17 C
Нур-Султан
Суббота, 10 июня, 2023
spot_img

Ана – гүл, әйел — жыр, арулар — өмір шуағы!!!!

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Мектеп ұстаздарының, жігіттерінің  оларға деген ізгі ниеттерін көрсету болып табылады.

Апайлар музыкамен залға кіреді (гүл болса  бәріне таратылады.)

1-Жүргізуші:
Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен  көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз  «Халықаралық қыз-келіншектер» күні де келіп жетті. Бұл бір қолымен бесікті, екенші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды  қыздар қауымның төл мерекесі.

2- жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Бүгінгі кеште сіздерді таң-тамаша қылар,  жүректеріңізден ерекше орын алар.

Бірге:           Ана – гүл, әйел — жыр, арулар — өмір шуағы

атты  мерекелік іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1- Жүргізуші:   Ана десем шешек ашып жанары,

                 Өмірімнің бастау алар ажары.

                Ана деген тіршілікке пана боп,

               Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

дей келе  алғашқы  мерекелік құтықтау сөзді, мектебіміздің  директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары  Аширбаев Әуесхан ағайға және мектебіміздің кәсіп одақ төрағасы Қалауов Нәліхан ағайға береміз.

2- жүргізуші:

Іздесе мені кіме – кім

Шырағдан етсін әнімді

Әніңнің жайсаң өрнегін

Табарда ұғар сырымды – дей келе сіздердің құрметтеріңізге қымбатты да аяулы жандар қауымына арнап   ———   орындауындағы  ————Ән кету керек

1- жүргізуші: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің тарихын айтар болсақ. 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен байланысты.Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары:

10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмыс уақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін әйелдер қауымының да кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның  бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді. Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне  дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.

2- жүргізуші:  Көрініс. 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліс.

  1. жүргізуші:  Ару ана өмірдің асылдары,

                     Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

                     Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда

                     Сендер үшін мереке шашулары – дей келе келесі кезекті ұстаздарымыздың арасында би жарысқа береміз.  (жалпы биге)

2- жүргізуші:  Пайғамбарымыздың хадисінде айтқан: «Жәннат – аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді.  Егерде бір үйде қызбала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

1-жүргізуші:  Наурыздың сегізі,

                         Сұлудың негізі.

                        Әдемі сөзі баланың,

                        Анаға айтар лебізі. дей келе келесі кезекті ойынға берейік.  (1  ойын)

  • жүргізуші:  Әртіс болып кетеді,

                           Жастарымызға қарасақ.

                           Біздің  жастар тұрғанда,

                          Жолда қалар тамашаң.

Ән кету керек———————————

Жалпы би

КВН

ойын

1-жүргізуші: 

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Уақытымыз мәресіне  таяп қалды.

Егерде сіздер рұқсат етсеңіздер,

Осымен кешіміз аяқталды.

 2-ЖҮРГІЗУШІ:   «Ана – гүл, әйел — жыр, арулар — өмір шуағы» атты  мерекелік іс-шарамызды жабық деп  жариялауға рұқсат етіңіз.

1  ойын

Шардың ішіне бір қағазға сұрақ жазылады.Мұғалімдер сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап береді 1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/ 2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/ 3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/ 4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/ 5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/ 6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/ осындай сұрақтар

2 ойын

СЫМСЫЗ ТЕЛЕФОН — ОЙЫНЫ
Қыз жігіттер сап түзеп тұрады. Ойын оңнан солға не, солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар.

3 ойын

ТЕҢГЕ АЛУ — ОЙЫНЫ
Асаба ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50 — 70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұрған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді. ОЙЫНЫ арасында би биленеді, күй тартылады, ән айтылады. Үздік өнер көрсеткендер сый — сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады.

4 ойын

Қимыл арқылы Бұл ойынға отырыстағы барлық адам қатысуға болады. Қағазды бөліктерге бөліп алып, отырыста отырған адамдардың аты жеке — жеке жазылып, бүктеп ыдысқа салынады. Ойыншылар бір қағаздан алады. Қағазда кімнің аты жазылған болса, сол адамды қимылы арқылы көрсетуі қажет. Қалғандары кім екенін табуы керек.

5 ойын

Құлақ қап арқылы (науишник) жүргізіледі. Бір жігітті немесе қызды шығарып, құлақ қапты беріп, өлең қойып, келесі адам оған түрлі сөздер қояды. Ол соған жауап беруі керек. Мысалы  аң аттары, қыз, тал, егін, ақша деген сияқты.

География сабағында: — Италия картада неге ұқсайды? — Резіңке етікке. — Дұрыс, етікке ұқсайды. Бірақ неге резіңке деп айттың? — Себебі Италияның жан-жағын су қоршап тұр.

 

Ұстаз «Мен мектеп директоры болсам…» деген тақырыпта шығарма жазуға тапсырма береді. Барлығы білек сыбана кірісіп жатқанда, Қанағат қана терезеге қарап отырады. — Ал сен неге жазбайсың? — Мен хатшымды күтіп отырмын.


Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,802ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles