Кеш мақсаты: -өлеңін өмірімен өрнектеген ақынның қазақ поэзиясындағы алатын орны, өмірі мен шығармашылығынан толық мәлімет беру;
— өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы әдебиетке, өлеңге деген құштарлықтарын ояту;
-ақынның жан-жақты қырын аша отырып, ақынға деген құрметті күшейту;
Кеш жүрісі: өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақын туралы естеліктерді,өмірдерегін слаидан көрсету.
Көрнекіліктері: ақын суреті , өміріне арналған слаид, интерактивті тақта, ақын шығармаларынан көрме, музыкалық аспап.
Слаидтан ақын өміріне байланысты деректер жіберіліп тұрады.
Ортада «Өркен» шығармашылық клубының
«Шабыт» домбырашылар ансамблі
Құрманғазы «Балбырауын» күйі
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қатысып отырған қонақтар!
ХХ ғасырда өмір сүрген қазақтың көрнекті ақындарының бірі,асыл сөз сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына орай өткізілгелі отырған
«Мен- балаң, жарық күннен сәуле қуған» атты әдеби кешімізге
қош келдіңіздер!
«Ақын елінің тілі ғой,
Адал туған ұлы ғой
Бүлк-бүлк еткен жаны ғой,
Жанын жеген ары ғой,
Айта алмай жүрген зары ғой,
Жаннан, ардан безбесе,
Ақынын қандай ел қастерлемесін!
Ж.Аймауытов
Сұлтанмахмұт шын мағынасында осы сөзге татитын ақын. Ол көп жабының бірі емес, от болып жанған, құйрықты жұлдыздай ағып түскен тұлпар талант еді. Иә, осындай талант иесі –ақын туралы не білеміз, сол жайында тоқталып өтейін. Оның қиындықтарға қарамастан, «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп, күн болуға ұмтылған» қайсарлығын, «шығамын тірі болсам, адам болып» деп, оқу-білімге деген ұмтылысын, шындықтың аулын іздеп, шарқ ұрған ақынның талпысын сіздерге үлгі етпекпіз!
Мен-балаң, жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
І бөлім. Өмірі мен тағдырын өлеңмен өрнектеген ақын
Ақынның өмірдерегін слаид арқылы таныстыру
1893ж 28 қазан -ақынның дүниеге келуі
1899ж — ең алғаш сауатын әкесінен ашуы
1899-1908ж — Мұқан,Әли, Тортай молдалардан сабақ алуы. «Секілді өмір қысқа жарты тұтам»
1908ж- Әбдірахман молданың медресесінде
1911ж- Нұрғали Бекбауовтан жаңаша білім алуы
1912ж- Троицкіде Ахун Рахманқұлы медресесесінде ауылдарда бала оқыту
1913ж- Троицкіге қайта оралып, «Айқап» журналында хатшы
1914ж- Баянауылда «Шоң серіктігі» ұйымын құруы
1916ж- Қатонқарағай, Шыңғыстай, (Әбдікәрім Ережепұлы ашқан) Зайсанда бала оқытуы
1916-1917ж-Томскіде орысша білім алуы
1917ж — Семейде, Алашорда үкіметінің,Алаш партиясының құрылуы. «Алаш ұраны» өлеңі
1918ж- Елге келуі, Мәликеге айттырылуы
1920ж 21 мамыр- ақынның қайтыс болуы
ІІ бөлім. Ақын жырлары-ұрпағына аманат
(бұл бөлімде ақынның өлеңдері оқылады. Слаид жіберіліп тұрады)
1. «Туған еліме».Оқитын Жетекова Іңкәр. «Өркен» ш/к
2. «Ендігі беталыс» Өтесінова Жансая. «Арман» ш/к
3. «Шығамын тірі болсам адам болып» Сайын Аяулым. «Мирас» ш/к
4. «Оқып жүрген жастарға» Мұханбетова Ділназ. «Ұшқын» ш/к
5 «Анау-мынау» «Толқын» ш/к
6. «Шәкірт ойы» Қарджау Әділ «Арай» ш/к
Өмірдерегі жалғастырылады.
7. «Арманым» Мырзабек Фатима «Балдәурен» ш/к
8. «Бір адамға» Тілеубеков Әлібек «Өркен»ш/к
9. «Айт» Низамидин Аружан «Ұшқын» ш/к
10. «Мен-қазақ» Болат Тоғжан «Өркен» ш/к
11. «А, дүние» Хожабаев Жамшид «Балдәурен» ш/к
12. «Ағайынның азғандығы» Фаткулин Амир. «Өркен» ш/к
«Мен Қазақпын» әні орындалады. Орындайтын: Ерлан Күмісбек
13. «Өмірімнің уәдесі» Ұзақ Гүлназ «Өркен» ш/к
14. «Қазақ тілі» Гайсина Айгерім «Арай ш/к
15. «Арманым» Түркменбай Назым «Оқушы орталығы»
16. «Кедейлік» Бағлашова Ақбота «Достық» ш/к
17. «Алаш ұраны» Сембай Ақтоты «Арман» ш/к
Флейтада орындау
Жүргізуші:
Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- дегендей, ақын есімі, оның асыл мұралары халқы бар да , оның шығармаларын жатқа айтатын ұрпағы бар да еш ұмытылмақ емес!
ІІІ. «Ақын есімі-мәңгілік»
Қорытындылау бөлімі. (Сұрақ-жауап интерактив тақтада)
1.Сұлтанмахмұтты кім деп білеміз?
2.Ең алғашқы өлеңі
3. Әкесінің аты, қандай адам болған?
4.Сұлтанмахмұттың анасының есімі, қалай еркелетуші еді?
5.Арғы аталары туралы не білеміз?
6. «Ең алғашқы ұстаздарым» деп кімдерді айтады?
7. «Мен-балаң, жарық күннен сәуле қуған» қай өлеңнен алынған жолдар?
8. Ақынның сүйіктісі туралы не білеміз?
9. Ақын, азамат ретінде қалыптасуына ықпал еткен қала
- 1914 жылы ақын құрған ұйым
- Қандай газет-журналдарда шығармалары басылды?
- Ұлт көсемдерін мадақтап жазған өлеңі
- Қазақ әйелінің теңсіздігіне арналған роман
- Ақынның діни сауаты
- «Өлді деуге бола ма… (жалғастыру)
ҚОСЫМША
Ақынның ата-тегі: (керек- дерек)
Сүйіндік
Жанғозы
Төлебай
Едіге
Торайғыр
Әбет
Бөкет
Әбубәкір мен Қожахмет
Сұлтанмахмұт, Шәймерден.
ІҮ. Марапаттау бөлімі.
Домбырашылар ансамблі.
Құрманғазы «Адай» күйі.