7 C
Нур-Султан
Пятница, 29 сентября, 2023
spot_img

Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы

2019 жылдың «Baldauren New Year.Kz» атты  жас

 өнер қырандарының фестивалі 9- ауысымының

«Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты әдеби-танымдық кешінің

СЦЕНАРИЙІ

.

Авторы: Абильдаева Аида Алматовна

Жқмыс орны: Қарағанды облысы Балқаш қаласы «Балдәурен-Балқаш» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы.

Өткізілу орны: Балқаш қаласының «Балдәурен» РОСО концерт залы

Өткізілу мерзімі: 13.12.2019 ж.сағ: 20:00

Қатысушылар: Ауысымға қатысушы балалар, қонақтар, педагогикалық ұжым.

Мақсаты:  Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата — бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау, білімдерін кеңейту;
  • Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, қабілеттерін дамыту;
  • көркем сөйлеу, сахнада өз-өздерін ұстау, шеберліктері мен жауапкершіліктерін арттыру;

Керекті құрал – жабдықтар: музыкалық сүйемелдеу, микрофондар.

Өткізілетін уақыты: 45 мин.

Жүргізушілер
І жүргізуші – Савит Нұрсұлу, Ақмола облысы
ІІ жүргізуші – Мауль Артем, Қостанай облысы

ПРОЛОГ.

Слайд – 1 футаж

ҚАЗАҚ БИІ, (Хабарлаусыз, бір би жіберіледі)

1-Номер би

Слайд – 2 Тәуелсіздік

1-жүргізуші: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін

                        Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

                        Құттықтаймыз, мерекелі Қазақстан,

                        Тәуелсіздік атыменен біз бүгін –

16- желтоқсанда біздің еліміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлайды.

2 ведущий: Наши знания – Независимость
                     Наша цель – мир и благоденствие
                     В этом мире есть лишь одна Родина
    Это – Казахстан! 16 декабря наша страна отмечает День Независимости Республики Казахстан.

Слайд – 3 название вечера

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер! «Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты әдеби-танымдық кешімізге қош келдіңіздер!

2 ведущий: Здравствуйте уважаемые гости, мы рады приветствовать вас на литературно-познавательном вечере, посвященному Дню независимости – «Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы».

1-жүргізуші: «Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

                       Ұранға «алаш» деген атты аламын» — деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын -сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Алдарыңызда «Алаш аманаты» атты көрініс. Қарсы алыңыздар!

Слайд – 4 Алаш аманаты

2 – Номер на сценка «Алаш аманаты»

________________________________________________________________________________________________________

«Алаш аманаты» көрініс.10 мин

(Жарық сөніп тұрады. Қараңғы түнде тау қалғып ән қосылып тұрады. Қосымша скрипканың үні естіледі.)

Голос за кадром.

-Мен төре сұлтанмын. Тірі болсам хан баласында қазақтың өтелмеген қақысы  бар. Сондықтан, қазақ үшін қызмет етпей қоймаймын. Тіпті жанымды алса да.

Бұл қашан болған?!

І.Жансүгіров: 9 Қаңтар жексенбі болса керек. Мында бәрі жазылып тұр емес пе?!

М.Шоқай: Сұңқарым, не істедіңіз? Жағаласа кетеміз бе? Қайтеміз?!

М.Дулатов: Я деймін. Жаумен жағаласып жатқанда, бөрілігімізді көрсетіп, жатқа ала қабақ түсірсек қалай аға?!

І.Жансүгіров: Иәә..

Ә.Бөкейханов: Олардың сыртын ашсаң, ішінен татар шығады. Күресуді қойсаң жандарың шығады дегендей, Европаның мәдени жұртының сыртын қырсаң, іші ақсақ боп шықты-ау әәә? Қамсыз қара халыққа оқ атқан қай атаңда бар? Өзін-өзі қасқырша шауып отқан жұртта оқу,шеберлік болмайды.Бұл бек мүмкін емес. Енді андысын аңдап ақырын күтейік.

Бізге қазір лекпез  керек, лекпез. Жаппай халықтың сауатын ашу керек. Жаппай білімге ұмтылу керек. Газет шығарып, елдің көзін ашу керек.

Уа, қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде, қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз. Дәл қазір жұрт пайдасына жарайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ереді.

А.Байтұрсынов: Төрем, қақиқатында талабы жоқ, бірақ үміті мол бір халықпыз. Алланың қазаққа деген сәтті күндері ме, жоқ әлде қатты күндері ме?! Әйтеуір, бірдеменің тақалғаны анық. Не тақалса да, әлеуметтің жоғын жоқтар, мұңын мұңдар заман келді. Егер басшылығы дұрыс болса, әлеуметі түзу, теріс басшылық болса әлеуметті адастырады. Сондықтан бұырс кетпей, ау дұрыс жүре алатын, көрген-білгені мол, оқыған тоқығаны бар, көшті түзеп бастап алатын, өзіңнен басқа ел көрмей тұрмын.

Барлығы: Дұрыс айтады, дұрыс аға, расында да!

А.Байтұрсынов: Мына Петерборда да, өкіметте де, дос-қарысы көп, беделі бар, закон білетін,  законменен сол орыстың өзін ақсататын сол өзіңіз. Оның үстіне былай да, жол сіздікі сұлтан!

Барлығы: Я, бастаңыз, Етегіңізден. Я дұрыс айтады.

Ә.Бөкейханов: Рақмет, ардақтыларым!

Ғ.Бөкейханов: Төрем, төрем указ шықты. Ақ патшаның указы.

Ә.Бөкейханов: Бұл бізге берілген мүмкіндік. Жігіттер, қазақтың көзі ашық саналы, сәулелелі азаматтарын түгел жинаңдар. Тарбағатайдан Атырауға, Ташкеннен Астраханьға дейін хабар жетсін. Бар бүлік жұмысшылар петициясынан басталған екен. Онда бізде петиция берейік. Бірақ сол петицияны   15 мың жұмысшының атынан емес, 6 млн-ға жуық күллі алаш жұртының атынан береміз.

Барлығы: Дұрыс, дұрыс, дұрыс айтасыз

Ә.Бөкейханов: Және, және бұл біздің, яғни бар қазақтың Кенесарыдан кейінгі алғашқы саяси талабы болмақ. Қасиетіңнен айналайын кең жерім, қолыма қылыш алып, отарлауға қарсы тұрса, біз, қаламмен, біліммен соғысамыз. Біле білгенге бұл да бір майдан. Бұ да бір текетірес. Қамсыз қалмайық. Я, Алла, бір өзің жар бола көр!

Әлиханды ұрған дыбыс, сахна сыртында.

Тергеуші: Болды, менің тергеуім аяқталмай, менің жұмыс уақытымда бұл камераға кірмеуге, ескертпедім бе?! Егер сөз ұқпайтын кеще болсаңдар, түрме бастығына, тіпті одан жоғары шағым түсірем! Не сұмыдқ мынау аааа?! Айып етпеңіз Алихан Нурмухамедович. Безобразие  бар ғой, жоқ! Бұларды, бұларды түрмеге қамау керек. Мінекейіңіз, сүртіңіз.

-Алихан Нурмухамедович, сіздің қандай керемет, мүмкіндіктеріңіз болды. Бір емес сан мәрте, тіпті ұлы Лениннің өзімен жақсы қарым-қатынаста болыпсыз. Европаға еркін кедергісіз шығып кететін мүмкіндіктеріңіз болды. Неге қалдыңыз аааааа?! Не жетпеді осы сізге?

Әлихан Бөкейханов: Теңдік!   Теңдік…. Бізге тағы не жетпегенін білгіңіз келсе, анау үстел үстінде тұрған петициямен танысып шығыңыз. Андағының ішінде баршылық.

Жарық сөнеді.

Сахнаға А.Байтұрсынов шығады

Голос за кадром.

А.Байтұрсынов: я

Голос за кадром.

А.Байтұрсынов: Өлмеген қоқай деймісің?! Ал, баста.

Жарық сөнеді. Сахнада Ахмет пен Әлихан.

Қараңғы түнде тау қалғып әні қосылады.

Ә.Бөкейханов: Қолыңа бір жылы су құйып бере алмай кетемін апа! Мені қойшы, сен мауқымыңды баса алмай қалдың ғой! Соған өкінем.. Жұмыс, жұмыс деп жүріп өзіңе де, дұрыс көңіл бөлмеппін. Олай-бұлай боп кетсем, топырағыңды да, сала алмаймын деп қорқам, апа! 

Фон қосылады

 І.Жансүгіров:Мен-Ілияс Жансүгіров, Ә.Бөкейханов: Ілияс…,

І.Жансүгіров: ұлтым қазақ!, С.Торайғыров: Мен-С.Торайғыров,

Ә.Бөкейханов: Сұ лтан!С.Торайғыров: ұлтым қазақ.Б.Майлин: Мен Бейімбет Майлин! Ә.Бөкейханов: Бейбітім! Б.Майлин: ұлтым қазақ!М.Жұмабаев: Мен Жұмабаев  Мағжан! Ә.Бөкейханов: Мағжаным! М.Жұмабаев: ұлтым қазақ! С.Сейфуллин: Мен Сәкен Сейфуллин, Ә.Бөкейханов: Сәкенім С.Сейфуллин: Ұлтым! Қазақ! Ж.Досмұхамедов: Жақанша Досмұхамедов, Ә.Бөкейханов: Жақанша

Ж.Досмұхамедов: ұлтым, қазақ. Ж.Ақпаев: Мен Жанат Ақпаев, қазақтың баласымын.

Ғ.Бөкейханов: Мен, Ғұбайдұлла Бөкейханов,Ә.Бөкейханов: Ғұбайдұлла!

Ғ.Бөкейханов: ұлтым қазақ М.Шоқай: мен Мұстафа Шоқайұлы, қазақпын.Ж.Аймауытов: Мен Жүсіпбек Аймауытов, ұлтым қазақ. М.Дулатов: Мен, Міржақып  Дулатұлы, ұлтым қазақ Ә.Бөкейханов: Міржақып. А.Байтұрсынов: Байтұрсынұлы Ахмет ,Қазақпын

Ә.Бөкейханов: Ахмет… Ахмет! Міржақып! Сәкен! Асылдарым-ай, бозадқтарым-ай қайтейін енді! Әй, бостаыңдар мені! Босатыңдар! Әй, қайсысың бар өңшең иттер! Мен Сталинмен кездесуім керек. Әй доғар, доғар! Алар кегің болса мені-ақ өлтір! Жұртқа тиме! Көзкөрмес, құлақ естімеске кетейін! Қырма жұртты! Елге тиме! Аш!!! Қайтейін боздақтарым-ай! Тимеңдер жұртқа! Өлтірмеңдер! Қайтейін асылдарым-ай! Боздақтарым-ай, қайтейін! Асылдарым-ай…

Слайд – 5 Астана

 1-жүргізуші: 

                         Әсем ән тербеледі, теңселеді,
                         Талай қыр, талай сырды еңсереді.
                         Сермейді, сұңқылдайды, сыңғырлайды,
                         Ез емес, еңселі ері, ел сенеді. «Ән көңілдің ажары» демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік. Қарсы алыңыздар!«Туған жер» әнімен Байжанова Сабина — Қостанай облысы, Сихимбаева Венера — Балқаш қаласы, Мухамеджанова Сабина —  Нұр-Сұлтан қалас, ортаға шақырамыз.

Слайд – 6 видео Казахстан

3 – номер  «Туған жер» әні

Слайд 7 Казахстан

2 ведущий: 28 лет назад  на карте мира появилось название — Республика Казахстан. Новое имя украсило древнюю страну, раскинувшуюся на широких просторах Евразийских степей. Поистине велика  казахстанская земля. От седого Каспия — на западе, до Алтайских хребтов — на востоке, от берёзовых перелесков — на севере, до хребтов Заилийского Алатау — на юге.

Слайд – 8 футаж с орнаментом

1-жүргізуші: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра» демекші ортаға «Ерке сылқым» күйімен Қайратұлы Сұңғат, Қостанай облысы қарсы алыңыздар!

4 – номер  «Ерке сылқым» күйі

Слайд — 9 16 декабря

2 ведущий:  Независимость далась нашему народу нелегко. 16  декабря 1986 года началась новая эпоха в истории нашей страны. В этот день казахская молодёжь выступила против игнорирования центром национальных интересов Республики. Это выступления стало ярким примером борьбы старого и нового мышления.   В событиях 1986 года погибли молодые казахстанцы, отдавшие жизнь за нашу независимость……

Слайд – 10 1986 год

1-жүргізуші:  1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болы. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын намысы жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 

                         Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
                         Жұртым менің не қиындық көрмеді.
                         Жылап тұрып Аналарым бұл жолда
                          Сан перзентін қара жерге жерледі.

сахнада «Желтоқсан алаңы» атты көріністен үзінді, қарсы алыңыздар!!!

5 – номер «Желтоқсан алаңы» атты көріністен

Слайд – 11 фото Ербола

1-картина

Ербол Сыпатаев

Ербол. Сол күні Ия сол күні 1986 жылы 16 желтоқсан болатын. Алаңға бардым ия бардым мойындаймын. Барғанда да Қонаевты үгіттеп  барғаным жоқ. Менің алаңға, қанды алаңға  баруымның екі себебі болды. Біріншісі, сол қанды алаңда не болып жатқанын өз көзіммен көріп, білу болатын. Ал екіншісі, қазақ қыздарының шаштарынан сүйреп, іштерінен тепкілеп, айуандықпен өлтіріп жатқанын елден естіген соң, күл болмасаң бүл бол деп, мына менің еркектік намысыма жат қылық. Құдай куә, адам өлтіргенім жоқ. Адам өлтіру мына бейбақ менім қолымнан келместе еді. Қазақ қыздарына араша түсем деп бұзақы атандым…

Слайд – 12 фото Ляззат

2-картина

Ләззат Асанова

Тергеуші: кіргізіңдер ана бүлікші қызды! Сонымен Ләззат сіз өзіңіздің қылмысыңызды мойындаймысыз?!

Ләззат: Мен ешқандай қылмыс жасаған жоқпын.

Тергеуші: Доғар! Сен менің жыныма тиіп біттің! Енді сенімен сөз басқаша болады. Сен жатақханадағы қыздарды үгіттеп, үкіметке қарсы насихат жүргіздің. Алматыдағы алаңға шығып, бұзақыларға қосылғаныңның өзі  сенің тағдырыңа соны белгілеп қойған. Сол сендейлерді қоғамнан аластамақ түгілі,  көзін құрту керек.

Ләззат: Мен тағы да айтам ешқандай қылмыс жасаған жоқпын. Өзімнің азаматтық құқығымды қорғауға қақым бар. Қазақтың басшысы қазақ болсын деген сендер ұшін қылмыс па?! Ата-бабамның сан ғасыр армандаған азаттығына қол жеткізсем деген алаштың арда ұлдарының арманы орындалар күн туды.  Осы үшін құрбан болсам арманым жоқ! Қазақ үшін жан қиған Алихан, Мұстафа сынды арда  азаматтардың арманы тәуелсіздік еді. Олардан жаным қымбат емес. Мен айтқанымнан қайтпаймын.

Слайд – 13 фото Кайрат

3-картина

Қайрат Рысқұлов

Қайрат: Қаймана қазақ қамы үшін, Қарусыз шықтық алаңға. Алыстан әскер алдыртып, Қырып салды табанда. Сөйлесем сөзім жетпейтін,  Кез болдық мына заманға. Шаменизм еді ғой…

Тергеуші: Тоқтат! Өшір үніңді! Ап кетіңдер бар! Ей, сілімтік! Ең алдымен тыңда! Ей, жазықсыз сәбиді өлтірген сен ба?

Қайрат:Мен емес!

Тергеуші:Сенсің есуас! 

Қайрат:Өлтірген  жоқпын, өлтірген жоқпын!

Тергеуші:16 желтоқсан күні, азғындық үшін бардың!

Қайрат:Не дедің?! Азаттық үшін  бардым!

Анасы: Менің  балама тиіспеңдер!  Менің балама….Құдайым-ау не істедім  мен саған?! Балам, балам, жіберіңдер , менің баламның еш кінәсі   жоқ!Кешірші айналайын?!(аяғын құшақтап жалбарынады)

Өңшең иттер!  Оңбаған иттер! Тимеңдер, иттер! Балама тиіспе! Тиіспе, жіберіңдер!

Қайрат:Ақтық сөзім бар еді!Тыңда ақтық сөзімді!

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар

Тергеуші: алып кетіңдер!

Слайд – 14 фото Сабира

3-картина

Сәбира Мұхметжанова

Анасы.Қаршадай ғана жауқазын бала еді. Көктемде үйден байыз таппай, ауылдан көк қуалап ұзап кететін.  Ғұмыры да бәйшешектей қысқа боларын қайдан білейін. Сәбирам менің, сәбиім менің..  Мен сенің балғын күніңдегі пәк күлкіңді сағындым, қызым менің, қызғалдағым менің.. Неге тым ерте солдың?! Қарлығашым менің қалықтап ұшпай қанатың… неге, айтыңдаршы айналайындар-ау, менің қаршадай Сәбирамның қасықтай қанына әркім зәру еді, жұбынымды үзіп, меңіреу болатындай мен мына заманға не істедім?  Қызым бәрібір өмірден өтті деп, өзімді өзім жұбатсам да, өзегімдегі өкініштің өртін кім өшіреді?! Жанымның дертін кім жазады?! Кім?! Қызым менің мен енді не деймін?! Мына елімнің бақытты болашағы жолындағы соңғы сөнген жұлдызы сен. Көкірегімді ащы-зар, кеудемді қайғы мұң кернесе де,  өз құшағымнан жер-ана бесігіне мәңгілікке беріп тұрып, халқымнынң тербеткенін көріп,  тәубе деймін.. 

ЕЙ, Аллам, бере көр тілеген тілекті,

Қорқытпай орнықтыр шошыған жүректі,

Шын жүрек елжіреп Алладан тілеймін…

О..Жаратқан ием! Ана жүрегіммен сұраймын, еліме береке нәсіп ет! Береке! 

Слайд – 15 фото Желтоқсан алаңы

Голос за кадром

Ей, ұлы Алаң, лаңды Алаң!
Өзен шайып, өте алмайтын қанды Алаң.
Қара жерден шөлі қанған сенсің-ау,
Қан мен жасқ-а әлі шөлі қанбаған.

Сұрап алып сұрқы кеткен айдан нұр,
Азаттыққа арпалысқан майдан бұл.
Құрмет саған, Желтоқсандық боздақтар,
Өшпейтін жыр бұл-алаңға ойған жыр!

Солмайтын гүл ойсыздарды ойландыр!

Слайд – 16 фото Тәелсіз Қазақстан

1-жүргізуші:  Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
                         О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!
                         Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын
                         Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

сахнада «Қазақстаным Отаным» әнімен 5 «А» сыныбы. Қарсы алыңыздар!

Слайд – 17 видео Казахстан

6 — номер «Қазақстаным Отаным» әні

Слайд – 18 фото

2 ведущий:  В течении нескольких тысячелетий наши предки колесили по всем уголкам Европы и Азии, мечтая о независимом пути развития. И только сегодня, в начале 21 столетия, мечта сбылась. Сегодня о нашей Республике Казахстан, о казахском народе знают все люди планеты.

Слайд – 19 фото  великих людей

1-жүргізуші: Еркіндікті аңсадық еркін дүбір,
                        Алаулатты керемет көркіңді нұр.
                        Алақайлап аспанға атып тұрып,
                        Берекелі бастағы бөркіңді бір…
                        Қуан, қазақ!
                        Күн туды қуанатын!
Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.

2- ведущий: на сцену приглашаем  учащихся 9 –го класса со стихотворением Мукагали Макатаева «Алтай – Атырау». Встречайте!

7 – номер  стихотворение Мукагали Макатаева «Алтай – Атырау»

Слайд -20 видео Казахстан

1-оқушы

Адастырмас алдыма ұстап үміт,
Нарынқолдан аттандым құсқа мініп.
«Ал енді өзіңді-өзің ұста, жігіт»
Дегендей қарап қалды ауыл маған
Ауылдан аттандым мен құсқа мініп.

Самға, ұшқыш!
Қазақтың көгіменен.
Жүруші едім кездеспей көбіменен,
Берерімді еліме беріп өлем,
Мынау алып ақ құстың қанатымен,
Кең өлкеме кетейін сеуіп өлең.

2-оқушы

Уа, Шығыс!
Жеріңде емес, көгіңде мен,
Үңіліп Бұқтармаңа көңілденем.
Аспаныңа жыр сызып, өтіп барам,
Құс болып сенен ұшқан темірменен,
Керемет, керемет қой өмір деген!!!

Мынау жатқан Марқакөл, Зайсаным ба?
Шығыстағы кішкене Байқалым ба?
Қос жанары Шығыстың сияқты-ау бір,
Қос жанары, ұшқышым, байқадың ба?

3-оқушы

Ойхой, Абай даласы, «Абайлаған»,
Семей десе, Абай деп қарайды адам.
Талай жылдар өтсе де, талай заман
Қалам тартар қазақта ақын туса,
Аруағына Абайдың қарайлаған.

4-оқушы

Айқай, заман!
Арқаның даласын-ай
Даласына қаласы жарасуы-ай!
Павлодар — Арқаның ағасындай,
Бұғып қалған жаутаңкөз — Жасыбайы,
Бабалардың құт құйған сабасындай.

Қайтіп, Ертіс, арнаңда ағасың жәй?
Сұрапылды сапырып, аласұрмай?!

3-оқушы

…О, ғажап!
Өзіңбісің Көкше деген?!
Тастарын жиған жүктей текшелеген.
Бурабай Оқжетпесті екшелеген,
Біржан ба, тасқа барып өскен емен?!
Көлкіген сынаптайын көлдерің бе?
Сәкеннің аққулары кестелеген.
Көкшетау — ән отауы, жыр отауы,
О, ғажап! Осы екен ғой Көкше деген!

4-оқушы

Армысың, аты әйгілі Қарағандым!
Жылуым, қара алтыным, қара наным.
Балқаш пен Жезқазғанды екі жаққа ап,
Төсіңді сорып жатыр екі жақтан.

1-оқушы

Аяулым Ақмолаға құсыңды бұр,

Мұрсат бер жерде біраз дамылдауға

Жап жалпақ жауырыны жатыр дала

Ақын дала алапат, батыр дала

Ақмола мен Қостанай арасында,
Дән өскен татырға да, тақырға да.

Ерекше жаралысың затың -дала

Ақын меи батырлардың жері ме бұл!
Әліби, Амангелді елі ме бұл?
Оһ, неткен айдынды өңір, алып өңір!

2-оқушы

Ойылы ма, бұл маңның Ырғызы ма,
Бәрі-дағы бергісіз қырмызыға.
Бір пенде де бас имей өте алмайды
Жерде жанған Шығанақ жұлдызына,
Сансыз сәлем, Ақтөбе, ұл-қызыңа!

3-оқушы

Оралым — Ордам менің таныс маған,
Бораның Махамбет боп дауыстаған.
Исатай ақ семсерін, Құрман бабам,
Ұрпаққа домбырасын табыстаған.

4-оқушы

Армысың, Атырауым, бозаң далам!
Каспий менен Жайықтан кез алмағам,
Ұмыттың ба сонау бір кездеріңді?
Арманменен, елеспен ажарланған?

Армысың, Ақтауым, бозаң далам!
Құлан жортса, құмыңды кезе алмаған.

Түйе орнына бұл күнде ақ қалалар,
Мұнаралар мойынын созар маған.

4-оқушы

Аралыма құлаған дәрия сыр

Дәрия сыр қазақтың қариясы

Сырдың бойы күріштің қоймасы ма,

Қоймасы ма немесе дән ұясы

Дәрия сыр қазақтың қариясы

3-оқушы

Қызыл құмның қойнында қазына бар,
Кісі болса, болғаны қазып алар.
Шертілмеген осында шежіре бар,
Тек иесі табылсын жазып алар!
Кентауым, Қазығұртым, Қаратауым,
Әулиеата — әйгілі ақ отауың,

Арыма, Оңтүстігім бақ Отаным

2-оқушы

Басынан Қаратаудың көш келмейді,
Қаратау енді ешкімге дес бермейді,

Жатады жайнап, түлегі,Жамбылым да,
Жаншылмайды ешкімнің де хандығында.

Енді қазақ қайғырмас «Елім-ай» деп,
Әлдеқашан жерлеген зарды құмға.

1-оқушы

Көңліме нұр, бойға күш таратылып,
Құсқа мініп, ұштым мен жаңа туып,
Өгейің емеспін мен,өз балаңмын,
Өзіңмен мәңгілікке қалатұғын.


Слайд – 21 Қазақстан жері

1-жүргізуші: Әрқашан да мақтанамын жеріме,
                        Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
                        Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
                        Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

Слайд – 22 Астана Ақ орда

2- ведущий: Наше государство считается очень молодым, и всё лучшее у него, как и у нас, впереди. Именно от нас зависит, какой сложится наша жизнь в будущем, каким станет родной Казахстан! Мы должны дорожить дружбой и миром. Это большое счастье, что мы живём в мире и согласии! Пусть жизнь в Казахстане всегда будет мирной и по — солнечному радостной.

1-жүргізуші: Сахнаға «Атамекен» әнімен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

МухсиновЕрнұр және ұйымдастырушы ұстаздар: Ибрагим Орынбасар, Жасұлан Алмат, қарсы алыңыздар!

Слайд -23 караоке

8 – номер «Атамекен» әні

Слайд – 24 название вечера

1-жүргізуші: Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
                         Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
                         Есте сақтап ағалардың ерлігін,
                         Жүректерге сақтау керек үнемі, — деген тамаша өлең жолдарымен бүгінгі біздің «Желтоқсан тәуелсіздігіміздің ұлы рухы» атты әдеби-танымдық кешіміз аяқталды.  

2 ведущий: Пусть живет и процветает наша родина-Республика Казахстан! До новых встреч!

Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,873ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles