабы: Италия
3. Қай элементтің бейнесі айдахардың бейнесіне ұқсайды? Күкірт
4. Теңізде қандай тастар болмайды ? ( құрғақ)
5. Ең кішкентай құс. (Колибри).
1. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
Жауабы: Африка
2.Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. «Ақыл-ой» элементі? Фосфор
4. Ең ұзын жануар атаңыз.(Керік, жираф).
5. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
1. Ең ұзақ әнұран мәтіні қай елде? 158 өлең жолынан тұрады?
Жауабы:Грекия
2. неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
3. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 40 сүтқоректілердің арасында жойылып кеткені қайсысы?(Қызыл қасқыр).
4. Барлық континентте бар қала? Жауабы:Рим
5. Денесінде қышқыл бар жәндік? құмырсқа
1. дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
2. Ресейде шаруалар бұл өсімдікті «шайтанның алмасы» деп атады. Тіпті оны
ХІХ ғасырда көбейтуге бүлік те шығарған. Жауабы: Картоп
3.Қызыл кітап бетінің әрбір түсі – жойылуға қаншалықты қауіп төнгендігін білдіреді. Қара параққа қандай түрлер тіркелген? (Жойылып кеткен түрлер).
4. Тудағы жазу — рәміздің ең негізгі басты бөлшегі болып табылатын ел ?
Жауабы: Сауд Арабиясы. Оның туында «Алладан басқа құдай жоқ,
Мұхаммед оның пайғамбары» деген сөз бар.
5. Ең қымбат металл? Платина
1. Адамнан телефоны көп қала ? Жауабы:Вашингтон
2. Ең қиын балқитын металл? Вольфрам
3. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
4. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 40 сүтқоректілердің арасында жойылып кеткені қайсысы?(Қызыл қасқыр).
5. Рентген сәулесінен қорғайтын қандай металл? Қорғасын
1. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
2. Орамалды әйел — ана бейнесінде қандай елдер бейнеленген?
Жауабы: Португалия, Испания
3. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
4. Тоңазытқыш жүйесінде қандай химиялық қосылыс қолданылады? Фреон
5.Бақ-бақтың бір жұбы 10 жыл ішінде ешқандай кедергісіз өссе, бүкіл жер шарын 10 см биіктікте жауып өсуі мүмкін еді. Бірақ жер бетінде осындай қарқынмен көбею болмайды, неге екенінің себебін атаңыз.(Тіршілік үшін күрес).
Көңілді тапқыштар,білгірлер
Бар білімін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. Еді соғы түйенің жүгі ауыр демекші – сайсымыздың соңғы кезеңі. «Ойланайық, кім ойшыл» (Әр пән бойынша жұмбақтар беріледі. Жұмбақтың шешуін тауып, оны үш тілде айтады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.)
1. Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық,
Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсетіп сұйықты, Жылудағы анық,
Қандай зат құрал жасар оны құйып.(Сынап- ртуть- mercury)
2. Сырты тас, іші ас. (жаңғақ, орех, nuts)
1. Сыныптан бір шықпайды,
Тимесеңіз жұқпайды.
Жәрдемісіз бұл заттың,
Оқушы сабақ ұқпайды.(Бор-бор- boron)
2. Жылт –жылт еткен, жырадан өткен (су, вода, water )
1. Пайдаланған мені жұрт
Отын менен жарыққа
Қызмет етем әрқашан
Түсіне білген халыққа
Жауабы: (Электр тогы , Электрический ток, electriccurrent)
2. Жазда тұрып жоғары, күзде жерге қонады. (жапырақ, листья, leaves)
1. Ток бар жерде, біреу бар
Өлшемі вольт, киловольт
Ұмытыпкетпетағы да,
Гектавольт пен мегавольт
Жауабы: (Кернеу, напряжение, voltage)
2. Ақ металл айналады тыным таппай,
Жүргенде су бетінде орын таппай.
Аяздан соң суға сіңіп жоқ болады,
Оқушым, ал ойланғын, қойма таппай.(Натрий- натрий- sodium)
1. Әне барады өзі, көрінбейді ізі (жел, ветер, wind)
2. Қасына келсең жылайсын, ащы деп те сынайсың, келмейін деп ойласаң, керек деп өзін сұрайсың. (пияз, лук, onion)
1. Аса қажет өмірге халық үшін
Пайдаланам күн сайын жарық қүшін
Жауабы: (Электр шамдары, лампа, bulb)
2. Қар астында қыстады, жасылмен бөркін тастады (жер,земля, land)
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Енді, қазылар алқасы сайыскерлеріміздің жалпы ұпай санын есептеп болғанша, өздеріңізбен біздің елге таң қалған
М. А. Шолоховтың мына бір тамаша сөзімен бөліссем деймін: «Мен сіздердің өңірді шын сүйіп кеттім. Қазақтардың мәдениетіне, тіліне және әдет-ғұрпына қатты қызығамын. Қазақстан – менің екінші Отаным болып алды» деген екен. Көрдіңіз бе, біздің елге қызығу да, қызғану да, таңғалу да бар, олай болса, туымыз биік, еңсеміз жоғары болсын десек, әрқайсымыз өз еліміздің патриоты болайық. Өйткені сол еңсесі биік елдің білімді ұрпақтары біздер десек, еліміздің болашағы да біздің, яғни білімді ұрпақтың қолында екенін естен шығармайық дегім келеді.
Білмейтінін білем деп олжа қуар,
Кей біреудің әр пәннен білімі бар.
Жаратылыстану пәндерін ұға алмасаң
Шыға алар ма білімнің шыңына олар
– деп бүгінгі қорытынды сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайық. Ортаға сайысты қорытындылап, сайысқа қатысушыларды марапаттау үшін қазылар алқасын шақырайық.
(Әділқазылар сөйлейді, топтарды марапаттайды)
Жүргізуші:
Бүгінгі танымды зияткерлік сайыс көңілдеріңізден шықты деп сенеміз. Келген қонақтарға да, сайысқа қатысқан сайыскерлерге де алғысымызды білдіреміз. Көріскенше күн жақсы болсын!