Бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісінде психологиялық ойындар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту»
Мақсаты:
Ойын іс-әрекеті арқылы оқушыларға психологиялық әсер ету; балалардың зейінін, қиялын, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, икемділігін арттыру, достарының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау.
Міндеттері:
• Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәнін жан-жақты ашу;
• Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсерін көрсету;
• Ойын іс-әрекетінің баланы жан-жақты дамытуда алатын рөлін айқындау.
Күтілетін нәтиже:
Ақыл-ойы, есте сақтау қабілеті, зейіні дамиды;
— Оқуға қызығушылығы артады;
— Сөздік қоры толығады;
— Белсенділігі жоғарылайды;
— Шығармашылығы артады;
— Мінезі қалыптасады
Кез келген ойында ережелер бар, сондықтан ойын әрекеті балаларға кейбір ережелерді ұстануға үйретеді. Әрине, оқу процесінде, әсіресе мектепте, белгілі бір ережелерді орындау керек. Бұл дұрыс, бірақ айырмашылығы, мектеп ережелерін біреу белгілейді – және бала оларды тек қана өз мойнына алғандықтан ғана орындайды, ал ойындағы ереже өзімен, өз еркімен белгіленеді – осында ол – жасаушы және ерікті орындаушы. Сондықтан ойын баланың қызығушылығын, тәуелсіздігін, қиялын, логикалық ойлауын, ойлай білу қабілетін дамытады. Психологиялық даму ойындары пайдалы болу үшін, олар баланың жасына және белгілі бір тәртіпте таңдалуы керек, яғни оңай тапсырмалардан күрделі тапсырмаларға дейін.
Сондай ойындар мен жаттығулардың бірнешеуін мектеп педагогтеріне әдістемелік нұсқау ретінде ұсынамын.
Психологиялық ойындар
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар
«Сиқырлы қапшық»
Балаларды щеңбер жасай отырғызып, жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады.Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әр түрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шығарып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолдарымен заттарды сипап, бірдей затты тауып алғаннан кейін оны сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
«Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» — десе қолдарын алдына созады, «ауа» — дегенде жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, сол ойыннан шығады.
Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар
«Зейінді бол»
Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сендерге әр түрлі қимыл қозғалыстарды көрсетіп тұрамын. Сендер оны қайталап тұруға тиіссіңдер. Бірақ мен ескерткен қозғалысты қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әр түрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты бірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатасса ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.
Ойлауды дамытуға арналған ойындар
«Матадағы менің орыным»
Жердегі жатқан мата үстінде, балалар белгі берген уақытта тұрып қалуға тиісті. Матаның өлшемін тәрбиеші кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.
Қиялды дамытуға арналған ойындар
«қырлы дөнгелектер»
Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөнгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылыды. Мысалы: құлақтарын үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұрттарын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөнгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтары айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар
«Гүл»
Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлміз. Күн шықты, гүлдер жайнап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Біз мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарымен тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).
Тренинг
Тренинг тақырыбы: Білім беру үдерісіндегі педагогикалық-психологиялық аспектілер
Тренинг мақсаты: Білім беру үдерісіндегі педагогикалық-психологиялық аспектілер сипатын дәріптеу, адамға, жеке өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, интерактивті әдіс.
Көрнекілігі: ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, нақыл сөздер, жіп, А4 қағазы, слайд тақтасы.
Тренинг мазмұны:
1. «Аялы алақан».
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі тренингтен не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын мұғалімдерге қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)
2 «Психогеометриялық фигура».
Мақсаты: қатысушылардың, жеке тұлғаны байқағыштыққа және топ мүшелері арасындағы үйлесімді қарым-қатынас қалыптастыру.
Нұсқаулық: Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Көзімізді жұмамыз. Бастапқы қатысушыға жіп беріледі. Ол барлық қатысушыларға жалғастырылады. Мен 1,2,3, төртбұрыш (үшбұрыш, дөңгелек). Әр фигурадан кейін көздерін ашып, танысады».
Талдау:
1. Сіз тапсырманы еш қиыншылықсыз орындадыңыз ба?
2. Оны орындау үшін сізге не қажет болды?
3. Қандай әсерлер болды?
«Қазақ тілі сабақтарында психологиялық ойын элементтері арқылы танымдық қабілеттерін дамыту»
ойын – саяхат сабағы
Ойынның негізгі мақсаты — баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту, ойын ойната отырып оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру. Өздігінен жұмыс істеуге үйрету, қисынсыз ойлауға дағдыландыру. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында жүргізілетін ойын түрлерінің мазмұнына талдау жасау; бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында жүргізілетін дидактикалық ойын түрлерінің жүйесін жасау, әдістемелік жинақ дайындау; дидактикалық ойындарды жүргізудің тиімділігін анықтау, оны дәстүрлі оқыту әдістерінің нәтижелерімен салыстыру
Міндеті:
а) Дидактикалық ойындардағы іс-әрекет ә) Ойынды өткізу түрлері б)Ойын арқылы іске асатын дағдылар в)Ойынға қойылатын талаптар г) Сабақтардағы ойындарды пайдаланудың тиімділігі.Ойын технологиялары — оқу-тәрбие мiндеттерiн шешуге бағытталған әр түрлi ойындарды қолдануды көздейтiн дидактикалық жүйелер. Бала сөздiгiне жаңа сөздер енгiзуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың ақыл-ой қызметтерi де ерекше дамитындығын байқадым. Ойынды өткізу түрлері: Топтық. Жеке. Ұжымдық. Жұптық. Сөздiң құрылымдық жағын аударуға үйрететiн жаттығулар қолдану да тиiмдi екенiн көрсеттi. Мысалы: “Сөздi қысқартып айт”( балақай-бала, құлыншақ-құлын…) “Екi сөзден бiр сөз құра” (су құй — суқұйғыш, шаң сор- шаңсорғыш…) “Сөзге не қосылған” (ән-әншi, дәрi-дәрiгер….),психологиялық ойын-тапсырмалар «Қысқартып айт» (жылқы бағатын адам- жылқышы, көйлек тiгетiн адам – тiгiншi…..). Ойын–жұмбақтар Жұмбақтың негізгі ерекшелігі — логикалық астарында болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі. Мысалы: «Бауырсақ» ертегісінің желісімен орманға саяхат жасай отырып, кездесетін аңдарды атап, оның ерекше қабілеттерін сипаттап көрсету. Ойын — болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді?…..», «Мен не істер едім, егер….» деген сұрақтарға негізделеді.
Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар
Бастапқы дыбыстары біркелкі бірдей дыбыстардан басталған жұмбақтар немесе жаңылтпаштар жазыңдар. Мысалы: Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді. (ерін) (Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жаса)
Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар
Тек қана а, е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: (а) Шағала, Тамара, Тамаша, … (ы) Ыдыс, Ыдырыс, Ыстық, … (і) Ілгіш. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: қазақ, нан, керек «Кім жылдам?» ойыны
«Адасқан әріптер» ойыны «Жалғасын тап» ойыны «Кім білгір?» ойыны
Қорытынды: Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында психологиялық ойын элементтерін жүргізе отырып оқыту мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр.Ойын технологиясын қолдану кезінде оқушылар тапсырманың жауабын өз бетінше табу дағдыларына ие болды.