7 C
Нур-Султан
Пятница, 29 сентября, 2023
spot_img

Дарынды мектеп оқушысы оқуға міндетті 100 кітап

Оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, жастарды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту болып табылады.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 8-10-сынып аралығында өтетін «Дарынды мектеп оқушысы оқуға міндетті 100 кітап» жобасы негізінде өтетін байқауға қош келдіңіздер!

          Оқушыларға қазақ әдебиетінің,   әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу мақсатында «Дарынды мектеп оқушысы оқуға міндетті 100 кітап» жобасы 2013-2014 оқу жылынан бастап енгізілді.

 Байқауымызды бастамастан бұрын бейнероликке назар аударайық!

(Бейнеролик көрсету)

Жүргізуші:
Кітап! 
Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сөзі сені оқымай көңіл хошы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.
Кітап! 
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.- деп байқауды 8 сынып оқушылары, яғни, 8 «А»-сыныбынан бастайық. 8 «А» сыныбы _________________ повесі бойынша қойылымды тамашалаңыздар!

Жүргізуші:   Кітап! 
Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сөзі сені оқымай көңіл хошы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.

8 «Б» сыныбы. Мұхтар Әуезовтің  «Қараша-Қараш» оқиғасы бойынша қойылымды тамашалаңыздар!

Жүргізуші:   
Кітап! 
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
9 «А» сыныбы Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы

Жүргізуші:   
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Кітап – ең сабырлы ұстаз, үндемес серік.

9 «Б» сыныбы Шыңғыс Айтматовтың  «Ақ кеме» повесі

Жүргізуші:   
Кітабың – сенің құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адам.

10 «А» сынып Шыңғыс Айтматовтың  «Ғасырдан да ұзақ күн» повесі

Жүргізуші:   

Білім алар көп адам
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан.
Кітап – маған ұнады,
Кітап — білім бұлағы.- дей келе кезекті көркем шығарма желісі бойынша салынған суреттерге береміз.

8 «А»,8 «Б», 9 «А», 9 «Б», 10 «А» сыныбы

Жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым өлімдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім!-деп жырлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 9 ақпан күні. Ендеше, кезекті ақиық ақынның өлеңдеріне береміз. Бұл кезең бүгінгі байқаудың нәтижесіне әсер етпейді. Яғни, байқау болып саналмайды. 

Жүргізуші:   
Кетпейді ешбір жадымнан
Тастамай сені жанымнан
Қолтықтап жүрдім ұдайы.
Кітап – білім бұлағы-деп сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз.

Келесі кездескенше  аман сау болыңыздар!


Related Articles

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Stay Connected

3,873ЧитателиЧитать
0ПодписчикиПодписаться
- Advertisement -spot_img

Latest Articles