Тақырыбы: «Тапқыр достар» интеллектуалды ойыны
Мақсаты:
- Білімділігі: Оқушыларды екі топқа бөліп, әр түрлі тақырыптарда сұрақтар қойып сайыс ұйымдастыру арқылы олардың білімділігін арттыру;
- Дамытушылығы: Ой ұшқырлығын, қиялын, жауапкершілігін дамыту;
- Тәрбиелігі: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту және бауырмалдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, слайд, түрлі суреттер, бейнеленген жұлдызша.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытынды.
І.Ұйымдастыру кезеңі
Екі топ көрермендерге таныстырылады, әділқазы алқаларын сайлау, оларды «Тапқыр достар» сайысының бағдарламасымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
— Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер!
— Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, — дегендей сайысымыздың 1 — ші кезеңі «Таныстыруды» бастайық! Олай болса бүгінгі «Тапқыр достар» интеллектуалды ойынымызға қатысып отырған топтар 2курстар ЭГД 9 – 181 «Электр газымен дәнекерлеуші» тобынан құралған «Қыран» және Тр 9 – 182 «Тракторшы-машинист» тобынан құралған «Жігіттің сұлтандары» топтарының сайысын бәріміз бірге тамашаласақ.
Жеребе бойынша бірінші болып «Жігіттің сұлтандары» тобын қарсы алайық.
Топ құрамында:
- Кайнарбеков Абдунасир
- Исаков Жалолиддин
- Абдуманафов Мухриддин
Екінші тобымыз «Қыран» тобын қарсы алыңыздар.
Топ құрамында:
- Исмайл Вали
- Сагимбеков Сирожиддин
- Маметов Рўзақул
Жарыс ережесімен таныстыру.
Ойынның барысы:
- «Таныстыру» (3-5 минут)
- «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (1 минут)
- «Сөзден сөз құрастыру» (3 минут)
- «Сен білесің бе?» (1 минут)
- «Еркін тақырып» (5-7 минут)
Сайысымызды таразыға салып өзінің әділ бағасын беретін әділқазылармен таныс болыңыздар:
- Абдижалилов Давранбек – арнайы пәндер оқытушысы;
- Кочкаров Гуламжан – тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары;
- Иззатуллаев Достонбек – арнайы пәндер оқытушысы, әдіскер;
І. Бірінші шарт «Таныстыру» шарты бойынша әр екі топ та өздерін таныстырады.
ІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
(Екі топқа 10-10 сұрақ қойылады. Олар жәшік ішінде тұрған жасырын әріптер бойынша сұрақтарға сәйкесінше жауап береді.)
1-топқа (Ж.Қ.Т) (Трактор тобына)
- Қаншаға дейін санай аласың?
- Өмірдегі ұраның қандай?
- Колледж жастары кімдер?
- Ресейдің қандай қалалары бар?
- Солтүстік жақта кімдер тұрады?
- Қай пәнді ұнатасың?
- Жеңіске жетсең айтатын сөзің?
- Кімдер саған ұқсайды?
- Бос уақытыңда не істейсің?
- Саған ең жақын топ қайсы?
2-топқа (М.А.С) (Дәнекер тобына)
- Кімнен бата алғың келеді?
- Қандай көлік алуды армандайсың?
- Өзбекістанда болдыңба?
- Қай пәнді ұнатпайсың?
- Тамақты қай қолыңмен жейсің?
- Неге қыздар көп сөйлейді?
- Ең жақын досың кім?
- Университетке барғың келе ме?
- Ең жақсы футболшы кім?
- Маған не айтқың келеді?
ІІІ. «Сөзден сөз құрастыру»
Бұл шартта конвертте берілген сөзден сөз құрастырады.
(Талдықорған)
ІV. «Сен білесің бе?» (9 ұяшықтан тұрады)
Бұл шартта әр екі топ ұяшықта жасырын тұрған сұрақтарды таңдап, сол сұрақтарға жауап береді.
5 ұпайлық сұрақтар:
- Ең жеңіл зат?
(Сутегі) (орысша Водород)
- ҚР мемлекеттік туының стандарт өлшемі қандай?
(2метрге 1метр)
- Жасыл түсті ағылшын тілінде қалай атаймыз?
(Green) (Гриин)
10 ұпайлық сұрақтар:
- Егер өлшемдері 420 мм-ге 297 мм болса, онда бұл қандай формат болады?
(А3 форматы)
- Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері қайсылар?
(Бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш )
- Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал?
(Психрометр)
15 ұпайлық сұрақтар:
- Шеңбердің ауданын және ұзындығын анықтайтын формула?
( )
- Болатты алудың үш тәсілі бар. Олар қайсылар?
- Оттекті-конвертерлі 2. Мартендік 3. Электрлік)
- Ең үлкен арал?
(Гренландия)
V. «Еркін тақырып». Бұл шартта әр екі топ та өздерінің өнерлерін көрсетеді:
ІІІ. Қорытындылау.
Жеңіске жеткен топ мүшелерін марапаттау