18 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

«Шығамын биік шыңына» викториналық ойынының бағдарламасы

«Шығамын биік шыңына» викториналық ойыны

Тақырыбы:  «Шығамын биік шыңына» викториналық  сұрақ-жауап ойыны,  Бүгін біз «Тілім — тірегім» тақырыбын тілге тиек ететін боламыз

Мақсаты:    Елжандылық, туған жерін қастерлеуге, Отанды сүюге, адалдыққа, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу. Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыру. Түрлі тапсырмалар арқылы оқушының танымын кеңейту. Ақыл – ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Тау шыңы мен оған дейін көтерілетін сатылар (3 саты) бейнеленген көрнекілік,  арнайы дайындалған сұрақтар.

«Шығамын биік шыңына» викториналық  сұрақ-жауап ойынының жүргізілу барысы:

Әрбір мемлекеттің болашағы  мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болатын тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің назарында. Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз елінің білімді, өнегелі азаматы болу әр оқушының міндеті.

Құрметті қонақтар және ойынға қатысушылар – «Сөз атасы — сәлем» деген емес пе, алдымен амандасып алайық. Армысыңдар дегім келеді!

Білім аққан сел дейді

Бірақ оңай келмейді

Ала білсең білім көп

Ақыл ойға кен дейді

Әрқашанда білім көптік етпеген

Талапсыз жан мұратына жетпеген

Сәлем бердік өрендерге талапкер

Дос көңілден, адал , аппақ ниетпен- дей келе

Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.Сонымен қатар сайыскерлеріміздің білім деңгейлерін тексеріп, әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық.

Әділ қазылар алқасы:

1.____________________________________________________

2.____________________________________________________

3.____________________________________________________

Сайыс шартымен таныстыру

Ой өрісті дамытуда бір елі.

«Шығамын биік шыңына» сұрақ- жауап мекені.

«Шығамын биік шыңына» викториналық сұрақ- жауап танымдық ойын сайысына ат салысуға шақырамыз.

Ойын шарты:Ойынға қатысушылар 3 топқа (5-6 сынып оқушылары).

«Алғырлар» тобы

«Тапқырлар» тобы

«Білгіштер» тобы

Ойын 3 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің 5 тапсырмасы бар. Бұнда кездесетін тапсырмалар жан-жақты қамтылған әр түрлі тақырыптарда келеді. Мысалы:

«Түрлі сұрақтар», «Мақал –мәтелдер» және «Жұмбақ жасыру».

1-ші кезеңнің 5 сұрағына жауап берілсе «Бірінші сатыға» көтеріледі

2-ші кезеңнің 5 сұрағына жауап берілсе «Екінші  сатыға» көтеріледі

3-ші кезеңнің 5 сұрағына жауап берілсе « Үшінші саты-соңғы сатыға» көтеріледі

«Үшінші сатыға» көтерілгеннен кейін «Тау шыңы» бар. Тау шыңының да өз тапсырмасы бар.
Ал енді, «Шығамын биік шыңына» викториналық сұрақ жауап ойынымызды бастаймыз.
«Бірінші саты»  сұрақтары :
1. Сұрақтар.
 1. Менің атым Медет.  Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 

2. Жас кезінде балаға аталатын малдың атауы? (Бәсіре)
3. Отырар қалай аталады? (Фараб)

4. Қандай жырауларды білесің? (Базар, Қазтуған, Майлықожа, Ақтамберді, Бұқар, Асан қайғы, Шалкиіз, Үмбетей)

5. Ораза айында берілетін құдайы қалай аталады? (Пітір садақа)

(«Бірінші сатыдан» көтерілеміз)

«Екінші саты»  сұрақтары
 Үй тапсырмасы

Топтар бір-біріне жұмбақ  жасырады

1. Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам?  (құрт)

2.Ердің туы не? (намыс)

3.Жеті қазынаны ата?
Жеті қазына – Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой, жүйрік ат,
қыран бүркіт, берен мылтық .

4Тіркесін табу:
Тіл тас жарады…
(Тас жармаса, бас бас жарады).

5.Ерді намыс өлтіреді…
(Қоянды қамыс өлтіреді).

(«Екінші сатыға» көтерілеміз)
Сергіту сәті

«Шыңға шығу»  сұрақтары:

1.Үш арсызды ата? (ұйқы, күлкі, тамақ)
2. Алғашқы Президент күні мерекесін қай күні тойлаймыз? (1 желтоқсан)

3. « Менің атым Қожа» повестін кім жазған? (Бердібек Соқпақбаев)
4. «Манас» жыры қай халықтың жыры ? (Қырғыз)                                                          5.  Шығармадағы кейіпкердің кезектесіп сөйлеуін қалай атайды? (Диалог)
 Ал енді  «Шыңға» шығуға дайынбыз ба?
1. Жеті жоқты ата?
Жеті жоқты айту –

Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада талақ жоқ,
Аспанда тіреу жоқ,
Жерде өлшеу жоқ,
Аллада бауыр жоқ.
2. Қазыбек бидің даналығы:
Не қымбат?
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.

3. Отан туралы 4 мақал айту.
1. «Отан үшін отқа түс, күймейсің»
2. «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»
3. «Отан оттан да ыстық»
4. «Отан-қуат, отбасы-шуақ»

( «Шыңға» шықты).
Шыңға да шығып, «Шыңның да» тапсырмаларын орындадық.

Кідіріс
Көрермендерге сұрақтан шашу шашайық.

-Қазақ хандығының 2015 жылы  неше жылдығын атап өттік? (550 жыл)

– Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады? (карта)
— Ұлы жеңіске неше жыл? (76 жыл)

– Мемлекеттік тіліміз? (қазақ тіліміз)

– Қазақ халқының атақты үш биін ата (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

– Абай Құнанбаев қашан қай жерде дүниеге келген? Семей облысы, Шыңғыс тауы, 1845 жыл.

Ендеше, сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.
Марапаттау

жүргізушінің  қорытынды сөзі:
Білдім деме, балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған,
Көп нәрсені тоқиды,- деп Өтебай Тұрманжанов ағамыз жырлағандай оқып, білім алудан ешқашан жалықпайық!

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,803ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles