Материал жайлы қысқаша түсінік:Коррекциялық дамыту сабағы
( Ортаңғы кіші топ)
Сабақтың мақсаты:Өз ойыншықтары туралы әңгімелеп айтуға, сұрақ- жауап әдісі бойынша диалог түрінде сөйлеуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:-Дұрыс сөйлеуге,сөз дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру.-ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:ойыншықтар,доптар,суреттер, техникалық құралдар.
Сабақтың барысы:Балалар ,бүгін бізге көп қонақтар келіпті.Сол себепті,шуағын төккен күнмен, мейірімді аспан атамен , бізге келген қонақтармен амандасып алайық.Армысын,қайырымды аспан ата!Армысың, қайырымды жер ана!Армысын шұғылалы алтын күн!Күліп шықты күн бүгін!-Өте жақсы ,балалар бүгін біз өзіміздің сүйікті ойыншықтарымыз жайлы әңгімелейміз.-Қараңдаршы мына үстелдің үстінде қаншама әдемі ойншықтар жиналған.Балалар олар қалай жиналған? Қалай тұр? (балалардың жауабы: әдемілеп, дұрыстап)-Ия,дұрыс айтасындар әдемілеп жиналған.Қане олай болса әркім өзіне ұнаған ойыншығын алып орынымызға отырайық.-Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Ойыншықтар сөйлейді». Осы сүйікті ойыншықтарымыз жайлы әнгімелеп айтып берейік.-Сезім сен қандай ойыншықты таңдадын(қоян)-Ол қандай? (жұмсақ, үлкен, әдемі. Әр бір бала өз ойыншығын сипаттап айтып береді)-Ал енді осы ойыншықтар жайлы қандай тақпақтар білеміз?Келген қонақтарға айтып берейікші.Нұрай:Мысық,күшік,балапанҚуыршағым балақанҚане бәрің тұрыңдар,Ойын сауық құрындар.Сезім:Біздерде бар қуыршақБұзау,қозы,құлыншақОйыншықтар тындайдыАқыл айтсақ бұйырсақ.Қарақат: Аю отыр партадаЕкі қолы қалтадаАпай сабақ сұрасаҰйықтап қалыпты масқара
Сергіту сәті:Ал балалар тұрайықБой сергітіп алайықЖоғары төмен қарайықОнға-онға түзу тұрСолға-солға түзу тұрБойымызға күш жинапБіз демалып қалайық-Жақсы . Енді орнымызға отырып сабағымызды жалғастырайық.Балалар қазір мен сендерге тағы бір сүйікті ойыншықтарын туралы жұмбақ жасырам, ал сендер онын шешімін табындар.Бала бітке соғадыЖеңіл шарды соғады,Ұрсан,ұшып жоғарыЖерге түсер домалап.Балалардың жауабы (доп)-Дұрысайтасындар доп.Балалар айтындаршы доп не үшін керек.(ойнауүшін)-Ия дұрыс ойнау үшін.Одан басқа денені шынықтыру үшін,әр түрлі ойындарға воллейбол,баскедбол ,фудбол деп аталатын.-Қане бәріміз экранға назар аударайық.(интерактивти тақта арқылы балаларға баскедбол, воллейбол , фудбол ойындарын көрсетіп әнгімелеп айтып береміз)-Балалар қарандаршы менің қолымда нешедоп(екеу)-Біреуі қандай?(үлкен)-Ал екіншісі(кішкентай)-Балалар осыдоп туралы тақпақты жаттап алайық.Домала доп домалаБалшыққа тек жоламаЖе көремін оныңдыБүлдіресін қолымды.(Бір-екірет қайталау)-Балалар не туралы тақпақ айттыңдар(доп туралы)-Дұрыс доптуралы.Доп қайтеді екен(домалайды)-Допқа қайда түспе дейді?(балшыққа)-Дұрыс балшыққа. Неге балшыққа жолама дейді,ненібүлдіресін дейді?(қолымды)-Ия дұрыс қолымды бұлғайсын дейді.Сондықтан балалар доппен далада ойнағанда балшыққа, ласжерге ойнамаймыз,үстімізді бұлғамаймыз.-Міне балалар бүгінсендер ойыншықтардың тағы бір түр доппен таныстыңдар.-Балаларойыншықтарымызды қалай ұстауымыз керек?(ұқыпты)-Дұрысайтасындар ұқыпты ,бүлдірмей таза ұстауымыз керек-Ойыншықтармен ойнап болғаннан кейін қайтеміз?(жинаймыз)-Ия,орнына жинап қоямыз.Олай болса ойыншықтарды орнына апарыпжинап қояйық.-Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма? (балалардыңжауабы)Балаларды мадақтау.